Посткоммоционды бұзылыстары бар 28 науқаста «Фенотропил» препаратынының терапевтикалық эффективтілігін бағалау бойынша психовегетативті, когнитивті, диссомниялық, церебрастеникалық бұзылыстарды түзетуде қауіпсіз, әрі тиімді жоғары терапевтикалық эффективтілік көрсеткішіне ие 6олДы, препарат науқастардың өмір сүру сапасын арттырды.
Кіріспе. Бас-ми жарақаты жалпы жарақат күрылымы бойынша 39 дан 50%-ға дейінгі көрсеткішті күрайды, заманауи медицинадағы приоритетті және әлеуметтік маңызға ие мәселелердің арасында жетекші орын алады. БД¥ мәліметіне сүйенсек, бұл көрсеткіш жарақаттың алдын- алуға шараларына бағытталған материалдық жабдықтар мен интеллектуальды күштер жұмсалғанына қарамастан жылына 2%-ға дейін өседі [1,2].
Қазіргі таңда бас-милық зақымданулар күрылымында жеңіл бас-ми жарақаты аздаған орынға ие, салыстырмалы салмағы 73-88% күрайды. Әдебиеттер мәліметтеріне сәйкес жеңіл бас-ми жарақатын алған пациенттерде милық функцияларды қалпына келтіру бірнеше жылдар ішінде баяу жүреді. Зардап шеккендердің шамамен 30–40% жеңіл бас-ми жарақатынан кейінгі бас ауруымен, бас айналуымен, эмоциональды-вегетативті, когнитивті және мінез-күлықты бұзылыстарымен жүретін асқынулармен, микроорганикалық неврологиялық симптоматикалардың болуы немесе болмауымен сипатталады. Атап айтқанда когнитивті бұзылыстар көптеген науқастарды бұрынғы өмір сүру қалпына әкелмейді және науқастардың өмір сүру сапасының негізгі бұзылу себебінің бірі болып табылады, жеңіл бас-ми жарақатын алған 30% науқастарда ұзақ уақытқа созылған еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі әсіресе іс-әрекеттің маманданған түрлерінің төмендеуі байқалады [3-5].
Сондықтан жеңіл бас-ми жарақатының таралуы және онымен байланысты бұзылыстар жеңіл бас-ми жарақатын медициналық және әлеуметтік-экономикалық жолдарын талап ететін өзіндік мәселеге айналдырады.Әлеуметтік- экономикалық көзқарастары бойынша науқастар ішінен еңбекке қабілетті жастағы жастар арасында мәселе күрделенеді [6,7].
Зерттеу мақсаты. Посткоммоционды бұзылыстары бар науқастарды емдеуде «Фенотропил» препаратының терапевтикалық эффективтілігін бағалау.
«Фенотропил» - айқын антиамнестикалық қасиетке ие ноотропты препарат, бас мидың интегративті іс-әрекетін белсендіреді, есте сақтаудың консолидациясын күшейтеді, ынта мен ақыл-ой іс-әрекет концентрациясын жақсартады, оқу үрдісін жеңілдетеді,ми тіндерінің гипоксияға және уытты әсерге тұрақтылығын жоғарылатады,тырысуға қарсы әсерге ие, ауырсынуды басатын әсер көрсетеді, көңіл күйді көтереді, физикалық жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Препараттың мардымсыз психостимулирлеуші әсері анксиолитикалық белсенділігімен бірлеседі.
«Фенотропил» зат алмасу процесіне тиімді әсер етеді, бас миының қан айналымын жақсартады, тотығу -қалпына келу процесін қуаттандырады, глюкоза утилизациясын есепке ала отырып, ағзаның энергетикалық потенциалын жоғарылатады, бас мидың ишемияланған аймақтарында регионарлы қан ағуын жақсартады, бас мидағы серотонин және дофамин, норадреналин маңызын жоғарылатады, мидың бірегей биоэлектрикалық белсенділіктің маңыздылығына әсер етпейді [8].
