Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бассүйегі жарақаттанған науқастардың жарақат алу себебі мен оларға ауруханаға жеткізілмей т¥рып көрсетілетін алғашқы медициналық ш¥ғыл көмектің уақытылы көрсетілуін талдау

Біздің еліміздегі кейінгі медициналық статистикалық көрсеткіштер жалпы жарақаттанумен байланысты болатын өлім-жітім көресткішінің жылдан жылға артып отырғандығын байқатуда. Бұл ең алдымен дүние жүзілікжақандану мәселесімен байланысты болатын болса, екінші жағынан жарақат алған науқастарға көрсетілетін көмектің толық қанды жәнеуақытылы көрсетілуіменде тығыз байланыста екендігі заңды құбылыс. Жарақаттану көрсеткішінің арасында, әсіресе адамның бас сүйегі жарақаты басты орындардың бірін алып қана қоймай, адамдардың өлім-жітім көрсеткіштерінде де барынша ықпалға ие көрсеткіштердің біріне айналуда. Бұл құбылыс отандық және көптеген шет ел ғалымдары еңбектерінен белгілі.

Сонымен қатар, бассүйектің жарақаттануы көпшілік жағдайда жастар арасында көптеп кездесетіні, ең алдымен қазіргі заманғы техникалық даму қарқынының өріс алуымен тығыз байланыста болып отыр.

Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты 2013-2014 жылғы Алматы қаласындағы жедел шұғыл ауруханасына бассүйегі жарақатына ұшырап жеткізілген науқастардың

жарақаттану себептерін анықтап және оларға көрсетілген алғашқы медициналық көмектің уақытылы және сапалы көрсетілуін талдау болып табылады.

Зерттеу материалдары мен әдістері

Алматы қаласындағы анестезиология және реанимация бөлімінде ми-бассүйегі жарақаттануына байланысты 20132014 жылдары ем қабылдап, шұғыл түрде әр түрлі дәрежеде ота жасалынған 86 науқастың медициналық күжаттарын (аурудың даму тарихы, статистикалық түбіршек) сараптау барысы, жарақаттану себептері ең алдымен 50% деңгеймен автокөлік апатына байланыстыболса, содан кейінгі орындарды 18,6% біреулердің соққыға жығуымен, оның арасында 2 жағдайда белгісіз адамдардың оқ атуымен, 8,2% жағдайда биіктен күлау себебінен, жұмыс орындарында байқаусызда және спортпен шұғылдану барысында бас сүйегін зақымдау себептері 6,9% дәрежеде, көшеде күлап басын жару және белгісіз себептермен жарақаттану 4,7% болғандығы анықталды. Ары қарайғы жүргізген сараптамалар осы көрсетілген шамалардың жыныстық және жастық топтарда таралуын зерделеуге бағытталды.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі

Нәтижесінде бассүйек-ми зақымдауына ұшыраған науқастардың басым көпшілігі (63,9%) ер адамдар

болғандығы анықталып және де олардың басым бөлігі (45,4%) автокөлік апатынан, 10,9% биіктен күлау, 20,3% басқа біреулердің соққыға жығуымиен, 7,2% спортпен шұғылдану үстінде жарақат алса, ал 5,4% мөлшерде көшеде

Кесте 1- Жарақаттану себептерінің жыныстық топтарда таралуы

Әйел адамдар барлық бас сүйек зақымданып ауруханаға түскен барлық науқастардың 36% мөлшерін күрап, бұл жыныстық топтағы да жарақаттану көрсеткіші ер адамдар туындаған қолайсыздықтардан күлап немесе басына соққы тиіп бас сүйектерін зақымдаған. Ал жалпы реанимация бөлімшесінде ем қабылдаған науқастардың 3,6% мөлшерінің жарақат алу себептері белгісіз болып қалған.

тобындағы заңдылықтарға сәйкес ең көп мөлшерде жол апатымен байланысты болып анықталды (50%) (сурет 1).

