Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Атырау интеграциялық газды химиялық кешеннің дамуы мен орналасу аймағындағы түрғыңдардың денсаулығы жағдайына гигиеналық баға беру және болжамдау

Мақалада Атырау облысы Интеграциялық газды химиялық кешеннің дамуы мен орналасу аймағындағы тұрғындар денсаулығы мен қоршаған орта жағдайына жүргізілген зерттеушілердің мәліметтеріне шолу жасалған.

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы ең ірі өндірістік аймақтардың бірі Атырау облысы болып табылады. Қазақстанда бірінші Интеграциялық газохимиялық кешен Атырау облысы, Макат ауданы, Қарабатан станциясында орналасқан.

Атырау облысының экономикалық дамуы мен өнеркәсіптік өндірісінің көлемі бойынша басымдылығы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері бар өндіріс мүнай өндірісі болып табылады.

Каспий маңы мүнай және газ кен орындарының қарқынды түрде қамтылуымен аса өзекті мәселе экологиялық қолайсыз аймақтағы түрғындар денсаулығы ғалымдарды, сонымен қатар практикалық денсаулық сақтау мамандарын да алаңдатуда.

Мүнай-газ өндіруші өнекәсібінің маңызды өлкелерінің бірі Атырау облысының Макат ауданы болып табылады.

Алайда, дәл қазіргі кезде түрғындар денсаулығына келтірілетін залал анықталмаған, аймақ түрғындарының денсаулық көрсеткіштерін қалыптастыру заңдылығы, сондай-ақ деммографиялық көрсеткіштер, аурушаңдық, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай анықталмаған.

Соңғы жылдары аймақта ауыл түрғындарының денсаулық сақтау жүйесі жағдайы, медициналық көмек көрсету деңгейі, алғашқы медициналық санитарлық көмек деңгейін бағалау жүргізілмеген. Медициналық кадрлармен қамтамасыз етілген мамандандырылған медициналық көмек көрсету дәрежесі бекітілмеген.

Атырау облысындағы интеграциялық газохимиялық кешеннің қүрылысы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы №101 Қаулысы негізінде қүрылды.

Жобаны салудың негізгі мақсаты Қазақстанда индустриялық-иновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы негізінде Атырау облысында химиялық саланы дамыту бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.

Жоғарыдағы айтылғандардың барлығы осы зерттеулердің өзектілігін айқындайды.

Зерттеу жүмысыныц мақсаты: Атырау облысы Интеграциялық газохимиялық кешен (ИГХК) даму мен орналасу аймағындағы түрғындар денсаулығы жағдайына гигиеналық баға беру және болжамдау.

Ғылыми жүмыстың зерттеу әдістері.

Статистикалық, гигиеналық, қауіп-қатерді бағалау әдіснамасы.

Ғылыми жүмыстың зерттеу нысандары.

Атырау облысы Интеграциялық газохимиялық кешен орналасқан аймақ түрғындарының денсаулық жағдайы және атмосфералық ауа.

Зерттеу материалдары.

Атырау облысындағы Интеграциялық газохимиялық кешен орналасқан аймақ бойынша келесі мәліметтер зерттеледі:

  1. 2007-2014 жж. аралығында жалпы әдіспен түрғындар денсаулығының медициналық демографиялық көрсеткіштері (туушылық, өлім-жітім, түрғындардың табиғи өсімі);
  2. Түрғындар арасындағы аурушаңдықтың таралуы мен жиілігі (қаралу бойынша аурушаңдық);
  3. Ластаушы заттардың таралуына модель жасау нәтижелері. Зерттеу нәтижелері. Әдеби шолу

Қазақстан пайдалы қазбаларды өндіруден үзақ жылдар бойы тарихы бар, бүл қоршаған орта обьектілері мен түрғындардың денсаулық жағдайына да әсерін тигізуде. Батыс Қазақстан территориясы республиканың негізгі мүнай өндіру аймағы болып табылады. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстанда жыл сайын атмосфераға 84 мың тоннаға жуық ластаушы заттар шығарылуда, оның ішінде СН - 57 мың тонна, СО - 9,8 мың тонна, NOx - 0,8 мың тонна, SO2 - 0,2 мың тонна.

