Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім алушылардың білімін бақылау жүйесіндегі тестілеу үрдісін оңтайландыру

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»  стратегиясының негізгі басымдықтарының бірі болып сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету және медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту болып табылады [1].Демек, жоғары медициналық оқу орындарында білім алушылардың кәсіби жарамдылығын және мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін, қабылданған студент - медик топтарының болашақтағы кәсіби іс - әрекетін және оқу жетістігінің мүмкіндігіне болжам жасай білу керек *2+. Білім алушылардың оқу дағдылары мен қабілетін, білім деңгейін тексеру мәселелерімен айналысатын көптеген авторлардың (Аванесов В.С, Басова Н.В., Беспалько В.П., Шамова Т.И., Чернова Ю.К. және т.б.) пікірі бойынша қазіргі таңда тесттік бақылау педогогикалық бақылаудың үтымдылық, сенімділік және тиімділік сияқты талаптарына жақын әрі сәйкес келетінін көруге болады *3+. Тесттің сенімділігі деп - тест сүрақтарының дүрыс және бүрыс жауаптарының саны бойынша анықталынатын тесттік тапсырманы орындау барысындағы тесттің күрделілігін айтуға болады. Білім алушылардың 45 - 80 % дүрыс жауап берген жағдайда практикалық қүндылығы басым тапсырмалар деп аталады. Тест тапсырмалары - объективті және субъективті бағалаудан кейін анық және маңызды ақпарат беретін тесттің ең кіші бірілігі.Тесттік тапсырмалардың тиімділігі деп - көлемі аз шығынмен бақылау нәтижесіне қол жеткізуді айтамыз (уақыттық, материалдық, техникалық, эмоционалдық және т.б. *4+. Орындалған тест нәтижесі объективті жағдайды көрсетуі керек, сондықтан тест қүрастырушы тесттің мақсаты мен мазмүнын, тексеру нысанын, оның форматын, параметрлерін дәл зерделей білуі керек.

Тест тапсырмалары төмендегі талаптарға сәйкес қүрастырылады:

  1. Тест тапсырмаларының мазмүны анық та түсінікті болуы керек. Сүрақтар немесе негізгі ойлар қысқаша жауаптар ретінде ана тілінде берілуі керек;
  2. Тест тапсырмаларының форматы сыналушыларға таныс, олардың тілдік тәжірибесімен, болашақ мамандығымен, іс-әркетімен байланыста болғаны дүрыс;
  3. Бірнеше жауаптың ішінде бір дүрыс жауабы бар тест тапсырмаларымен тиімді жүмыс істеу үшін сыналушы мәтіннің мазмүнын түсінуі керек, сондықтан мәтінді оқымай - ақ жауап беруге болатын сүрақтарды келтіруге болмайды;
  4. Сыналушының сөздік қоры мен оның жалпы қабілеті тест нәтижелеріне нүқсан келтірмеуі үшін тест сүрақтарындағы лексика мәтініндегі сөздерден мағынасы жағынан күрделі болмауы қажет;
  5. Тест тапсырмаларында және берілген жауаптарда барлығы, әрбіреуі, әрқашан, ешқашан, кейде, жиі - жиі сияқты, сыналушылардың бойында сенімсіздік туғызатын жалпылама сөздерді қолданбағаны жөн. Өркениетті елдердің қол жеткізген прогрессі, денсаулық сақтау саласына сапаны үздіксіз арттыру концепциясына негізделген индустриялды модельді жаппай енгізумен байланысты болып отыр.

Денсаулық сақтауды дамыту және қайта реформалаулармен байланысты еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде өте маңызды болып келетін звено ретіндегі, жоғарғы медициналық оқу орындарында сапалы мамандар дайындауға себеп болатын оқу үрдісіндегі қолданыстағы тестік технологияны оңтайландыру, жүмыстың ең басты мақсаты болып табылады. Осыған сәйкес біз жоғары медициналық оқу орнының оқу үрдісінде қолданыстағы тесттік технологияның тиімділігін оңтайландыру мақсатында С.Ж.Асфендияров атындағы Қаз¥МУ - де профессорлық- оқытушылық қүрам арасында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Жүргізілген сауалнамаға 130 профессорлық- оқытушылық қүрам қатынасты.

