Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақтөбе қаласы тұрғындарының біріншілік мүгедектілікке шығу себептері мен құрылымы

Мақалада Ақтөбе қаласының ересек тұрғындарының біріншілік мүгедектілік көрсеткіштері берілген. Мүгедектілік топтарына қарай біріншілік мүгедектілікке шығу көрсеткіштерінің динамикасына сараптама жасалды. Ересек тұрғындар арасындағы біріншілік мүгедектілік құрылымы сарапталды. Зерттеуге алынған мәліметтер 2009-2013 жылдар аралығын қамтиды. Ақтөбе қаласының ересек тұрғындарының біріншілік мүгедектілікке шығу сараптамасының нәтижесінде соңғы бес жылдықта ересек тұрғындар арасында мүгедектердің жалпы санының төмендегені анықталды. Мүгедектілік құрылымында 2-ші мүгедектілік тобы басым болды.

Кіріспе. Проблеманың өзектілігі қоғамның әлеуметтік құрылымында мүгедектілік белгілері бар тұрғындар санының едәуір дәрежеде болуымен анықталады, оған ресми статистикалық мәліметтер куә. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес әлемде 750 миллионға жуық мүгедектер тіркелген. Мүгедектердің 80%-ы дамыған елдерде тұрса, жұтаң елдерде тұрғындарының 10%-ын мүгедектер құрайды. Жер бетінде дүниеге келетін әрбір оныншы бала мүгедектікпен өмір сүреді [1].

Біріншілік мүгедектілік денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Тұрғындар арасындағы біріншілік мүгедектіліктің таралуы қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуы деңгейіне, түгел ел және жекеленген әрбір аймақтың экологиялық қауіпсіздігіне, сонымен қатар, медициналық көмектің, соның ішінде жоғары технологиялық көмектің сапасы мен қол жетімділігіне және профилактикалық шараларға тікелей байланысты[2-5].

Қазақстандағы еңбек етуге қабілетті тұрғындардың денсаулығын қорғау проблемасы басты медико- демографиялық көрсеткіштердің нашарлауына байланысты қазіргі уақытта өзекті мәселеге айналып отыр. Соңғы жылдары елімізде денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық бағытының жеткіліксіздіне дәлел болатын біріншілік мүгедектілік деңгейінің теріс динамикасы қалыптасып отыр[6-8].

Зерттеу мақсаты: Ақтөбе қаласының ересек тұрғындарының 2009-2013 жылдар аралығында біріншілік мүгедектілікке шығу динамикасына ретроспективті сараптама жүргізу.

Зерттеу материалдары мен әдістері.

Зерттеу нысаны ретінде Ақтөбе қаласының ересек тұрғындары алынып, аймақтағы тіркелген мүгедектілік жағдайы, мүгедектілікке әкелген аурудың клиникалық- нозологиялық формасы зерттеуге негіз болды. Мүгедектілік көрсеткіштерінің динамикасы 2009- 2013 жылда аралығын қамтиды.

Зерттеу нәтижелері мен талқылаулар.

Ақтөбе қаласының ересек тұрғындары арасындағы біріншілік мүгедектілік құрылымына зерттеу жүргізілді. Біріншілік мүгедектілікке шығу динамикасы бойынша нәтижелер 1 кестеде берілген.

Кесте 1 - Ақтөбе қаласының ересек тұрғындары арасындағы біріншілік мүгедектілік динамикасы.

жылдар

Ересек тұрғындар арасында тіркелген мүгедектер саны

Ересек тұрғындардың біріншілік мүгедектілік көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда)

Еңбек етуге қабілетті тұрғындар арасында тіркелген мүгедектер саны

Еңбек етуге қабілетті тұрғындардың біріншілік мүгедектілік көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда)