Зерттеу әдістері мен жабдықтары. Зерттеудің негізгі топтары диагностирленген посткоммоционды бұзылыстары бар 28 науқастан тұрады, олардың 16-сы ер адам және 12-сі әйел адам, жас шамалары 19-дан 46 жас арасындағылар, орташа 29 жас.
Посткоммоционды синдромы бар науқастарда жеңіл когнитивті бұзылыстар тұрақты ынта,зейіннің қалыпты жағдайда тұруымен және концентрация бұзылыстары түрімен, жеңіл мнестикалық бұзылыстарымен, сөйлеу продукциясының және ассоциация түзілуі жылдамдығының төмендеуімен көрініс береді.
Анықталған когнитивті бұзылыстар астениялық бұзылыстарының, эмоциональды бұзылыстарының айқындылығымен ерекшеленеді. Эмоциональды бұзылыстар жеңіл депрессивті эпизодтармен, көптеген науқастарда басым күйзеліс аффектісімен бірге жүреді. Вегетативті бұзылыстар парасимпатикалық әсермен бірге жүретін парасимпатикалық және симпатикалық регуляцияның дисбалансымен сипатталады.
Науқастардағы бас мидың биоэлектрикалық белсенділік көрсеткіштері альфа –ритм реактивтілігінің төмендеуімен және дизритмияның жоғары деңгейімен сипатталады.
Негізгі топтағы пациенттер «Фенотропил» препаратын таңертеңгі уақытта 100-200 мг бірреттік дозада 40 күн бойы қабылдаған. Посткомационды бұзылыстармен стандартты ноотропты препаратты сол уақытта қабылдаған 30 науқас бақылау тобын күрады.
Эффективтілікті бағалау пациенттердің айқын субъективті шағымдарының негізінде, анкета көмегімен, патологиялық симптомдардың айқындығын көлемді бағалау(балл бойынша), астеникалық жағдайдың шкала көрсеткіштерінің динамикасын, пациенттің өмір сапасының шкаласы, Шульте таблицасын және Крепилин тесттерді, Лурия тесттерді қогнитивті бұзылыстарда пайдаланумен жүргізілді.«Фенотропил» препаратының өткізгіштігін объективті клиникалық мәліметтердің нәтижесін және пациенттердің субъективті сезгіштігін динамикасы негізінде емдеу процесінде бағалау. Статистикалық өңдеулер вариационды статистикалар әдістерін қолданумен бірге жүргізіледі. Көрсеткіштердің орташа маңызын (М) және олардың стандартты қателіктерін есептеді (т). Зерттелген көрсеткіштердің орташа маңыздылығы мен айырмасы арасында нақтылық Стьюдент критерийі бойынша анықталды, мүмкіншілікті бағалай отырып,маңыздылық деңгейі 95 %-дан аз болмауы тиіс (р< 0,05).
Нәтижелер мен талқылаулар. Пациенттердің субъективті шағымдарын бағалау нәтижелерін талдау «Фенотропил» препаратымен емдеу барысында Бас ауруы, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы, көңіл-күйдің төмендеуі, жылауықтығы, қорқыныш және күйзеліс сезімдігі, есте сақтаудың төмендеуі сияқты шағымдары жылдам әрі маңызды регресс көрсете білді. Пациенттерде «Фенотропилді» қабылдауда берілген шағымдар регрессі байқалады, 89,1±2,1%. Науқастардағы аналогиялық шағымдар бақылау тобында 69,8±3,1 жағдайда (р<0,05) байқалады. Негізгі топтағы пациенттерде астеникалық жағдайды бағалау нәтижелері емдеуге дейінгі аралықты қүрайды. 82,1±1,2; сонан соң - 50,1±1,2 (р<0,05), «Фенотропил» препаратын астенияға қарсы әсерге ие болғандықтан посткомационды бұзылыстарды түзетуде маңызды роль атқарады.
