Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кредиттік технология жағдайындағы студенттердің оқу мотивацияларының психология-педагогикалық ерекшеліктері

Қазақстанның білім беру үрдісіне кредиттік технологияны қолдану арқылы бүкіл әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануы заман талабы.

Кредиттік технология жағдайындағы студенттердің оқу мотивациясы мәселесі Қазақстан Республикасының білім беру үрдісін дамыту мен жетілдіру кезінде аз өңделген және күрделі мәселелердің бірі болып есептеледі.

Мотив отандық және шетелдік психологияның фундаментальды мәселелерінің бірі болып есептеледі. Психологияда бұл мәселені жан-жақты қарастырылуы, мотив адамның белсенді іс-әрекетінің қозғаушы күші ретінде рөл атқаруымен сипатталады. Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылып келеді. Ал жеке тұлғамен іс-әрекет барысында оның мотивациялық ерекшеліктерін ескермей әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек.

Егер де қазіргі психология даму тенденцияларын қарасақ, онда оның логикалық орталығы мотивация мәселесі болып жатқанын байқау қиын емес (Б.Ф. Ломов) [15, 38]. Тұлға психологиясының «ядоросы» болып есептелетін (С.Л. Рубинштейн) мотивация адам өмірінің маңызды іс-әрекеті мен мінез-құлқтық ерекшеліктерін анықтайтын маңызды көрсеткіш болып табылады [16].

Н.И. Мешковтың пікірінше, мотивация мәселесі пәнаралық болып табылады, өйткені, тұлғаның мативациясына байланысты мәселелерді ғылыми танымның әр түрлі облыстары ( психология, педагогогика, әлеуметтану, тарих, биология, медицина және т.б.) өз позициясы мен көзқарастары тұрғысынан шеше алады. Бұл жағдай түсінікті, себебі аталған ғылымдардың объектісі ретінде жануарлар әлемінің түрлі өкілдері және ең бастысы адамның өзі өкіл болып қатысады.

Мотивация мәселесінің ұзақ уақыттар бойы зерттелгеніне қарамастан, бұл ұғым жан-жақты зерттелмеген және күрделі мәселелердің бірі болып есептеледі. Мотивация мәселесінің күрдеділігі мен көп аспектілілігі аталған мәселенің мәнін, табиғатын, құрылымын толық түсіну үшін түрлі амалдар қажеттілігін нақтылайды.

Отандық және шетелдік психологияда мотивация мәселесін зерттеу түрлі әдіснамалық позиция шеңберінде жүргізіледі. Батыс психологиясында, «мотивация» термині әр түрлі мағынада түсіндіреді, сондықтан біз батыс мектептеріндегі мотивацияның негізі тұжырымдамаларды бөліп көрсетеміз. XXf. 20ж. аса кең танымал ұғым «инстинкт» ұғымы болды.

В. МакДугал мен З. Фрейд [17] инстинктті мотивациямен байланысты жалғыз категория деп оны тума жетелеуші ретінде қарастырған. Психоанлаизде сана құмарлықтың кездеспелі сәті ретінде анықталынады. Ол инстинктік әрекетті растайды бірақ адам іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп, басқаратын жеке белсенділікті қоспайды.

Биохевиоризм ғылым саласында «драйв» түсінігінің жаңа теориялары пайда болды, оны ғалымдар «мотивация» категориясымен байланыстырады. Драйв термині жетелеуші күшті немесе алғашқы жабайылықты көрсете отырып, жануарларды белсенді болуға шақырады. Драйв сыртқы ортаның әсеріне шектеулі жауап қайтару болса, инстинкт сыртқы ортадан тәуелсіз іс-әрекетте болады. Необиохевиоризімнің қолдаушылары, Д. Уотсонмен, Э. Торндайк ғылымда «стимул-реакция» аралық өзгерістерді қарастырды [18]. Аралық өзгерістер теориясы сана ұғымын мойындап қана қоймай, оның адам іс-әрекеті мен мінез- құлқын жандандыратын және реттейтін құбылыс ретінде қарастырды. Осы уақыттан бастап мотивация категориясы адам жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті саласында маңызды орынға ие болды. «Драйв» , «қажеттілік» ұғымдары пайда бола басайды.

Фрейдистер мен биохевиористер теориясына талдау жасау олардың мотивацияны ұғымын өзіне мазмұнды бөлігін қоспайтын, белсенділіктің энергетикалық қайнар көзі ретінде қарастырған.