Негізгі ластаушылар күкірт оксиді мен азот, жылулық эффектісінің болуына үлесін тигізуде.

Батыс Қазақстан территориясында ірі мүнай газ кен орны Теңгіз аймағы болып табылады, бүл стационарлы көздерден шығарылатын ластаушылардың 75 % қүрайды. Осы ластаушылардың 94% газ тәрізді түзілістер қүрайды: көміртегі оксиді (35% жуық), көмірсутектер (30% жуық), азот оксиді (20% жуық), күкірт ангидриді мен қатты заттар (10% жуық).

Әртүрлі мүнай кендеріндегі газ тәрізді заттардың болуы: Теңгізде - 25% жуық және Қүмкөлде - 1,27%. Табиғи газдардағы газ тәрізді заттар 42% жетеді.

Сонымен қатар газды өндіруде мүнай өндіруге қарағанда қоршаған ортаға 5% жуық ластаушы заттардың шығарылуын атап өту қажет. Алайда шығарындылардың негізгі бөлігін газды транспорттау кезіндегі орын алады (30% жуық), қалған шығарындылар газды тарату станцияларында шығарылады.

Газды тарату компанияларының негізгі қалдықтарына меркаптан қалдықтары, дизельді отын, дииондаушы су мен май, сонымен қатар фильтрлеуші элементтер, бүлінген трубалар, клапандар және т.б. бос сыйымдылықтар жатады.

Мұнайды өндіруде ілеспе газдар скважинадан 100 м ара қашықтығындағы арнайы факелдерде жағылады (көмірсутектер, күкіртсутегі және меркаптандар), бұл атмосфералық ауаны ластаушы қосымша көздер болып табылады.Атмосфераны ластаушылардың басқа компонентеріне көмірсутегіні жаққандағы күйе болып табылады.

Атмосферадағы күкіртсутегі 700-800 км таралады, қолайлы жағдайда тәулік ішінде тұрақты. Көміртегі тотығы атмосфераға шығарылған уақыттан бастап 5 тәулік ішінде бөлінеді. Қағида бойынша 25% жуық күкіртті қосындылар мен 15% жуық азотты қосындылар шығарындылар аймағында қалып қояды.

Қазақстан Республикасы мұнайды шығарудан әлемде 16-шы орында жайғасты, ал мұнайды қолданудан 53-ші орында орналасқан. Тәулігіне 1,6 млн./барр. мұнай өндіруде. 2011 жылдың 3-ші тоқсанымен салыстырғанда 2012 жылдың 3-ші тоқсанында 1,5%-ға мұнай өндірудің жоғарлағанын байқауға болады. Бұл жайт экологиялық тұрғыдан және қоршаған ортаға әсерімен, теріс нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Атмосфераның күкіртті қосылыстармен ластануы қазіргі таңдағы аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Күкірт атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт бойы бөлініп отыр. Күкірт оксидтері өсімдіктерге, жануарлар мен адам организміне зиянды әсер етеді. Атмосферада күкірт (IV) оксиді күкірт (VI) оксидіне дейін тотығады да, су буларымен қосылып, күкірт қышқылына айналады. Күкірт қышқылы, атмосфералық ауадағы жауын-шашынмен бірге қышқыл жаңбыр түрінде жерге жауады. Қышқыл жаңбырлар су экожүйелеріне зиянды әсерін тигізеді, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуін тежейді, нәтижесінде, үлкен экономикалық шығын келтіреді. Атмосфераға бөлінген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тіршілікке үлкен зиянын келтіреді. Ал мышьяк пен хром, қатерлі ісік ауруларының дамуына себеп болады. Аталған жағдай, мұнай өндірісінде бөлінетін күкірт және күкіртті қосылыстардың маңызыдылығын түсіндіреді.

Көмірсутектер атмосфералық ауаға келесі жағдайларда айқын бөлінеді: 1) жанармайды ауа мөлшері жеткіліксіз жағдайда жағу кезінде; 2) жанармайдың жану үрдісінде және жағар алдында қанағаттанарсыз деңгейде араластырған кезде; 3) жану реакциясы аяқталмай тұрып, от жалыны шамадан тыс суыған кезде. Көмірсутектердің 90%-ы, атмосфераға қоймалардан бөлінеді, 8%-ы - мұнай газын жинау кезінде, 9%-дан астамы - сақтау және тасымалдау кезінде.

