Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Амск деңгейіндегі ¥рықтың антенатальды өлімі мәселесі

Мақалада, ұрықтың антенатальды өлімімен аяқталған жүкті әйелдердің медициналық карталарына жүргізілген талдау нәтижелері баяндалған. АМСК деңгейінде ұрықтың антенатальды өлімінің негізгі себептері айқындалды, оларды талдау нәтижелері және жүктіліктің осы асқынуын анықтауға ұсыныстар көрсетілді.

Тақырыптың өзектілігі.

Әйел адамзаты үшін баласының туылуы жағымды және қуанышты оқиға болып табылады. Алайда, әйел үшін жүктілік және босану, көптеген қиыншылықтармен, физикалық және моральдық тұрғыда денсаулығының нашарлауымен қосарласуы мүмкін. Дені сау бала туу - мемлекет алдындағы міндет болса, науқас баланың дүниеге келуі - отбасы мен қоғам үшін қасірет болып табылады. Ғылыми және тәжірибелік зерттеулер бойынша дені сау бала тек дені сау, жүктілігі және босану ағымдары қалыпты өткен анадан ғана туылады. Әлемдік статистикада қазіргі уақытта орта есеппен алғанда он баланың ішінде бір ғана бала мінсіз сау дүниеге келеді! [2]

Осы мәселелердің ішінде ерекше маңызға ие болған негізгі көрсеткіштердің бірі - жүкті әйелдермен жаңа туылған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасынан [1], әйел денсаулығына әсер ететін көптеген факторлардың әсерінен көрінетін перинатальды өлім (ПӨ) көрсеткіші болып табылады.

Қазіргі кезде акушерлік саладағы жетістіктермен дамуға қарамастан ПӨ мәселесі әлем бойынша[7,8], еліміз бойынша өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Сондықтан оның төмендеуіне арналған стратегиялық қызметтерді анықтау үшін талдаулар жүргізіліп, медициналық және әлеуметтік маңыздылығын сақтау керек. Ол тек қана медициналық емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Ана мен баланы қорғау біздің еліміздің негізгі міндеттерінің бірі болды және әлі күнге дейін негізгі міндет болып қала береді, әсіресе соңғы жылдары нарықтық экономикаға көшу нәтижесінде, экономикалық және әлеуметтік мәселелер отбасына, ана мен балаға теріс әсер көрсетуде.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар перинаталдық өлім деңгейіне әсер етпей қоймайды. [8,9] Ұрықты антенатальды қорғау,өлі туылу себептерін анықтау және оларды төмендету, пренатальды кезеңдеалдын алу жөніндегі іс- шараларды ұйымдастыру заманауи ғылымның перспективті бағыттары болып табылады. [1,2,3,4]

ДДҰ деректері бойынша перинаталдық өлім деңгейі Еуропада 5-тен 20% дейін, ал ТМД елдерінде 6 - 21%, Орталық және Шығыс Еуропадағы елдерде 3 - 7% болса, Батыс Еуропа қалаларында 2-ден 5% -ға дейін ауытқиды[5 ]. Барлық өлі туылған нәрестелердің ішінде антенатальды өлім 77,9% күрайды, және ол клиникалық, әлеуметтік маңызды және толық зерттелуді талап ететін өзекті мәселе. ДДҰ 2009 жылы әлем бойынша 3,3 миллион өлі туылған балалардың санын анықтады. Бұл зерттеудеәлемнің барлық аймақтары қамтылды, соның ішінде 190 мемлекет қана босану санына байланысты өлі туылуыдың жиілігін есептеп шығарды. Анықталған көрсеткіш бойынша әлемде бір жыл ішінде 3,2 млн (2,5-тен 4,1-ге дейінгі аралық) өлі туылушылық болғанын көрсетті, бірақ зерттеушілер нақты көрсеткіш бұл көрсеткіштен де (4.1 жақын) жоғары екенін анықтаған болатын. Әр түрлі дамыған елдерде ПӨ қарқыны 1000 босану ішінде 5-еуі болса, Оңтүстік Азия мен Африкада 1000 босану ішінде 32 босану перинаталды өліммен аяқталады.