Батыс психологиясында мотивация жайлы зерттеулерде негізін салушы К. Левиннің «әлеуметтік мотивация» теориясы ерекше орынға ие [18]. Ол белсенді ассоциацияға қарсы шығып, белсенділік тұтастық ерекшелігі сақталған кейбір психика «бірліктерінде» ғана болады деп есептеді. Аталған кейбір «бірліктерге» қажеттілік пен мотивтерді жатқызады К. Левин адам іс-әрекетін жандандыратын қажеттіліктер мен мотивтердің адам іс-әрекеті мен жүріс- тұрысына үнемі байланыста болатынын анықтады. Ол адам жүріс-тұрысын жандандырушы ретінде сипаттамасы жағынан қажеттілік пен мотивке ұқсас мақсат пен мұратты қарастырды.

Гуманистік психология өкілдерінің бірі А. Маслоу өзінің «Мотивация және тұлға» деп аталатын тұжырымдамасында тұлғаның өзін дамыту мәселесіне көп көңіл бөледі. А. Маслоу пікірінше, мотив қажеттілік негізінде анықталынады және оның бірнеше деңгейлері бар (физиологиялық қажеттіліктер; бостандық пен қауіпсіздік қажеттіліктері; махаббат қажеттілігі; мойындау, жетістіке қажеттілік; өзін -өзі дамытуға қажеттілік). Адам іс-әрекеті оның ішкі және сыртқы мотивтерінен анықталатын қабілеттіліктері мен қажеттілктеріне тәуелді. Адамда жаңа қажеттілік тек алдыңғы қажеттіліктің қанағаттанғаныннан кейін пайда болады. А. Маслоу, адамның негізгі мотиві ретінде оның өз-өзіні тоқтаусыз дамытуы деп есептейді. Алайда, А. Маслоу тұлғаның «әлеуметтену» мәселесін қарастыра тұра оның қоғамдық-тарихи мазмұнын түсінбей, тума қасиет ретінде сипаттайды. А. Маслоу тұлғаның өзін- өзі дамыту үрдісін тума табиғи құбылыс деп есептейді [19]. Жоғарыда қарастырылған К. Левин, А. Маслоу және т.б. танымал ғалымдардың тұжырымдамалармен қоса адам іс- әрекеті мен жүріс-тұрысының негізгі мотиві ретінде қарастырылатын қажеттілік мәселесіне байланысты тағы бір зерттеу бағыттын қарастырсақ. Бұл бағыттың өкілдері Дж. Гилфорд пен Р. Кэттелл. Адам қасиеттерімен сипатталатын мотивация еркшеліктері мәселесін еуропалық психологтар Ж. Нюттен, Ле Ни Ф, Оллпорт, П. Фрес және т.б. зерттеді.

Ф. Оллпорт адам мотивациясын зерттеуде тұлғалық амалды қолдану ұсынды. Оның теориясында тұлғаның өзін-өзі дамытуы, мотивация субъектісі ретінде қарастырылды. Оллпорт теориясы - мотивацияны зерттеуде алға қадам жасауға мүмкіндік берді. Ол мотивацияны зерттеуде тұлғалық тәсілді қолдануын, мотив тұлға теориясында базалық мәселе болғанымен байланыстырады. Алайда ғалым тұлғаның мотив мәселесін тұлғаны антропологияландыра қоғамдық-тарихи жағдайдан байланыссыз қарастырады .

1938 жылы Г.Мюррей адам мотивтерінің индивидуалды ерекшеліктерін анықтау мақсатында сауалнама жасады. Мотивтердің индивидуалды ерекшеліктерін алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін сауалнама тұлға мотивін зерттеуде интенсивті мүмкіндіктер ашты. 50-ші жылдары Г. Мюррейдің «Тематикалық апперценионды тест» еңбегінің негізінде танымал психологтар Д. Мак-Клеланд пен Дж. Аткинсон адам мотивтерінің индивидуалды ерекшеліктерін анықтауға байланысты валидті тәжірибе жүргізді. Осы кезде жетістікке жету, билікке жету, аффилиация секілді мотивтер бөлініп, зерттелінді. Эксперименттік зерттеулерден соң «жетістікке жету мотивациясы» тұжырымдамасы кеңінен қарастырылды. Мұндағы жетістікке жету мотивіндегі белсенділік бір-біріне қарама-қарсы келетін екі, яғыни «жетістікке жету» мен «сәтсіздіктен қашу» тенденциясының нәтижесі ретінде түсіндірілді. Ғылымға тұлғаның жетістікке жету немесе сәтсіздікке ұшырау «субъективті мүмкіндігі» ұғымы енгізілді. Бұл теория көмегімен адамды іс-әрекетке итермелеуші мотив ұғымы жан-жақты қарастырыла бастады, саналы мақсат, тұлға алдындағы қиындықтар және оның еңбегі арасындағы байланыстар айқындала бастады. Бұл теорияның жаңалығы мұнда реакция емес адам іс- әректтері (соның ішінде вербалды емес іс-әрекет) қарастырылды. Адамға әсер ететін стимулдар, олардың бағалылығы мен маңыздық сипатына байланысты мотивтер негізінде көрініс табады. Ол аффективті жағдай мен әректтер сипатын анықтайды.