 

Ерлер

әйелдер

Барлығы

Саны

%

Саны

%

Саны

%

Жол апаты

25

45,4

18

58

43

50

Биіктен кулау

6

10,9

1

3,2

7

8,2

Соққыға жығылу

11

20,3

5

16,3

16

18,6

Жұмыс орындарында

4

7,2

2

6,5

6

6,9

Көшеде қүлау

3

5,4

1

3,2

4

4,7

Спортпен шұғылдану барысында

4

7,2

2

6,5

6

6,9

Белгісіз себептермен

2

3,6

2

6,5

4

4,7

Барлығы

55

100

31

100

86

100

Сонан кейінгі орындарда 16,3% белгісіз біреулердің соққыға жығуы болса, ал спортпен шұғылдану үстіндегі, жұмыс орындарында жарақаттану көрсеткіштері және белгісіз себептермен жарақаттану пайыздық деңгейлері бірдей шамада болып, 6,5% деңгейінде анықталды. Ал көшеде қүлап, бас сүйегін зақымдау әйелдер арасында ең аз мөлшерде анықталып, 3,2% деңгейінде болғандығы белгілі болды.

Ары қарайғы зерттеулеріміз осы сараптаумен қамтылып отырған барлық науқастарды жас шамасына байланысты топтастыруға бағыттылып, төменгі кестеде көрсетілгендей нәтижелерге қол жеткіздік (кесте 2).

 

Ерлер

әйелдер

Барлығы

Саны

%

Саны

%

Саны

%

20-30

20

36,3

13

41,9

33

38,3

31-40

15

27,2

8

25,8

23

26,7

41-50

12

21,8

5

16,3

17

19,7

51-60

5

9,3

3

9,6

8

9,3

61-70

2

3,6

2

6,4

4

4,6

71-80

1

1,8

-

-

1

1,4

Барлығы

55

100

31

100

86

100

Кесте 2 - Бассүйек жарақатын алған науқастарды жасына байланысты топтастыру

Кестеде көрсетілгендей, барлық бассүйек-ми жарақатын науқастардың басым бөлігін 20-30 жас аралығындағы жас адамдар күраған, ал осы жастық категориядағы ер адамдар барлық зертеумен қамтылып отырған еркеектердің 36,3 % қүраса, ал белгілі болған 13 жас әйел мен қыздар барлық жарақат алған әйелдердің 41,9 % қүрағаны анықталды.

Яғни, жарақаттану түрлері арасындағы ең ауыры да, науқастардың келешегіне қатысчты ең күрделісі болып табылатын бассүйек ми зақымдануы жастар арасында

 

көптеп кездесіп, осы қолайсыздық ұшыраған жағдайдағы көрсетілетін көмектін аса маңызды екендігін ерекшелейді. Ауруханаға жеткізілген барлық аурулардың даму тарихы кітапшасын зерделеу барысында көпшілік науқасқа дер кезінде медициналық алғашқы көмектің уақытында көрсетілмеу фактілері анықталған. Бұған әкеліп соқтырған себептердің түрлері әртүрлі болып келді. Басым жағдайда жарақаттанған адамның өзі қалауымен, уақыт өте жазылып кететін шығармын деген сенімммен уақыт өткізіп алса, кейбір жағдайларда науқас ми шайқалуымен байланыста өз жағдайына дүрыс баға бере алмауы себебіне медициналық көмекке жай жүгініп қалған фактілерінің орын алатындығы анықталды. Кейбір жағдайларда тіпті басқа басқа да неврологиялық немесе токсикологиялық аурулардың қабаттасып келуімен байланысты уақыт өте барып нейрохирург мамандарының қарауына өткен фактілері де бірлі-жарым болса бар екендігі анықталды.

Сонымен қатар, бассүйек-ми зақымдануы кезіндегі алғашқы медициналық көмектің көрсетілу уақыты мен отаның дер кезінде атқарылуы және науқастың аман есен қалуы арасында байланыстың өте тығыз екендігі зерттеу уақыты кезіндегі осы жарақаттану түрінен қайтыс болған барлық науқастардың ауруханаға дейінгі және ауруханаға жеткізілген кездеріндегі медициналық күжаттарын сараптау нәтижесінде белгілі болды (кесте 3).