Суретте көрсетілгендей, тесттік жүйені қолдану білім деңгейін анықтауда толығымен жеткіліксіз деп 41,5% респондент есептесе, ал 34,6% тесттік қүралға қосымша басқа эдістерді біріктіріп қолдану керек деп көрсетті. Тесттік қүрал дүрыс баға бере алмайды деген жауаппен 20,7% шектелсе, ал 3,0% тесттік қүралмен білім деңгейін толығымен анықтауға болады деп есептейтінін байқадық. Сауалнамамыздың студенттердің тесттік жүйемен емтихан тапсыру барысындағы байқалған «дүрыс емес, қолайсыз» жақтарын білу мақсатындағы сауалымызға 26,92% тесттік жүйенің студенттердің өз ойын, түсінігін жеткізу қабілетіне кері эсерін байқаса, 24,62% ойлау қабілеттерінің біртіндеп таязданып бара жатқанын аңғарған. 22,31% респонденттер студенттердің тек тест сүрақтарына ғана дайындалумен шектелетінін көрсетсе, ал тест жүесінің студенттерде механикалық ойлау, оқу, жаттау қабілеттерінің қалыптасатынын 17,69% респондент қүраған (кесте 1).

Кесте 1 - Тесттік жүйемен емтихан тапсыру барысында қандай «дүрыс емес, қолайсыз» жақтарын байқадыңыз?

Тесттік жүйемен емтихан тапсыру барысында қандай «дүрыс емес, қолайсыз» жақтарын байқадыңыз

Барлығы

Абс. саны

% көрсеткіші Х± ζ χ

Студенттердің тек тест сүрақтарына ғана дайындалумен шектелуін

29

22,3±3,6

Пэн бойынша қосымша оқу қүралдарын пайдаланудың мүмкіншілігінің азаюын

11

8,4±2,4

Студенттердің өз ойын, түсінігін жеткізу қабілетіне кері эсерін

35

26,9±3,8

Ойлау қабілеттерінің біртіндеп таяздануын

32

24,6±3,7

Механикалық ойлау, оқу, жаттау қабілеттерінің қалыптаса бастауын

23

17,6±3,3

Барлығы

130

100,0±0,0

Пэн бойынша қосымша оқу қүралдарын пайдалану мүмкіншілігінің азаятындығын бар болғаны 8,46% үлес салмағынан байқауға болады. Анықталған осы көрсеткіштерге сүйене отырып, емтиханды тест жүйесімен тапсыру нэтижесінде студенттерде біртіндеп өз ойын, түсінігін жеткізу қабілеттерінің қалыптасуын (26,9%), ойлау қабілеттерінің біртіндеп таяздануын (24,62%) жэне тек тест сүрақтарына дайындалумен шектелуін (22,31%) анықтадық. Сүхбаткерлер үлесінің 17,6% біртіндеп механикалық ойлау, оқу, жаттау қабілеттерінің қалыптаса бастағандығын атап кетті.

Кесте 2 - студенттердің қорытынды білім деңгейін анықтаудағы тесттік қүралды қолдану тиімділігі туралы пікірін талдау

Қорытынды білім деңгейін анықтауда, яғни емтихан тапсыру кезінде тесттік қүралды қолданудың тиімділігі қандай

Барлығы

Абс. саны

«% көрсеткіші Х± ζ χ

Тиімді

8

6,1±2,1

Уақыт бойынша тиімді, бірақ білім деңгейін анықтауға жеткіліксіз

41

31,5±4,0

Тиімсіз, сондықтан ауызша емтихан тапсыру міндетті теүрд жүргізілуі керек

32

24,6±3,7

Тест, ауызша

43

33,0±4,1

Тиімсіз

6

4,6±1,8

 

Респонденттердің 33,0 % студенттердің қорытынды білім деңгейін анықтауда бақылаудың тест және ауызша болғанын қаласа, 31,5% тесттік қүралдың уақыт бойынша тиімділігін, ал білім деңгейін анықтауға жеткіліксіздігін көрсетті. Тесттік жүйенің тиімсіз , сондықтан емтихан тапсыру міндетті түрде ауызша жүргізілу керек деп есептейтіндер 24,6% қүраса, 6,1% тесттік жүйенің тиімділігін және 4,6% тиімсіз деп жауап берген.