Сонымен, жоғарыда аталған американдық және еуропалық психологтар теорияларына сүйене, мотивацияның келесі типтерін бөліп көрсетуге болады:

Бірінші типке биоэнергетикалық негіздегі мотивация жатады, яғни «инстинкт мотивациясы», «еліктіру мотивациясы», «драйв мотивациясы».

Екінші типке психоэнергетикалық негіздегі мотивация жатады, яғни: «қажеттілік мотивациясы», «психикалық және әлеуметтік мотивация факторлары».

Отандық психологияда мотивация мәселесімен келесі ғалымдар айналысқан, олар: К.А. Абульханова-Славская, В.Г. Асеев, Л.И. Божович, Б.Ф. Ломов, А.В. Петровский, С.Л. Рубинштейн, П.М. Якобсон (іс-әрекет мотивациясы мен тұлға қалыптасуы); В.К. Вилюнас (адам мотивациясының психологиялық механизмі); И.А. Джидарьян, В.С. Магун ( қажеттілік, эмоция, сезімнің тұлға мотивациясындағы орны); Б.И. Додонов, Е.П. Ильин (іс-әрекет мотивациясының құрылымы мен динамикасы); Л.И. Петражицкий (тұлғаның этикалық мотивтері); М.М. Магомед-Эминов (жетістікке жету мотивінің механизмі мен құрылымы); Л.И. Анциферова, В.А. Иванников, С.Д. Смирнов, Д.Н. Узнадзе (іс- әрекет мотивациясы үрдісінің қалыптасуы тұлғаның психологиялық білім алуы ретінде).

Отаныдық әдебиетте мотивацияның әр түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, алайда жалпы алғанда олар бір-біріне қарама-қайшы келмейді. Мәселен, С.Л. Рубинштейн [16] өз еңбектерінде мотивация ұғымын адамның қоршаған әлеммен қатынас орнатуындағы субъективті детерминацияны бейнелеу немесе психика негізінде детерминацияна жүзеге асырудың жанама үрдісі ретінде түсіндірген. Ол мотивацияны адамды іс-әрекетке итермелеуші және іс-әрекетке өзіндік ерекшелік беретін, пән мен құбылыстың «мәнділігімен » байланыстырған. Өз зерттеулерінде «мән» мотивацияның негізі екенін басқа да ғалымдар атап көрсеткен. В.Н. Мясищев пікірінше, тұлғанің қасиеттері ол өзі неге талпыныс жасап жатқанының мәнін толық ұғынғанда ғана жан-жақты ашылады. Тұлғаның жеке мүмкіндіктері мен қасиеттері оның сыни кезеңдері мен өмірінде маңызды шешімдерді қабылдау барысынды ерекше көрініс табады.

В.Г. Асеев те мотивацияны «мәнділік» тұрғысынан қарастырды. Оның пікірінше адамның кез - келген жандану үрдістері негізінде, адам үшін объективті мәнділік пен шынайылыққа сәйкес келетін субъективті мәнділік арасындакғы қарама-қайшылық диалектикасы қарастырылады [ 20, 5]. Ол мотивация ұғымыны жалпы мінез-құлық детерминациясы ретінде түсіндіреді. Мотивация өзіне жандандырудың барлық түрін қосады. Бұл, қажеттілік, қызығуышылық, мақсат, еліктеу, бағдар немесе диспозиция және т.б.

Адам мотивациясындағы келесі маңызды принцип сана мен іс-әрекет байланыстылығы. Кеңестік дәуірдегі Л. И. Божович [21], Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев [22], В.С. Мерлин, П.М. Якобсон және т.б танымал ғалымдардың пікірінше сана адам іс-әрекетін реттеуде ең негізгі қызметті атқарады. Шыныйылықтың бейнеленуі негізінде сана адамның қағаммен және қоршаған әлеммен қатынастарын реттеп отырады.

