Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студент жастардың денсаулық жағдайы және оған ықпал етуші факторларға шолу

Студент жастар денсаулығыкүн тәртібінің дұрыс құрылмауы, тамақтану кестесінің дұрыс болмауы(белок, дәрумендер, микронутриенттер жетіспеушілігі), қолайсыз экологиялық жағдай, кейбір жайлардағы жастарға қажетті гигиеналық жағдайдың сақталмауы және оқу бағдарламалары мен сабақ кестелерінің студенттердің қабылдау ерекшеліктерін ескермей құрылуы сияқты көптеген факторлар әсеріне байланысты болады [1-9].

Мысалға Ресейлік медициналық ғылым академиясының көпжылдық зерттеу мәліметі бойынша мектеп жасынан шығып, жаңа өмірге аяқ басу жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасында таралған ауру мен функциональдық тұрғыдағы ауытқушылықтардың басым бөлігі (45-47% деңгейде) жаңа ортадағы еңбек гигиенасы мен олардың дұрыс дем алып, уақытылы тамақтана алмауы сияқты факторлармен байланыста болатындығы дәлелденген [6,7].

Осыған сәйкес біздің зерттеу тобымыздың алдыға қойып отырған мақсаты Алматы қаласындағы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚАЗҰУ медициналық университетінің 1 курсында оқып жатқан студенттердің денсаулық жағдайына 2014 жылғы медициналық тексеріс қорытындылары негізінде талдау жасап, белгілі болған нәтижелерді осы университеттің 5 курсында оқитын балалардың денсаулық жағдайымен салыстыру болып табылады.

Зерттеу әдістері мен материалдары.

Жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студент жастардың денсаулық жағдайына қатысты ақпараттар олардың тұрғылықты мекен жайы мен жатаханалық поликлиникалардың жыл сайынғы жоспарлы түрде жүргізіп отыратын скренингтік және тереңдетілген медициналық тексерістер қорытындысына негізделіп, аспаптық және зертханалық тексерістер көмегімен қойылған диагноздар статистикалық әдістің көмегімен топтастырылды.

Аспаптық зерттеулер УЗИ, Рентген сияқты сәулелі және фибробронхоскопиялық зерттеулерді қамтыса, ал зертханалық зерттеулер санатына зәр, қан (Нв, Эр, тромбоциттер,лейкоциттер, қанның ұю қабылеті және т.б.) және биохимиялық, коагулограммиялық зертеулер қорытындылары алынды. Диспансерлік есепте тұратын студенттердің тоқсан сайынға дәрігер мамандармен анықталған қорытындылары сарапталып, олар ауру кластарының түріне байланысты жіктелініп отырды.

Жалпы зерттеумен негізгі топ санатында алғашқы курстың 124 студенті алынса, ал салыстыру тобы санатында аталмыш университеттің 5 курсында оқып жатқан 42 студент алынды. Бұл тұста бір айта кететін жайт, зерттеумен қамтылған студенттердің барлығы «кездойсоқ таңдау» (методом случайной выборки) әдісімен алынды және де университеттің алғашқы курсында оқитын балалар әртүрлі факторлардың ықпалына жиі ұшырап, осыған сәйкес олардың денсаулық жағдайлары жоғарғы курс студенттерімен салыстырғанда анағұрлым әлсіздеу болатындығы ескерілді.

Зерттеу мерзімі бір жыл (2014ж) мерзімді қамтып, бақылау және салыстыру топтарындағы белгілі болған мәліметтерге Стьюдент әдісімен статистикалық сараптама жүргізілді. Әр топтың сандық шамалары арнайы күрастырылған кестелерге қондырылып, графикалық түзулер қүрастырылды.

