Мақалада Көкбас жұпаргүл өсімдігіне тауарлық талдау нәтижелері көрсетілген. Тауарлық талдау жүргізгенде дәрілік өсімдік шикізатының тазалығын және сапалығын көрсететін нормалар анықталды. Иілген таушымылдық тамырларының сандық көрсеткіштері түрінде: ылғалдылығы, жалпы және 10% хлорсутек қышқылында ерімейтін күлі анықталды.
Мәселенің өзектілігі: Дәрілік өсімдік шикізатының құрамының биологиялық белсенді заттарына байланысты адам организіміне тиімділігі анықталады. Сол үшін өсімдіктің құрамындағы қоспалардың, минералды заттардың, олардың ылғалдылық және күлінің мөлшерін білу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Кіріспе. Елімізде тиімділігі жоғары жаңа дәрілік заттарды өңдеп, медициналық тәжірбиеге енгізуге үлкен көңіл бөлінеді. Соның ішінде өсімдік тектес дәрілік заттар қызығушылық туғызып отыр, себебі, өсімдік тектес дәрілік заттардың синтетикалық дәрілік заттардан тиімділігі баршамызға белгілі. Осы тұрғыда, құрамында флавоноидтары бар қосылыстар мен эфир майлы өсімдіктерге ерекше назар аударылады. Тауқалақайлар тұқымдасына жататын жұпаргүл биологиялық белсенді заттардың шығу көзінің бірі болып табылады.
Орта Азия мен Памир-Алтайда, Тянь-Шанда, Қазақстанның далалық және таулы аймақтарының шалғындарында, орман шеттерінде өседі.
Жұпаргүл халық медицинасында түрлі ауруларда қолданысқа ие. Жұпаргүлдің тұнбасын етеккір кезінде, бронхитте, анемияда, жөтелде, ұйқысыздықта, бас ауырғанда, ОЖЖ, тіс ауырғанда және ір түрлі тері ауруларында қолданылады.
Ресми медицинада толық зерттелінбеген. Алайда, көкбас жұпаргүл биологиялық белсенді заттарға бай, құнды, пайдалы заттардың көзі ретінде көрсетіледі.
Дәрілік өсімдіктерде органикалық және минералды заттар , элементтер олардың күлін анықтау кезінде табылады. Минералды заттардың адам организміне өмірлік маңызы бар емдік қасиет танытады. Өсімдіктердегі минералды заттар, ББЗ, ығалдылығына қарай әртүрлі болады. Күлін анықтағанда: жалпы және хлорлы сутек қышқылында ерімейтін күлі анықталады.
Зерттеудің басты мақсаты - Көкбас жұпаргүл өсімдігінің жер үсті жіне жер асты мүшелерінің ылғалдылығының және күлінің сандық көрсеткіштерің анықтау.
Зерттеу әдістері. Алынған шикізат экстрактивті заттардың ылғалдығының, күлінің (тұз қышқылында ерімейтін жалпы күлдің) мөлшерін анықтау бағытында зерттелді. Алынған нәтижелер мемлекеттік фармакопеяның ХІ (МФ ХІ) басылымының талаптарына сай болатын, шикізатты ұсынуға арналған сандық көрсеткіштер негізіне жатқызылды [1, 2].
Ылғалдылықты анықтау. Заттардың ылғалдылын анықтау тек құрғақ шикізатқа жүргізіледі, себебі анықтау мүлдем құрғақ салмақта жүргізіледі. Шикізаттың ылғалды мөлшеріне өсімдіктің дұрыс сақталуы мен дұрыс кептірілуі де әсерін тигізеді. Жұпаргүл өсімдігінің ылғалдық мөлшері 13%-дан көп емес болу керек [3, 4].
Ылғалдылық деп отырғанымыз - шикізаттағы ұшқыш заттар мен гигроскопиялық ылғал (су) мөлшері.
Шикізатты 10 мм шамасына дейін ұсақтайды, араластырады, 3-5 г - 0,01 г ауытқуымен өлшенген екі дәл салмағын алады. Әрбір салмағын алдын ала кептірілген, өлшенген қақпағы бар бюкске салады, 100-105 0С кептіргіш шкафта қыздырады. Кептіру уақытын кептіргіш шкафтың температурасы тағы да 100-105 0С көрсеткеннен бастап есептейді.
Жапырақтардың, шөптің, гүлдердің алғашқы өлшеуін 2 сағаттан кейін, тамырларын, қабықтарын, жемістерін, тұқымдарын және басқа да шикізаттың бөліктерін 3 сағаттан кейін жүргізеді.
Кептіруді тұрақты массаға дейін жүргізеді. Тұрақты масса деп кептіруден 30 мин кейін және эксикаторда суытудан 30 мин кейін екі рет өлшенген массаның айырмашылығы 0,01 г аспаған жағдайды есептеп айтады [1].
