Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қызылорда қаласы перинаталды орталығының босанудан кейінгі қан кету бойынша жұмысына 2015 жыл 9 айлық талдау анализі

Мақалада акушерлік қан кету, соның ішіндегі босанудан кейінгі қан кетуге, Қызылорда облысының перинаталды орталығы бойынша талдау көрсетілген. Босанудан кейінгі қан кетудің негізгі себептеріне, асқынуларына байланысты жиілігі талданды. Зерттеу нәтижелеріне байланысты ұсыныстар ұсынылды.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі аса ауыр әрі жиі кездесетін асқынулардың бірі акушерлік қан кетулер болып табылады. Осы патологияның аналар өліміндегі үлесі де зор, перинатальді асқынулар ішінде де маңызды орын алады.

Акушерлік қан кету деп жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын, 500мл артық (дене салмағының 0,5%) мөлшердегі жыныстық жолдардан кеткен қанды бөліністерді айтады. Жоғалған қан мөлшерінің маңыздылығы қандағы гемоглобиннің бастапқы мөлшеріне байланысты.

Қазақстан республикасында акушерлік қан кетулер әрбір 20-шы жүктілік пен босанудың ағымын ауырлата түседі. Қазақстанда осы асқынудың жиілігі соңғы жылдарда тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Күнделікті жұмыста 1000-1200мл көлемдегі қан жоғалту ауқымды болып саналады. Мұндай қан кетулер ана өлімінің себептерінің бірі болып, оның құрамында негізгі себепшісі ретінде - 20-25%; қосымша себеп ретінде — 42%; ал фондық себеп ретінде — 78% алады.

Акушерлік қан кетулердің ерекшелігі - кенеттен дамуы мен ауқымдылығы. Барлық босануларға бөлгенде олардың үлесі 2,7 — 8% кездеседі. Көп жағдайда, ауқымды акушерлік қан кетулер жүктілік пен босану кезіндегі гемостаз қызметінің жеткіліксіздігі салдарынан дамиды, яғни коагулопатиялық болып табылады (А.Д. Макарция, 1990).

Босанудан кейінгі кешеуіл (екіншілік) қан кету (БКҚ) - 500 мл көлеміндегі босанудан кейінгі 24 сағаттан 6 аптаға дейінгі кезеңде туындайтын қан кету.

Босанудан кейінгі қан кету - 500,0 мл құрайтын босану кезіндегі табиғи босану жолдары арқылы және 1000 мл астам касарь тілігі кезіндегі клиникалық маңызды қан кету. Кешеуіл қан кету себептері болатындар: жатырдың жиырылу қабілеттілігінің бұзылуы (жатыр антония), босанудың жұмсақ жолдарының (жатыр мойнының, іншектің) жыртылулары мен гематомалары, жатыр жыртылуы немесе теріс айналуы, жатырдың жалпақ байламының қан құйылуы (гематома), жатыр қуысында бала жолдасының қалдықтары фонындағы эндомиометрит, жыныс мүшелерінен тыс қан кету.

Босанудан кейін кешеуіл қан кету жіктеуі:

  • БК орташа Қ - қан жоғалту көлемі 500-1000 мл;
  • БК ауқымды Қ - қан жоғалту көлемі 1000 мл астам.

Босанудан кейін екіншілік қан кетуде ана аурулық- сырқаулығының және өлім-жітімі көбеюінің негізгі себебі айналудағы сұйықтықтың кідірісі және көлемді орынсыз толтыруы, коагуляция бұзылуы, қан кетудің жарақаттық сипаты. Босанудан кейін екіншілік қан кетуде қан жатыр қуысында, іш қуысында және ретроперитонель жиналуы мүмкіндігін ескерту қажет.

Қан кету көлемін дәл бағалау, күттірмес шараларды уақытылы өткізу, екіншілік БКҚ себебін дәл анықтап қою, оның себебін ескеріп қан кетуді орынды емдеу, хирургиялық гемостаз жүргізу қажеттігі азаюы.