Зерттеулер нәтижесі: Ауру класстарының топаралық таралуындағы көрсеткішітік шамаларды салыстыру

барысында алғашқы және соңғы курс студенттері арасындағы айырмашылықтар белгіленді (кесте 1). Дәлірек айтқанда, алғашқы курс студенттері арасындағы анықталған аурушаңдық шама - 1545 ±32,42, ал соңғы курс студенттерінде анықталған бұл көрсеткіш - 1033,3±29,06 - да болып, топаралық салыстыру нәтижесі жоғарғы статистикалық шынайлылықты берді (Р<0,001).

Кесте 1 - Зерттеумен қамтылған студент жастар арасында тіркелінген ауру кластарының таралуы мен көрсеткіштік деңгейіне сипаттама (1000адамға шаққанда)

Ауру кластары

1 курс

5 курс

Шынайлылық дәрежесі «Р»

Саны

Көрсеткіші

М ± m

Саны

Көрсеткіші

М ± m

 

Жұқпалы-

5

45,47

2

16,6

Р>0,001

паразиттік дерттер

 

±1,12

 

±2,33

 

Қан және

21

190,4

12

100,5

Р<0,001

қан айналыс жүйесі аурулары

 

±7,33

 

±7,32

 

Эндокриндік жүйе

8

72,71

4

33,3

Р<0,001

аурулары

 

±3,02

 

±4,12

 

Жүйке жүйесіаурулары

40

363,64

25

208,4

Р<0,001

   

±14,36

 

±12,9

 

Сезімжүйесі

3

27,2

3

2,5±

Р<0,001

аурулары

 

±0,35

 

0,13

 

Демалу жүйесі

20

181,8

18

150,2

Р>0,001

аурулары

 

±6,45

 

±10,22

 

Ас

25

227,7

15

125,5±

Р<0,001

қорытужүйесіаурулары

 

±,11,28

 

7,07

 

Жыныс,

7

17,31

12

103,2

Р<0,001

зәржүйесіаурулары

 

±1,12

 

±9,09

 

Туабіткен

2

18,1

1

14,63

Р<0,05

кемістіктер

 

±0,54

 

±0,31

 

Жарақаттану,

9

8,1

10

8,3

-

улану

 

±0,36

 

±5,12

 

Басқа да дерттер

30

272,7

22

183,3

Р<0,001

   

±10,8

 

±13,6

 

Жалпытіркелінген

170

1545

124

1033,3

Р<0,001

аурушаңдық көрсеткіші

 

±32,42

 

±29,06

 

Ары қарайғы жүргізілген салыстырулар белгіленіп отырған жалпы ауршаңдық шаманың әр ауру классына қатысты таралуын сараптауға бағытталды. Бұл жүргізілген зерттеулер негізгі және бақылау топтарындағы ауру класстарының таралу динамикасының айтарлықтай айырмашылықты беретіндігін көрсетті. Қолға алынып отырған жұмыстың мақсаты әртүрлі ауру класстырының салыстыру топтарындағы таралуына сипаттамма беру болғандықтан, келесі кезеңде осы бағытта атқарылған зерттеулер қортындысын төмендегідей диаграмма түрінде көрсетуді жөн көрдік (сурет 1).

Зерттеу топтары арасындағы ең таралымы жоғары ауру классы санатында қарастырылып отырған жүйке жүйесі ауру классына қатысты белгілер мен шағымдар топтамасы скренингтік және арнайы жүргізілген сауалнамалар барысында анықталып, бұл класс белгілері 1 курстабілім алып жатқан 40 балада анықталып, 363,64±14 көрсеткіштік деңгейде болса, ал бұл ауру классына қатысты белгілердің 5 курс студенттерінде таралу көрсеткіші 208,4±12,9 шамасында болып, 1 курс студенттерінің осы класс ауруларына қатысты шағымдар тобына 5 курс студенттерімен салыстырғанда 1,7 есеге дейін артық шамада болғандығы тіркелінді және жоғарғы дәрежедегі топаралық статистикалық айырмашылықтарды көрсеттті (Р<0,001).

