Бұл мақалада, сүт бездеріндегі қатерлі ісік ауруларның, даму және ағзда таралу жолдарын алдын ала біліп, дертті асқындырмай диагноз қоюда, соған орай ең құнды пайдалы деген ем қолдануда, зертханалық тексеру әдістерінің маңыздылығы жәйінда сөз қозғалады.
Өзектілігі: сүт безі қатерлі ісігі қазіргі заман онкологиясының негізгі мәселесінің бірі болып табылуда, яғни, бұл ауру әйелдер қатерлі ісік аурулары жағынан бірінші орында, өлім себебі жағынан екінші орынды меншігіне алуда, сонымен қатар аурушаңдылық жыл сайын өсуде.
Осы мақалада ЭХЛТ әдісі арқылы анықталатын онкомаркерлардің қатерлі ісік кезіндегі маңыздылығын пайдаланып, қатерлі ісік диагнозын алғашқы сатыларында анықтау, ауру ағмына болжам жасап, ем тиімділігін арттыру [1].
Кіріспе: сүт бездері ұрықтыңекі айлығындақалыптасып, дамып, жетіліп, қалыпты жағдайда төс сүйегі мен қолтық ортасында және II-V қабырға аралығында орналасады. Оның сыртқы пішіні «киіз үй» сияқты болып, орталығын емшек ұшы алып жатады.
Сүт бездері без ұлпасынан тұрады, ал оның айналасын май және сіңір ұлпалары қоршап тұрады. Без ұлпаларында сүт өндіретін және жиналатын қуыстармен, сүт жүретін жолдар бар.
Сүт бездерінің негізгі қызметі-сүт өндіріу, бұл үрдіс мишықтың алдынғы бөлігінде шығарылатын пролактин, маммоген-I, маммоген -II гормондарымен сонымен қатар бүйрек үсті бездеріндегі эстроген гормондарымен, тиреоидин гормондарымен реттелінеді .
Қан айналыу жүйесі III-VII қабырға аралық және қолтық асты, төс сүйегінің астындағы артерия қан тамырларының III-V бұтақтарымен қамтамасыз етіледі. Әр артерияға екіден көк тамыр сәйкес келеді.
Жүйке талшықтары теріде, емшек ұшының айналасында, емшек астындағы қуыста орналасқан.
Сүт бездері лимфа жүйесіне өте бай. Лимфа тамырлары мен лимфа бездерінің емшек бөліктерінде орналасуы, лимфа сұйықтарының жүру бағыты қатерлі ісік ауыруларында ерекше маңызы бар.
Жалпы, сүт безі қатерлі ісігіне диагноз қоюда, науқастың анамнезін дұрыс жинау, сипап тексеріу,маммография, эхография, термография, КТ, тағы сол сияқты аспаптық тексерулер, негізгі әдіс цитологиямен қатар, онкомаркерлардыңда өзіндік маңызы бар [1, 2].
Отандық онкомаммологтардың зерттеулері бойынша, «Қауіп-қатерлі» топтарға:
- Бала тумаған немесе 30 жастан асқан жүктілік;
- Етеккірі ерте келгендер(12-13 жас);
- Етеккірі кеш тоқтағандар (50 жастан асқандар);
- Пролиферативті мастопатиясы бар адамдар;
- Әйелдер жыныс мүшелерінде созылмалы ауру барлар;
- Тұқымында әйелдер ауруы бар адамдар;
- Жүктіліктен сақтану үшін эстроген, прогестин препараттарын ұзақ пайдаланғандар негізгі қауіп-қатер тобына жататыны, жастық ерекшеліктерінде, жас өспірім қыздарда өте сирек кездесетіні, 30 жастан 44 жастағы адамдарда, ауру жас өсуімен тура қатынаста, 70 жастан асқандарда тіпті жиі екені анықталды [3].
Зерттеу мақсаты: сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқастардағы онкомаркерлардың диагноз қоюдағы метастаз беріуін қайталауын (рецидив) анықтаудағы маңызын бағалау.