Мотив ұғымын зерттеудің түрлі тәсілдерін ұсынатын зерттеушілер, мотивацияық үрдістер мен олардың қалыптасу механизімдерін түрліше сипаттайы.

Д.Н. Узнадзенің психологиялық теориясына сәйкес, адамның мақсатты тұтас іс-әрекетін түсіну үшін индивидтің тұтас психикалық жағдайын, күйін зерттеу қажет. Бұл күйлер адамның кез келген іс-әрекетті жүзеге асырар алдында пайда болады мұны адам бағыттылығы деп атасақ та болады.

В.Д. Шадриковтың жүйелік іс-әрекет тұжырымдамасына сәйкес жүргізілген зерттеу барысында субъект іс-әрекетінің мотивациялық құрылым трансформациясы мен динамикалық дамуы екі бағыт бойынша жүретіні айқындалып көрсетілді [23]:

  • біріншіден, жалпы мотивтер өзінің пәнін еңбек іс- әрекетінде табады;
  • екіншіден, кәсіби іс-әрекет мотивтерінің динамикасы байқалынады және олар төмендегідей көрсеткіштерде көрініс табады;
  • бұрын көрініс тапқан мотивтерде инволюция және жаңалықтың көрінуінде;
  • белгілі мотивтердің абсолютті және жанама мәндерінің өзгерістерінде;
  • мотивтердің құрылымының өзгеруінде;

В.И. Ковалев мотивацияны « қоғамдық қатынастардың тұтастығының пайда болуы» [5, 68] деп, мотивті «саналы қажеттілік» ретінде түсіндірген.

И.А. Васильев пен М. Магомед-Эминов мотивацияны екі өзара байланысты метажүйе ретінде яғни, тұлға жүйесі мен іс-әрекет жүйесі ретінде қарастырды. Ғалымдар метажүйені тұлғалық және детерминантты мотивацияларды бөліп оларды «іс-әрекетті реттеудегі тұлғалық және жағдайлық параметірерді біріктіруші, байланыстырушы үрдіс» ретінде түсіндіреді. Авторлар мотивті арнайы іс-әрекет тұрғысыннан қарастырғанда оны арнайы іс-әрекеттерді психологиялық реттеу үрдісі ретіде түсіндіреді. Мотив түсінігі мотивация жүйесінің бір бөлігі ретінде сипатталады. Мотивация мотивтен ерекшеленеді. И.А. Джидарьян пікірінше, ол мінез-құлықтың сыртқы және ішкі факторлар қатынасынан көрініс тауып, арнайы іс-әрекетті жүзеге асырудың амалы мен бағытының пайда болуын анықтайды. Осының нәтижесінде іс-әрекет мақсаты мен оған жету жолдары сәйкестендіріледі, мақсаттылық пен іс-әрекеттің мағыналығы анықталады.

Жалпы көп жағдайда мотив мотивациямен салыстырғанда тар ұғым ретінде қарастырылады. Мотив негізінен «мотив іс-әрекеті тұтас көрініс табатын психологияық фон ретінде» көрініс табады. Мотив пен эмоция комегінің негізінде адамның нақты бір іс-әрекеттеріне психологиялық ерекшелік пен мазмұн енеді.

«Мотив» термині француз тілінен шыққан, ол «motif» яғни бір нәрсеге «жетелеу», бір нәрсені «жандандыру» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі таңда психологиялық- педагоикалық әдебиеттерде мотив ұғымына берілген түрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың көпшілігі мотив ұғымын субъект қажеттілігін қанағаттандыруымен байланысты, белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру үшін жандандыру үрдісі, яғни субъектің мақсатты белсенділігін туғызатын, психологиялық күйлердің тұтастығы ретіндегі түсіндіреді.

Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты [24] сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, Т.А Матис, А.Б. Орлов) [25] жеке тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді.

Мотив тар мағынада адамды қандай да бір іс-әрекетке итермелейтын, сол іс-әрекетті орындауға стимул беретін күш. Кейде мотивтерді қажеттілік пен іс-әрекеттің пәне мен объектісі ретінде көрсетеді.

Мотивті тұлғаның бір іс-әрекетті таңдау кезіндегі саналы себеп ретінде түсіндіретін ғалымдар бар [5]. Мотив кез келген ішкі жандану ретінде де түсіндіріледі [19].

