Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Eortc qlq-sto22 модуль-сауалнамасын қолданумен асқазан рагымен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын зерттеу әдісін қолдану

Жұмыста EORTC QLQ-STO22 ерекше модульін қолданумен асқазан рагымен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын зерттеуге қатысты заманауи мәліметтер берілген. Халықаралық стандарттарға сәйкес популяцияның этно-лингвистикалық ерекшеліктерін, құралдардың валидациясын есепке ала отырып тілдік және мәдени бейімделуі өткізілді және түпнұсқаға тең EORTC QLQ-STO22 сауалнамасының қазақша түрі жасалды. Өңделген сауалнама нұсқасының валидациясының барысында, ол жоғары психометриялық құрамдармен мінезделеді.

Кіріспе. Асқазан рагы (АР) ауруының жаппай төмендеуіне қарамастан берілген патология онкологтардың назарында қала береді. Бұл біріншіден алдыңғы кезеңінде АР-дың жеткілікті байқалмайтынына байланысты, өйткені, берілген ауру көзбе-көз-қол жетімді ошақтарға жатпайды, көбінесе жасырын өтеді, скринингтік бағдарламаны жүргізгенге қарамастан кеш қаралу сақталып отыр. Бұл сол аурудың манифестациясының пайда болуымен, сонымен қатар жүргізілген агрессиялық ісікке қарсу емдеудің зардабымен байланысты осы науқастардың өмір сүру сапасын (ӨСС) төмендеуіне себепші болады [1,2,3].

Онкологиялық науқастардың ӨСС сауалнамасын клиникалық тәжірибеде қолдану нәтижеліктің кешенді және объективті суретін алуға, ал кейде жүргізілетін емдік шаралардың мақсаттылығын алуға мүмкіндік береді. Онкологиялық науқастардың ӨСС-ін бағалаудың «беделді» құралдарының бірден бірі EORTC QLQ-C30 сауалнамасы болып табылады [4,5]. АР науқастарының ӨСС-ін бағалау барысында құралдың ерекшелігі мен сезімталдығын жоғарылату үшін EORTC QLQ-C30 сауалнамасына нақ осы патологиямен ауыратын науқастардың мәселелерін сипаттайтын арнайы EORTC QLQ-STO22 модульі өңделді [6,7].

ӨСС-ті объективті бағалау үшін халықаралық стандарттарға сай сауалнама-ның тілдік және мәдени бейімделуін жүргізу талап етіледі. Сауалнаманың тілдік және мәдени бейімделуі - бұл популяцияның этно-лингвистикалық ерекшелік-терін есепке ала отырып, құралдың түпнұсқасына басқа тілде баламасын көп сатылы жасау процессі [8,9,10].

Көрсетілген мақсаттарды орындау үшін келесідегідей міндеттерді шешу қажет:

  1. сауалнаманың бірізділік аудармаларының рәсімдерін халықаралық стандарттарға сай жүзеге асыру;
  2. сауалнаманың түп нұсқасына сәйкестігімен және соңғы нұсқасынмен қамтамасыз ету;
  3. сауалнаманы популяцияның этнолингвистикалық ерекшеліктеріне бейімдеу.

Материал және әдістер. Сауалнаманың тілдік нұсқасының пайда болу рәсімі жалпы 3 бағытқа саяды:

  • бірізділік аударма;
  • аударманың сараптамасы;
  • аударманы жетілдіру.

Сауалнаманың тілдік нұсқасы тек халықаралық стандарттарға сай бейімдеу рәсімін орындау барысында ғана халықаралық зерттеулерде қолдануға құқық беретіні белгілі. Сауалнаманың нұсқасы бейімдеу мен валидацияның нәтижелерін көрсеткеннен кейін заңды болып мойындалады.

EORTC QLQ-STO22 сауалнамасының тілдік және мәдени бейімделуі халықаралық стандарттарға сай бірнеше бірізді кезеңдерді қамтыды.

