Бүгінгі таңда хирургия саласына инновациялық технологиялары енгізілуіне байланысты, емдеудің сапасы мен нәтижелігі өсіп, едәуір дәрежеге көтерілді. Бұл үдерісті тиісті деңгейге жеткізу үшін мамандардың білімі мен біліктілігін де жетілдіру керек. Қосымша білім беруде замануи технологияларын қолдана отырып, хирургтардың білімін арттыруға болады.
Бүгінгі таңдағы хирургияда, инновациялық технологиялар, дәстүрлі, яғни «ашық» оталардың санын едәуір төмендетті, әсіресе өттің тас ауыруында, ішкі органдардын кисталарында. Әрине, бұл құбылыс, эндобейнелік кірісулердің күмән келтірмес келесі ұтымдылықтарының нәтижесі: жарақаттық әсерінің ықшамдылығы, оталардан кейін дамитын асқынуларының, адам өлімінін күрт азаюы, экономикалық және қаржылық нәтижелігі, косметикалық тиімділігі. Осы себепті бүгінгі таңда, көптеген ауруханаларда эндобейнелік хирургияның қоңдырғылары мен құрал жабдықтары алынып, әр түрлі кірісулер атқарылып жатыр. Әлбетте, бұл күрделі емдеу технологияны нақтылы түрде іске асырып, барлық мүмкіндіктерін пайдалану үшін және осы бағытта ұсынылып жатқан медициналық ілімнің жаңа жетістіктерін тәжірибеге ұйғаруда, жоғары дәрежеде даярланып, кәсіби мамандандырылған дәрігерлерді дайындау қажет [1,2]. Бұл оталарда қолданылатын арнайы қоңдырғылар мен аппаратураның техникалық және технологиялық жағынан күрделігіне, оперативтік техниканың айрықша ерекшелігіне байланысты, барлық ережелерін сақтамаса, науқастың организміне үлкен қауып та тууы мүмкін. Сондықтан бейнелік кірісулерге жіберілген мамандар арнайы дайындық оқу бағдарламалары бойынша оқытылып, теориялық және тәжірибелік білімі мен біліктілігін жетілдіріп, барлық техникалық және технологиялық ережелерін толық меңгеруі қажет. Әлбетте, осы себептерге байланысты эндобейнелік кірісулерге арнайы дайындықтан өтіп, даярланған мамандар ғана жіберілуі керек және олар үнемі білімдерін жетілдіріп, жаңартып отыруы қажет. Сонымен қатар, эндобейнехирургияға, «ашық» оталарды, яғни дәстүрлі хирургияны меңгерген және тәжірибесі бар хирургтер жіберілгені дұрыс, себебі әр лапароскопия үстінде техникалық қиыншылықтар мен әртүрлі бөгеттер, қауыпты асқынулар (қан кетулер, органдардың зақымдануы) туындап, кенеттен ашық лапаротомияға ауысуы (конверсия) мүмкін. Сондықтан хирург, эндобейнелік оталармен қатар, дәстүрлі хирургияны да тиісті дәрежеде біліп, техникалық орындалуына әрқашан даяр болуы қажет. Осы тұрғыдан, эндобейнелік кірісулерге дәстүрлі оталардан біршама тәжірибесі бар, құрсақ хирургиясын меңгерген мамандар жіберілгені дұрыс. Ал бұл дәрігерлер, дәстүрлі хирургиядан тәжірибесінің жеткіліктілігіне қарамастан, технологияның күрделігіне байланысты, арнайы білім жетілдіру циклын өтіп, техникасын толық меңгеріп, машықтануы қажет.