Мәліметтер мен әдістер: зерттеу мәліметі ретінде Алматы қалалық онкодиспансер емханасында сүт безі қатерлі ісігімен тіркеуде туратын әр түрлі жастағы 100 науқас әйелдердің онкомаркерлерінің зертханалық тексеру нәтижелері алынды.
Диагностикалық кешен құрамына Immulite 1000, Cobas e 411 қондырғылары кіреді.
Әдісі: ЭХЛТ (электрохемилюминсцентті талдау), толық автоматты, бағдарламалық бақылаулық жабық жүйе кең ауқымды тесттерді пайдаланып сапалық және сандық in vitro - лық талдаулар жасайды.
Мұнда, онкомаркерлар, қан сары суына арнайы антидене қосып, ақуыздық құрылымды онкомаркерлармен (антигенмен) арнайы кешен (антигенÁантидене) құрыу негізіндегі, арнайы зертханалық әдістермен (аппаратмен) анықталынған.
CA15-3 (муцин тәрзді гликопротеин) - сүт безі карциномасының ауру ағымы мен емдік шараларының нәтижелігін анықтайтын жоғары спецификалық көрсеткіш, сонымен қатар ауру қайталануын (рецидивін) анықтауда тиімді болып табылады. Тағы бір айта кететін жайт, бұл маркер жүктіліктің 1-24 апталықтарында, 9,2-38,0 ed/ml-ге дейін, 25-39 апта аралықтарында 9,2- 40,0 ed/ml -ге дейін жоғары болады, бұл қалыпты жағдай.
CEA (карциноидоэмбрионалді антиген) бұл спецификалық онкомаркерға жатпайды, ол тік ішек, сүт безі, өкпе, қалқанша без, бауыр, жатыр мойны қатарлы мүшелердің диагнозын нақтылау үшін қолданылады [4,5,6].
Нәтижелер және оларды талдау: Алматы қалалық қатерлі ісік ауруларын тіркеу емханасында сүт безі қатерлі ісік диагнозыментіркеуде тұратын әр түрлі жастағы100науқас әйелдердің онкомаркерлерінің зерттеу нәтижелеріне талдау жасалынды.
Кесте 1 - Сүтбезі қатерлі ісігімен ауратын науқас әйелдердің ем қабылдау барысындағы онкомаркерлердің көрсеткіштері
Ем қабылдауға дейін |
Ем қабылдаудан кейін |
||
CA 15-3 u/ml |
CEA ng/ ml |
CA15-3 u/ml |
CEA ng/ml |
82,99 |
46,86 |
14,245 |
3,24 |
Жоғардағы №1-ші кестеде, сүт безі қатерлі ісік диагнозымен тіркеуде тұрып, ем қабылдап жатқан әйел науқастардың онкомаркерларының талдау нәтижелері алынды. Барлығында, ем қабылдауға дейінгі онкомаркерларының мөлшері жоғары болып, ең жоғары көрсеткіш 140,011 u/ml- ге дейін жеткен. Ем қабылдағаннан кейін 73 науқаста (5,8 есе) онкомаркер мөлшері қалыпты жағыдайға келгенін, яғни, емнің нәтижелі болып, науқас жағыдайының қалыптасқанын, ал 27 науқаста (14,5 есе) талдаулардың қалыпты мөлшерге келмеген, яғни, бұдан аурудың прогрессивті өршуде екені туралы, немесе метастаз бергені туралы болжам жасауға болады. Міне бұл жағдайдан, онкомаркерларға талдау жасау бізге, қатерлі ісік ағымына болжам жасауға, ем нәтижелігін бағалауға, ауру қайталануына диагноз қоюға толықтай мүмкіндік беретінін көруге болады.
Кесте 2 - Сүт безі қатерлі ісігімен ауратын әйел науқастардың жасқа байланысты онкомаркерлерінің талдауы
Жасы |
CA 15-3 u/ml |
CEAng/ml |
44ке дейін |
44,98 |
34,41 |
45-59 жас аралығы |
88,79 |
48,65 |
60-74 жас аралығы |
74,74 |
50,803 |
75 жастан жоғары |
68,33 |
46,29 |
*кестеде жас бойынша градация БДҰ(бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы) жіктеуіне негіделінді[2].