  1. Н. Леоньтевтің «психиканың даму мәселелері атты еңбегінде» мотив теориясын [26, 142-143] «бір мотивтер іс- әрекетке жетелейді, яғни оған тұлғалық мағына береді» деп түсіндірген. Басқалары, жандандырушы фактор қызметін атқарады (жағымды және жағымсыз) бірақ, мағына беруші функциясы болмайды. Функцияарды мотивтер арасында бөлу мағына беруде және мотив пен іс-әрекет арасындағы басты қатынастарды қарауға көмектеседі, тұлғалық мотивациялық саласы, иерархия мотивтерінің қатынастарын сипаттауға мүмкіндік береді» деп есептеген.
  2. Г. Леонтьев мотив ұғымын «адам белсенділігін ұйымдастырудың тұтастық амалы» ретінде түсініп, мұнда мотивтердің когнитивті, қажеттілік және реттеуші- атқаруышы қызмет түрлерін бөліп көрсетеді [22].

Аталған функциялар, жекелей өзіндік мағынаға ие, мотивация құрамына ене отырып, өзіндік мағынасын жоғалтпайды. Мотив, тұлғаның барлық жүйе қызығушылықтары сипаттап тұлғаның тұтас құрылым жағдайын көрстеді және барлық жандану үрдістерінің реттеушісі қызметін атқарады. Оның негізгі функциясы іс- әрекет бағыттылығын қалыптастыру және жандану қажеттіліктерінің селекциясы.

Мотив мәселесі бойынша тағы бір теорияның негізін салушы Р.Х. Шакуров. Ол мотив мәсеесіне берген Х. Хеккхаузен [27, 309] анықтамасына сүйене отыра «мотив тұлғаның іс-әрекетке іштей жандандырушысы болған белгілі құндылықтарға талпынысы» деп түсіндірген Көптеген отандық және шетелдік психологтар еңбектеріне жүргізілген талдау қазірі таңда мотив мәселесі тұлғалық психология контекстінде кең қарастырылып жатқанын көрсетті. Қазіргі таңда мотивация бойынша зерттеулер нақтырақ айтсақ оқу мотивациясы туралы зерттеулер өте сирек кездеседі. П.М. Якобсон белгілегендей: « мотивациялық сала құрылымын жан-жақты зерттеу оқу іс- әрекетінің нәтижелілігін қамтамасыз етуде мәнді орынға ие болады».

60 жылдары оқыту теориясы мен практикасы саласына «оқу мотивациясы», «оқу мотиві» деген түсініктер енгізіліп, кеңінен зерттеліне бастады. Л.Г. Выготскийдің пікірінше бір мотивтің екінші мотивтен айырмашылық етуінің басты себебі олардың қалыптасу негізі болатын «әлеуметтік дамуы жағдайларының» түрліше болуы.

Оқу мотивациясы мәселсіне отандық педгогикалық психологияда ерекше назар аударылады. Оны үйренудің маңыздылғы мотивация оқу процесінің сапалы болуы үшін маңызды фактор болып есептелетінінде [28].

Оқу мотиві жалпы мотивтің бір түрі ретінде қарастырылып өзіне студенттің оқу - танымдық іс-әрекетін, оқу талпынысы мен мақсатын және т.б. қосады. Оқу мотивациясы кез келген басқа мотивтер секілді бірнеше факторлар негізінде анықталады.

Біріншісі ол білім беру жүйесі мен білім беру ұйымына сәйкес анықталады;

Екіншісі білім беру ұйымының білім беру үрдісіне сәйкес; Үшіншісі білім алушылырдың субъективті ерекшеліктеріне сәйкес;

Төртішшісі Педагогтардың жалпы әкімшіліктің субъективті ерекшеліктері мен студентке қатынас жүйелерінің ерекшеліктеріне сәйкес;

Бесіншшісі оқу пәнінің ерекшелігі мен студент, қоғам үшін мәнділігіне сәйкес [28].

Мотивацияның кез келген басқа түрі сияқты оқу мотивациясы да жүйелілік, бағыттылық, тұрақтылық, даму динамикалылығымен сипатталады. Л.И. Божович оқу мотивтері мәселесіне байланысты зерттеулерінде студенттің оқу мотивтерінің кең көрініс табуы оның төмендегі мотивтер ирархиясынан құрылады деп көрсетеді:

  1. оқу іс-әрекетімін тығыз байланысты ішкі мотивтер;
  2. студенттің қоғамдық қатынас жүйесінде дәрежелі орынды иеленуге талпыныс ретінде көрініс табатын әлеуметтік мотивтер. Дегенмен тұлғанң кез-келген мотиві оның жас ерекшелігі мен қажеттіліктеріне сәйкес үнемі өзгеріп отырады [21].