Кесте 3 - Бассүйек-ми жарақатынан қайтыс болған науқастарға көрсетілген алғашқы медициналық көмек уақытын талдау нәтижесі

 

3 сағат

12 сағат

24 сағат

72 сағат

Барлығы

Саны

%

1 тәулік

1

2

3

3

9

45

2 тәулік

1

1

2

3

7

35

3 тәулік

-

1

1

2

4

20

Барлығы

2

4

6

8

20

100

Кестеде берілгендей зерттеу жылдарында бассүйек-ми жарақатынан қайтыс болған 20 науқастың негізгі бөлігі (45%) бірінші тәулікте, 35% екінші тәулікте, 20% үшінші тәулікте қайтыс болған. Ал осы науқастарға алғашқы көмек көрсетілу уақытын қаратыру кезінде белгілі болғаны алғашқы 3 сағат арасында шұғыл көмек көрсетілген науқастар арасында жарақатының ауырлығына қарамастан өлім -жітім көрсеткіші ең төменгі деңгейде 10% (2 науқас), ал «әсағат арасында көмек көрсетілген науқастар арасындағы өлім -жітім көрсеткіші 20% (4 науқас), 24 сағат немесе бір тәулік ішінде көмек көрсетілген науқастар арасындағы қайтыс болу көрсеткіші 30% (6 науқас) болды. Ал барлық бассүйек -ми жарақатынан қайтыс болған 20 науқастың қалған 40% (8 науқас) үш тәулік арасында медициналық алғашқы жәрдем көрсетілген топта тіркелінген.

Демек, жарақаттанудың қай түрі болмасын соның ішінде талқылауға алынып отырған бассүйек -ми жарақаттануы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің және дер кезінде жасалынған диагностикалық шаралардың уақыты орындалуы науқастардың өмірін сақтап қалу барысындағы бірден-бір маңызды факторға ие екендігі белгілі болды.

Алынған нәтижелер қазіргі уақыттағы әртүрлі елдер ғалымдарының еңбектерінде көрсетілген жалпы жарақаттану көрсеткіштерінің, соның ішінде бассүйек- ми жарақаттану көрсеткіштерінің жастар тарасында белең алып отырғандығына дәлел бола алады.

Сонымен қатар жарақаттанудың осы түрінің пайда болуы себебтері арасында автокөлік апатының тигізіп отырған ықпалының өте зор екендігін байқаймыз. Сол себепті де, атқарылған жұмыс нәтижесі осы апат түрін неғұрлым азайту мақсатындағы щаралардың жүргізілу қарқындылығы мен олардың практикалық тұрғыдан орындалу барысында күрделі мәселелердің бар екендігін алдыға тартады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Корнилов Н.В., Брезнухин Э.Г. Травматология и ортопедия // Руководство для врачей. - СПб.: 2004.-Т 1. - С. 9-66.
  2. Батпенов Н.Д., Джаксыбекова Г.К. Организация и перспектива развития ортопедо-травматологической помощи населению Республики Казахстан // Травматология және ортопедия. - 2005.-№2. -С. 5-9.
  3. Батпенов Н.Д., Джаксыбекова Г.К., Селенова Р.К. Проблемные вопросы отечественной травматологии // Травматология және ортопедия. - 2008. -№2. - С. 3-6.
  4. Рахметов Н.Р., Булегенов Т.А., Рахметова К.У. Острая черепно-мозговая травма в структуре госпитализированной нейрохирургической заболеваемости // Проблема социальной медицины и управления здравоохранением. - Алматы: 1998. - №10. - С.108-110.
  5. Пермяков В.Д. методическое обеспечение и организация оценки качества медицинской помощи в условиях перехода к объязательному медицинскому страхованию: дисс... канд. мед. наук. - М., 1998. - 218 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.