Атмосфералық ауада, көмірсутектермен ластану көздерінің анықталуына қарамастан, бүгінгі таңда оларды объективті зерттеуге және қоршаған ортаны ластау дәрежесін анықтауға мүмкіндік жоқ. Мысалы, С6-С12, C12-C19, C5-C9 - көмірсутектерін анықтау мақсатында, кадастрлық жүйеде әлі орташа тәуліктік және максималды бір реттік концентрациялары берілмеген. Бұл мәліметтердің тапшылығы, атмосфералық ауаның ластаушы көздерінің (кейбір көмірсутектер) толық қанды зерттелмей қалатындығына алып келеді.

Атмосфералық ауаны ластайтын химиялық заттар, адам ағзасына үш түрлі жолдармен түседі - аэрогенді, сұйылтқыш күйде су арқылы және сұйылтылмайтын болса, онда келесі күрделі миграция тізбегі арқылы - «ауа-топырақ-өсімдік- жануар-ауылшаруашылық өнімі-адам».

Мұнай өндірісімен айналысатын кәсіпкерлердің қызметіндегі, міндетті орындайтын шарттардың қатарына - атмосфералық ауаны қорғау бойынша кешенді шараларды қамту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйені енгізу кіреді. Осы шарттарды іске асыру үшін санитарлық қорғау аймағын анықтап, үйлесімді мөлшерін бекіту қажет.

Адам денсаулығы, оның тұрмыс деңгейіне байланысты, дегенмен, жылдан-жылға ластанып бара жатқан қоршаған ортаның адам ағзасына тигізетін кері әсері де артуда. АҚШ- тың Колумбия және Йель университеттері жасаған экологиялық индексі бойынша, Қазақстан 92 орынды алыпты. Жалпы саны 163 елді қамтыған бұл рейтинг ауа мен судың ластануы, елдегі ауылшаруашылық, биоалуандылық жағдайы секілді 25 өлшемге негізделген екен. Экологиялық ең таза елдер ретінде Исландия, Швейцария, Коста-Рика және Швеция танылыпты.

Еліміздегі өлім көрсеткіші ТМД елдерінің арасында жоғары деңгейде тұруына қоршаған ортаның ластануы себеп болып отыр.

Көбіне «адам денсаулығына экологиялық жағдайдан гөрі, әлеуметтік фактор көп әсер етеді» деп жатады. Экологиялық апат болған жерлерде әлеуметтік-экономикалық фактор адамдардың денсаулық деңгейін анықтайды. Қазіргі кезде Қазақстанда 14 мұнай бассейні белгілі, 160 мұнай-газ кен орындары барланған. Олар түрлі мұнай өндіретін компаниялардың қызығушылығын тудырып отыр. Ал өндіріс дамыған сайын, қоршаған ортаның жағдайы нашарлай беретіні белгілі. Бұл мәселе Қазақстанды да айналып өтпейді. Сондай-ақ ауа мен су ресурстарының ластануы да үлкен мәселеге айналып барады. Сондықтан оған мемлекеттің жіті назары керек.

Адам ағзасына әсер ететін түрлі факторлар дәлелденген: климаттық және социалды-тұрмыстық, су мен тағам сапасы және басқалар. Бірақ, адам ағзасына әсер ететін негізгі факторлардың біріне - атмосфералық ауаның сапасы жатады. Жыл сайын, атмосфералық ауаның ластану дәрежесінің артуымен қатар, зиянды заттардың қасиеттерінің артуы да байқалады.

Мұнай өндіру аймақтарында, респираторлы аурулардың кездесу жиілігі 5-6 есе жоғары, аймақтың орташа көрсеткіштерімен салыстырғанда. Канцерогенді көмірсутектердің қоршаған ортада жоғары концентрацияда кездесуіне байланысты, рак аурулары салдарынан туындайтын өлім жағдайлары, ремпубликаның басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары. Бала өлімі көрсеткіші, мың адамға шаққанда 37 бала, мемлекет бойынша ең жоғары көрсеткішке ие.

