Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқытудың жаңа инновациялық әдістерін оқу үдерісінде қолданудың тиімділіктері

Бұл мақалада студенттердің алған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстыра отырып, білім үдерісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс әрекетімізде енгізу қажеттілігі туралы айтылады.

Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың сан алуан түрлері бар. Соның бірі дәстүрлі педагогикалық технология. Бұл технология бойынша сабақ ортақ оқу бағдарламаларына негізделіп жүргізіледі. Оқытудың негізгі бірлігі - сабақ. Сабақ бір пәнге негізделеді. Сабақ барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі. Білімалушылар сол тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді. Оқытуды ұйымдастыру тек оқытушының басшылығымен жүргізіледі. Оқытушы өз пәні бойынша жалпы әр білім алушының білім сапасын қорытындылап, бағалайды. Бұл әдістердің барлығын жүйелестіре келгенде мынадай топтарға бөлуге болады: тәжірибені зерттеу; теориялық зерттеу [2]. Тәжірибені зерттеу әдістері - білім беру үдерісін ұйымдастырудың қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, жазба, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу, зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тәуелділіктерді анықтау, эксперимент нәтижесін бағалау, қортындылау, теориялық тұжырымдарды негіздеу [2].

Теориялық зерттеу әдістері - құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдау олардың әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптерге келеу, талдауды біріктіру үдерісін қатар жүргізе отырып, зерттеудегі құбылыстың мəн-жайын ашу.Теориялық әдістің қажеттлігі проблема анықтауға, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық әдіс көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді [3].

Осы дәстүрлі педагогикалық технологиямен қатар, оқу үдерісіне түрлі инновациялық әдістерді қолдану оқу үдерісінің сапасын көтеруге үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Әрбір оқытушының сабақ берудегі міндеті де, іс-әрекеті де сол - оқу үдерісіне жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу. Оқу - тәрбиесінде студенттердің өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз және бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде. Бұл мәселені шешу үшін, оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуді дамыту, жетілдіру қажет деп ойлаймын. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.

Солардың бірі де бірегейі компьютерлік оқыту. Бұл оқыту әрбір студенттің өздігінен білім алуын, ақпаратпен жұмыс істей білуін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін дамытады. Оқу үдерісінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қолайлы ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады, жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды, білім беруді ақпараттық-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етеді [1, 6]. Осы негізде оқу үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацефтика академиясының «Медициналық биофизика, информатика және математка» кафедрасында «Медициналық биофизика», «Физика» пәндерінен мемлекеттік және орыс тілдерінде 11 тақырыпта вирьтуальды зертханалық жұмыстар және электрондық оқу құралы дайындалып, оқу үдерісінде қолданылуда. Бұл әдістің түпкі негізінде интергациялық әдіс жатқаны белгілі. Оқытушыға білімалушының ғылыми ойлауын қалыптастыру мен оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін осы байланысты білу пайдалы. Қазіргі ғылымға интергациялық бағыттардың әсері ерекше. Ғылымның интеграциялық негізі бір ғылымның зерттеу әдістерін басқа ғылымдарда пайдалану құбылыстың негізіне терең ену, терең мамандандыру болып табылады. Мысалы, фармацевтика мамандығы студенттеріне «Информатика» пәнінен физикалықа- химиялық және т.б фармацевтикалық мазмұнды есептерді шығаруға, соған сәйкес компьютерлік бағдарламлар құрып және фармацияға қатысты пәндер бойынша алған білімдерін де саралауларына тура келеді.

Дамыта оқыту. Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытудың балама жүйесі болып табылады. Дамыта оқытудың негізі мақсаты: студеттердің білімін, біліктілігін, меңгеру дағдысын қалыптастыру және байқампаздығын, ойлау дәрежесін, тәжірибелік іс- әрекетін жетілдіру. Оқытудың мұндай түрінде: ауызша түсіндіру, жағдайлық есептерді шешу, көрнекілік, тәжірибелік, проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау және т.б. оқыту түрлері мен әдістерін өз дәрежесінде қолдану арқылы шағын топтармен және жұптармен жұмыс жүргізу барысында жақсы нәтижеге жетуге болады [5, 7] Дамыта оқытуда студенттің ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін студент өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артып, сол үшін әрекеттенеді [9]. Осы әдісті негізге ала отырып, кафедрада өтілетін сабақтардың пән оқытушылары үш құрамдас бөліктерден тұратын қағиданы алдына қойылған міндет ретінде қолданады:

  1. оқу мақсаттарының қойылуы;
  2. оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
  3. шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Проблемалық оқыту. Дамыта оқытудың түпкі негізінде проблемалық оқыту технологиясы жатыр. Проблемалық оқыту студенттердің білім жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жетуін, студенттің таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытады. Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі - студенттің білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар және проблемалық ситуациялар пайда болады, осыған орай студенттің ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі және ойлау кабілеттерін дамытып сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді [10].

Жаңа оқыту технологиясын жүзеге асыруда оқытушының белсенділігі, шығармашылық ізденісі дамып, оқу тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі және студенттің өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің артуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпалын тигізеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы. - С. 18-19, 38-39, 118-119, 460-461.
  2. Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке даярлау жолдары. - Өскемен: 2004. - С. 25-30.
  3. Гузеев В.В. Педагогическая техника в контексте образовательной технологии. - М.: 2001. - С. 32-34.
  4. Қалиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. - Алматы: 2002. - С. 1015
  5. Орманова Г.К., Беркімбаев К.М. Использование комьютерных моделей в процессе обучение студентов физике // Вестник Российского университета дружбы народов. - 2012. - № 3. - С. 88-92.
  6. Матрос Д.Ш., Полев Д.М., Мельникова Н.Н. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий. - М.: 2001. - С. 30-33.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.