Алдыңғы зерттеу жұмыстары бойынша Күрең маклюра жемісінің құрамынан биологиялық белсенді заттар анықталынған.
Маклюра құрамынан табылған осаийн және помифериннің химиялық құрамына хроматография және ЯМР спектр әдісімен зерттеулер жүргізілген.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі жағдайда, ресми медицинада қолданыста жүрген дәрілік құралдардың басым көпшілігі бұрын-соңды халық медицинасында қолданыста болған өсімдіктер негізінде жасалынған. Айта кетер болсақ, халық медицинасында қатерлі ісік, буын, тері ауруларының нозологиясын емдеуде антимикробтық қасиетімен танымал, елімізде мүлдем зерттелінбеген өсімдік тектес заттардың бірі, тұт туысына жататын Күрең маклюра болып табылады - Maclura aurantiaca.
Негізгі бөлім: Маклюра жемістерінен бірнеше пигменттер бөлініп, құрылымдары қарама қарсы синтезбен дәлелденген [1-2].
Өсімдік жемістерінен - мaй қышқылының эфир түріндегі үштерпенді спирттер болып тaбылaтын жабысқақ, ақ түсті сұйықтық бөлінетіні айтылған. Өсімдік әлемінде кең таралған биологиялық белсенді заттардың бұл тобынa стериндер, өт қышқылдары, сaпониндер жaтaды. Жеміс шоғырында қант, пектин зaттaры 10%-ға дейін, жапырақтарында лимон қышқылы 13%-ға дейін жетеді .
Дәндері - жеміс етінің ішінде орналасқан, құрамында 2830% май қышқылдары бaр. Мaклюрa дәндері трипсин және химотрипсин тежегіштерінің көзі ретінде ерекше нaзaр аудартады. Маклюраның ең құнды заттары деп изофлавондық қосылыстарды айтуға болады. Изофлавондардың басым бөлігі - шамамен 10-15%.
Күрең маклюра тамыры қабығының химиялық құрамы [3]: Көмірсулар: гептакозан, октакозан, нонакозан (~92,3%). Пренилирлі ксaнтиндер: товоксaнтин - 0,006%; 6- дезоксикареубин - 0,001%; альваксантин - 0,02%.
Маклюра құрамынан табылған негізгі заттар,- осайин мен помифериннің үлестерінің басым екендігі,- тиімділігі жоғары жұқа қабатты хроматография арқылы анықталған болатын (сурет 1).
Сонымен қатар, әлемнің әр елдерінде маклюра тинктория өсімдігінен бірнеше изофлавондар бөлініп алынып, химиялық құрылысы мен ЯМР спектрлері де aйĸ;ындaлFaн. Десек те, бөлініп aлынFaн құрамынан бөлінген негізгі компоненттерінің химиялық зaттaрдыщ фaрмакологиялыщ тиімділіктері мен құрылыстары төменде көрсетілген (сурет 1): тұрақтылықтары өте аз зерттелген. Күрең маклюраның
Сурет 2 - Күрең мaклюрaныщ құрaмынaн бөлінген негізгі компоненттердің химиялық құрылымдaры
Алдыңғы зерттеулер бойынша,- күрең маклюра өсімдігіне фитохимиялық салыстырмалы талдау жүргізілген. (кесте 1), фитохимиялық салыстырмалы талдау[4].
Кесте 1-Күрең маклюраның фитохимиялық салыстырмалы талдау нәтижелері белсенді заттар полисахаридтер тобы биологиялық белсенді заттың сандық құрамы
Биологиялық белсенді зaттaр тобы |
ББЗ сaндыщ құрaмы (шикізaттың нaFыз құрғaқ сaлмaFынa шaвдaндa, %) |
Полисaхaридтер |
20,82 |
Тұтқыр зaттaр |
0,88 |
Флaвоноидтaр |
8,50 |
Үштерпенді гликозидтер |
0,09 |
Aлкaлоидтaр |
3,37 |
₧мíрсулaр |
8,46 |
Ксaнтиндер |
0,05 |
Äмипĸ,ышĸ,ылдaр |
12,04 |
Кесте 1-ден көрінгендей Күрең маклюраның фитохимиялық салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша биологиялық
(шикізаттың нағыз құрғақ салмағымен шаққанда) 20,82%-ті көрсетті. Флавоноидтар 8,50¿, көмірсулар 8,46¿, аминқышқылдары 12,04¿-ды құрады.
Қорытынды: Алдыңғы зерттеулер бойынша,- күрең маклюра өсімдігіне фитохимиялық салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша биологиялық белсенді заттар полисахаридтер тобы биологиялық белсенді заттың сандық құрамы ( шикізаттың нағыз құрғақ салмағымен шаққанда ) 20,82% - ті көрсетті. Флавоноидтар 8,50¿, көмірсулар 8,46¿, аминқышқылдары 12,04¿ құрады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Wofom M L et al. Osage Orange Pigments. XШ. Isolation of Three New Pigments from the Root Bark1 2 //The Journal of Organic Chemistry. - 1964. - Т. 29. - №. 3. - С. 689691
- Cioffi G etal AntioxidantChalcone Glycosides and Flavanones from Maclura (Chlonophora) tinctoria//Ịournal ofnatural products. - 2003. - Т. 66. - №. 8. - P. 1061-1064.
- J. D Feldmаn 1973. Binding of Mаclurа pomiferа lectin to rаt lymphoid cells аnd erythrocytes //J. Immunol. -1973. - №.111. - Р. 1765-1770.
- Оразбеков Е.К., Махатов Б.К., Орынбасарова К.К. Күрең маклюра өсімдігін фармакогностикалық және фитохимиялық зерттеу: дис. ... канд. фарм.наук - Алматы, 2014. - 43-45 с.
- Altuner E. M. et al. High hydrostatic pressure extraction of phenolic compounds from Maclura pomifera fruits //African Journal of Biotechnology. - 2014. - Т. 11. - №. 4. - Р. 930-937.
- Bаrroso G. M., Morrim M. P., Peixoto А. L., Ichаso C. L. F., Frutos e Sementes. Morfologiа Аplicаdа { Sistem|ticа de Dicotiledôneаs.- 1st ed.- UFV: Viçosа.-1999. - 54 р.
- Dakora F. D. Plant flavonoids: biological molecules for useful exploitation //Functional Plant Biology. - 1995. - Т. 22. - №. 1. - Р. 87-99.
- John H. Wiersemа. "USDА GRIN entry for ''Mаclurа pomiferа''"// Аrs-grin.gov. Retrieved. -2002, - Р. 5 - 9
- Hаrt J. H. Morphologicаl аnd chemicаl differences between sаpwood, discolored sаpwood, аnd heаrtwood in blаck locust аnd Osаge orаnge// Forest Science -1968. -№14(3). -P. 334-338.