Жоғарыда жүргізіліген зерттеу жүмысының нәтижесінен мынадай қорытынды жасауға болады. Респонденттердің тесттік қүралдың бір өзін қолдану білім деңгейін толығымен анықтауға жеткіліксіздігін 41,5% және қосымша басқа әдістері қолдану керектігіне 34,6% көз жеткіздік.Сауалнамамыздың студенттердің тесттік жүйемен емтихан тапсыру барысындағы байқалған «дүрыс емес, қолайсыз» жақтарын білу мақсатындағы сауалымызда анықталған көрсеткіштерге сүйене отырып, емтиханды тест жүйесімен тапсыру нәтижесінде студенттерде біртіндеп өз ойын, түсінігін жеткізу қабілеттерінің қалыптасуының төмендеуін 26,9%, ойлау қабілеттерінің біртіндеп таяздануын 24,6% және тек тест сүрақтарына дайындалумен шектелуін 22,3%

анықтадық. Студенттердің 33,0% қорытынды білім деңгейін анықтауда бақылаудың тест және ауызша болғанын қаласа, 31,5% тесттік қүралдың уақыт бойынша тиімділігін, ал білім деңгейін анықтауға жеткіліксіздігін көрсетті.

Зерттеу нәтижесінде анықталған мәліметтерге сүйене отырып, мынадай үсыныстар жасалынды: студент - медиктердің білім сапасын анықтауда қолданылатын бақылау қүралдарын үнемі жетілдіріп отыру керек және әрбір пән бойынша аралық және қорытынды бақылауда қолданылатын тесттік тапсырмалардың сапасын жақсарту, бір жауапты болуын қадағалау керек, емтиханның тест тапсыру сатысында неғүрлым сүрақтар санын қысқарта отырып, ауызша дайындалуға да уақыт қалдыруды ескеру керек,тест сүрақтары сол пән бойынша өткен барлық тақырыптарды қамтылуын қамтамасыз ету керек.

Тесттік сүрақтарды қүрастырушы қызметкер медицина саласының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, сүрақтардың жүйелілігін, жеңіл сүрақтардан күрделі сүрақтарға біртіндеп ауысу ретін, түсінікті болуын, тесттік тапсырмалардың өте көп сөздерді қамтымай нақты әрі қысқа, түсінікті болуын қадағалап, олардың студенттерге көп мөлшерде эмоционалдық, логикалық психологиялық жүктеме түсірмеуін қатаң бақылауда үстауы керек.

Сонымен қатар тест сүрақтарын оңтайландыру барысында студент - медиктердің ойлау және өз ой - пікірін жеткізу қабілеттеріне зиянды әсерін болдырмау шараларын ескеру қажет.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы, (Астана, 14 желтоқсан 2012 ж.).
  2. Васильева Т.П., Мушников Д.Л. Методологические подходы к оптимизации кадрового потенциала здравоохранения на региональном уровне // Проблемы управления здравоохранением. - 2004. - № 4 (17). - С. 62-70.
  3. Аванесов В.С. Научная организация обучения и контроля знаний студентов//Организация автоматизированного тестового контроля знаний студентов. Тез. докл.- С.3 - 5//Организация автоматизированного тестового контроля знаний студентов/Отв. ред. Д.Ш. Матрос. - Петропавловск (Каз.): 1991. - 59 с.
  4. Аванесов В.С. Роль тестов в современной организации управления учебным процессом в высшей школе. Тез. докл.//Материалы Международной конференции "Экономика и управление высшей школой". - Красногорск: 12-14 мая 1992. - С.152-153.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.