Халықтың тұрғылықты аймағында күкіртті газдың максималды шектік бір реттік концентрациясы 0,5 мг/мкөрсеткішінен аспауы тиіс; күкіртті газдың максималды орташа тәуліктік концентрациясы 0,05 мг/м3 көрсеткішінен аспауы тиіс; жұмыс орнының атмосфералық ауасында - 10 мг/м3 /30/.

Өндірістік кәсіпорындардың тастамаларымен атмосфералық ауада ластану факторы, балалар өліміне айқын әсерімен сипатталуда. Балалар өлімінің қоршаған орта факторлар әсерімен қатынасының байланысы анықталды .

Атмосфералық ластаушылардың халық денсаулығына жедел спецификалық әсерін сирек кездестіруге болады. Адам ағзасының ластаушыға жауабы, жедел реакциясы бірнеше күндер мен кейде, сағаттармен сипатталады, ол көбіне апаттық жағдайда байқалады. Бірақ, жиірек хроникалық бейспецификалық өзгерістер кездесуде. Зерттелген материалдар, атмосфералық ауаның ластаушылары аз концентрацияда жануар ағзасына ұзақ уақыт әсер еткен кезде, ең біріншіден бейспецификалық өзгерістерге алып келеді .

Кейбір ғалымдардың мәліметтері бойынша, мұнай компоненттері тірі ағзаларға қатты ингибиторлық және токсикалық әсер көрсетуде.

Басқа зерттеушілер жыл сайынғы зияны қоспалардың жалпы шығарындыларын бағалау мен талдау жүргізуды ұсынады, сонымен қатар тұрғындар аурушаңдығының қауіптілігі динамикасы жылдар бойы профилактикалық іс- шаралар енгізуге дейінгі және кейінгі профилактикалық іс- шаралар тиімділігі бағалау тұрғындар денсаулығына қауіп- қатер деңгейін азайтумен байланысты болмақ.

Зерттеушілер қоршаған орта обьектілеріндегі рұқсат етілген поллютанттарды анықтайтын тиімділік-доза ара қатынасындағы нақты анықтама жасауда аса қатал ұлттық стандарттар негіздеу қажет деп санайды.

Сөйтіп, экологиялық қауіп-қатердің маңызды факторына атмосфералық ауаның, судың, топырақтың және азық-түлік өнімдерінің ластануы жатады.

Мұнай мен газ ағзаға түскенде жалпы улы және спецефикалық әсер етуі мүмкін.

Күкірттотығы күрамды табиғи газды өндіру зиянды әсері және газ өндіру мекемелерінің әсері ұрпақты болу жасындағы әйелдерге, бедеулікке әкелетін, жүктілік пен босану кезіндегі жоғары деңгейдегі ауытқулар, физикалық дамудағы ауыткулар мен аналарда жұмыс өтіліне байланысты жаңа туылған нәрестелер денсаулығына әсер етуі бекітілген.

Салыстыру негізінде экологиялық қолайсыз аймақтарда зерттеу жасалған келесі жұмыстарда аталған зерттеу жүргізілмеген. Олар - Будесова Ж.А «Методические подходы к раннему выявлению воздействия выбросов Карачаганкского нефтегазоконденсатного месторождения на здоровье населения» Алматы, 2009 ж., Зинуллин У.З. «Гигиенические основы интегральной оценки степени опасности загрязнения окружающей среды для здоровья населения и разработка индикаторных показателей в регионах нефтегазовых месторождений Прикаспия» Алматы, 2010 ж., Омаркожаева Г.Н. «Комплексная гигиеническая оценка качества окружающей среды и риск- факторов нефтегазовых месторождений» Алматы, 2006 ж., Ержанова А.Е. «Гигиеническая оценка и прогнозирование качества атмосферного воздуха в регионе Карачаганакского нефтегазоконденсатного месторождения» Алматы, 2006 ж.