Зерттеу топтары арасындағы ең таралымы жоғары ауру классы санатында қарастырылып отырған жүйке жүйесі ауру классына қатысты белгілер мен шағымдар топтамасы скренингтік және арнайы жүргізілген сауалнамалар барысында анықталып, бұл класс белгілері 1 курстабілім алып жатқан студенттер арасында 363,64±14 көрсеткіштік деңгейде болса, ал бұл ауру классына қатысты белгілердің 5 курс студенттерінде таралу көрсеткіші 208,4±12,9

шамасында болып, 1 курс студенттерінің осы класс ауруларына қатысты шағымдар тобына 5 курс студенттерімен салыстырғанда 1,7 есеге дейін артық шамада болғандығы тіркелінді және жоғарғы дәрежедегі топаралық статистикалық айырмашылықтарды көрсеттті (Р<0,001).

Студент жастар арасында жүйке жүйсеі ауру классынан кейінгі алдыңғы орынды ас қорыту жүйесіне қатысты шағымдар топтамасы иемденген. Бұл ауру классына қатысты ауру белгілерінің басым бөлігі медициналық аспапты және клиникалық зертханалық тексерістерден кейін анықталынып, топаралық көрсеткіштік шамалардың таралуы 1 курс студденттері арасында 227,7±,11,28; 5 курс студенттеры тобында 125,5±7,07деңгейінде болды. Белгілі көрсеткіштік шамаларды өзара салыстыру 1курс тобына қатысты шамалық деңгейдің 5курс студенттері көрсеткішінен 1,8 есегеартық болғандығы, немесе жоғарғы оқу орнының алғашқы курс студенттері арасындағы ас қорыту жүйесіне қатысты аурушаңдық белгілері мен шағымдар топтамасының 5 курс студенттерімен салыстырғанда 1,8 есеге дейін жиі кездесетіндігі тіркелінді. Қан және қанайналу жүйесі ауруларына қатысты ауру белгілері мен шағымдар топтамасының топаралық таралуы да жоғарғы берілген ауру класстарының таралу заңдылықтарына ұқсас келіп, 1 курс студенттері арасындағы шама - 190,4±7,33; 5курс студенттері арасында белгіленген көрсеткіштік деңгей - 100,5±7,32; ал мектеп оқушылары арасында тіркелінген көрсеткіштік деңгейдің 100,71±10 шамасында болғандығы белгіленді.

Яғни, қан және қанайналу жүйесіне қатысты ауру белгілері мен шағымдар топтамасының мектеп балаларымен салыстырғанда 1 курс студенттері арасында 1,9 есеге, ал 5курс студенттерінің көрсеткіштік шаманың шамамен бір деңгейде болатындығы анықталып, жоғары дәрежедегі топаралық статискалық айырмашылықты көрсетті (Р<0,001).

Демалу жүйесі ауру классына қатысты аурушаңдық белгілері де 1 кеурс студенттеры тобында жоғарғы басымдылықты көрсетіп, 242,8±12,13 шамамен саылстыруға алынып отырған 5 курс студентттері көрсеткішінен (181,8±6,45) 1,3 есеге артық шамада болғандығы тіркелінген.

Бұл тұста, алғашқы курс студентерінің тұмау және басқа да жоғарғы тыныс жолдары ауру белгілерімен жиі ауырып қалуындағы басты себептердің бірі университет қабырғасында медициналық, дәрігерлік пункт қызметкерлерінің жиі-жиі студенттер денсаулығын жіті бақылап, дер кезінде қажетті диагностикалық шараларды іске асырып отыруымен түсіндіруге болады. Қалай болғанда да медициналық күжаттар мен тексерістер және анкеталық сұраулар нәтижесі студенттер арасындағы ең көп таралған ауру классы тыныс жолдары ауру классына қатысты екендігін көрсетіп берді.

