Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Артериялық гипертониямен ауыратын егде жастағы науқастарға амбулаториялық кезеңде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалау

Денсаулық саласын нығайту бағытында жаалынып жатқан игі істердің арасында артериальдық гипертонияның таралуы мен алдын алу мақсатындағы атқарылып жатқан жұмыстардың алатын орыны еркше екені белгілі. Өз кезегінде орындалып жатқан шараларды бағлаудың бірден бір объективті әдісі осы емдеу әдісімен қамтылған науқастардың жеке көзқарастарын сараптау болып табылады. Осыған дейінде бұл мақсатта атқарылып келген көптеген ғылыми еңбектердің көпшілігі ауруханада ем алып жатқан науқастардың көзқарасын анықтауға арналған болып келеді де, ал ауруханаға жатпай тұрып, алдын алу бағытында атқарылған зерттеу жұмыстары сирек кездесіп жатады. Сондықтан да біздің қолға алып отырған бұл жұмысымыз егде жастағы адамдар арасында көптеп кездесетін артериальдық гипертония ауруының таралуы мен оларға көрсетілетін көмектің сапасын жақсартуға бағыталды [1].

Жүмыстың мақсаты. Артериальдық гипертониямен ауыратын және жасы егде тартқан адамдарға көрсетілетін амбулаториялық көмектің сапасына арнайы ойластырылып шығарылған сауалнама негізінде баға беру.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Жасы 65-тен асқан, артериальдық гипертонияның II - III дәрежесімен есепте тұратын 154 науқастың амбулаториялық картасы іріктелініп алынып, олардың аурушаңдық көрсеткіштерінің кейінгі екі жыл аралығындағы динамикалық өзгерістері сарапталды..

Барлық науқастар А.В. Решетниковтің арнайы әлеуметтік мониторингтік бақылауға негізделген саулнамаларымен қамтылды (2007).

Зерттеу қорытындысын талқылау. Әр науқасқа қатысты белгілі болған ақпараттар жекеленген хаттамамалармен расталып, электрондық түрдегі жиынтық базасаы енгізіліп отырды. Әр жастық топтарда анықталған сандқ дәрежелер мен материалдардың статистикалық өңдеуі ( әр түрлі топтарға қатысты тіркелінген Фишера, Стьюдента критерийлері) «STATISTICA» бағдарламасы негізінде сарапталынып отырды. .

Жүргізілген бақылаулар мен зертеулер нәтижесінде төмендегідей қоытындылар алуға қол жеткіздік. Барлық зертемен қамтылған науқастардың 95,4%;% өз тұрған аудандарындағы емханаларда есепте тұрып, артериалдық гипертонияға қатысты ем қабылдауда. Барлық есепке алынған науқастардың 2,9%; арнайы ведомствалық емханаларда ем алуын жалғастырып жатса, ал 1,7% шамасындағы науқастар қала ішіндегі жеке меншік ауруханаларда тіркелініп, емін жалғастырып жатқандары белгілі болды.

Жалпы жүргізілген зерттемен жасы 45-пен 75 арасындағы 224 адам қамтылса, олардың 162-і әйел, ал қалған 72-і ер адамдар болды. Барлық сауалнама барысында қамтылған респондеттердің жастық күрамы төмендегі кестеде берілген (кесте 1).

Кесте 1 - Науқастарды жасына байланысты топтастыру нәтижесі

Жастық топтар

Әйелдер

Ерлер

Барлығы

Саны

%;

45-55 жас

58

12

70

30

56-65 жас

49

33

82

35

66-75 жас

55

27

82

35

Барлығы

162

72

234

100

Біз зерттеуге алып, сауалнама жүргізіп отырған емхананың бүгінгі таңдағы көрсетіп жатқан медициналық көмегі мен дәрігер мамандардың науқастарға деген көзқарасын сараптау нәтижесі; 7,8%; жағдайда «жаман», 38,5%; жағдайда «қанағаттанарлық», 46,4% жағдапйда «жақсы», 3,9% жағдайда «өте жақсы», ал 3,4%; жағдайда саулнамамен қамтылып отырған науқастардың белгілі бір көзқарасты білдірте алмағаны белгілі болды.

Емханаға қатынау мүмкіндігін талқылау барысында барлық сауалнамамен қамтылған науқастардың 12,1% шамасы 5 минутта, 5-тан 10 минутқа дейінгі аралықта 39,2%; ал 10 минуттан 30 минутқа дейін - 34,5%; 30 минуттан артық уақытта емханаға қатынайтын науқастардың - 3,7% болғандығы анықталды. Дәрігерлерді үйге шақырып, тексерілетін науқастар барлық зерттеумен қамтылған адамдардың - 11,4% күрады.

