Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Анатомиялық атаулар мен қимыл – қозғалыстарға байланысты фразеологизмдер

Бұл мақалада қазақ тілі фразеологизмдерінің құрамында кездесетін анатомиялық атаулар және осы атаулармен байланысты қимыл – қозғалысты білдіретін фраземалар сипатталады. Адамның өзі мен оның мүше-ағзаларының негізінде пайда болған соматикалық фразеологизмдер жан-жақты зерттеуді талап ететін қыры-сыры көп күрделі құбылыс. Мұндай фразеологизмдерде ең жиі қолданылатын анатомиялық атаулар ауыз, бас, жүрек, көз және тіл сияқты атаулар болып табылады. Олар сөзге арқау, ойға тірек болып, тілдің фразеологиялық бай қорын жасауда ерекше қызмет атқарады. Әсіресе, медициналық жоғары оқу орындарының студенттерінің сөйлеу қабілетін арттыру мақсатында құрамында қазақша анатомиялық атаулары бар соматикалық фразеологизмдерді кеңінен қолданудың маңыздылығы дау тудырмайды.

Қазіргі заман талабынан туындап отырған қажеттіліктердің бірі - мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген маман дайындау. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанына 20 жылдан астам уақыт өтсе де, орыс бөлімі студенттерінің басым бөлігі қазақ тілінде әлі де таза сөйлеп, еркін ой бөлісе алмайды. Сондықтан тілді оқыту жүйесіне арналған оқу материалының мазмұны студенттердің қоршаған ортасына, әлеуметтік қызметіне, болашақ мамандықтарының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.

Студенттерді ауызекі сөйлеуге үйрету барысында қазақ тілінің бай фразеологиялық қорына жүгінудің пайдасы өте зор. Әсіресе, медициналық жоғары оқу орындарының студенттерінің сөйлеу қабілетін арттыру мақсатында құрамында қазақша анатомиялық атаулары бар соматикалық фразеологизмдерді кеңінен қолданудың маңыздылығы дау тудырмайды деген ойдамыз. Орыс тілді студенттерде мемлекеттік тілде коммуникативті қарым- қатынасты қалыптастыру тіл дамыту мүддесінің негізгі басымдылығы болғандықтан әлеуметтік лингвистиканың, этнолингвистиканың негіздеріне сүйенген жаңа әдістемелердің пайда болуы заңды құбылыс.

Фразеологизмдер - тілдің сөздік қорына ұйытқы болып, оның бейнелілігін, ажарын кіргізіп, көңілдегі ойды образдар арқылы бейнелеп, өзіндік нақыш-бояумен жеткізетін тұрақты сөз тіркестері.

Фразеологизмдердің күрделі табиғатын толық біліп, терең түсіну үшін оның толып жатқан тың проблемалары жан- жақты зерттелу үстінде. Фразеологиялық жүйені тіркеп талдау және даму барысын анықтау үшін оларды тақырыптық топтарға бөліп қарастырудың маңызы зор. Қазақ тілі фразеологиясының семантикасын зерттеуші ғалым Р.Ә. Авакова фразеологиялық бірліктердің ішкі формаларының туындау көздеріне байланысты шартты түрде топтастырулар жасай келе, оларды көптеген топтарға бөледі: адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл-қозғалыстарына байланысты туған фраземалар; жануарлар (зооморфтық фраземалар) әлемі; өсімдіктер (флора) әлемі; табиғат құбылыстары; өлшем бірліктері (метеорология); сандық (нумеративтік) фраземалар; түр-түс және сындық; алғыс және қарғыс мәнді; мифтік және діни; тарихи кезеңдермен және тұлғалармен байланысты туған фраземалар және т.б [1, 53-55]. Осылардың ішінен тілде ең жиі кездесетіндері адамның анатомиялық атаулары мен қимыл-қозғалыстарына байланысты туындаған фразеологизмдер. Осыған орай, бүгінде терең зерттеліп жатқан фразеологизмдердің үлкен бір тармағы - соматикалық фразеологизмдер. Бүгінгі таңда бұл топ фразеологизмдерінің нысаны, қолдану аясы мен қызметі жан-жақты толық зерттеуді қажет етеді. Олардық мәні мен мазмұнын танып білу бұл жұмыстың мақсаты болып табылады.

Лингвистикада ең алғаш «соматизм» терминін енгізген финн-угортанушы ғалым Ф.Вакк болды. Ол еңбегінде эстон тілінің құрамындағы соматикалық фразеологиялық бірліктерді қарастыра отырып, мұндай бірліктер осы тілдің фразеологиялық қорының өте ежелгі класы деген тұжырымға келді.

