Бұл мақалада шет тілін үйрену барысында мәтінмен жұмыс істеу ерекшеліктері, тиісті оқу әдістері, және кәсіби маманға қажетті қабілеттіліктерді дамыту жолдары қарастырылады. Қазіргі таңда біздің қоғамымыздың жоғары оқу орындар жүйесінің алдына қойған талабы – сапалық жаңа деңгейдегі маман иелері өздерінің алдына қойған мәселені өз беттерінше творчестволық тұрғыдан шеше алатын,өз ойлау өрнегі бар мамандар даярлап шығару болып табылады.
Кіріспе.
Білімді дамытудың 2015 жылға дейінгі ҚР Білім және ғылым министрлігі белгіленген концепциясында тілдерді оқыту арқылы жоғары мәдениетті тілдік тұлға қалыптастыру басты стратегиялық мәселелердің бірі болып есептеледі.
Осы ретте ағылшын тілін жоғары мектепте тілдік емес мамандық студенттеріне оқытудың әдістемесі бойынша зерттеулерде оны тиімді ұйымдастыру және іске асырудың жолдары қарастырылған.
Негізгі бөлім.
Шет тілі сабағында медициналық мәтінмен жұмыс жасау және оның әдістері.
Медицина мамандығына байланысты мәтіндерді оқытқанда тілдік қатынастардың барлық түрлері қолданылады. Мамандыққа байланысты мәтіндерді меңгерту арқылы студентті болашақ мамандығымен кеңірек таныстыруға мүмкіндік туады.
Бұл әдістемелік зерттеулерде ағылшын тіліндегі медициналық мәтінді аудитория үшін арнайы дайындау аса маңызға ие және ол келесі кезеңдерден тұрады:
- Медициналық материалды таңдау-оқытушы танымдық мазмұндағы мәліметтерді мәтінге енгізуі керек, сондай -ақ медициналық мәтінде студенттердің тілді игеруіне жәрдемдесетін ежелден таныс мәліметтерді де енгізу қажет, мәтін оқушылардың білім деңгейіне сәйкес тіл игерудегі қиындықтарын ескере отырып құрастырылуы тиіс.
- Медициналық мәтіннің мазмұнына анализ жасау: - оқытушы мәтіннің қай бөлігі студенттердің мәтін мазмұнын түсінуі үшін маңызды екендігіне қарап таңдау жасау .
- .Медициналық мәтінге студенттерге таныс мәліметтерді енгізу - бұл студенттерге мәтінді игеруге және мәтін мазмұнын жылдам есте сақтауға жәрдемдеседі.
- Медициналық мәтін бойынша жұмыс: - оқытушы мәтіндегі студенттерге бұрыннан таныс емес лексикалық не грамматикалық материалдарды анықтап, қай сөздерді не тіркестерді мәтінге кіргізу немесе алып тастау қажеттігін анықтауы керек.
- Көрнекілік құралдарды сұрыптау ( таңдау) - мәтін мазмұнын тыңдау барысында медициналық терминдер , таблицаларды, ассоцияграмаларды, суреттерді және т .б. қолдануы қажет.
Мәтін мазмұнын студенттердің дұрыс түсінгенін сұрақ - жауап алу арқылы тексеруге болады Бұл сұрақтар алдын - ала дайындалып мәтін тыңдалғанға дейін және одан кейін қойылуы керек.
Тәжірибелік материалдар көрсеткендей, студенттер жеңіл мәтіндерге қарағанда қиын болса да мазмұны терең мәтіндерді түсініп есте тез сақтайды. Сондықтан, студенттерге ұсынылатын мәтінге қойылатын ең негізгі талап оның мазмұнының тереңдігі және қызықтылығы. Сонымен қатар, мәтінді игерудегі қиындықты жеңу қызықты мәтіннен мағналы, мәліметтері мол мәтінге көшуді дұрыс ұйымдастыру болып табылады.
Тілдік емес жоғары оқу орындары студенттерінің ағылшын тілінде берілген медициналық ақпаратты оқу шеберлігін қалыптастыру мәселелерін ғалымдар С. К. Фоломкина, Рогова Г.В. өз еңбектерінде қарастырған . Олар келесі үш дағдыны көрсетеді:
- Анықтау және медициналық терминдер мен сөз тіркестерін түсіну дағдылары ( оқудың лексикалық дағдылары );
- Шет тілінің грамматикалық түрлерін анықтау мен синтаксистік жүйелерді анықтау дағдыларын және оларды белгілі мағналық категориялармен сәйкестендіру ( оқудың грамматикалық дағдылары );
- Медициналық терминдерді қабылдау дағдылары мен тілдің графикалық формаларын айыру ( оқу механизмі);
- Медициналық терминдердің келіп шығу ( латын, грек )тегіне көңіл аудару; мысалы: фармацевтика студенттеріне “ Drugs. Medicinal forms of drugs “ тақырыбы бойынша латын сөздігінен кіретін терминдер: chemist, chemistry, chemical; дәрі аттары - Antipyrin, Cardiovalen, Rifamycin т. б. айтылу және мағналық мазмұнын, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Оқи білу дегеніміз осы құрамдардың ара- қатынасы. Сөздер мен сөз тіркестері арқылы түсіну дағдылары көптеген механизмдер комплексін құрайды.
Бұл механизмге қабылдау, пысықтау және тану жатады. Оқу дегеніміз мәтіндерді оқу. Ол дегеніңіз, оқушы мәтіндегі сөздерді бірден қабылдап, жаңа сөз тіркестерін тануы керек. Тек жекелеген медициналық сөздерді тану барлық сөйлемдердің мағнасын бермейді , сол себепті жаңа сөз тіркестерін танып,оларды қабылдау мәтіндік сөйлем мағнасын толық ашуға мүмкіндік береді.