1-ші кезең - сауалнаманың түпнұсқа тілінен тікелей аудармасы (түпнұсқа-сынан 2 тәуелсіз аудармасы жүзеге асырылды). Осы кезеңде аудармашыларға белгілі талаптар

қойылды, олар (2 адам):

  1. жоғары медициналық білімнің бар болуы;
  2. берілген сауалнамамен таныс болмауы;
  3. қазақ тілінде сөйлейтін адам.

Аудару барысында маңызды аспектілер қатары ескерілді:

  • сөзбе сөз аударудан аулақ болу;
  • сұрақтың мағынасын толық беруге ынталанды;
  • қарапайым және оңай тіл қолданылды.
  1. ші кезең - келісілу. 2 тікелей аударманың негізінде Сарапшы комитетпен сауалнаманың алдын ала нұсқасы жасалды. Осының барысында баламалы аударманың әдісін қолданумен барлық айырмашылықтар жойылды. Сарапшы комитетіне сонымен қатар келесідегідей талаптар қойылған аудармашы кірді:
  2. жоғары медициналық білімнің бар болуы;
  3. берілген сауалнамамен таныс болмауы және оның тікелей аударылуына қатысының жоқ болуы;
  4. қазақ тілінде сөйлейтін адам.
  5. ші кезең - кері аударма. Бұл кезеңдегі жұмыс құжаты алдын ала нұсқасы, ал нәтижесі - алдын ала нұсқасының 2 кері аудармасының жасалуы болып табылды.

Бұл кезеңде аудармашыларға (2 адам) келесідегідей талаптар қойылды:

  1. жоғары медициналық білімнің бар болуы;
  2. ағылшын тілінде сөйлейтін адам, қазақ тілінде тез сөйлейтін адам;
  3. алдыңғы кезеңдерде жұмысқа қатыспаған және берілген сауалнамадан хабары жоқ.

Аудармашыларға тәжірибелік нұсқаулықтар ретінде мынадай қажеттіліктер ескертілді:

  • сұрақтың мазмұнын беруге;
  • сұрақтың барлық мәнін атап өту;
  • қарапайым тілді қолдану.
  1. ші кезең - сараптама. 3 тәуелсіз сарапшы қатысты (1 лингвист, 1 медицина, психология және денсаулық сақтау саласындағы маман, 1 үйлестіруші). Әрбір сарапшы бұйырылған хаттама бойынша тәуелсіз бағалауды іске асырды. Бұл кезеңде сонымен қатар орфографиялық және грамматикалық жөндеулер жасалды. Нәтижесінде тест- нұсқасы жасалды.

Ары қарай пилоттық тестілеу немесе претестинг (5-ші кезең) өткзілді. Пилоттық зерттеудің нәтижелерін талдау сауалнама тұжырымдамасын популяцияның ерекшеліктеріне, мәдени және тілдік дәстүрлеріне барынша жақындатуға мүмкіндік береді.

Нәтижелері. Пилоттық зерттеуде 43 емделуші қатысты. Сонымен бірге таңдаудың сапалы репрезентаттылығы сақталды. Пилоттық зерттеу сауалнаманың децентерингі мен онкологиялық науқастардың сұхбаттасуымен қорытындыланды. Сұхбаттасуды - сұрақтар анықтылық, шайылық және тиімділік секілді көрсеткіштерге қаншалықты жауап беретіндігін анықтау үшін жүргізді. Сұхбат-тасудан кейін децентеринг жүргізілді.

Валидацияны орындау барысында берілген ӨСС-ні бағалау құралының сезімталдығына, шынайылығына және сенімділігіне талдау жасалды. Сауалнама-ның сенімділігін тексеру үшін Кронбахтың а-коэффициентін анықтау әдісімен сауалнаманың ішкі қалыптылығы есептелді [11]. EORTC QLQ-STO22 сауална-масының барлық шкалалары бойынша берілген көрсеткіштердің мөлшері 0,85-тен 0,94- ке дейін құрайтыны бекітілді. Сауалнаманың барлық шкалалары үшін Кронбахтың a-коэффициент мөлшерінің мәні 0,7-ден жоғары екенін ескерсек, бұл сауалнама шкалаларының және құралдың толығымен сенімділік деңгейіне қанағаттанушылық туралы куәландырды.