Біздің зерттеу мақсатымыз босанудан кейінгі қан кетуге статистикалық талдау жасау, оның нақты себептерін анықтап жиілігін азайту.

Зерттеу материалдар: Қызылорда облысының перинаталды орталығы бойынша босанудан кейінгі қан кетумен аяқталған әйелдердің медициналық құжаттарының ретроспективті экспертті жазбалары.

Облыстық перинаталдық орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 2013 жылғы № бұйрығының негізінде 200 төсекке жұмыс істеп жатыр .

Құрамы: босандыру бөлімшесі - 95 төсек , жүктілер патологиясы бөлімшесі -25 төсек ,нәрестелер патологиясы - 32 төсек, нәрестелер реанимациясы -18 төсек , неонаталдық хирургия бөлімшесі -3 төсек , гинекология бөлімшесі- 30 және күндізгі емханада -20 төсек орын.

Перинаталды орталықтың стратегиялық мақсаты

  • Ана мен бала денсаулығын қорғау үшін жоғары дәрежеде сапалы медициналық көмек көрсету
  • Ана мен бала өлімін төмендету

Перинаталды орталық бойынша және аудандарда акушерлік, гинекологиялық және перинатологиялық ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс атқару

Зерттеу барысында жасына, жүктілік пен босану санына, акушерлік-гинекологиялық тарихына, аспаптық зерттеулер нәтижелеріне, жұқпалы аурулардың болу болмауына, медицинамен дәлелденбеген дәрілік заттарды қабылдауына, бала жолдасындағы өзгерістерге және аутопсия нәтижелеріне, кәсібіне, жүктілік мерзіміне,босандыру түрлеріне,босану кезіндегі асқынуларға байланысты клиникалық және статистикалық талдау жүргізілді.

Жалпы босану көрсеткішінің 1,45% қан кетумен көрінеді (Сурет 1.). 2015ж жүкті әйелдердің жағдайының ауырлығына байланысты 462-12,3% индукциялық босандыруға ауыстырылды.

Преэклампсия жеңіл дәрежесі 162-64 %. Преэклампсия ауыр дәрежесі 91-35,9%. Қағанақ суының босануға дейін кетуі 130-28,1%. Ұрықтың антенаталды шетінеуі 18-4%. Ұрықтың құрсақшілік даму ақауы 14-3%. Мерзімінен асқан жүктілік 47-10,2%.

Акушерлік қан кетумен асқынған әйелдердің ауру тарихын зерттеу кезінде ең жиі кездесетін себебі, қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы (37,5%) болып саналды. Ал (22,2%) жатыр атониясы болса, бала жолдасының дефекті, шынайы бала жолдасының бітісуі, толық бітісуі, жыныс жолдарының жарақаты (11,1%) сирек кездеседі.

 

Асқынған акушерлік анамнез бойынша бұрын әртүрлі жағдайларңа байланысты медициналық түсік жасатқан жүкті әйелдер 33,50¿, өздігінен түсік жасатқандар 21¿ болса, көп рет босанушы әйелдерде акушерлік қан кету қауіпті, яғни көрсеткіш 45,50¿ жетті және 2500,0 гр-нан 3999,0 гр дейінгі салмақтағы нәрестелер жиі (Сурет 5,6) кездеседі.

Босану мерзіміне және нәрестенің салмағына байланысты көрсеткіште жедел босанған

1 Қадам - бастапқы бағалау.

Бос персонал мобилизациясы (толық көлемде оперативті техниканы меңгерген тәжірибелі акушер-гинекологты, анестезиолог-реаниматологты, лаборантты шақыру). Қан кету көлемін бағалау. Оқиғаны бағалау және организмнің өмірге маңызды функцияларын бақылау (АҚ, пульс, температура, тыныс жиілігі). Қуықты катетерлеу - қуық бос болуы қажет.

Қан кетуге қатысты 3:1 көлемінде инфузияны бастау үшін 1 немесе 2 перифериялық венаны катетерлеу (№ 14-16G).