А.К. Марков студенттің оқу мотивациясының қалыптасуы студенттің алдыңғы үнемі өзгеретін және жаңарып отыратын оқуға деген мотивтеріне (білімнің адам үшін мәнділігі, білімнің адамға қажеттілігі, оқуға талпынысы, оқудағы мақсаты) негізделеді деп көрсеткен. Сондықтан тұлға бойында көрініс табатын мотивтер тек жас ерекшелік қажеттіліктеріне сай құрылады деген қате пікір, ол тұлғаның қарым қатынас жүйесіндегі ерте кезде көрініс тапқан мотивтер ирархиясына да тікелей байланысты. Нақты осы ертеде көрініс тапқан мотивтер негізінде тұлғада оқуға, өмірге қатысты жағымды немесе жағымсыз мотивтер қалыптасады [21, 14]. Жоғарыда көрсетілген теориаларға сәйкес адам мотивтерін зерттеу барысында, оның дәл зерттеу барысындағы негізгі мотивтерін ғана емес сонымен қоса жалпы ерте кездегі мотивтер жүйесін де толық зерттеу керек. А.К. Марков оқу мотивациясының құрылуы алдынғы мотивтер ирархиясына тікелей байланысты екенін бөліп көрсетті.

А.К. Марковтің пікірі бойынша «Оқу ол ерекше іс-әрекет үрдісі, осы үрдіс кезінде оқушылар зерттелініп жатқан объектпен, қоршаған ортадағы адамдармен қатынас жасаудың жаңа амал-тәсілдерін меңгереді. Оқушының нақты осы жаңа оқу пәндік іс-әрекеттерді меңгеруі, оқытудың тәрбилелік және дамытушылық қызметін көрсетеді» [ 29, 63].

Оқу мотивациясы адам мотивациялық саласының бір бөлігін ғана құрайды және ол адам өмірінің қоғамдық қатынас жүйесіндегі орны мен оның белгілі бір даму кезеңінде қалыптасады.

Оқу іс-әрекетінің мотивациялық саласы үлгісі өзіне төмендегі компоненттерді қосады: (1983 жылғы А.К. Марков еңбегіне сәйкес)

  • оқу іс-әрекеті, оның компоненттерінің қалыптасу деңгейі;
  • оқушылар үшін оқудың маңыздылығы;
  • оқу мотивтері;
  • мақсаттар;
  • оқу үрдісінде көрінетін эмоциялар.

Өзінің басқа жұмысында А.К. Марков (1983) оқу мотивацияның саласын құраушы басқа компоненттер ирархиясын көрсетеді.

Негізгі құраушылары:

  • Оқуға қажеттілік -«бала белсенділігінің бағыттылығы»
  • Оқудың маңызы- оқушының құндалақ бағдарын анықтайтын тұлғалық білім алу;
  • Оқу мотивтері- оқушы белсенділіктері оқу қиындықтарын жеңіп өтуге, жаңа білімді меңгеруге бағытталуы,
  • Мақсаттар- «оқу жұмысның аралық нәтижесіне бағыттылғы».

Қалыпты құраушылар:

  • Эмоция - мотиивтер мен олардың оқу үрдісі барысында жүзеге асу мүмкіндіктері арасындағы байланыс;

1990 жылы жазылған А.К. Марков жұмыстарында мотивациялық саланың құрылымын төмендегідей сипатталған:

  • Мотивтер (оқушы не үшін оқиды);
  • Мақсаттар (оқу алдына қандай мақсаттар қояды);
  • Эмоциялар ( оқу қалай уайымдалады).

Оқу мотивациясы мәселесіне байланысты ғылыми әдебиетке жүргізілген талдау, психологтардың оқу мотивация іс-әрекетінің құрылымына көз қарастары бірнеше парамтерлер негізінде құралатынын көрсетті.

Мысалы, А.К. Марков, Т.А. Матис, А.Б. Орлов білім алушының мотивациялық саланың компоненттеріне мақсат, эмоция, оның оқи алу біліктілігінің жағдайын, мотивтерді жатқызады [25, 11].