Антенатальды өлім себептері өте көп және ол жүктілікке дейін клиникалық көріністер бермейді. Қазіргі заманауи әдістердің ұрық өлімі себептерін диагностикалаудақолданылуына қарамастан, оның негізгі себебін анықтау 60%-ға дейін қиын мәселе болып қала береді. (GoldenbergR.L. Etal, 2009 ChaiworapongsaTetal, 2010). Жүкті әйел анамнезінде ұрықтың антенатальды өлімінің болуыкелесі жүктілігінің дәл осылай немесе неонатальді және сәби өлімімен аяқталу қаупін жоғарылатады.

Перинатальды өлім — жүктіліктің 22 аптасынан бастап, туылғаннан кейін 7 күн аралығындағы (перинаталдық кезең) нәрестенің немесе ұрықтың барлық өлім жағдайларын көрсететін статистикалық көрсеткіш.

Антенатальды өлім - жүктілік кезінде ұрықтың өлімі.

Біздің зерттеу мақсатымыз жүкті әйелдерді амбулаторлық буынның дәрігерлерімен жүргізу кезіндегі мүмкін болған ұрықтың анетенатальды өлімінің себептерін және ықпал еткен факторларды анықтау болып табылады.

Зерттеу материалдары: ұрықтың антенатальды өлімімен аяқталған әйелдердің медициналық қүжаттарының ретроспективті экспертті жазбалары. Қалалық перзентханалардың бірінен алынған 3 жыл аралығындағы (2012 - 2014 ж) жүктілік барысында антенатальды өліммен аяқталған 76 әйелдің медициналық күжаттарына клиникалық және статистикалық талдау жүргізілді. Зерттеу барысында жасына, жүктілік пен босану санына, акушерлік- гинекологиялық тарихына, аспаптық зерттеулер нәтижелеріне, гравидограммаға, жұқпалы аурулардың болу болмауына, медицинамен дәлелденбеген дәрілік заттарды қабылдауына, бала жолдасындағы өзгерістерге және аутопсия нәтижелеріне назар аударылды.

Зерттеу нәтижелері.

Антенатальды өліммен аяқталған әйелдердің көпшілігі 87,7% белсенді, репродуктивті жастағы әйелдер, соның ішінде 26-30 жастағы әйелдер көп кездеседі(Сурет 1).

Жүктілік ағымының ерекшеліктерін зерттеу барысында ұрықтың антенатальды өлімімен аяқталған жағдайлар мынандай асқынулармен өткені анықталды. Олар 32,1% жүктіліктің үзілу қаупі, 25,6% ЖРВИ, 23,9% перинаталдық инфекциялар.Сондай-ақ көпсулылықпен 15,2%, анемия және төмен плацентациямен науқастар 39,2%, ұрықтың күрсақ ішілік кідіру синдромымен 14,3% болды. Жүкті әйелдің алмастыру картасын талдау кезінде, біз әлі күнге дейін тиімділігі дәлелденбеген актовегин, курантил, Е дәрумені, канефрон, бүйрек шайы, фурамак - дәрілік заттарын қолданғандарына назар аудардық.

АМСК үшін қол жетімді, ұрықты антенатальды бақылауға арналған гравидограмма, допплерография және КТГ сияқты зерттеу әдістері тиімді екені белгілі.

Гравидограмма - жүкті әйелдің әйелдер консультациясының қабылдауына әр барған сайын жүктілігінің 20 аптасынан бастап жатыр түбі биіктігін сантиметрлік лента көмегімен өлшеу және белгілеу арқылы алынатын жүктіліктің даму ағымын көрсететін графикалық көрініс. Оның қарапайым және арзан әдіс екені дәлелденген.Бұл әдіс ұрықтың дамуының кідірусиндромын [2,3,5,6] ерте диагностикалауға мүмкіндік береді. Алайда, алмастыру карталарын талдау барысында ӘК дәрігерлерімен гравидограмма32,1% жағдайда ғана толтырылғанын, ал қалғандарында мүлдем гравидограмма жүргізілмегендігі анықталды.Ұрықтың антенатальды өлімімен аяқталған және НДКС бар жүкті әйелдердің71,3% жағдайында гравидограмма мәліметтерінің мүлдем жоқтығы анықталды. Гравидограмма, гестациялық мерзімге сәйкес емес төмен салмақты нәрестелерді анықтауға арналған скринингтік зерттеу әдіс болып табылады және оның әрбір жүкті әйелдің алмастыру картасында болуы тиіс екені бәріне белгілі.