Ары қарайғы жүргізілген зерттеулер нәтижесі жалпылама топта жүйке жүйесі ауру класстарынан кейінгі орындарда ас қорыту (17,7%), тыныс алу жүйесі (16,5%) және қан айналу жүйесі (14,5%) аурушаңдық белгілерінің алатындығын көрсетті (сурет 2 ).

Белгілі болған мәліметтер студент жастардың тіркелінген емхана мекемелеріндегі медициналық күжаттардан (ф-055: ф-112) алынып отырғандықтан, анықталған ақпараттарды ауру класстарына қатысты жүйелеу, жыныстық және жастық топтарына қарай сұрыптау көп мерзімді зерделеуді қажет ететіндіктен, біздің зерттеу тобымызбен ең көп таралған, яғни алғашқы рангілік орындарға ие болған аурулар класстарына (жүйке жүйесі, тыныс жолдары, ас қорыту жүйесі және қан, қан айналу жүйесі) ғана сараптама жүргізілді.

Қорытындылай келгенде, жүргізілген зерттеулер нәтижесі жоғарғы оқу орындарындағы оқу кестелері мен қүрылымдарының, көпшілік жағдайда алғашқы курс студенттерінің денсаулық жағдайларын ескермей жасалуы студентердің ағзасындағы функциональдық немесе патологиялық дәрежедегі өзгерістерге әкеліп соқтыруы әбден мүмкін екендігін дәлелдеп берді.

Сол себепті де, медицинаық университет қабырғасына түсіп, алғашқы курс студееті атанған жастардың денсаулығын жан-жақты және терең түрде медициналық тексерістерден өткізіп, қажет болған жағдайда ладын алу шараларын уақытылы белгілеу болашақ дәрігер мамандар үшін көрстілген үлкен күрмет болар еді деп есептейміз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Назарбаев Н.А. ҚР мемлекеттік жастар саясатының концепциясы. - 1999. - 15 б.
  2. Здоровый образ жизни студентов и его формирование., Л.А. Терентьев, Н.В. Долматова, Мәскеулік мемлекеттік әлеуметтік университет. - 2010. - 52 с.
  3. «Образ жизни и здоровье студентов» Луиза Асхабова, «Дагестанская правда», Республикалық қоғамдық-саяси газеті, №54, 05.09.2008ж.
  4. Аветисян, Л.Р. Изучения влияния повышенной учебной нагрузки на состояние здоровья учащихся / Л.Р.Аветисян, С.Г.Кочарова // Гигиена и санитария. - 2001. - №6. -48 - 49 беттер.
  5. Белов, В.Б. Уровень образования и самооценки здоровья населения / В.Б.Белов // Әлеуметтікгигиена, денсаулықсақтау және медицина тарихы мәселелері. - М.: Медицина, 2003. - №1. - Б. 14 - 19.
  6. Ваганова, Л.И. Медико-социальная характеристика студентов-подростков, новые подходы к совершенствованию организации медицинской помощи: автореф дис...канд.мед.наук - Уфа, 2003. - 48 с.
  7. Вишняков, Н.И. Профилактика и диспансеризация студентов в современных условиях / Н.И. Вишняков, Л.В. Кочорова, Н.Ю. Колесникова, Ж.С. Деркун // Қоғамдық денсаулық, денсаулық сақтауды басқару және мамандарды дайындау // Ресейлік ғылыми конференцияның материалдары. - М.: 2007. - Б. 142 - 144.
  8. Pryjmachuk, Steven Richards, David A.Mental health nursing students differ from other nursing students: some observations from a study on stress and coping. International journal of mental health nursing. - Dec.2007. - Vol.16, issue 6. - Р. 390-402.
  9. Turner A.P., Hammond C.L., Gilchrist M., Barlow J.H., Coventry university student`s experience of mental health problems. //Counselling psychology quarterly.-Sep.2007.-Vol.20, issue 3.- Р.247-252.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.