2009

986

401,4

913

371,7

2010

956

373,7

873

341,3

2011

904

361,3

845

337,7

2012

939

362,2

879

339,0

2013

945

360,2

881

335,8

Зерттеуге алынған жылдар бойына ересек тұрғындар арасындағы мүгедектердің, сондай-ақ еңбек етуге қабілетті мүгедектердің жалпы сандарының бірқалыпты төмендеуі байқалады. Мұндай тенденция басқа авторлардың жұмыстарында, оның үстіне жалғыз Қазақстан Республикасының территориясында ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де анықталған; алайда мұндай өзгерістерді зерттеу аймағының демографиялық көрсеткіштерімен, заңнамалық, нормативтік- құқықтық және әдістемелік шешімдермен байланыстыру қажет [9-10]. Мүгедектілік құрылымында мүгедектілік топтары бойынша, үлес салмағы 50¿- құрайтын 2-ші топ басым болды (1 сурет). Одан кейінгі орынды 3-ші топ алса, мүгедектіліктің ең минимальді көрсеткіштері 1-ші топта анықталды.

Зерттеу кезеңінде динамикада барлық үш топта мүгедектілік көрсеткіштерінің төмендеу тенденциясы анықталды.

Зерттеу барысында мүгедектілік топтарын бекітуге негіз болған аурулардың нозологиялық құрылымдары сарапталды. 2 кестеде зерттеу кезеңі аралығындағы мәліметтер ұсынылған.

Ауру топтарының атауы

2009

2010

2011

2012

2013

орташа

Туберкулёз

47,6

51,2

41,6

53,2

43,8

47,5

Қатерлі жаңа түзілімдер

72,5

66,8

75,5

65,6

73,2

70,7

Эндокриндік аурулар

7,7

8,2

6,4

3,9

8,4

6,9

Психикалық бұзылыстар

26,9

30,9

28,4

25,8

30,9

28,6

Жүйке жүйесінің аурулары

14,7

16,4

14,8

11,2

14,1

14,2

Көз аурулары

30,9

31,7

23,6

19,3

22,5

25,6

Құлақ және емізік тәрізді өсіндінің аурулары

2

2

4

3,5

1,9

2,7

Қан айналым жүйесінің аурулары

101

71,5

75,9

76

76,6

80,2

Кесте 1 - Аурулардың нозологиялық формалары бойынша ересек тұрғындардың біріншілік мүгедектілік көрсеткіштерінің динамикасы.

 

Тыныс алу мүшелерінің аурулары

4,5

2,7

3,2

0,8

4,6

3,2

Асқорыту мүшелерінің аурулары

4,9

6,6

4,4

3,9

5,7

5,1

Сүйек- бұлшықет жүйесінің аурулары

20,8

21,9

22,4

27

22,9

23,0

Несеп-жыныс жүйесінің аурулары

7,3

6,6

7,2

10,4

11,8

8,7

Жарақаттар

45,2

47,7

41,2

46,7

34,7

43,1

Адамның иммундық тапшылық вирусымен шақырылған ауруы

0

0

0

0

0

0,0

Кәсіби аурулар

0

0

0

0,4

0,4

0,2

Иондалушы сәулеленудің әсерінің салдары

0

0,8

0

0

0,4

0,2

Басқа аурулар

15,5

8,6

12,8

14,7

8,4

12,0

Ақтөбе қаласының ересек тұрғындары арасындағы мүшедектілік құрылымының себептеріне сараптама жүргізу нәтижесінде бақылауға алынған барлық жылдарда бірінші орынды біріншілік мүгедектілік деңгейі орташа шамамен 100мың тұрғынға шаққанда 80,2-ні құрайтын қан айналым жүйесінің аурулары салдарынан болған мүгедектер алады. Екінші орында- қатерлі жаңа түзілімдер салдарынан болған мүгедектер (100 мың тұрғынға шаққанда 70,7). Үшінді орын біріншілік мүгедектілік көрсеткіштері 47,5- ке тең келетін туберкулездің салдарынан болған мүгедектер иелігінде.

Берілген мәліметтерге сәйкес, зерттеу кезеңі бойына келесі аурулар топтары бойынша мүгедектілік көрсеткіштерінің өсу беталысы байқалады: несеп-жыныс жүйесінің аурулары (1,6 есе), сүйек- бұлшықет жүйесінің аурулары (1,1 есе) және психикалық бұзылыстар (1,1 есе). Қан айналым жүйесінің аурулары және жарақаттар салдарынан болған мүгедектілік көрсеткіштерінің төмендеуі анықталған (1,3 есе).