EORTC QLQ-STO22 сауалнамасының сезімталдығын (респондент жағдайын-дағы өзгерістерге сәйкес ӨСС баллдарының дұрыс өзгерістерін беру қабілеті) және шынайылылығын (өлшеуге міндетті негізгі мінездемені дұрыс өлшеу қабілеті) кешенді бағалау барысында берілген сауалнаманың жасалған нұсқасы онкологиялық науқастардың ӨСС-ін бағалаудың шынайы және сезімтал құралы болып табылады.

EORTC QLQ-STO22 сауалнамасының тілдік және мәдени бейімделуін, сонымен қатар құралдың (валидациялар) психометриялық құрамын тексерістен өткізгеннен кейін берілген сауалнаманың ақырғы нұсқасы жасалды (кесте). Пациенттер бізге көбінесе осындай тәрізді симптомдармен кездесетіндері туралы хабар беріп отырады. Өтініш, өзіңізге сәйкес келетін жауапты дөңгелектей отырып, соңғы аптада кездестірген ұқсас симптомдардың жиілігі мен қарқындылығын көрсетіңіз.

Кесте 1 - EORTC QLQ-STO22 сауалнама-модульінің қазақ тіліндегі нұсқасы

Қорытынды. Қазіргі таңда АР науқастарының ӨСС-ін бағалау әдісі емдеу нәтижелерінің бөлінбес кешенді талдамасының құрамы болып табылады. Жүргізілетін емдік іс шараларының және оңтайландыру іс-шараларының нәтижелігін ақпаратты, сенімді және үнемді бақылау әдісі бола отырып онкологиялық науқастардың ӨСС-ін бағалау осы дертпен күрес бойынша жалпы күштерді, соның ішінде болжамдау маңыздылығын қосады. Клиникалық зерттеу барысында ӨСС-ті бағалау әдісін қолдану сол зерттеудің сапасын жақсартады.

QLQ-STO22 модульінің тілдік және мәдени бейімделуінен кейін халықара-лық стандарттарға сай популяцияның этно- лингвистикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, түпнұсқасына балама сауалнаманың қазақ тіліндегі нұсқасы жасалды.

Өңделген QLQ-STO22 сауалнама-модульінің нұсқасы клиникалық зерттеу-лерде АР науқастарына қолдануға мүмкіндік беретін жоғары психометриялық құрамдармен маз мұндалады.

Соңғы аптада:

Жоқ, ешқандай

Аздап

Жетерліктей күшті

Өте күшті

31

Қатты тағам жеу барысында қиындықтар болды ма?

1

2

3

4

32

Жұмсақ немесе сұйық тағамдарды жеу барысында қиындықтар болды ма?

1

2

3

4

33

Сұйықтықтарды ішу барысында қиындықтар болды ма?

1

2

3

4

34

Тамақтану барысында жағымсыз сезімдер болды ма?

1

2

3

4

35

Асқазанның айналасында ауырлықтарды сездіңіз бе?

1

2

3

4

36

Асқазан айналасында жайсыздық сезіндіңіз бе?

1

2

3

4

37

Іштің кебінуі сезілді ме?

1

2

3

4

38

Ауыз қуысында қышқылдық сезілді ме?

1

2

3

4

39

Қыжылдау болды ма?

1

2

3

4

40

Күшті кекірік болды ма?

1

2

3

4

41

Тағамды жеп бастағаннан кейін іштің шүпілдегені болды ма?

1

2

3

4

42

Тамақтанудан рахат алу барысында қиналдыңыз ба?

1

2

3

4

43

Толықтай тамақтану барысы сіздің көп уақытыңызды алған кездер болды ма?

1

2

3

4

44

Ауыз қуысының кебуін сезіндіңіз бе?

1

2

3

4

45

Тамақ пен судың дәмінде қалыпты дәмінен өзгерістер бар екенін сезіндіңіз бе?