Бала жолдасының ультрадыбыстық сипаттамалары менұрық-ана-плацента қан айналымының ерекшеліктерін зерттеу мақсатында және әр түрлі көрсеткіштерге байланысты ұрықтың күрсақ ішілік жағдайын анықтау мақсатында 28,6% және 10,8% жағдайда ғана АМСК деңгейінде допплерография және КТГ жүргізілген.

Допплерометрия нәтижелері бойынша 85,7% бақылауда ана-плацента-ұрық жүйесінің ауыткуы бар екені анықталды. Оның ішінде ана-плацента қан айналымының бұзылуы, IA деңгейі 42,8%, ал плацента-ұрық қан айналымының ІІ дәрежелі бұзылуы 28,6% науқаста анықталды. Сәйкесінше кіндік қан айналымының компенсаторлық мүмкіндіктерінің төмендеуін көрсетеді. Алайда, алынған медициналық қүжаттар ішінен жүктілік ұзарту мақсатында госпитализацияланған бір екі науқас қана түскен.

Осылайша, біздің зерттеуімізплацента ішілік гемодинамикалық үрдістердің ауытқулары бар екенін көрсетеді. Қан айналымның параметрлерінің өзгерістері, плацентаның қан айналымының бұзылысының ерте кезеңін анықтауға, ұрықтың жағдайын жақсартуға бағытталған, жүктілікті ұзарту мүмкіндігі туралы мәселені шешуге мүмкіндік береді.

Биофизикалық әдістер ішінен фетоплацентарлық жүйе жағдайын анықтау үшін, акушерлік тактикада қолданылатын тиімді әдіс - кардиотокография болып табылады. Ол пренатальды диагностикада ұрықтың жағдайының ауытқуын, соның ішінде гипоксия және оның ауырлық дәрежелерін анықтау арқылы акушерлік тактикаға әсерін тигізеді. Бұл әдістен алынған ақпарат ана-плацентаұрық жүйесінің жалпы өзгерістерінің бір бөлігі болып табылады. Кардиотокография 10,7% жағдайда ғанажүзеге асырылған, барлық жағдайдаұрықтың жалпы жағдайы қалыпты көрсеткішке сәйкес келеді.

Салмақтық категория бойынша патоморфологиялық талдау нәтижелері 65,5% жағдайда нәрестелер массасы - 2000,0 граммнан асатынын, яғни өмір сүруге қабілеті жоғары нәрестелердің көптігін көрсетті. Ал 1500,0-2000 гр салмақтағы - 5,2% болса, 1000,0-1500,0 гр- 17,2%, тек 12% ғана 1000,0 грамм және одан төмен салмақтағы нәрестелер(Сурет 3).

Жүктілік кезінде жүкті әйел ағзасының бейімделуінің қалыптасуында плацента маңызды рөл атқаратыны белгілі. Әдебиеттердегі деректер бойынша [1,2,4] плацентаның зақымдалуы (бактериялық, вирустық) қайтымсыз үрдістерге және плацентарлы кешендегі бейімделу қасиеттерінің декомпенсациясына әкеп соғады. Ол жүктілік ағымына әсер етіп, күрсақ ішілік ұрықтың дамуына кедергі келтіреді және перинатальды өлімге әкелуі мүмкін.

Плацентаның патоморфологиялық зерттеулерінде 48,4% жағдайда декомпенсация сатысындағы СПЖ анықталса, 48,8% жағдайда іріңді децидуит, 14.4% жағдайда субкомпенцация сатысындағы СПЖ және 5% жағдайда массивті қан күйылу анықталған. Ұрық аутопсиясының сараптама қорытындысы бойынша 57,2% жағдайда мацерация көріністері анықталған (Сурет 4) Яғни бұл науқастардың қауіпті белгілер туралы толық ақпарат ақпараттандырылмағандығын және олардың дәрігерлер көмегіне кеш жүгінгендерін көрсетеді.

Талқылау және қорытынды.

Осылайша, ұрықтың антенатальды өлімімен аяқталған жүкті әйелдерге жүргізілген зерттеуіміз дені сау әйелдердеде (51,7%) және асқынған акушерлік анамнезі бар әйелдерде де (48,3%) бірдей жиілікте кездесетінін көрсетті.

