Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Егде және қарт жастағы адамдардың қажеттілігінің медициналық - әлеуметтік мәселелері

Демографиялық мәселелердің бірі болып халықтың қартаюы болып табылады. Күрделі әлеуметтік және медициналық мәселелері бар егде адамдар сапалы медициналық-әлеуметтік көмекті талап етеді. Негізінде жүргізілген әлеуметтік зерттеу әдісін қолдана отырып, Алматы қаласында тұратын егде және қарт адамдардың сауалнама зерттеулерінде негізгі медициналық және қарттардың әлеуметтік мәселелері, олардың функционалдық мүмкіндіктері мен медициналық-әлеуметтік көмек қажеттіліктері зерттелді.

Өзектілігі: Халықтың қартаюы демографиялық үрдістер мен белгілердің өзгерістерімен сипатталады. Әлемде әр минут сайын екі адам 60- жылдық мерейтойын тойлайтын болған. 2050 жылға қарай - кем дегенде 40 жас - (60 және одан жоғары жастағылар анықталады) егде жастағы адамдар халықтың жалпы санының бестен бір бөлігін алатын болады. [1,2].

ДДҰ Еуропалық аймағы бойынша егде адамдардың үлесі ең жоғары 20 елдің 18 де, 65 жастан жоғары адамдар халықтың 13,3% -тен 17,9% дейін құрайды екен. Қоғамдық денсаулық сақтаудың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі - дамыған елдерде (68 жас) 78 жас күтілетін өмір сүру ұзақтығымен (OPPZH), ал осы елдердің орташа зейнеткерлік жасы - 65 жасқа тура келеді екен. Егде және қарт жастағылардың медициналық - әлеуметтік жағдайы олардың денсаулық жағдайына байланысты болып келетіндіктен, осы зерттеудің маңыздылығын айқындайды. [3,4,5].

Мақсаты: Алматы қаласының Самал және Думан ықшам аудандарындағы егде және қарт жастағы адамдардың медициналық- әлеуметтік көмек қажеттілігінің мәселелерін зерттеу.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Егде жастағы адамдардың медициналық және әлеуметтік қажеттілігінің мәселелері негізінде социологиялық зерттеу әдісі жүргізілді. Мәліметтерді алуда арнайы сауалнама құрастырылды. Зерттеуге 2996 респондент қатысты.

Сауалнама сұрақтары өмір когнитивтік жағдайына,

мүмкіншіліктеріне және медициналық, әлеуметтік психикалық қызмет көрсетулеріне т.б. денсаулық жағдайларына бағытталған. Денсаулық жағдайы әр түрлі созылмалы ауруларының болуы мен ауру көріністеріне (симптомдарына), денсаулық жағдайын өзін - өзі бағалауы бойынша зерттелді. Сонымен қатар, көріністерін (симптомдарын) айтсақ бас ауруынан бастап, есінің төмендеуі, жүрек тұсындағы ауру сезімі, аяқ қолдарының қозғалуының төмендеуі және т.б. көріністердің болуымен сипатталды.

Орта шамамен алғанда бір егде ауру адамға 2-4 жиі ауыр созылмалы аурудан келеді, ал оның емделу құны 1,5-2есе жастарды емдеуге кеткен құнынан жоғары болады.

Соған байланысты аурушылық деңгейі оларда 2-3 есе жоғары кездеседі ал қарт жастағы адамдарда жас және орта жастағы адамдармен салыстырғанда 6-8 есе жоғары болады. Осыған байланысты медициналық, әлеуметтік қажеттіліктің өсуінің туындауы болып отыр.

Зерттеуге ДДҰ жіктемесі бойынша 60-74жас, 75-89 жас, 90 жас және одан жоғары жастағылар арасында сауалнама қайталанусыз кездейсоқ іріктеу әдісімен жүргізілді. Егде және қарт жастағы адамдардың медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек қажеттіліктерін зерттеуге 2996 респондент қатысты. Соның ішінде 60 - 74 жас (75 %), 75 - 89 жас (24 %), 90 жас және одан жоғары (1,0 %) құрады. Әйлдер мен ер адамдардың жастық тобы бойынша бөлінуінде бірдей көрсеткіштерді аңғаруға болады. Сұралғандардың 58,9% әйел жынысты, ал ер жыныстылар 41,1% құрады. Респонденттердің білімі бойынша жоғары білімділер 57,9%, орта білімді 22,3 % толық емес орта білімді 8,2%, бастапкы 3,6%, білімсіз 0,6% құрады.

Зерттеу нәтижелері: зерттеу нысаны ретінде Алматы қаласының Медеу ауданының №5 және №2 емханаларының 60 жас және одан үлкен жастағылар жатады.

Алынған нәтижелер бойынша барлық топтар арасында суралғандардың басым бөлігін орыс ұлттары алып отыр 90 жас және одан жоғары жастағылар -54,8 ℅, 75 - 89 жас- 48,7 ℅, 60 -74 жас - 46 ℅; екінші орында – қазақтар (40 %-ға жуық) және басқа-әрбір алтыншысында кездеседі (15 ℅).