В.В. Давыдов [30, 53] пен Д.Б. Эльконин оқу мотивациясының құрылымын ұйымдастыратын негізгі компонентіне, оқушының жаңа іс-әрекет тәсілдерін меңгеруге бағыттылығын жатқызады;

Г.И. Щукин -танымдық қызығушылық;

Ю.К. Бабанский [31] - міндет пен жауапкершілік мотиві;

Г. Розенфельд оқу мотивациясының келесідей контент- категорияларын (факторлар) көрсетеді:

  1. Оқу үшін оқу, іс-әрекеттен ләззат алмай, оқу пәнге қызығушылықсыз оқу;
  2. Жеке қызығушылық және пайда көруді көздемей оқу;
  3. Әлеуметтік бірегейлік үшін оқу;
  4. Жетістік үшін немесе сәтсіздіктен қашу мақсатында оқу;
  5. Мәжбүрлеу немесе қысым негізінде оқу;
  6. Әлеуметтік нормалар мен моралдық міндет пен түсініктерге негізделе оқу;
  7. Күнделіткі өмірде жетістік мақсатқа жету үшін оқу;
  8. Әлеуметтік мақсаттар, міндеттер, құндылықтарға негізделген оқу.

Осыдан шыға отырып, мотивациялық сала төмендегі көрсеткіштер көмегімен анықталады деген қортындыға келуге болады:

  • оқу іс-әрекетінің жеке сипаты бойынша;
  • әрбір білім алушы үшін оқудың маңыздылығы бойынша;
  • оқу мотивтерінің сипаты бойынша;
  • мақсаттардың нақтылығы бойынша;
  • оқу үрдіссін жетелеуші эмоциялардың ерекшеліктері бойынша.

Жоғарыда келтірілген оқу іс-әрекеті мотивациясының үлгісінің сипаттамасы, адамның кез келген іс-әрекеті мен жүріс тұрыс мотивациясы сипаттамасына сәйкес болады. Жалпы іс-әрекет мотивациясының, оқу іс-әрекет мотивациясынан айырмашылығы, олардың үлгісі мен қызметі емес, оларды құраушы компоненттерінің сипаттамасы болып табылады.

60 жылдардан бастап, оқу мотивациясын зерттеудің өзектілігі арта түсті.бұл тұста оқу мотивін зерттеу барысында ғалымадрдың көзқарастары бөліне бастады, кейбір ғалымдардың пікірінше, ең алдымен «оқу мотивациясы», «оқу іс-әрекеті мотивациясы», «оқу мотиві» «оқушының мотивациялық саласы» секілді түсініктердің ара жігін айқындап көрсету керек.

Мысалы, П.М. Якобсон оқу мотивациясын оның табиғаты мен мазмұнын анықтау тұрғысынан зерттей бастаған. Ол оқу іс-әрекеті мотивациясы негізін анықтай: «адамның саналы жүзеге асыратын іс-әрекеті ретіндегі оқу мотивациясы (оқудың мотивтері), оның отбасы мен әлеуметтік ортадан алатын сыртқа әсерлерінің өңделген нәтижесі. Оқу осы әсерлерге саналы немесе санасыз қатынас ретінде, өмірлік ұстанымдарға, адамның қызығушылықтары мен талпынастарына байланысты болады» [33].

В.Д. Шадриков жүйелік амал тұрғысында оқу іс-әрекетінің мотивациясын осы іс-әрекетті белсендіретін стимул ретінде қарастырады. Осыған сәйкес ғалымның мотивация үлгісі өзіне сыртқы (оқушыға сырттан әсер теу) және ішкі қоздрғыштарды қосады [23, 52].

Оқу іс-әрекеті тұжырымдамасының аясында жұмыс жасап жүрген Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов және т.б. психологтар, оқу іс-әрекетінің табиғатын, оқушының оқу іс- әрекетін жүзеге асыру барысындағы жаңа психологиялық дамуы деп түсіндірген. Осыыған сәйкес оқу мотивацияның құрылымдық сипаттамасын үнемі өзгеріске ұшырайтын, жаңа қатынастарға түсетін бір топ қоздырғыштар ретінде анықталынады [30, 18].

О.С. Гребенюк оқу мотивациясын «адамды білім алуға, таным тәсілдерін меңгеруге, білім алуға саналы қатынас жасауға, оқу іс-әрекетінде белсенді болуға итермелейтін мақсат, қажеттіліктер мен мотивтер жүйесі» деп түсіндіреді. Оқу мотивациясы мотивацияның жеке түрі ретінде анықталынады, ол белгілі бір іс-әрекет бөлігіне қосылады ал нақты осы жағдайға сәйкес оқу ол іс-ірекетінің бөлігі болып табылады. А.К. Марковтің пікірінше «оқу іс- әрекетінің мотивациясы үнемі өзгеріп тұратын және бір- бірімен жаңа қатынастар орнататын жандандырушы топтың негізіндеқалыптасады. Сондықтан мотивацияның қалыптасуы оқуға қатысты жағымды немесе жағымсыз қатынастің өсуі ғана емес жандандырушы қасиеттер енетін мотивациялық саланың күрделі құрылымы болып табылады» [29, 118].