Дәргер мамандардың қабылдау уақытының «жайлы» екендігін - 59,2% шамасында растаса, ал арнайы алдын ала жазылған соң терапевт дәрігердің қабылдануында болу тек 98,4%жағдайда мүмкін екендігі белгілі болды. Бұл тұста сол алдын ала жазылған науқастардың - 1,2% тек екінші тәулікте ғана дәрігердің қарауында болғандығын, ал 0,4% жағдайда науқас адамдардың тек екі күннен кейін ғана терапевт дәрігердің қарауында болғандығын көрсетті.

Емханаға келіп, дәрігердің қарауын күту уақытын талқылау барысы 19,2% жағдайда 15 минутқа дейінгі уақытты көрсетсе, ал 15 минуттан 30 минутқа дейін уақыт кететінін 29,7% науқас, 30 минуттан 1сағатқа дейін уақыт кететінін 40,1% науқас, 1сағаттан 2 сағатқа дейін уақыттың кетуі мүмкін екендігін - 11,0% көрсетіп берді. Қойылған сұрақтардың нәтижесі науқастардың маман дәрігерлермен қабылдануына шамадан тыс уақыттың кетіп қалуы мүмкін екендігігн көрсетті.

Соған қарамастан, сауалнамамен қамтылған респонденттердің 81,1% шамасы медицина қызметкерлерінің білімдігі мен біліктілігіне ешқандайда шүбә келтірмейтіндіктерін және де олардың 62,5% шамасы дәрігер мамандардың аурудың алдын алу барысында атқарып келе жатқан қызметтерінің сапалы да, оң нәтижелі екендігін атап көрсетті.

Барлық сауалнамаларға жауап беруге қатысқан артериалық гипертониямен есепте тұратын науқастардың 68,4% шамасының өз дәрігерлеріне біліктілігіне сенетіндіктерін, ал 28,7% шамадағы науқастардың керісінше дәрігерлерінің біліктілігіне сене бермейтіндігін білдіртсе, ал сауалнамамен қамтылған науқастардың 6,9% шамасы осы мәселеге қатысты қойылған сұрақтарға бір жақты жауап бере алмайтындықтарын білдіртті.

Өз қаралып жүрген дәрігерлеріне сене бермейтін науқастардан осы мәселенің себебін сұрастыру нәтижесі көптеген емханада отырған мамандардың практикалық тәжірибелерінің аздығы мен үлкен адамдарға деген силастық көзқарастың кемдігімен байланысты екендігін көрсетіп берді.

Ары қарайғы жүгізілген зерттеулер барысында барлық науқастардың 70,8% мөлшерінің артериальдық гипертонияның алдын алуға байланысты ақпаратты медицина қызметкерлерінен алатынын білдіртсе, 9,8% шамасының емханан ішіндегі ақпараттық хабарландыру арқылы, 9,3% шамасының таныстары мен туыстарының көмегімен, ал 10,1% науқастардың ғаламтор немесе теледидар арқылы алатындықтарын білдірді.

Дәрігердің қабылдауында болған кезде қабылдаушы маман тек 79,3% жағдайда ғана АҚҚ өлшейтіндіктерін және де 58,1% жағдайда ғана терапевт дәрігер жазған дәрі дәрмектерінің әсерін екжей текжейлі түсіндіріп беретіндіктерні, ал 19,8% жағдайда мүлдем ештеме айтып түсіндіріп жатпай күр ғана рецепті жазып бере салатындықтарын білдіртті.

Осы тұста, жасы ұлғайған қарт адамдардың өзін қараушы дәрігердің айтқан сөздерінің көпшілік жағдайда түсінікті бола бермейтіндіктерін немесе олармен түсінікті қарапайым тілді емес, таза медициналық терминдерді қолдану арқылы сөйлесетіндіктерін атап көрсетіп, сол себепті де дәрігер мамандарға деген сенімділік көзқарастың төмендеп бара жатқанын байқатты. .

Белгілі бір жағдайларға байланысты арыз-шағымдарды мамандардың мұқият тыңдауы немесе дүрыс тыңдамауы деген сұраққа 49,3% респондент «иә, дүрыстап тыңдайды»- деп жауап берсе, ал 27,4% респондент керісінше дәрігер мамандардың қызметіне қатысты арыз шағымдарды «мүлдем керек қылмайды» - деп жауап берді. Ал 16,8% респондент айтылған ұсыныстар мен арыз шағымдар «кейде, ескеріліп, кейде ескерусіз қалады» - деп екі ұшты жауап берді.

Дәрігер мамандардың кәсіптік білімділігіне қатысты қойылған сауалға 9,8% респондент «өте жоғары» -деп жауап берсе, 24,7% респондент «жақсы», 39,2% «қанағаттанарлық деңгейде», ал 19,7% «жаман» және 5,6% «өте жаман» деп жауап бергендігіг тіркелінді.