Шикізат ылғалдылығын пайызбен формула арқылы есптеп шығарады:
m -кептіруге дейінгі шикізат салмағы граммен;
mi –кептíргеннен кейінгі шикізат салмағы граммен.
Анықтау нәтижесінің соңы деп екі паралель жүргізілген анықтаудың орташа арифметикалық шамасы 0,5% ауытқуымен есептеледі.
Кесте 1 - Ылғалдылықты анықтау
№ |
Бюкс салмағы |
шикізат |
M бюкс шикізатпен кептіргенге дейін |
2 сағ кейін |
30мин кейін |
30мин кейін |
Кептіргеннен кейінгі шикізат |
1 |
28,58 ¯¯ |
5 ¯¯ |
33,85 |
33,503 ¯¯ |
33,4976 ¯¯ |
33,4919 ¯¯ |
4,9119 |
2 |
28,65 |
3 |
31,46 |
31,345 |
31,2978 |
31,3066 |
2,6566 |
Күлін анықтау. Өсімдіктің күлі әртүрлі неорганикалық заттардан тұрады, олар өсімдікті жинау немес кептіру кезінде пайда болуы мүмкін. Күлдің мөлшері өзгермелі болады, ол өсімдіктің жиналуына және кептіруіне байланысты. Жұпаргүл өсімдігінің жалпы күлі10%-дан көп емес боу керек. Дәрілік өсімдік шикізатында екі түрлі күлін анықтау
әдісі қолданылады: жалпы күлі және хлорлы сутек қышқылында ерімейтін күлі.
Шикізатты ұсақтайды, 2 мм саңылуы бар елеуіштен өткізеді, алдын ала тұрақты массаға дейін отқа қыздырылған фарфорлы, кварцты немесе платинді тигельге салады.
Тигельдегі шикізатты шамның әлсіз жалынында немесе асбест торы салынған электроплиткада балқытады.
Толық көмірге айналған соң тигельдегі көмірді балқыту және қалдығын толық қыздыру үшін муфелді ошаққа салады.
Отқа қыздыруды (350-5ōōōС) тұрақты масса болғанша , күл балқып, тигл қабырғасына жабысып пісіп қалмайтындай етіп жүргізу керек. Қыздыру біткен соң тиглді 2 сағат бойы суытады, кейін түбіне кальций хлориді салынған эксикаторға салады, суытады, өлшейді.
Масса тұрақты деп есептеледі, егер екі рет өлшегенде салмағы 0,0005 г аспайтын болса.
Егер көмір толық жағылмаса, қалдығын суытады, сумен немесе қаныққан аммоний нитрат ерітіндісімен шылайды, сұйықты су моншасында буландырады қалдығын қыздырады. Қажет болған жағдайда бірнеше рет қайталайды. [1]
Күлдің құрамын Х1 % абсалютті құрғақ шикізатқа есептегенде формула арқылы есептейді.
Шикізаттың хлорлы сутек қышқылында ерімейтін күлін анықтау.
Тигельде қалған қалдыққа 15 мл 10% хлорлы сутек қышқылын қосады (тығыздығы 1,050 г/см3), тигельді шыны сағатпен жабады, 10 мин қайнаған су моншасында қыздырады. Тигельдегі қоспаға шыны сағатты жуа отырып 5 мл ыстық су қосады. Сұйықты
күлсіз фильтр арқылы фильтрлейді. Фильтрді қалдығымен хлоридтерге теріс реакция көрсеткенше ыстық сумен жуады, қайтадан сол тигельге салады, кептіреді, жағады, тұрақты масса болғанша отқа қыздырады (жоғарыда көрсетілгендей). [1, 4] Екі паралелл анықтау жүргізеді.
Қорытынды. Алынған нәтиежелер бойынша көкбас жұпаргүл өсімдігінің ылғалдылығы 12,22-11,446 % ұсынылатын норма 13 %-дан көп емес; жалпы күлі 2,46-2,68 % дейін, сондықтан осы өсімдіктің күлнің нормасын 3 % деп ұсынамыз. Ал, хлорлы сутек қышқылында ерімейтін күлі 0,0964-0,092 % ұсынылатын норма 1 %-ға дейін.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Самылина И.А. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Уч. Пособие / Под ред. И.А. Самылиной. - М.: МИА, 2ōō7.
- Государственная фармакопея СССР: Вып.2. Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье / МЗ СССР. – 11-е изд., доп. - М.: Медицина, 1987. – Т. I, II. – С. 24-25.
- Махатов Б.Қ., Патсаев Ә.Қ., Қадишаева Ж.А., Серікбаева Т.С., Оразбеков Е.К. Фармакогнозия пәнінің зертханалық- тәжірбиелік сабақтарына арналған қолданба: Оқу құралы. 2013, 81 б.
- ҚР Мемлекеттік Фармакопеясы. Т.1. - Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. – 792 б.