Медицинаның заманауи тұрғыда жаңаруына, денсаулық сақтау ұйымынажәне дәрігерлердің жоғары квалификациялануына мемлекеттің материалдық ресурстарды бөлуіне қарамастан, ұрықтың антенатальды өлімнің сандық көрсеткіші дені сау жүкті әйелдердежылдан жылға өсуде. Бұл жүктілік кезінде белгілі бір жайтты жіберіп алғандығын немесе дүрыс назар аударылмағандығын көрсетеді. Жүктілік ағымындағы ең кең тараған асқыну жүктіліктіңәртүрлі гестациялық мерзіміндегіжүктіліктің үзілу қаупі, яғни 32,1% күрайды. Асқынулар арасында ЖРВИ 25,6%, перинаталдыинфекция 23,9%, көпсулылық 15,2%, анемия және ұрықтың күрсақ ішілік кідіру синдромы 14,3% кездеседі. Басым көпшілігі (89,4%) әйелдер консультациясына барып тексеріліп жүрген. Соның ішінде АМСК бойынша жүктіліктің І-ші триместрде барып

тіркеліптұрақты медициналық бақылауда болғандары 57,7% болды.Ұрық аутопсиясының нәтижелерін талдау көп жағдайда (57,2%) әйелдердің ұрықтың қозғалыстарының өзгеру сипатына назар аудармағанын, медициналық көмекке кеш хабарласқанын және қауіпті жағдайлар туралы толық ақпарат алмағанын көрсетті. Көп жағдайда, яғни 65,5% -ы 2000,0 грамм салмақтан жоғары нәрестелер болғаны анықталды, яғни өмір сүруге қабілеті жоғары нәрестелер. 

¥сыныстар.

Асқынулары бар 76 науқастардың медициналық қүжаттарын талдау нәтижелерін қорытындылай келе, жүктілік ағымын жүргізу туралы арнайы дайындалған клиникалық хаттамаларды қатаң түрде сақтау, жүктіліктің асқынуларын уақытында анықтауға, қалыпқа келтіругежәне күрсақ ішілік

 

нәрестенің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша біз неғұрлым қолайлы перинаталдық нәтижелер алар едік.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Мартыненко П.Г. Комплексный анализ причин и факторов риска перинатальной смертности в Тульской обл. и мероприятия по ее профилактике: дис ... канд. мед.: 14.00.01. - М., 2004. - 104 с.
  2. 2.Абдурахманов Ф.М., Зоиров П.Т., Валиходжаева М.К., Елисова О.В. Влияние инфекции нижних отделов урогенитального тракта на акушерские исходы// Материалы V Российского форума «Мать и дитя». - М.: 2003. - С. 4.
  3. Радзинский В.Е., Костин И.Н., Князев С.А. Акушерский риск. Максимум информации - минимум опасности для матери и младенц. - М: 2009. - С. 5-6.
  4. Стрижаков А.Н., Игнатко И.В., Повова Ю.Ю. Особенности течения беременности и перинатальные исходы у беременных с антенатальной гибелью в анамнезе // Перинатальды медицина туралы I Халықаралық конгрес. -М.: 2011. - С. 154
  5. Стрижаков А.Н., Игнатко И.В. Особенности акушерской тактики ведения и перинатальные исходы у беременных с антенатальной гибелью в анамнезе// Репродуктивной медицина туралы IV Халықаралық конгресі, «Проблемы репродукции» (спец. выпуск). -М.: 2012. - С. 91-92.
  6. Стрижаков А.Н., Игнатко И.В., Попова Ю.Ю. Этиология и патогенез антенатальной гибели плода// «Вопросы гинекологии, акушерства и перинатологии». - 2012. -Т.3. -№ 11. -С. 31-40.
  7. Низамов И.Г., Герасимова Л.И. Основные факторы риска антенатальных и интранатальных потерь//Университет аралық ғылыми-практикалық конференция деректері. - Чебоксары: 2009. - С. 10-20.
  8. Акушерство : национальное руководство/ под ред. Э.К. Айламазяна, В.И.кулакова,В.Е. Радзинского, Г.М.Савельевой. - М.:ГЭОТАР- Медиа, 2007. - 1200 с.
  9. Бурлев В.А., Зайдиева З.С., Тютюнник B.JI. Патогенетические аспекты хронической плацентарной недостаточности. // V Рессей форум деректері «Мать и дитя». - М.: 2003. - С. 38.
  10. Низамов И.Г. Анализ деятельности педиатрической и акушерско-гинекологической службы: методикалық ұсыныстар /И.Г.Низамов, А.А. Гильманов. - Казань: 2002. - С. 48-52.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.