Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Лоратадин таблеткасын жасаудағы технологиялық және биофармацевтикалық зерттеу жолдары

Қазіргі таңда барлық әлемді аллергиялық аурулар жаппай жаулауын азайтар емес, біздің еліміз де сол қатардан қалыспай келе жатыр. Ал осы індетті емдеуге келгенде науқастардың қолданатын дәрілері тек қана шетелдік препараттар болып табылады. Сондықтан да отандық аллергияға қарсы препараттар жасаудың үлкен маңызы бар екені баршаға мәлім болды. Соңғы жылдары Республикада отандық препараттардыөндіруге үлкен көңіл бөлінуде.

Аллергиялық атопиялық аурулардың тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл дүние жүзінде кең ауқымды алуы жыл өткен сайын жиегін кеңейтуде. Еліміздің тұрғындарының әрбір үшіншісі аллергиялық ауруға шалдыққаны кеудеге ине кіргендей ауыр тиері сөзсіз. Антигистаминдік препараттардың ішіндегі лоратадин асқазан-ішек жолыннан тез сінеді. Қан плазмасында лоратадиннің ең жоғары қанығу деңгейіне жету уақыты шамамен – 1,3 сағатты құрайды, ал оның белсенді метаболиті - дезлоратадиндікі - 2,5 сағатты құрайды [1]. Жақсы тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану лоратадиннің және дезлоратадиннің ең жоғары қанығу деңгейіне жету уақытын шамамен 1 сағатқа арттырады. Лоратадиннің және дезлоратадиннің ең жоғары қанығу деңгейі (Cmax) ас қабылдауға байланысты емес. Ең жоғары қанығу деңгейі егде жастағы емделушілерде, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан немесе бауыры алкогольдан зақымданған науқастарда артады. Лоратадин Р450 ЗА4 цитохромы арқылы, аз дәрежеде сәйкес цитохромы арқылы өзгеріске ұшырайды. Несеппен және өтпен бірге шығарылады. Лоратадиннің жартылай шығарылу кезеңі орта есеппен 8,4 сағатты (3-тен 20 сағатқа дейін өзгереді), ал дезлоратадиндікі 28 сағатты (8,8-ден 92 сағатқа дейін) құрайды. Бауыры алкогольдан зақымданған кезде (аурудың ауырлығына байланысты) жартылай шығарылу кезеңі артады және бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде өзгермейді. Гемодиализ жүргізу лоратадиннің және оның белсенді метаболитінің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді [2].

Қазіргі таңда елімізде әртүрлі шығу тегіне де байланысты бұл індет жасарып бара жатқанын дәрігерге барған науқастар санынан біле аламыз. Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлінің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, жергілікті елдің қырық пайызы осы аллергияга шалдыққан екен. Жоғарыда айтқандай індет жас балалар арасында кең етек жаюда. Бұл науқастардың бір қателігі олар аллергия туғызатын ауру белгілерін туық тию және тұмау белгілерімен шатастырып алғандықтан дер кезінде тиісті ем алмайды[3]. Аллергиялық аурулардың да түрлері сан алуан, солардың бірі болып поллиноз табылады. Бұл түрінің еркешелігі сонда, бұл белгілер тек жыл мезгілінің белгілі бір кезеңдерінде ғана айқын білініп, жыл сайын сол мезгілде қайтып оралып отырады. Ол қай кездерде көп болады: әсіресе гүлдердің гүлдей бастаған кездерінде, көктемде – ағаш-талдардың бүршік атып, гүлдей бастаған шақтарында, жаз кезінде – дәнді өсімдіктердің гүл ашу мезгілдерінде пайда болатын құбылыс болып табылады[4].

Аллергиямен ауыыратын науқастарда антигистаминді препараттардың бірінші ұрпағы көптеген жанама әсерлер тудырады, мысалы: тыныштандырғыш әсер, немесе керісінше аса жоғары жұмысқа деген қабілеттің жоғарылауы, назар аударудың нақтылығының азаюы, ауыз қуысының кебуі, жүрек соғысының жоңарылап жиілеуі, препаратқа деген науқастың сезімталдылығының азаюя, яғни ағзаның антигенге деген тұрақтылығының орын алуы, және осының барлығы соңына келгенде препараттың әсерінің азаюына алып келетін бірден-бір себептердің бірі болатыны айдан анық. Көбінесе поллиноз кезінде аурудың жалғасуы бір айға дейін созылуы мүмкін, ал ондай жағдайда бірінші ұрпақ препараттары адам ағзасына тигізер пайдасынан көрі зиянының басымырақ болмауына кім кепіл. Қазіргі заманда көптеген заттардың ақ-қарасы анықталған шақта көпшілік екінші ұрпақтың препараттарын қолданып, дұрыс шешім қабылдап отыр. Препараттың антигистаминді әсері оның Н1 – рецепторларына өте сезімталдығымен және ұқсастығымен айқындалуда. Препараттың жүйке жүйесі тарапынан жанама әсерлердің байқалмауы, әсер ету ұзақтығы, жүрек соғысын жоғарылатпауы препаратты бірінші ұрпаққа қарағанда әлде – қайда кең ауқымда қолданылуы осымен түсіндіріледі[5].

Зерттеу мақсаты – антигистаминді препараттың лоратадин әсерлілігін зерттеу шараларын жүргізу.

Қорыта келгенде елбасымыздың стратегиялық ұстанымына сүйене отырып өз науқастарымызға отандық, сонымен қатар қолжетімді препараттармен қамтамасыз етуге денсаулық сақтау саласындағы әрбір адам ат салысса, біз тек қана ауруды емдеп қана қоймай, еліміздің экономикалық қал-жағдайын әлдеқайда жоғарылатар едик.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Гущин И.С., Гущин И.С. Антигистаминные препараты. - М.: 2000. - № 4 (80). - С. 55.
  2. Гущин И.С., Ильина Н.И., Полнер С.А.,Гущин И.С. Аллергический ринит. - М.: 2002. - С. 7.
  3. Мошкевич В.С., Нурмуханбетова А.А. Современные методы лечения поллиноза. Методические рекомендации. – Алматы: 2007. - С. 115-128.
  4. Мошкевич В.С., Шнайдер А.В. Респираторные аллергозы. Методические рекомендации. – Алматы: 2006. - С. 7883.
  5. Сидаренко И.В., Осипова Г.Л. Поллиноз. - М.:1999. - С. 30-36.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.