Бүгінгі таңда эндобейнехирургиядан білім жетілдіру циклдарында дәрігерлерге теориялық білім берумен қатар, тәжірибелік техникалық дағдылануында жаңа инновациялық технологиялар қолданылады. Бұнда мамандарды даярлау оқыту үрдісі сатылап, қарапайым тәсілдерден күрделісіне қарай, симмуляциялық машықтануынан клиникалық дағдылануына дейін іске асырылады. Мысалы, циклдды өтуші тыңдаушы алдымен тиісті дәрежеде теориялық білім алып, бұдан кейін эндобейнеқоңдырғымен, инструменттермен тәжірибелік жағдайда толық танысады, олардың қолдану ережелері мен технологиясын ұйғарады. Лапароскопиялық хирургияның маңызды және күрделі ұстанымдарымен танысып, техникалық орыңдалуына көп назар аударылады: іш қуысына пункция жасау, троакар еңгізу, инсуфляция жасау, бейнекамераны кіргізіп орналастыру, инструменттерді құрсақ қуысына енгізіп шығаруы, коагуляция. Бұл оқыту сатысындағы мәселелер толық ұйғарылғаннан кейін, тындаушы симмуляциялық орталығында эндобейнехирургиялық оқыту қоңдырғысымен («Лапсим» тренажеры) тәжірибелік тренингке жіберіледі. Бұл кезде ол, алдында алған теориялық білімін іс жүзінде тәжірибелік симмуляциялық жағдайда орыңдап, қайта-қайта жаттығып, техникалық тәсілдерге машықтанады. Яғни, эндобейнехирургиялық «Лапсим» тренажер қоңдырығысында тыңдаушы лапароскопиялық оталардың әр техникалық сатысын өзі орындап жаттығады: іш қуысына кіру, инсуффляция жасау, инструменттерді қолдану техникасы, гемостаз жасау, оташылдық тәсілдерді орындау. Тыңдаушы әр техникалық дағдыны қайталап орындап, машықтануын тиісті дәрежеге дейін жеткізуі керек. Ол үшін оқу үрдісінің едәуір бөлігі, әсіресе тыңдаушының өзіндік жұмысының сағат көлемі симмуляциялық дағдылануына бөлінеді. Тәжірибелік дайындықтың келесі сатысы клиникалық база жағдайында оташылдық бөлмеде жүргізіледі.
Бұнда олар лапароскопиялық қоңдырғыны ота алдындағы монтаждауына, аппаратураны тексеріп даярлауына, инструменттер жинағын құрастыруға, операциядан кейін қоңдырғының демонтаждауына, инструменттерді залалсыздандыру технологиясын үйреніп, операционды персоналмен бірге жұмыс атқарады. Сонымен қатар, тыңдаушылар эндобейнелік оталарға да, ассистент ретінде қатысып, оперативтік техниканы іс жүзінде ұйғарады. Әлбетте, бұл оқыту сатысының қарқындылығымен сапасын арттыру үшін, топтағы тыңдаушылардың саны ықшам болуы керек немесе бірнеше клиникалық базамен жабдықталуы қажет және оқу жоспары мен үрдісі клиникалық базаның оперативтік жұмысына сәйкестендірілуі керек. Тыңдаушылардың тәжірибелік оташылдық дағдылануы бұл жағдайда жекешелендіріліп, бір топтан екі ықшам топ құрастырылады да, олар екі клиникаға бөлініп жіберіледі. Бұл жағдайда, әрине эндобейнелік қоңдырғысы мен қамтылған бірнеше клиникалық база болу керек. Яғни тыңдаушылардың эндобейне отаны қарқынды және сапалы түрде ұйғаруы, клиникалық базалардың санына және олардың мүмкіншіліктеріне де байланысты, неғұрлым бұл операциялардың саны көп болса, солғұрлым тыңдаушылар оларға жиі қатысып, машықтануы да нәтижелі болады. Эндобейнелі хирургияны тәжірибелік оқыту үдерісінде өте бір маңызды орын алатын жәй, бұл кафедралдық бейнефильмдер қоры (видеотека) болуы және тәжірибелік сабақтарда бейнефильмдерді жиі көрсетіп, талдау жасауы. Әр тәжірибелік сабақ үстінде, семинарларда бұл бейнефильмдер көрсетіліп, хирургтың әр техникалық әрекеті отаның сатылары бойы сарапталады, интраоперационды жағдайлар талдауға салынады. Тыңдаушының өзіндік жұмысының да едәуір көлемі мен тақырыптары бейнелік презентация жасалуына, фильмдер жинастыруына арналады. Яғни, әр тыңдаушы осы оқыту кезінен бастап өзінің жекеше видеотека жинағын құрастырады, ал цикл аяқталғанына қарамай, олар осы негізде өзін - өзі оқыту үрдісін жалғастыра береді.