Қан тобын, Rh-факторды анықтау, үйлесімділікті анықтауға қан алу.

Себепті анықтау:

  • жатырды зерттеу (тонус)
  • плацентаны зерттеу (тін);
  • босану жолдарын тексеру (жарақат);
  • ДВС-синдромды алып тастау (тромбин).

Босанушыны жылыту (көрпемен жабу, ылғал төсеніштерді ауыстыру).

2 Қадам - этиотропты терапия

  1. «Тонус» жатырдың жиырылу функциясының бұзылыстары. Жатырдың сыртқы массажы. Утеротониктер. Жатыр қуысын

қолмен тексеру. Жатырдың бимануальді компрессиясы

  1. «Тін» жатыр қуысында тіндердің бөгелуі Жатыр қуысын қолмен тексеру. (амалсыз жағдайда кюретаж) Плацентаның шынайы өсуі - лапаротомия, гистерэктомия
  2. «Жарақат» Босану жолдарының жарақаты. Айнада қарау. Босану жолдары жұмсақ тіндерінің жыртылуын тігу. Жатырдың айналып кетуін коррекциялау.Жатыр жыртылуындағы лапаротомия.«Тромбин» Коагуляция бұзылыстары. Ұю факторларын құю (ЖМП, криопреципитат, тромбоцитарлық масса)

 

  1. қадам Операция бөлмесіне тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қан кетуді уақытша тоқтату әдісі: құрсақ аортасын басу.
  2. қадам Акушерлік қан кету кезіндегі хирургиялық гемостаз

Ем тиімділігінің индикаторлары: - қан кету тоқтауы; босанғанның өмірлік қызметтерінің қалпына келуі; лабораторлық көрсеткіштердің қалыпқа келуі.

Зерттеу нәтижелері.

Жүктілік кезінде қан кетулер 59- 1,6% жағдайда тіркелді ( 2014ж 56-1,9% ). 51 -1,4% жағдайда қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы байқалды. Босанудан кейінгі кезеңде 50- 1,4 % (32 -1,09%)жағдайда қан кету тіркелді. Кең көлемдегі оталар -16 ( 2011ж-11) Атониялық қан кету 6- 22,2% Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімнен бұрын ажырауы 6- 37,5% Бала жолдасының жолда орналасуы 4-25,0%

Босанудан кейінгі қан кету көбінесе 31-40 жас аралығындағы әйелдерде (55%), көп босанған әйелдерде (45,5%), жүктілік кезінде анемияның ауыр дәрежесіндегі әйелдерде (68%) көп кездеседі. Экстрагениталды аурулардың нақты көрсеткіші дәлелді емес. Себебі акушерлік қан кету экстрагениталды ауруларға байланыссыз болуы мүмкін.(Сурет 3,4,7.)

Босану мерзіміне байланысты жедел босану (54,90%) болса, жалпы көрсеткіштен 2999,0 граммнан-4000,0 грамм нәрестелердің (61,10%) акушерлік қан кету асқынуымен туылған болатын. (Сурет 5,6.)

80% жатырдың сыртқы массажының көмегімен қан кетуді алдын алған.(Сурет 8.) Б-Линч тігісі 6 жағдайда салынды,8 жағдайда жатыр ампутациясы, 8 жағдайда жатыр экстрипация жасалынды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Босанудан кейінгі салдарлық немесе кешелуілдеген қан кету // Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары . - Алматы: 2007. - №2. - С. 25 .
  2. Айламазян Э. К Неотложная помощь при экстремальных состояниях в акушерской практике. - Н-Новгород: 2008. - 281 с.
  3. Кулаков B. И Акушерские кровотечения.. - М.: 2009. - 60 с.
  4. Scottish Obstetric Guidelines and Audit Project // Managment of Postpartum Haemorrhage. - 2000. - №3. - Р. 292-299.
  5. Prevention and Managment of Postpartum Haemorhage // SOGC Clinical Practice Guidelines. - 2000. - №88. - Р. 112-128.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.