Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Атмосфералық ауаның ластану деңгейіне байланысты тұрғындар денсаулығының жағдайы (алматы қаласының мысалында)

Мақалада Алматы қаласында атмосфералық ауа мен тұрғындар денсаулығы сапасына баға берілген. Қаланың ауа бассейнінің басым ластаушылары шаң фракцияларының өлшенген бөлшектері РМ10 мен РМ 2,5 және азот диоксиді екендігі анықталған. Канцерогенді емес қауіп-қатердің индекстері мен коэфициенттерінің жоғары көрсеткіштері бақылануда, сонымен қатар өлшенген бөлшектердің респерабельді фракциялары мен азот диоксидінің атмосферадағы деңгейінің арту тенденциясы байқалған. Тұрғындардың алғашқы аурушаңдық деңгейі Республикалық көрсеткіштен жоғары, бұл әсіресе балалар аурушаңдығында 1,7 есе жоғары. Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын аса маңызды аурулар Алматы қаласының жағдайында тыныс алу ағзаларының аурулары, қанайналым жүйесінің аурулары, қан және қан түзілу ағзаларының аурулары мен жүйке аурулары. 

Кіріспе. Қазіргі уақытта қала тұрғындары антропогенді жүктеменің артуын сезінуде. Урбандалу үрдісінің қарқындылығы, автотраспорт санының артуы қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына әсер етуде. Қоршаған орта факторлары мен тұрғындар денсаулығының жағдайы арасындағы сандық байланысты бекіту мүмкін емес. Алматы республиканың ең ірі қаласы. Тұрғындардың жалпы саны 2014 жылдың 1 қаңтарында 1507,5 мың адамды құрады.

Қаланың ауа бассейніне стационарлы көздерден шығарылатын зиянды заттар көлемінің төмендегенмен экологиялық жағдайдың жақсаруы байқалмайды, бұл қала атмосферасын ластаушы автотранспорт

шығарындыларының үлесінің артуымен байланысты. Осы негізде қала ауа бассейнінің ластауы тұрғындар денсаулығына тікелей әсер ету мәселесі толығымен анықталмаған. Атмосфералық ауа ластануының тұрғындар денсаулығына әсіресе балалар денсаулығына әсері туралы жекелеген ауру класстары мен иммунологиялық жетіспеушілік бойынша зерттеу нәтижелері де бар.

Мақсаты: Алматы қаласы тұрғындарының денсаулық жағдайы мен атмосфералық ауаның химиялық ластануына гигиеналық сипаттама беру.

Зерттеу материалдары. Ауаның ластану жағдайы РММ «Казгидромет» соңғы 5 жылғы мәліметтері бойынша бағалау жасалды. Елді мекендегі ауаны ластаушы заттарды анықтауда ауа сапасының басты критерииі шекті рұқсат етілген концентрация мен референтті концентрация (максималды қауіп-қатер деңгейі) болды. Тұрғындардың денсаулық жағдайы жаппай әдіспен 2009-2013 жылдар аралығындағы медициналық ведомствалық статистикалық есеп бойынша тұрғындардың алғашқы аурушаңдық жағдайы зерттелді.

Зерттеу әдістері. Гигиеналық - санитарлық статистикалық әдіс пен қауіп-қатерді бағалау әдістемесі.

Зерттеу нәтижелері. Алматы қаласы ауа бассейнінің химиялық ластануын гигиеналық бағалау. ДДСҰ сарапшыларының ұсынысы бойынша елді мекендегі атмосфералық ауа сапасын бағалау үшін адам денсаулығына аса қауіпті басым заттар анықтау керек, бұл тізімге көлемі 10 және 2,5 микроннан аз өлшенген заттар кіреді (РМ10 және РМ 2,5, NOx, SO2 және озон О3). Атмосфералық ауа сапасының ұлттық мониторингі жүйесіндегі басым ластаушылардың тізіміне азот диоксиді мен күкірт кіреді. РМ10 және РМ 2,5 шаң фракцияларына нақты мониторинг республикада жүргізілмейді, тек кейбір қалаларда 2010 жылдан бастап РМ10 фракцияларына бақылау жүргізілуде. Алматы қаласында аталған заттарға әлі күнге дейін мониторинг жүргізілмейді.