1

2

3

4

46

Басқа адамдардың қасында тамақтануға ыңғайсыздық сезіндіңіз бе?

1

2

3

4

47

Өз жағдайыңыз туралы ойландыңыз ба?

1

2

3

4

48

Салмағыңызды жоғалту Сізді мазалады ма?

1

2

3

4

49

Ауру немесе емделу салдарынан өзіңіздің ажарлығыңызды төмендетіп сезіндіңіз бе?

1

2

3

4

50

Өз денсаулығыңыз туралы болашақты ойладыңыз ба?

1

2

3

4

51

Шаштарыңыз түсті ме?

1

2

3

4

Егер шашыңыз түскен болса, онда мына сұраққа жауап беріңіз.

52

Шаштарыңыздың түсуіне байланысты өзіңізді жабырқаңқы сезіндіңіз бе?

1

2

3

4

 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ

  1. 1 Da-zhi Sun, Jian-peng Jiao, Xuan Zhang et al. Therapeutic effect of Jinlongshe Granule on quality of life of stage IV gastric cancer patients using EORTC QLQ-C30: A double-blind placebo-controlled clinical trial // Chinese Journal of Integrative Medicine. – 2015. – Vol. 21, Issue
  2. – P. 579-586.
  3. Kazunari Misawa, Michitaka Fujiwara, Masahiko Ando et al. Long-term quality of life after laparoscopic distal gastrectomy for early gastric cancer: results of a prospective multi-institutional comparative trial // Gastric Cancer. – 2015. – Vol. 18, Issue 2. – P. 417-425.
  4. Ji Yeon Park, Bang Wool Eom, Min Jung Jo et al. Health-related quality of life after robot-assisted distal gastrectomy in early gastric cancer // World Journal of Surgery. – 2014. – Vol. 38, Issue 5. – P. 1112-1120.
  5. Claire F. Snyder, Amanda L. Blackford, Toru Okuyama et al. Using the EORTC-QLQ-C30 in clinical practice for patient management: identifying scores requiring a clinician's attention // Quality of Life Research. – 2013. – Vol. 22, Issue 10. – P. 2685-2691.
  6. Mirjam A.G. Sprangers, Franck Bonnetain EORTC QLQ-C30 // Encyclopedia of Quality of Life and Well-Being Research. – 2014. – P. 19331935.
  7. Joohyun Woo, Joo-Ho Lee, Ki-Nam Shim et al. Does the difference of invasiveness between totally laparoscopic distal gastrectomy and laparoscopy-assisted distal gastrectomy lead to a difference in early surgical outcomes? A prospective randomized trial // Annals of Surgical Oncology. – 2015. – Vol. 22, Issue 6. – P. 1836-1843.
  8. Daisuke Kobayashi, Yasuhiro Kodera, Michitaka Fujiwara et al. Assessment of quality of life after gastrectomy using EORTC QLQ-C30 and STO22 // World Journal of Surgery. – 2011. – Vol. 35, Issue 2. - P. 357-364.
  9. Huang C.C., Lien H.H., Sung Y.C. et al. Quality of life of patients with gastric cancer in Taiwan: validation and clinical application of the Taiwan Chinese version of the EORTC QLQ-C30 and EORTC QLQ-STO22 // Psychooncology. – 2007. – Vol. 16, Issue 10. - P. 945-949.
  10. Luis F. Oñate-Ocaña, Alberto Alcántara-Pilar, Diana Vilar-Compte et al. Validation of the Mexican Spanish version of the EORTC C30 and STO22 questionnaires for the evaluation of health-related quality of life in patients with gastric cancer // Annals of Surgical Oncology. – 2009. – Vol. 16, Issue 1. – P. 88-95.
  11. Morita S., Kaptein A., Oba K. et al. The domain structure of the EORTC QLQ-STO22 supported by Japanese validation data. // Psychooncology. – 2008. – Vol. 17, Issue 5. – P. 474-479.
  12. Cronbach L.J. Coefficient alpha and the internal structure of tests // Psychometrica. – 1951. – Vol. 16, N 3. – P. 297-334.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.