Оқу іс-әрекеті мотиацяисын талдау барысында, доминантты қоздырушыны (мотивті) ғана анықтап қоймай, сонымен қоса адамның тұтас мотивациялық саласының құрылмын ескеру қажет болып есептеледі.

Осылайша, оқу мотивациясы – оқушыны танымдық іс- әрекетке итермелейтін, білім мазмұнын белсенді меңгеруге итермелейтін әдіс, тәсілдер мен үрдістер жиынтығын атайды. Оқу мотивациясы дамушы тұлғаның бағыттылығын анықтап ғана қоймай эмоционалды-еріктік салада көрініс тапқан оқу іс-әрекетінің жүзеге асырылу жолында қарастырады. Ол түрлі уақыттық интервал жағдайындағы оқу іс-әрекеті мотивациясымен шартталған маңызды көпфакторлы детерминация үрдісіне енеді.

Бүгінгі таңға дейін педагогика мен психологияда оқу іс- әрекетінің мотивтеріне қатысты ортақ пікір жоқ. Сонымен оқу мотиві немесе оқытудың мотиві дегеніміз не?

И.А. Джидарьян пікірінше «мотив» ұғымына бүгінгі таңға дейін ортақ анықтама берілмеген. Оның ойынша, мотив мотивациямен салыстырғанда тар мағынада қолданылады, онда психологиялық мазмұн тіркеледі. Ол мотивті іс- әрекетке энергия беруші, қажетті бағытқа бағыттаушы тұлғаның ішкі күйі ретінде анықтайды [33]. И.А. Джидарьян «мотив іс-әрекетті жүзеге асуру үшін себеп» деп анықтама берген кейбір авторларды сынға алып, бұл зерттеудің психологиялық амал талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетеді. Оның пікірінше, мұнда мотивті басқа котегориялардан, мысалы мақсаттан ерекшелейтін ішкі психологиялық айырмашылықтары нақты көрсетілмеген. Сондықтан мотивті қоздырушы күш ретінде сипаттау психологиялық тұрғыда нақты болып есептелмейді. Әрине, тұлға іс-әрекетін анықтайтын сыртқы әсерлерді мотив деп сипаттай алмаймыз, бірақ мотивті, мотивтің қалыптасуына негіз болатын объектермен салыстырып түсіндіру қате болады. Себебі мотивтер іс-әрекетті бағыттап, реттеп ғана қоймай, сонымен қоса іс-әрекет үрдісте сыртқы әсерлерді өзінде сезінеді. Мотив субъективті-объетивті шынайылық ретінде түсіндіріледі. Мотивтер адамның шынайылығы барысында көрсетіледі және оны іс-әрекет саласына бағыттайды [33].

Ғылыми әдебиеттерде «оқу қызметінің мотиві», «оқу мотиві» түсініктеріне түрлі анықтамалар берілген. Зерттеушілер «мотив» ұғымын іс-әрекетті бағыттаушы, реттеуші, іс-әрекетке мағына беруші және тағы басқа күш ретінде түсіндіреді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Закон РК «Об образовании» от 2007. – 12 с.
  2. Кулекеева Ж.А., Гамарника Г.Н., Абдрасилова Б.С. Основы кредитной системы обучения в Казахстане - Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 198 с.
  3. Юрчук В.В. Современный словарь по психологии. – М.: Современное слово, 1998. – 350 с.
  4. Маркова А.К. Формирование мотиваций учения в школьном возрасте. – М.: Просвещение, 1983. – 420 с.
  5. Ковалев В.И. Мотивы поведения и деятельности. - М.: Наука, 1988. – 198 с.
  6. Айзенк Г.Ю. Структура личности. - СПБ.: Ювента, 1999. – 464 с.
  7. Закон Республики Казахстан «Об образовании». Алматы: ТОО «Баспа», 1999.–22с.
  8. Асанов Н.А., Калдияров Д.А., Минажева Г.С. Организация образовательного процесса на основе кредитной технологии – Алматы: Казак университет, 2004. – 42 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.