Сонымен қатар, сауалнамамен қамтылған науқастардың 38,1% шамасы өз дәрігерлерінің олардың дерттеріне байланысты толғанып, ізденетіндіктерін атап көрсетсе, ал қалған 61,9% жағдайда емдеуші дәрігер мен науқас арасындағы ешқандайда оң бағыттағы байланыстың жоқ екендігін көрсетті.

Зерттеумен қамтылған науқастардың 11,8% шамасы өз дәрігерлерінде бір жылдан аз уақыт емделіп жүргендіктерін, 24,5 % науқастың 1жылдан 3 жыл аралығында, 21,6% науқастың 3жылдан 5 жылға дейін, 26,1% науқастың 5 жылдан 10 жылға дейінгі уақыт аралығында, 16,0% науқастың 10 жылдан аса уақыт бойы бір ғана дәрігерге қаралып жүргендіктерін атап көрсетті. Барлық сауалнамамен қамтылған респонденттердің 79,1% шамасы дәрігердің жазып берген емін бұлжытпай орындайтындықтарын білдіртті.

Жүргізілген зертеулер нәтижесі науқастардың 43,8% шамасы емдеуші дәрігерлердің қажетті диагностикалық және емдік процедураларды дер кезінде қолданбағандықтарын атап көрсетсе, 12,4% жағдайда науқастар осы емдік және диагностикалық шарараларды іске асыру барысында қателіктердің болғанын, ал 16,7% жағдайда ем қабылдаушы науқаспен емдеуші маман арасындағы түсінбеушіліктердің орын алғандығығн анықтап берді. Орын алып отырған түсінбеушіліктер басым жағдайда (56,1%) тіркеу орнындағы қызметкерлермен болса, екінші орында емхананың әкімшілік бөлмішесімен (18,4%) болғандығы тіркелінді.

Барлық сауалнамамен қамтылған респонденттердің 15,2% ғана жеке меншік күқығындағы емханалардың көбірек болғандығын қалайды. Кейінгі жылдардағы артериалық гипертониямен есепте тұратын науқастарға деген емхана қызметкерлерінің көзқарасының оң бағытта өзгере бастағанын науқастардың 60,4% байқаса, ал 14,0% ешқандайда өзгерістің бола қоймағандығын білдіртті. Осы сұраққа байланысты нақты жауап берер алмаған науқастар 6,5% шамада болды.

Жалпы қала бойындағы денсаулық саласындағы оң өзгерістердің болып жатқандығын 33,2% респонденттер қүптаса, 12,9% науқас «ешқандайда өзгеріс болған жоқ» - деп жауап берді. Ал науқастардың 6,5% бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.

Демек, алынған сауалнамалық нәтижелер қаланың дәл ортасында орналасып, заманауи техникамен қамтылып отырған және де мамандары жеткілікті деп саналатын емхананың өзінде бүгінгі таңдағы науқастарға медициналық көмек көрсетудің сапасына қатысты бірқатар мәселелердің бар екендігіне көңіл аудартады. Сауалнамамен қамтылған респонденттердің 7,8% көрсетілетін медициналық көмектің бірден «жаман» деп бағалауы және әр сұрақпен қамтылған науқастардың 3,1% шамасы қойылған сұраққа қиналып, бір жақты жауап бере алмауы да бұл мәселеге қатысты көлеңкелі тұстардың бар екендігін көрсетті.

Қортындылай келгенде, артериялық гипертониямен ауыратын егде жастағы науқастарға әлеуметтік сауалнама жүргізу - медициналық ұйым қызметінің сапасы туралы қүнды ақпарат алудың тиімді, әрі қарапайым әдісі болып есептеледі. Осы әдісті қолдана отырып, артық шығын шығармай-ақ кез келген емхананың немесе аурухананың атқарып жатқан қызметіне әділ баға беруге әбден болады және де сол үжымның жұмыс сапасын жақсартудың пәрменді механизмі болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Томпсон А.А., Стрикленд А.Д. Стратегический менеджмент в здравоохранении. - М.: 2007. - С. 165-166.
  2. Долинская М.Г. Управление качеством медицинской помощи. - М.: 2009. - 328 с.
  3. Сулейменов Б.Қ. Артериальдық гипертензияның алдын алудағы кейбір мәселелер // Журнал Гигиена және эпидемиология журналы. - 2013. - №3.- Б. 45-49.
  4. Состояние здоровья населения и система здравоохранения РК (1991-2000 гг.) // Статистический сборник. - Астана: 2002. - С.68.
  5. Дощицын Ю.П., Ветков В.И., Карпов Р.Д. Методические подходы к оценке состояния здоровья рабочих и служащих промышленных предприятий. //Системный анализ и моделирование в здравоохранении. - Новокузнецк: 1980. - С. 340-341.
  6. Ермаков С.П., Комаров Ю.М. Нормативный метод построения обобщенного индекса здоровья населения. //Системный анализ и моделирование в здравоохранении. - Новокузнецк: 1980. - С. 345-347.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.