Алайда аталған зерттеу жұмыстары экологиялық қолайсыз аймаққа жататын аудан Атырау облысы Интеграциялық газды химиялық кешен бойынша денсаулық жағдайы мен денсаулық сақтау жүйесіне қазіргі кезде дейін көптеген жылдар бойы зерттеу жүргізілмеген. Тұрғындардың медициналық демографиялық жағдайы, денсаулық сақтау жүйесіне баға беріліп болжам жасалмаған.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Электрондынұсқау: http://www.riarating.ru/countriesrankings/ 201208 16/61029 6693-print.html, http://vid1.rian.ru/ig/ratings/oilrating2012.pdf
  2. Электронлынv№ау:ht⅛://ria.ru/research rating/20111122/4948016 67.html
  3. Электронды нұсқау: http://www.planet-of-people.org/htmls/rus/ranks oil prod cons r.htm
  4. Электрондынұсқау: http://nex.kz/index.php/1429-2011-09-04-09-46-12?showall=&start=1
  5. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж., Курмангалиев О.М., Жансерикова А.Ж. Современные медико-экологические проблемы в регионах, прилегающих к испытательным полигонам // Материалы ІІ съезда врачей и фармацевтов РК. - 2002. - Б. 21-25.
  6. Зинуллин У.З. Экологическая и эпидемиологическая характеристика эпидемического процесса при гриппе и ОРЗ в нефтегазодобывающих регионах Атырауской области. // ХІ- Международная конференция «Здоровье семьи ХХІ век» мәліметтері. Нидерландия-Германия. - 2 мамыр 2007. - 306 б.
  7. Кенесариев У.И., Белоног А.А., Неменко Б.А., Жакашов Н.Ж. Санитарно-защитные зоны предприятий нефтегазопереработки. //Официальный бюлл. Госуд. санит. эпид. службы РК «ОС и ЗН». - Алматы: 2003. - № 1/31. - Б. 41-43.
  8. Электронды нұсқау: http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_ content&task=view&id=7431
  9. Хоулхаус М. Оценка риска для здоровья - комплексный подход к охране здоровья работника //Материалы Республиканского семинара «Особенности государственного санитарного надзора за предприятиями нефтегазовой и нефтеперерабатывающей промышленности». - Атырау: 2005. - Б.45-51.
  10. Зинуллин У.З., Калмуханова А.К., Молдахметова Ш.С., Апуов У.С., Уайсов Е.И., Жаркинов Е.Ж., Исмагулова А.Т., Заболеваемость населения Жылыойского населения Атырауской области проживающего в районе разработки нефти и газа // Медицина, 2006. - №10, - Б. 91-94.
  11. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж., Тезекбаева Ж.Г., Курмангалиев О.М. Здоровье населения как интегральный показатель загрязнения окружающей среды // Учебник «Экология и здоровье населения». - Алматы: «Ғылым» баспасы, 2003. - Б. 152-197.
  12. Масайлова Л.А. Гигиенические подходы к оценке уровня риска здоровью населения от воздействия химических загрязнителей окружающей среды: автореф. дис. на соиск. уч. степ. канд. мед. наук. - Алматы: 2004.- 22 б.
  13. Cox L.A., MacDonald T.R., Ricci P.F Science-policy in environmental and health risk assessment: If we cannot do without, can we do better?// Hum. And Exp. Toxicol.- 2006.- 25, № 1.- Р. 29-43.
  14. Сериков Ф.Т. Природоохранные методы освоения и использования нефти и газа: автореф. … докт. техн. наук. - Атырау: 2003. - 46 б.
  15. Кенесариев У.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Адильгерейулы З., Лоторева Ю.А. Гигиенические подходы к донозологической диагностике заболеваний в регионе влияния нефтегазового месторождения //Вестник КазНМУ. -2012. - №1. - Б. 328-331.
  16. Кенесариев У.И., Альбеков С.С., Абдуллаева К.А. Физическое развитие детей населенных пунктов, прилегающих к Карашыганакскому нефтегазоконденсатному месторождению // Вестник КазНМУ. - Алматы: 2002. - № 4. - Б. 36-42.
  17. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж., Алтынбеков З.Б. Санитарно-гигиеническая характеристика региона Шымкентского нефтеперегонного завода //Вестник Южно-Казахстанской медицинской академии. - Шымкент: 2002. - № 11-12. - Б. 134-139.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.