Тілдік емес жоғары медициналық оқу орындарында ағылшын тілін оқыту барысында мәтінді түсініп оқуға үйрету мәселесі өзекті болып табылады, себебі студент мектеп бағдарламасында талап етілетін міндеттерден мазмұны бөлек жоғары медициналық білімге және тәрбиелік міндеттерге қол жеткізеді.
Ағылшын тілін оқытудың тәжірибелік құндылығы сонда,ол болашақ медицина мамандығына кәсіби қызығушылықтарына негіздей отырып, кітап, материал және сөздіктің көмегімен іске асыру. Оған қоса, студенттер оқудың көмегімен шет тілінен өздерінің танымын жетілдіреді: таныс материалды бекітеді, жиі кездесетін синтак-систік жүйелер, тілдік орамдар, шартты белгілер еріксізден меңгеріледі де, әрі қарай мәтіндегі студент үшін ерекше қызықты ақпаратты тезірек және сапалы игеруге ықпал етеді. Сонымен қатар, оқудың тәжірибелік құндылығына студенттің арнайы әдебиетпен жұмысы жатқызылады, себебі ол ауызекі сөйлеу шеберліктерін қалыптас тыруға және нығайтуға септігін тигізеді.
Тілдік емес жоғары оқу орындары студенттерінің ағылшын тіліндегі мәтіндерді жүргізе оқуы олардың тақырыптық лексика мен грамматикалық материалдарды қай дәрежеде игеруімен қатар, көптеген сөйлеу жаттығуларына дейінгі жаттығулар жүйесін орын -дау орындау мүмкіндігіне байланысты. Осыған орай, студенттердің нақты сөйлеу әрекеттеріне қатысты олардың потенциалды сөздігін дамытуға бағытталған студенттің лексикалық қорын толықтыратын арнаулы жаттығуларға ерекше көңіл бөлу керек, яғни конверсия, сөзжасам ережелерін білуге негізделген лексикалық жаттығуларды орындай отырып, студент сөздің негізгі мағнасын қайта түсіну, сондай- ақ , мәтіндегі алдын кездеспеген лексикалық бірліктерді сәйкестендіру шеберлігін дамыту мүмкіндігіне ие болады.
Мәтін көлемі жағынан ықшам болуы қажет, себебі ұзын - сонар мәтін оқушылардың оны меңгеруге деген сенімін жоғалтады. Сондай-ақ, мәтінге сәйкес суреттер, сызбалар, таблицаларды пайдалану студенттердің мәтіндегі ақпаратты түсінуіне, одан әрі мазмұндауға, олардың ауыз - екі сөйлеу, жазбаша дағдыларын дамытуға ықпал етеді.Шет тілін оқытуда әсіресе, таспалық мәтінмен нәтижелі жұмыс жасау, сонымен қатар,жанама диалогтық мәтіндерді қолдану айтарлықтай табысқа жеткізеді.
Оқыту процесінде мәтіндік материалды таныстыруда аудиоәдістерді қолдану өте табысты болады. Мәтінді бірнеше рет тыңдау және қайталау студенттердің сөздерді дұрыс айтуына аса қажет. Мысалы, медициналық мәтінді дыбыстық түрде таныстыру, студенттер оны дауыстап оқығанда, ол өз кезегінде таспалық түрмен сәтті ұйқасын табады. Студенттер тақтада аудиомәтін фрагменттерін ауызекі не жазбаша түрде жарыса айтса немесе жазса , кейде мәтінді тыңдау нағыз іс- әрекетті ойын сабағына айналуы мүмкін. Олар бір- бірінің осал тұстарын жөндейді және өз мақсаттарына жетудің жаңаша жолын табады, яғни ауызекі сөйлеуге өтеді. Жоғары медициналық оқу орнында шет тілін оқытуда әлі де аудиовизуалдық үрдісті әдістің маңызы зор, себебі мәтін бойынша жұмыс бітісімен студенттер үшін суреттер, ( слайдтар, фото не схемалар) қарау және оқытушының әңгімесін тыңдау өте жемісті болмақ. Егер жұмыс дұрыс ұйымдастырылса студенттерде медициналық мәтінге деген шынайы қызығушылық пайда болады, олар бір- біріне сұрақ қояды, белсенділік танытады, ал кейін мәтін мазмұнына арқа сүйей отырып, өз пікірлерін қалыптастырады.
Қортынды: Жоғары медициналық оқу орны студенттеріне шет тілі сабағында медициналық мәтінмен жұмыс жасау әр- алуан тәсілдер мен дағдылар қалыптастыруды талап етеді.Сондықтан, тілдік емес оқу орны студенттеріне кәсіби бағдар бойынша оқыту мақсатқа сай болмақ. Осы тұрғыдан алғанда, “тілдік емес” мамандық студенттеріне шет тілін оқыту және оны кәсіби бағдарда жүргізу - бұл заман талабы, болашақ медицина мамандарының кәсіби - шет тіліне деген зор қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Рогова Г В , Рабинович Ф. М . Методика обучения иностранным языкам. - M.: 1991. – 355 с.
- Фоломкина С. К . Обучение чтению на иностранном языке в неязыковом вузе. - M.: 1987. – 318 с.
- Nuttal C. Teaching Reading Skills in a Foreign Language. ( the 2nd edn).- Oxford: Heinemann, 2011. –571 р.