Сонымен қатар барлық ұлттар арасында сұралғандардың біркелкі бөлінуі барлық жас топтарында байқалып отыр.

2996 сұралған респондентттердің көпшілігі (37,9 %) жеке үйлерде, 2-бөлмелі пәтерде- 22,7 % 3-бөлмелі пәтерде - 22,0 %, 1-бөлмелі пәтерде - 12,2 %, жалпы пәтерде (2 және одан көп пәтерде) - 3,4 %, жалпы пәтерде (1 бөлмелі^ 1,7 % тұарды. Қозғалу

мүмкіншілігіне байланысты респонденттердің жауаптарына келсек 1 суретте көрсетіген.

Егде және қарт жастағы адамдардың өз бетінше қозғалу мүмкіншілігіне байланысты жауаптары бойынша 60-70 жас топтарында 3,4¿, 75-89жас топтарында 13,8¿, өз еркінше қозғала алатындығына, ал 60-74 жас топтарында 96,6¿, 75-89 жас топтарында 86,2¿, 90 жас және одан үлкен жас топтарында 48,4¿ өз бетінше қозғалу мүмкіншіліктерінің жақсы екендігін көрсетті. Тек 90 жас және одан үлкен жастағы топтарда 51,6¿ қозғалу мүмкіншіліктерінің қиын екенін атап көрсетті. Сонымен қатар, қозғалу мүмкіншілігіне байланысты сұралғандардың 61,7¿ өз еркінше бірнеше көшені жүре алатынын ал 38,3¿ респонденттердің жүре алмайтынын көрсетті. Өз еркінше аула аймағында ғана қозғала алатынын респонденттердің 57,0¿ көрсетті. Ал тек пәтер айналасында ғана қозғалу мүмкіндігін 66,0¿ көрсетті. Сонымен қатар, егде жастағылар күнделікті өмірде де қиындықтардың бар екенін және оларға медициналық - әлеуметтік көмектің қажет екенін атап өтті.

Сұралғандардың тең жартысы 60-74жастағылар мен 75-89 жас топтарында 58,6¿ және 51,5¿ қоғамдық ұйымдарға қатысып, жұмыс жасай алатындығын

Егде және қарт жастағы адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысып, белсенді араласулары туралы 2 суретте көрсетілді. Барлық сұралған жас топтарында «Сіз денсаулық жағдайыңызға байланысты қоғамдық ұйымдарға қатысып, жұмыс жасай алмайсыз» сұрағына сұралғандардың қатыса алмайтынын 60-74 жастарда 41,4¿, 75-89 жас топтарында 48,5¿, 90 жас және одан үлкен жастағыларда 67,7¿ құрады.

көрсетті. Тек 90 жас және одан үлкен жастағыларда төмен 32,3¿ көрсеткішін көрсетті.

Сіз қоғамдық шараларға қатысып, жұмыс істегіңіз келмейді сұрағының жауабы 4-суретте көрсетілген.

Барлық жас топтарында біркелкі қоғамдық шараларға қатысқылары келмейтінін 55,3% көрсеткішін көрестті. Бұл сұралғандардың тең жартысынан көбісінің қоғамдық шараларға қатысуына қызығушылығының жоқтығын білдіреді. Бұл жас ерекшеліктері мен жұмыс жасау қабілеттіліктеріне байланысты.

Қорытындылай келе, 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламасында атап көрсеткендей, Денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетін дамыту мен медициналық-әлеуметтік, санитариялық алғашқы көмекті дамытуды басты назарға ала отырып, геронтологиялық және гериатриялық көмектің тиімді ұйымдастырылуына қажетті іс шараларды ұйымдастыруды қажет етеді. Егде және қарт жастағы адамдарға қоғамдық шараларға қатысып, денсаулық жағдайларына байланысты жұмыс істеуді ұйымдастыруды қадағалау.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Глобальный Индекс Эйдж Вотч: www. Globalagewatch.org. -
  2. Демографический ежегодник Казахстана. Статистический на казахском и русском языках. – Астана: 2014. – 608 с.
  3. Турдалиева Б.С., Игисенова А.И. Егде жастағы адамдарға сапалы медициналық көмек беруді ұйымдастыру // «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми – тәжірибиелік конференция материалдарының жинағы. – Алматы: 2012. – 53 б.
  4. First International Scientific Conference on Regenerative Medicine & Healthy: аging: abstract book. Dedicated to the 20th Anniversary of independence of the Republic of Kazakhstan. – Astana: 2011. – 139 р.
  5. Турдалиева Б.С., Чайковcкая В. В., Игисенова А.И., Сагындыкова З.Р., Кузиева Г.Д. методика оценки потребности пожилых людей в социальных услугах // «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ КЕЛЕШЕГІ» атты Халықаралық ғылыми – тәжірибиелік конференция материалдарының жинағы. – Алматы: 2015. – 62 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.