Алматы қалалық онкологиялық науқастарды тіркеу емханасында, сүт безі қатерлі ісігімен тіркеуде тұратын әр түрлі жастағы 100 науқас әйелдердің жасына байланысты талдау жүргізілді, 44 жасқа дейінгі әйелдердер 3 %, орта жастағылар (45-49жас аралығы) 20 %, егде жастағылар (60- 74 жас аралығы) 35 %, қарт адамдар (75 тен жоғары) 46,29 %-ті көрсетті, бұдан сүт безі қатерлі ісігімен аурушаңдылық жас өсіуімен тура қатынаста екенін, жас ұлғаюна байлансты, аурушаңдылықта арта түсетінін көруге болады.
Кесте 3 - Сүт безі қатерлі ісігімен ауратын әйел науқастардың қатерлі ісіктің әр сатысындағы онкомарлардың талдауы
Сатысы |
CA 15-3 u/ml |
CEAng/ml |
0 |
35,09 |
19,22 |
I |
32,00 |
21,002 |
II |
33,83 |
20,5 |
III a |
43,74 |
29,7 |
III b |
103,01 |
37,042 |
III с |
160,83 |
40,091 |
IV |
190,44 |
70,091 |
Кестеде арнайы онкомаркерларға ауру сатысна байлансты талдау жасауда, IV- сатысында ең жоғарғы көрсеткіш 190,44 u/ml болған. Алғашқы сатыларында (0, I, II) 10%-ке дейін аз молшерде жоғарлайтынын, соңғы сатыларында (III,IV) 75%- ке дейін көтерілгенін көруге болады. Осы талдауларды негізге ала отырып, біз сүт безі қатерлі ісігінде, негізгі диагноз цитологиялық тексерулермен қойылатын болсада, зертханалық диагностиканыңда, ауру сатысын анықтауда, диагноз қоюда өзіндік маңзы зор екенін көруге болады.
Қортынды:
- Алматы қалалық қатері ісік науқастарын тіркеу емханасында, сүт безі қатерлі ісгінің онкомаркерларның талдаулары негізінен (мөлшермен 90%-тенастам науқастарда) мемлекеттік қаржы есебінен жасалған.
- Сүт безі қатерлі ісік онкемаркерын анықтау, қазіргі заманда, төмендегідей мәселелерді шешіуге көмектеседі;
- Қатерлі ісіқ дамыу қаупі жоғары топтарды анықтау;
- Науқасқа, терең зерттеулер жүргізілгенше,болжамдалынатын ісік көзін анықтауға (яғни міндетті түрде қажетті диагностика тізімін анықтауға) көмектеседі;
- Рецидивті анықтауда;
- Радикалды оперативті ем жағыдайын бағалау;
- Кешенді ем нәтижелілігін бағалау [7].
Біздің зерттеу нәтижеміз, сүт безі қатерлі ісік онкомаркерларын, жаңа техникалық қондырғылармен анықтау, қаншалықты ерте болса, ісік алғашқы сатыларын соншылықты ерте диагностикалауға, тиімді ем-шараларын жұргізіп, алдын алыуда осы заманданған, ең тиімді, сенімді әдістердің бірі екенін дәлелді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Ә. Е. Есенқұлов, Б. Қ. Қайдаров, С. Ә. Есенқұлова. Практикалық онкология. Алматы: 2001. - С. 241- 242
- Ә. Есенқұлов. Сүт және кеуде безінің аурулары (маммалогия). Алматы: 2001. - С.11-98-99
- Х. Ә. Әбисатов, Ә. Е. Есенқұлов Онкология 2- том, Алматы: «Ғылым», 1999. - С.157-158 б.
- http://www. Syneo.Ua/ru/ch14/rakovoembbrionalniy antigen.html.
- http://www. Syneo.by/ru/ch14/onkomarkermolochnoyzhelezy.html.
- http: // www.dc.ru/price/deps/467-_all_.html.
- Булынский Д. Н. Васильев Ю. С. Современные технологии диагностикии и лечение рака молочноий железы. Челябинск челГМА. 2009. - 84 с.