Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шет тілін оқытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолданудың маңызы

Бұл мақалада білім беру технологиясының үш түрлі типі сипатталады. Олар дәстүрлі, инновациалық және ақпараттық, бұл жерде бастысы – технологияның жиынтығы емес, оның дәрежесі. Ақпараттық технология - оқу үдерісіне кеңінен компьютерлік технологияны пайдаланумен ерекшеленеді. Оқытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану педагогикалық технологияның негізгі ұстанымдарын қанағаттандырады. Шет тілін кәсіби бағдар ретінде оқып үйренуде жаңа педагогикалық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану бүгінгі күнгі білім жетілдірудің инновациялық түрі болып табылады. Инновация, ол тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу-тәрбие үдерісіне қолдана білу.

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу.

Сондай-ақ, студенттерді ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игерген жеке тұлға дәрежесіне көтеру, ғылым мен техниканың жетістіктерін қолдана білуге дағдыландыру. Осы міндеттерді шешуде дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп қарқынды дамуға алып келетін жаңа инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын қолдану мүмкіндіктерін туғызу керек. Қазіргі заманғы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты ұсынылған инновациялық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде. Cоцfы жылдары шет тілін жаңаша оқыту жоғары қарқында жүргізілуде. Шет тілін оқыту үдерісінде жаңа иновациялық педагогикалық технологияларды қолдану өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шет тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру болса, ендеше сол шет тілін оқытуда жаңа иновациялық педагогикалық технологияларды қолдану шет тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік, сонымен қатар сабақты жобалаудағы оқытушының жауапкершілігі студенттердің шет тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады. Студенттер жаңа технологияны қолдану арқылы аз уақыт аралығында үлкен жетістіктерге жете алады. Оқытудың дәстүрлі үдерісіне инновациялық технологияны ендіру оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формалар мен әдістерді, сондай-ақ, жаңа әдістерді де (тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және т.б.) қатар қолданып жетілдіруге мүмкіндік береді. Оқытушылардың біліктілігі - студенттермен педагогикалық қарым-қатынаста болуына жағдай жасауында, яғни оқытушылар да, студенттер де таңдау мен бақылау мүмкіншіліктеріне ие бола алады.

Материалдар мен тәсілдер.

Ақпараттық технологияларды қолдану – оқытушы рөлін жаңарту, оның өз іс-тәжірибесін, білімін, дайындығын жаңа құралдармен жеткізу. Қазіргі уақытта қай салада болмасын, күнделікті өмірде де ақпараттық технологиялық құрал ретінде сабақта компьютерді дұрыс пайдалану оқу үдерісін жаңа жағдайда жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан, бірінші кезекте оқытушы өз пәнін жүргізуде компьютерді сауатты пайдалану үшін осыған дайын болуы керек. Компьютермен оқыту - студентті субьект дәрежесіне көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, студенттің өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктерді ашатын білім беру әрекеті.

Компьютермен оқыту технологиясындағы оқытушының оқыту қызметін, негізінен, былай қарастыруға болады: талдау-болжау, жобалау, коммуникативтік; дидактикалық, бақылау-түзету, психологиялық демеу болу, ұйымдастырушылық қызметтері. Компьютермен оқыту технологиясында студенттің өз бетімен білім іздей алатыны - көзделетін негізгі нысан ретінде қойылады. Студенттер әртүрлі ақпарат көздерін, ресурстарды пайдалану арқылы компьютерлік технологияның көмегімен өздерінің дербес ізденуімен тілді игеруге деген кәсіби шеберлігін шыңдайды.

Компьютерлік оқыту электрондық оқулықтар, тренажерлар, тьютерлер, лабораториялық жаттығулар, тест жүйесі, интеллектуалдық және эксперттік жүйе, ақпарат жиынтығы базасының қалыптасуы, электрондық пошта, телеконференция, шоғырлы не аймақтық байланыс жүйесін біріктіретін телекоммуникациялық қондырғылар, электронды кітапханалар, оптикалық дискіні пайдалану арқылы жүргізіледі. Жоғарғы оқу орындарында көбіне-көп электрондық пошталар, ғалам тор жиі пайдаланылады.

Қазіргі кезде аудиоақпарат-, видеоақпарат алмасу, виртуалды аудиториялық тақта, тақырыптық ақпарат енгізілген клавиатуралар, файл алмасу, көпжақты конференциялар өткізу кеңінен таралған. Көпке белгілі компьютерлік он-лайн видеоконференциялар байланыстың әдістемесі болып табылады. Бұл технологиялар шет тілін біршама меңгерген студенттің еншісі болып табылады, өйткені бұл материалдар көбінесе шет тілінде беріледі. Компьютер жүйесі оқу үдерісін жетілдірудің бірден-бір заманауи құралы болып табылады.