Оқушылар эндобейнехирургияның жаңа жетістіктерімен танысып білу үшін, университет жүйелі түрде ұйымдастырып отыратын визитинг профессор дәрістеріне, семинарына және мастер классына белсенді түрде үнемі қатыстырылып отырады. Бұнда олар бейнехирургияның инновациялық технологияларымен және техникалық жаңа тәсілдермен танысып, ұйғарады. Циклды өтуі кезінде басқа да медициналық мекемелерінде және ғылыми орталықтарында ұйымдастырылып жатқан съездер, симпозиум және мастер класстарға да қатынасып, танысады.
Әрине, жоғарыда көрсетілген мәселелерді толық және сапалы түрде атқару үшін, оқыту циклының жоспарланған сағат көлемі топтағы тыңдаушылар құрамының тәжірибелік дәрежесіне сәйкес болуы керек. Мысалы, тәжірибелік хирург эндобейне технологиясының негіздерін алғашқы рет меңгеріп отырған жағдайда, оқыту циклының бағдарламасы 216 сағаттан кем болмауы қажет, ал лапароскопиялық хирургиядан тәжірибесі болып, білімін жетілдіріп отырғандарға оқыту жүктемесі бұдан кем де болуы мүмкін, яғни 54-162 сағат. Оқу жоспары, жаңа мемлекеттік стандарттың талаптарына сай, бір мезгілді немесе бірте- бірте кезеңмен, оқыту сағатын жинастыру негізінде іске асырылуы да мүмкін.
Оқыту циклының қорытынды нәтижелері теориялық тұрғыдан тест бақылауы арқылы, ал тәжірибелік машықтануы симмуляциялық орталықта «Лапсим» қондырғысында, жаттығуларды орындау немесе ситуациялық есеп шығару арқылы өтеледі. Тесттік бақылауының тапсырмалары да көрнекті демонстративті материалдан құрастырылуы керек, яғни тесттің құрамында эндобейнелік қондырғының элементтері, инструменттер мен аппаратура және оперативтік техниканың ерекшеліктеріне байланысты сүреттер, схемалар мен бейнекадрлар болуы керек. Бұл жағдайда қорытынды бақылау эндобейнелік оташылдық тәжірибелік үдеріске жақындатылып, оқушының біліктілігі мен білгерлігін нақтылы анықтауға мүмкіншілік береді.
Сонымен, эндобейнелік хирургті даярлау ісінде, оңды нәтижеге жету үшін, келесі маңызды ұстанымдарды іске асыру қажет деп білеміз:
- Эндобейнелік хирургияға жіберілетін мамандар дәстүрлі «ашық» хирургияның негіздерін жеткілікті түрде меңгерген және едәуір тәжірибесі болуы керек, себебі олар тактикалық және техникалық мәселелерін дұрыс шешуін білуімен қатар әрқашан конверсияға баруға даяр болуы керек;
- Эндобейнехирургияны алғашқы үйреніп жатқан дәрігер міндетті түрде оқу циклының толық көлемін /216 сағ/ өтеуі керек;
- Оқу үрдісі сатылы түрде іске асырылуы қажет, яғни бірізділік тұрғыдан, алдымен эндобейнелік хирургияның теориялық негіздерін меңгеріп, бұдан кейін симмуляциялық орталығында «Лапсим» және басқа қондырғыларда тәжірибелік техникалық жаттығып, әрі қарай клиникалық тәжірибелік жағдайда бұл технологияға машықтануы керек;
- Білім жетілдірудің сапасын арттыру үшін, әсіресе тәжірибелік техникалық дағдылану жағынан, кафедра эндобейнелік хирургиялық сыныппен және «Лапсим» тренажерымен, жеткілікті дәрежеде клиникалық базаларымен жабдықталуы керек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Андрющенко И. В. Инновационные обучающие технологии на клинической кафедре // Педагогика. – 2013. – № 3. – С. 56-58.
- Бухарина, Т. Внедрение инновационных технологий в педагогический процесс медицинского вуза// Врач. – 2011. – № 10. – С. 71-73.