Өзектілігі. Тамақтану- халық денсаулығын анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Дүрыс тамақтану балалар ағзасының қалыпты өсуі мен дамуын, ауру-сырқаттардың алдын алуы мен жүмысқа қабілеттінің арттыруын және де қоршаған ортаға бейімделуге жағдай жасауды қамтамасыз ететін фактор. Айта кететін жағдай, соңғы онжылдықта халық денсаулығының жағдайы кері тенденциялармен сипатталуда: жүрек-қантамыр аурулары мен онкологиялық аурулардың көбеюі, дәрумендер мен минералдар жетіспеушілігінің мәселелері (йод, темір, фтор,селен) және де балалар арасында антрометриялық көрсеткіштердің төмендеуі, ана сүтімен қоректендіру салтының азаюы т.б.
Денсаулық- тағамның жетіспегенінен де артық болғанынан да зардап шегуі мүмкін. (түзды, қантты, жануар майы мен қаныққан май қышқылдарын т.б. шектен тыс пайдаланғанда).
Қазіргі таңда халық түтынып отырған, әртүрлі тағам топтарының ішінде, жаңа тағам ойлап табу көзқарасы бойынша ең үлкен қызығушылық алкогольсіз сусындарға туындап отыр. Бүл сусындарды тағамдық заттектің оптимальды формасы ретінде қарастырсақ болады, өз кезегінде оны барлық қажетті нутриеттермен қамтамасыз етіп.
Мүндай тағам көздері ретінде сонғы жылдары шет елдерінде де кең етек алған сүт негізіндегі тағамдарды қарастыруға болады.
Функционалдық элементтің негізі ретінде сүт өнімдерін қолдануымыздың себебі, оның қолжетімділігі, қүрамының копкомпонетті болуы, түрлену мүмкіндігі, жеңіл фракциолануы (аққуыз және май фазаларының бөлінуі) болып табылады.
Сонымен қатар комбинирленген сусындар дәрумендермен, микроэлементтермен байытуға ең оптимальды негіз.
Сүт өнімдері ішінде ашытылған сүт өнімдерін қарастырайық.
Ашытылған сүт өнімдерінің жай сүтке қарағандағы негізгі артықшылығы – сүт нәруызы сіңірілуінің жоғарылығы, лактоза деңгейінің төмендігі - бүл ашытылу барысында сәйкес сүт қышқылды микроағзалар әсерінен бір бөлігінің ыдырауына байланысты. Баланың тағам үлесіне ашытылған сүт өнімдерін неғүрлым ерте енгізу және мектеп оқушылары тағамына қосу ішектің қимылдық қызметін немесе микробиоценозды жақсартуға, бала ағзасының қорғаныс қызметін арттыруға оң әсер етеді.
Одан басқа, қышқыл ортада кальций, фосфор, темір, мыс секілді маңызды макро- және микроэлементтердің сіңірілуі тиімдірек жүреді, бүл анемия, рахит секілді аурулардың даму қаупін төмендетіп, баланың өсуі мен дамуы қалыпты өтеді *7.8.9+.
Ашытылған сүт өнімдері микробиоценоз реттейтін әрекетімен қатар асқазан-ішек жолдарының қызметін қалыптастырып, ағзаның қорғаныс қызметін арттырады [3.4].
Ашытылған сүт өнімдері балаға қажетті көптеген тағамдық заттектердің жеңіл сіңірілетін көзі болуымен қатар басқа да маңызды физиологиялық әсер береді.
Бүл орайда алғашқы қатарға олардың ішек микробиоценозына оң әсерін қою қажет: ашытылған сүт өнімдері (белгілі бір механизм бойынша) жуан ішектегі дерт қоздырушы микроағзалардың өсуін тежейді. Осы әсері, ашытылған сүт өнімдерінің баланың иммундық жауабын ынталандыру қабілеті және қүрамында болатын сүт қышқылының бактерия жоятын әрекеті ашытылған сүт қоспаларының ішек жүқпасына қатысты белгілі қорғаныстық қасиетін айқындайды. Бүл өнімдердің жүқпаға қарсы әрекетіне олардың ерекше антибиотиктер өндіруі, атап айтқанда, низин (ацидфильді қоспалар), булгарикан (йогурттар) және басқалар үлесін қосады.
Мақсаты. Сүт және ашытылған сүт негізіндегі балалар және мектеп оқушылары тағамын жасаудың мецициналық-биологиялық негіздемесі.
Зерттеу әдістері мен материалдар. Жүмыс барысында зерттеудің технологиялық, микробиологиялық,физикалық-химиялық және клиникалық-зертханалық әдістері қолданылады
Нәтижелер. Сәбилер мен мектеп жасындағы балалар үшін ашытылған сүт негізіндегі өнімдерді жасаудың мүддеге сай екендігін теориялық түрғыдан негізделді. Балалар тағамына арналған сүйық және паста тәрізді ашытылған сүт өнімдерінің жаңа түрлерінің рецептуралары жасалды.
Қорытынды. Бала және мектеп оқушыларының тамақтануында ашытылған сүт өнімдері өте маңызды. Жас сәбилердің тамақтануындағы бүзылыстарды, дизбактериоз, рахит, анемия және басқа аурулардың жоғары пайызын ескере отырып, сәбилерге алты айлық жастан бастап ашытылған сүт негізіндегі қосымша қоректер тағайындалуы өте маңызды.
Бүл ғылыми жүмыс ашытылған сүт өнімдерінің ағзаның қорғаныс қызметін арттырудағы, анемия, дисбактериоздың алдын алудағы роліне негізделген, балалардың түрлі жас топтарына арналған, жаңа функционалдық бағыттағы ашытылған сүт өнімдері жасаладуына бағытталған.
Жаңа өнімдерге жасалған стандарттар ашытылған сүт негізіндегі балалар тағамы мен емдәмдік өнімдер қатарын кеңейте отырып, өнеркәсіптің сүт өндірісі саласы кәсіпорындарында енгізуге мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Шарманов Т.Ш. Питание важнейший фактор здоровья человека. –Алматы: Асем-Систем. 2010. – 480 с.
- Шарманов Т.Ш. О роли, дефиците и профилактике важнейших микронутриентов. - Изд-во: Раритет. 2009 . -368 с.
- Руководство по лечебному питанию детей /Под ред. К.С.Ладодо. – М.: Медицина, 2004. – 384 с.
- Бекбосынов Т.К., Ахметов М.А., Бердыгалиев А.Б. и др. Лечебное питание в педиатрии. – Алматы: 2006. - 343 с.
- Национальное руководство: Нутрициональная поддержка при различных заболеваниях. /Под. ред. Шарманова Т.Ш.– Алматы: 2011. - 256 с.
- Методическое пособие: Питание матери и дитя. /Т.Шарманов, М.Айджанов. – Алматы: 2011. - 139 с.
- Методическое пособие: Особенности питания в пожилом и старческом возрасте./Даленов Е.Д., Искакова С.А., Абдулдаева А.А. и др.. – Астана -Алматы: 2011. - 80 с.
- Шарманов Т.Ш. Национальное руководство по питанию женщин репродуктивного возраста, беременных и кормящих матерей. ТОО «Полиграфсервис». - Алматы, 2007. - 145 с.
- Renaud, S. & Lanzmann-Petithory, D. Coronary heart disease: dietary links and pathogenesis. Public health nutrition, 4(2B): 459474 (2001). http://www. journals.cambridge.org.