Шет тілі сабағында ғалам тор жүйесін қолдану тіл үйренушілердің сөз әрекетінің (оқу, жазу, сөйлеу, аудару) біліктілігін қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туғызады. Студент қарым-қатынас құралы ретінде ғалам тор жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен тура, тікелей байланысқа түсіп, жылдам жауап беруге дағдыланады. Ғалам тор жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын - электрондық пошта(e-mail), телеконференция, видеоконференция, жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web, серверге жеке шығару, ақпараттық каталогтар ( Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy ) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме (Chat) шет тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болып табылады.

Нәтижелер және сараптау.

Студенттер шет тілі сабағында компьютерді қолданғанда біраз психологиялық жеңілдіктерге де ие болады, өйткені студенттердің жасаған әрбір жұмысына берілетін бағаның, олардың жасаған қателерін қайталаулар негізінде көрсете отырып, (жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай) өз пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей қатыспауы, студенттерге өз бетінше жұмыс жасап, өзіне деген сенімділіктің туындауын қамтамасыз етеді. Бұдан оқытушының шет тілі сабағында орнын жоққа шығару деген түсінік туындамау керек, керісінше, оқытушы тіл үйренушілердің жеке тұлға ретінде өз тапсырмаларын орындап, жұмыс қорытындысын белгілейтін әлеуметтік-психологиялық жағдай туындата алатын, оларың жұмысына бағыт- бағдар беретін бірден- бір субъект.

Қазіргі кезде шет тілін оқытудың коммуникативтілігі, интерактивтілігі, аутенттілігі тілді үйрену үдерісінің мәдени контексте болуы үстемдікке ие болуда. Аталған ұстанымдар коммуникативтілік қабілетінің компоненті ретінде мәдениетаралық біліктілікті дамытудың алғы шарттарын құрастырады. Шет тілін дәстүрлі оқытуда тіл үйренушілер тілдік жаттығуларды жасап, қажетті материалды жаттаумен ғана шектеледі. Яғни, ол төмендегідей көрініске ие болады: «сөздік қор+қажетті құрылым = тіл», бұл жағдайда тілдік құрылымды жаттаумен шектелу, тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге толық мүмкіндік бермейді. Шет тілінде тілдік қарым-қатынасқа үйрету үшін шынайы, өмірлік жағдаяттарды туындату қажет. Ол студенттердің қажетті материалды меңгеруіне және оған сәйкес мінез- құлықын қалыптастыруға жағдай жасайды, міне осындай кезеңде ғалам тор жүйесінің маңызы айтарлықтай. Дәстүрлі шет тілін оқыту үдерісінде оқытушы студент ойын басқарады, яғни, бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі, ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл әрекет, психологтар көрсеткендей, студенттердің ойлау үдерісін тежейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды беріп, студенттер сөйлеу барысында тек соған сүйенуін талап етеді, яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік берілмейді. Студент мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келу мүмкіншілігінен айрылып, мәселені түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты ала – алмай, өзінше ой қорытып, оны тұжырымдау және қызықты пікірлер айта білу қабілетіне ие бола алмайды. Ал мәселені шешуде жаңа ой, құнды пікір айту өте маңызды, және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске ие болар болса, оның нәтижесі жоғары болмақ. Шет тілін оқыту технологиясының тиімділігінің қөрсеткіштері мыналар:

  • Студенттердің моралдық психологиялық, интеллектуалдық ерекшеліктерін ескеру;
  • Оқуға жағымды көңіл-күй қалыптастыру;
  • Оқытушы мен студент арасында сөз алмасу, ғылыми қарым-қатынас және әріптестік ұстанымын орнықтыру;
  • Студенттердің еске сақтау қабілеті мен творчествалық деңгейін көтеру арқылы белсенділігін арттыру;
  • Оқуды игеруге мультимедиялық және басқа да техникалық құралдарды кеңінен іске қосу;
  • Сабақтардың нәтижелерін қорытындылау.

Барлық оқыту технологияларының көздеген мақсаты, ол студенттердің өз бетімен білім алу, білім іздеу дағдыларының қалыптасуы десек, компьютерлік оқыту технологияларының осы мақсатқа лайықталғанын көру қиын емес. Студенттің компьютерлік технологияның көмегімен әртүрлі ақпарат көздерін, ресурстарын қолданып дербес ізденуі оның тілді меңгерудегі кәсіби шеберлігін шыңдайды.

Қорытындылар.

  1. Жаңа инновациялық технологияларды қолдану – білімнің нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден - бір жолы.
  2. Инновациялық технологиялар өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым-қатынастарды қалыптастыруға себепкер болады.
  3. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады.
  4. Инновациялық технологиялардың сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамассыз етеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 1997, шілде.
  2. Модель медицинского образования КазНМУ имени С.Д. Асфендиярова. – Алматы: 2010. – 129 с.
  3. Аканов А.А., Хамзина Н.К., Ахметов В.И. Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова: на пути инновационных преобразований. – Алматы, 2010. – 135 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.