Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Виртуалды эксперименттер арқылы оқытудың тиімділігін арттырудың маңыздылығы

Бұл мақалада инновациялық оқыту технологиясы яғни физика пәнін оқытуда виртуалды эксперименттер дайындап оқу үдерісінде пайдаланудың маңыздылығы қарастырылады. Қазіргі кезеңде оқыту үрдісінде физикалық эксперименттерді арнайы бағдарламалармен оқыту негізгі мәселе болып табылады.

Медициналық жоғары оқу орындарында медбиофизика және физика пәндерін оқытуда инновациялық оқыту технологиясын қолдану – студенттердің білімдерін нақтылауда және бақылау, бағалау сондай-ақ білім нәтижелерін өңдеу үшін аса маңызды роль атқарады.

Студенттің жеке тұлғалық және интелектуальды дамуы үшін, оқытушыдан ақпараттық құзырлықты яғни жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде пайдалана білуді, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, студенттерді қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімделуін, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттары талап етіледі [1].

Медициналық оқу орындарында дұрыс ұйымдастырылған кез-келген сабақ студенттердің ғылыми танымдылығын арттыруға, теориялық білімдерін медициналық және фармациялық тәжірибемен байланыстыра білуге бағытталуы тиіс [2]. Осы мақсатта физикалық құбылыстар мен заңдылықтарға негізделіп жасалынған медициналық оқу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу принциптерін, физикалық эксперименттерді компютерде арнайы бағдарламалар арқылы дайындалған электрондық оқулық нұсқасымен оқыту қолға алынуда.

Осы негіздерге сүйене отырып Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармация Академиясының фармация мамандығы студенттері үшін медбиофизика пәнін оқытуда виртуальды эксперименттер дайындалып оқу үдерісіне енгізілді.

Электронды оқулық «Медициналық биофизика» және «Физика» курсын оқитын медициналық жоғары оқу орындары емдеу, фармация және фармацевтика өндірісінің технологиясы мамандықтарының студенттеріне арналған. Бағдарламалық қамтамасыздандыру нарығы кезеңінде күнделікті оқыту үдерісіне жаңа бағдарламалық-әдістемелік өңдеулер енгізілуде. Сондықтан да студенттерге «Медициналық биофизика» және «Физика» пәндерін оқытуда электронды оқулық дайындаудың қажеттілігі туындады. Электронды оқулық дайындаудағы негізгі мақсат - аз орын ала отырып, тақырып бойынша өте үлкен мәлімет беретін оқу құралын құрастыру болды.

«Виртуалды зертхана» электронды оқулығы пәнді өздігінше оқып үйренуге арналған қосымша материал болып табылады. Бұл оқулықты кез-келген компьютерге орнықтырып, электронды түрде және баспадан шығарып жазба түрінде де қолдануға болады. Әр-бір виртуалды зертханалық жұмыс біркелкілік болмас үшін әр түрлі безендірілген бірнеше бөлімдерден тұрады.

Электронды оқулықта гипермәтінді қолдану арқылы материалды тез меңгеруге және іздеу уақытын қысқартуға болады. Бағдарламаны кез-келген компьютерге орнатуға болатындықтан, электронды оқулықты физика зертханасындағы сондай-ақ жеке компьютерге және ноутбуктарға қоюға болады. Нәтижесінде студенттерге сабаққа дайындалуда, пәнді оқып үйренуде жоғары деңгейде жағдайлар жасалады. Зертханалық жұмысты орындау барысында қателіктер жібермеу үшін кейбір зертханалық жұмыстарға видеофильмдер түсірілген. Электронды оқулыққа енгізілген әр-бір виртуалды зертханалық жұмыстың құрылымы бес негізгі бөлімнен тұрады. Тақырып бойынша қысқаша теория, виртуалды зертханалық жұмысты орындауға қажетті құрал-жабдықтарға сипаттама, виртуалды зертханалық жұмыстың орындалуы және есептеу кезеңі немесе видео-сабақ, білім деңгейін бақылау және 100-балдық жүйемен бағалау үшін тест тапсырмалары. Сондай-ақ оқулық авторлары жайлы мәлімет.

Медицина және фармация саласында қолданылатын құралдармен (Рефрактометр, поляриметр, КФК-3, спектрофотометр т.б.) жасалатын зертханалық жұмыстар электрондық оқулыққа енгізіліп, зертханалар виртуалды нұсқада қойылды.

Мысалы «Рефрактометр көмегімен ерітінділердің концентрациясын анықтау» тақырыбындағы зертханалық жұмыстың виртуалды нұсқасы төмендегі негізгі бөлімдерден тұрады

Бірінші бөлімді таңдаған кезде студент зертханалық жұмыс тақырыбы бойынша осы физикалық құбылыстың, заңдылықтың теориялық мәліметтерімен танысады.

Келесі бөлімде зертханалық жұмыстың орындалу реті мен орындауға қажетті құрал - жабдықтар берілген. Виртуалды зертхана бөлімінде студенттер жұмысты интерактивті түрде орындап, алынған өлшемдерді кестеге енгізіп есептеу нәтижесін ала алады. Сондай-ақ кестедегі мәндер бойынша физикалық шамалардың тәуелділік графигі алынады.
Меңгерілген білімді бақылау бөлімінде орындалған зертханалық жұмыс бойынша тест сұрақтары арқылы студенттердің алған білімдері тексеріледі және бағаланады.

Бұл әдісті қолдануда оқытушы студенттердің өзіндік жұмысына бағыт беріп оны бақылаушы яғни технологиялық аппаратты басқарушы болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Бұзаубақова К.Ж. Физика сабақтарындағы оқытудың инновациялық технологиялары: Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы: Жазушы, 2005.
  2. Момынбаев Б. Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде білім сапасын жоғарылату // Білім-Образование. - 2009. - № 4. - 3 б.
  3. Керімбаев Н.Н. Компьютерді пайдаланып физикадан зертханалық практикалық жұмыстар жүргізу. - Алматы, 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.