Соматикалық фразеологизмдер - адамның өзі мен оның мүшелері мен ағзаларына (бас, көз, қол, аяқ, жүрек, тіл және т.б.) қатысты пайда болған алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері мен сөз оралымдары. Лексикографтардың пікірінше, кез келген тілдің фразеологиялық қорының 30% соматикалық тіркестер құрайды. Соматикалық фразеологизмдер (грек. soma - дене) әр тілде көлемі жағынан үлкен және жиі қолданылатын тұрақты тіркестері. Олар коммуникативтік мағынасы зор тіл бірліктері. Қандайда бір соматикалық процесті іс жүзіне асырушы, орындаушы - адамның өзі.

Адам - табиғат туындысы, ондағы себептіліктің жемісі. Адам сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасай отырып, бірте-бірте өз табиғатын да, қоршаған ортаны да өзгертіп отыратын белсенді тұлға. Оған қимыл-қозғалыс, іс-әрекет, амал, қалып, жай-күй, ойлау, сөйлеу, көру, есту, бағыт- бағдар, бейнелеу сияқты өзге де процестер тән. Оның сезім мүшелері арқылы қоршаған ортаны қабылдауының көрінісін фразеологизмдерге адамның дене мүшелерінің ұйытқы болғанынан көруге болады.

Сонымен қатар, адамның өмір сүруіне, тіршілік етуіне аса қажетті физиологиялық, биологиялық, психологиялық процестерді, ойлау, сезіну, түйсіну және белгілі бір іс- қимылдарды орындау жайлы ақпараттарды қарапайым сөз тіркестері түрінде емес, адамға әсер ететін, ой салатын, көз алдына елестететін айшықты бейнелер арқылы, теңеу- салыстыру тәсілімен бейнелеудің маңызы өте зор.

Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдерді этнолингвистикалық жағынан зерттеген Б.К. Уызбаева 83 дене мүшесінің атауына қатысты мың соматикалық етістікті фразеологизмдер жинағанын айта келіп, тілдегі қазіргі таңда айқындалған соматикалық етістікті фразеологизмдердің жалпы саны адам болмысына тән соматикалық процестерден әлдәқайда аз деген тұжырым жасайды [2,6].

Б.К. Уызбаева өзінің еңбегінде соматикалық фразеологизмдердің ішінен соматикалық етістік фразеологизмдерді бөліп қарастырады [2,3]. Соматикалық етістік фразеологизмдер адамның анатомиялық атауларын ғана емес, оның дене мүшелері мен ішкі ағзаларына қатысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен іс-әрекеттердің тілдегі сипатын көрсетеді.

Соматикалық фразеологизмдерде ең жиі қолданылатын анатомиялық атаулар ауыз,бас, жүрек, көз және тіл сияқты атаулар болып табылады. Осы топ фразеологизмдерінің қалыптасуына бұл дене мүшелерінің қызметі айрықша. Адамның анатомиялық атаулары, сол атаулардың қимыл- қозғалыстарымен тікелей байланысты. Сезімді, көңіл-күйді, іс-қимыл әрекетін көп сөзбен айтпай-ақ ыммен, ишаратпен, еппен сездіретін және соларды дәл бейнелейтін ойлы, сесті ұғымдар бар. Адамның дене мүшелерінің қатысымен белгілі бір ойды білдірудің мүмкіндігі мол.

Қазақ және неміс соматикалық фразеологизмдерін салғастыра зерттеуші М.Х.Абилгалиева осы топ фразеологизмдерін ым-ишарат және эмоциялық деп екі топқа бөледі. Ишаратты соматикалық фразеологизмдер тек ишарат, қимыл негізінде қалыптасып қана қоймай, сонымен қатар оларды өз құрамына қосады. Эмоционалды соматикалық фразеологизмдер ишаратпен байланысты емес. Олар адамның психологиялық жағдайын, ішкі сезімдерін көрсетеді. Сонымен қатар олар белгілі бір ишарат, қимыл негізінде қалыптасуы да мүмкін [3,4]. Осы топтауды негізге ала отырып соматикалық фразеологизмдерді екі топқа бөлуге болады – ым-ишарат және көңіл-күйді білдіретін фразеологизмдер. Мысалы, көз жүгіртті ‘шолып қарады, ой жіберді', көзімен тізді ‘көптеп, лек-легімен деген мағынада', құлағын бұрды ‘үгіттеп, айтқанына көндірді', маңдайы ашылды ‘бағы жанды, бақытты болды', өкпесін қолына алып жетті ‘бар пәрменінше жүгірді' деген фразеологизмдер белгілі бір дене қозғалысын, ым мен ишаратты білдіріп, бірінші топқа жататын болса, бармағын шайнау ‘өткен іске өкіну, қапыда қалғанда қатты қиналу', жүрегі тас төбесіне шықты ‘қатты үрейленді шошыды', көзінен от шашты ‘ашу-ыза төкті, ызбар шашты', жүрек қылын шертті ‘сезіміне әсер етті, көңілін аулады', көкірегі қарс айырылды ‘уайымдады, қайғырды' деген фразеологизмдер адамның дене мүшелері мен ағзалары негізінде, әр түрлі қимыл-қозғалыс негізінде оның ішкі жан дүниесінде, көңіл-күйінде болатын алуан түрлі психологиялық жағдайлардын, сезімдерін көрсетеді. Тек көрсетіп қана қоймай, өкіну, үрейлену, қиналу, ашулану, қайғыру, қуану, тебірену сияқты адамның терең сезімдерін мәнерлі, айшықты түрде бейнелейді. Қазақ тілінде көңіл- күйді білдіретін фразеологизмдерің өте көп кездесетін, кең таралған фразеологизмдер болып табылатындығын байқауға болады.