Бақылау топтарындағы пациенттерде маңыздылық оптимистикалыққа саналмайды: 67,2±1,7; 49,91±1,8 сәйкес (р<0,05).Есте сақтауды және ынтаның нәтижелерін талдау үшін нейропсихологиялық әдістерді қолдану Лурия тесті бойынша «Фенотропил», қабылдаған науқастар тобында қысқа уақытты есте сақтау көлемі әжептеуір өскендігін көрсетті, сол себепті қисық есте сақтау төмен көтерілумен сипатталады, бұл мнестикалық функциялардың және ынтаның жақсаруын байқатады (р<0,05).
Ынтаның концентрациясын және тұрақтылығын зерттеу нәтижелерін Шульте таблицасының көмегімен жүргізгенде көрсеткіштердің динамикасының оң нәтижесін көрсете білді: емдеуге дейін -50,9±2,1с.; емдеуден соң - 37,2±1,7 с., бақылау тобына сәйкес: 51,0±2,1с.;43,6±1,2 с. (р < 0,05). «Фенотропилмен» емдеу барысында науқастың өмір сапасын бағалау нәтижелерін талдау пациенттердің эмоциональды және әлеуметтік жағдайы әжептеуір жақсарғанын, физмкалық, психологиялық интеграциялық көрсеткіштердің жақсарғанын байқатты. Өмір сапасын жалпы қабылдаудың орташа көрсеткіші емдеуге дейін 6,8±1,3,кÿрайgы, емдеу курсынан соң - 8,3 ±2,1, бақылау тобына сәйкес :7,0±1,3; 7,6 ±2,1(Р<0,05). «Фенотропилмен» емдеу курсының арасында препараттың өткізгіштігін бағалау нәтижелері науқастарда препараттың жақсы өткізгіштігіне ие болды, емдеу кезеңінде кері әсерлер байқалмады.
Қорытынды. Жеңіл бас-ми жарақатының посткоммоционды бұзылыстармен қалпына келтіру кезеңінде жарақаттан кейінгі милық дисфункцияның белгілері жиынтығы «Фенотропил» препаратымен белсенді емдеуді жүргізу үшін жақсы көрсеткіш болып табылады.
«Фенотропил» препараты жоғары терапевтикалық эффективтілікке ие және психо-вегетативті, когнитивті, диссомниялық, церебрастениялық бұзылыстарын түзетуде қауіпсіз,сонымен қатар пациенттердің өмір сүру сапасын жоғарылатады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Воскресенская, О. Н. Неврологические аспекты сотрясения головного мозга. - 2003. - С.145 - 162.
- Акарачкова, Е. С. Головокружение при синдроме вегетативной дистонии: диагностика и лечение.Фарматека. - 2007. - № 15. - С. 61 -65.
- Воробьёва, О. В. Посттравматические головные боли. Consiliummedicum. - 2001. - Т. 1. - № 2. - С. 73 - 75.
- Алексеев, В. В. Головные боли после лёгкой черепно-мозговой травмы. - 2007. - Т. 17. - № 4. - С. 14-19.
- Алексеенко, Ю. А. Современные подходы к диагностике и ведению легкой черепно-мозговой травмы. Мед. новости. - 2003. - № 1. - С. 71-73.
- Коваленко А. П. Вегетативные расстройства у больных с последствиями легкой черепно-мозговой травмы. Проблемы нейрогенетики, ангионеврологии, нейротравматологии: сборник. - СПб.: 2006. - С. 411 - 413.
- Волкогонова, JI.Ю. Проявления астенического синдрома у военнослужащих с лёгкой ЧМТ в зависимости от личностнохарактерологических особенностей // Медицинский журнал. - 2005. - № 7. - С. 71-75.
- Бурбелло А.Т.,Шабров А.В.,Денисенко П.П. Современные лекарственные средства. - СПб.: 2006. - С. 148.