Қан айналым жүйесінің аурулары, қатерлі жаңа түзілімдер, туберкулез, жарақаттар және психикалық бұзылыстар- мүгедектілікке әкелетін бес аурулар тобы.

Ересек тұрғындар арасында мүгедектілік топтары бойынша біріншілік мүгедектіліктің себептерін анықтау үшін жүргізілген сараптама 1-ші топтағы мүгедектер арасында мүгедектіліктің себебі ретінде қан айналым жүйесінің және несеп-жыныс жүйесінің аурулары, қатерлі жаңа түзілімдер анықталып отыр. 2-ші топ мүгедектері арасында мүгедектіліктің себептері ретінде жетекші орындарды қатерлі жаңа түзілімдер, қан айналым жүйесінің аурулары, туберкулез және психикалық бұзылыстар алады. 3-ші топтағы мүгедектер үшін мүгедектілік себептері ретінде қан айналым жүйесінің аурулары, жарақаттар, көз және оның қосалқыларының аурулары анықталды.

Қорытынды. Ақтөбе қаласының ересек тұрғындарының біріншілік мүгедектілігіне жүргізілген сараптамасы нәтижесінде соңғы 5 жылда ересек тұрғындар арасындағы мүгедектердің, сондай-ақ еңбек етуге қабілетті мүгедектердің жалпы сандарының бірқалыпты төмендеуі анықталды. Мүгедектілік құрылымында (мүгедектілік топтары бойынша) үлес салмағы 50 %-ды құрайтын 2-ші топ басым болды. Ересек тұрғындар арасында біріншілік мүгедектілікке шығу себептері құрылымында бірінші орынды қан айналым жүйесінің аурулары алады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Материалы Всемирного банка// www.un.org/ru/youthink/disabilities.shtml
  2. Liu T, Zhang L, Pang L, т.б. Schizophrenia-related disability in China: prevalence, gender, and geographic location// Psychiatric services.- 2015.- №66(3).- С.249-257.
  3. В. А. Братчикова, В. С. Лобанова, Л. Т. Полтарыхина, Я. В. Симчина, Е. А. Сасс. Анализ и тенденции первичной инвалидности в Кемеровской области вследствие болезней системы кровообращения за 5 лет (2006—2010) //Медико-социальная экспертиза и реабилитация.- 2012.- № 2.- С.24-26.
  4. Бабушкин А.Э., Оренбуркина О.И., Матюхина Е.Н., Саяпов Н.Г., Имангулов Ф.З. Анализ распространенности, заболеваемости и инвалидности вследствие глаукомы в Республике Башкортостан// Вестник ОГУ.- 2011.- №14 (133).- С.45-48.
  5. Geneva: World Health Organization; 2011// WHO Guidelines Approved by the Guidelines Review Committee.
  6. Казизова Г.С. Проблемы и пути социальной реабилитации инвалидов в Республике Казахстан// Проблемы современной экономики.- 2010.- №2(1).- С.142-146.
  7. Мамырбаев А.А., Карашова Г.И., Каримова И.Т., Сатыбалдиева У.А. Медико-социальные аспекты формирования здоровья населения урбанизированного города // Гигиена труда и медицинская экология.-2010.- № 2(27).- С.42-46.
  8. Н.К. Дюсембаева, Б.М. Салимбаева, Д.Х. Рыбалкина, Г.М. Салтыкова. Оценка состояния первичной инвалидности взрослого населения Приаралья// Гигиена труда и медицинская экология.- 2015.- №2 (47).- С.32-39.
  9. Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан "Саламатты Қазақстан" на 2011 - 2015 годы.
  10. Tsai CP, Wang KC, Hwang CS. Incidence, prevalence, and medical expenditures of classical amyotrophic lateral sclerosis in Taiwan, 19992008// Journal of the Formosan Medical Association.- 2015.- №114 (7).- С.612-619.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.