Қазақстанда қолданыстағы нормативті құқықтық актілерде аталған фракцияларға гигиеналық нормативтер жоқ екендігі ескерсек, республикалық бақылау қызметінің қадағалауында аса қауіпті шаң фракцияларына бақылау жүргізілмейді.

2012 жылы ҚазҰМУ қауіп-қатерді бағалау зертханасы мен American University (США) қызметкерлері алғаш рет есепті әдіспен РМ10 және РМ 2,5 ортажылдық концентрацияларын Қазақстанның аса маңызды 14 қалаларында, оның ішінде Алматы қаласында анықтады. Осы мәліметтерге сүйене отырып Алматы қаласы атмосфералық ауасының сапасына әртүрлі модификацияланған шаң фракциялары деңгейіне бағалау жүргізілді. Отандық гигиеналық нормативтердің жоқтығына байланысты Ресей Федерациясының регламенттері қолданылды (Гигиеналық нормативтер ГН 2.1.6.2604-10).

Осылайша Алматы қаласы ауа бассейнінің химиялық ластануының сапасын бағалау келесі заттар бойынша жүргізілді: РМ10 және РМ 2,5, NO2 және SO2, яғни басым полютанттар. Алматы қаласы ауа бассейнінің сапасын бағалау аталған заттардың 2009-2013 жылдар аралығындағы ауадағы ортажылдық деңгейін анықтау арқылы жүргізілді (1 кесте).

1 кесте - 2009-2013 жылдар аралығында Алматы қаласының ауаны басым ластаушы заттарының ортажылдық концентрациялары

 

Басым ластаушылардың еселік артуының мәні мг/м3

Өлшенген заттар

NO2

SO2

РМ10

РМ 2,5

2009

0,132

0,053

0,08

0,042

2010

0,115

0,046

0,10

0,046

2011

0,066

0,026

0,06

0,048

2012

0,086

0,034

0,08

0,056

2013

0,065

0,026

0,11

0,065

ШРЕК мг/м3

0,04*

0,025*

0,04**

0,125**

Ескерту: *норматив Ресей Федерациясында қабылданған, ** норматив Қазақстан Республикасында қабылданған.

Талдау жүргізілген барлық кезеңдерде Алматы қаласының ауасын басым ластаушылар тізіміндегі барлық заттардың көрсеткіштері норма деңгейінен артық болған, тек күкірт диоксидінің көрсеткіші төмен. Күкірт диоксидінің ортажылдық концентрациясы біршама артқанмен рұқсат етілген нормадан төмен. Қала ауа бассейнінің басым ластаушы заттарының ортажылдық концентрациялары гигиеналық нормативтермен салыстырылды. Қазіргі уақытта референтті концентрацияларды тиімді пайдалану - бұл қауіпсіз нормативті өлшемдер сияқты, яғни жалпы мойындалған қауіп-қатерді бағалау әдістемесі.

Осы негізде Алматы қаласы атмосфералық ауа сапасын бағалау тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау ұстанымы бойынша бекітілген деңгейлер арқылы ауаның басым ластаушы заттармен ластануын анықтадық.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Кенесариев У.И., Досмухаметов А.Т., Амрин М.К. Қазақстан қалаларының атмосферасының шаң бөлшектерімен ластануынан тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерін бағалау. //Вестник КазНМУ. - 2013. - №3. - С.56-58.
  2. Ussen Kenessariyev, Alexander Golub, Michael Brody, Askhat Dosmukhametov, Meiram Amrin, Aya Erzhanova, Dinara Kenessary. “Human Health Cost of Air Pollution in Kazachstan” // Journal of Environmental Protection. - 2013. - №4. - С.869-876.
  3. Кенесариев У.И., Досмухаметов А.Т., Амрин М.К. «Респирабельные фракции как фактор смертности населения городов Казахстана» //Материалы XVII Материалы научной конференции «Здоровье семьи XXI век». - Пермь: 2013. - С.167-170.
  4. «Методические указания по оценке риска воздействия взвешенных частиц атмосферы на здоровье населения». - Астана: 2006. - С.10.
  5. «Руководство по оценке риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду». - М.: 2004. - С.116.
  6. Фролов А.Б. Комплексная гигиеническая оценка аэрогенного риска бронхолегочной патологии населения промышленного города: автореф. дисс… канд. мед. - Оренбург, 2007. - С.19.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.