Адамның барлық мүшелері мен ағзалары осы топ фразеологизмдерін құрауға белсенді түрде тең жағдайда араласпайды. Ф.Вакктың пайымдауынша, соматикалық фразеологизмдерде атқаратын қызметі мен мағынасы айқын дене мүшелерінің атаулары ғана өте жиі қолданылады. Осы атаулар негізінде қалыптасқан соматикалық фразеологизмдер тобының мөлшері мен тақырыптық алуан түрлілігі осы дене мүшелерінің негізгі қызметінің маңыздылығы мен айқындылығына байланысты болады. Бұл құбылыс қазақ тіліне де тән. Көзге көрінер негізгі мүшелер мен ағзалардың негізінде, олардың атқарар қызметі негізінде қалыптасқан соматикалық фразеологизмдер басқа анатомиялық атаулар негізінде қалыптасқан фразеологизмдерден басым түседі. Ішкі ағзалардың адам өміріндегі маңыздылығы мен қажеттілігіне қарамастан, бұл атауларды тірек еткен фразеологизмдер сирек кездеседі. Сондай-ақ адамның бас, көз, қол, жүрек, аяқ, тіл сияқты дене мүшелері мен ағзалары шаш, маңдай, мойын, арқа т.б. мүшелерге қарағанда өмірлік маңызы бар қызметтер мен қозғалыстарды көбірек атқарады. Сонымен қорыта айтар болсақ, адамның өзі мен оның мүше-ағзаларының негізінде пайда болған соматикалық фразеологизмдер жан-жақты зерттеуді талап ететін қыры-сыры көп күрделі құбылыс. Қазақ тіл білімінде бұл топ фразеологизмдері әр түрлі мақалалар, диссертациялық еңбектер дәрежесінде зерттелініп жатыр. Мұндай фразеологизмдерде ең жиі қолданылатын анатомиялық атаулар ауыз,бас, жүрек, көз және тіл сияқты атаулар болып табылады. Олар сөзге арқау, ойға тірек болып, тілдің фразеологиялық бай қорын жасауда ерекше қызмет атқарады.

Жалпы соматикалық фразеологизмдер қорын қарастыру, зерттеу тіліміздегі фразеологизмдерді жаңа қырынан тануға, жаңа тұрғыдан зерттеуге зор мүмкіндік тудырады. Сыры мол, мазмұны терең, тұлғасы сан алуан фразеологизмдердің күрделі табиғатын толық біліп, терең түсіну үшін оның толып жатқан тың проблемларын жанжақты зерттеу өте қажет. Осы зерттеулердің ғылыми- теориялық мәні де, практикалық қажеттілігі де бүгінгі таңда ешқандай дау тудырмайды.

Анатомиялық атаулардың фразеологизмдердің құрамында көптеп кездесуі заңды құбылыс. Себебі адам өмірді, қоршаған ортаны тануды өзін-өзі танудан бастайды. Адамға етене таныс, жақын атаулар - өзінің дене мүшесі. Өз өмірінің алғашқы қадамынан бастап адам алдымен өз денесін, кейіннен өзге де адамдарды бақылап, олардың дене қозғалысы нені білдіретінін, сол қозғалыс арқылы не айтпақ болғанын, қандай ым-ишарат жасағанын білуге тырысады. Адамның дене қозғалысы қарама -қайшылықтарға толы. Дене тілі қарым-қатынас үстінде өте көп ақпарат алуға болатын коммуникацияның ерекше құралы. Адамның өз табиғатын тану үшін, өзге адамдармен қарым-қатынас жасауы үшін тілдің маңызы өте зор. Әсіресе, адам өміріндегі, қоғамдағы сан алуан қимыл-әрекет, қозғалыс, қалыпты, адамның көңіл-күйін әр қырынан танып білуде фразеология сияқты тілдік құбылыстың атқарар қызметі өте жоғары. Адамның дене тілінің, ым мен ишаратарының мағынасын ашуға фразеологизмдер негіз бола алады. Әлемнің тілдік бейнесін жасауда ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын фразеологизмдердің алатын орыны ерекше.

Фразеологизмдердің бұл тобын оқып үйрену студенттердің дұрыс сөйлеуін, сауатты жаза білуін, тілдік біліктілігін, сөздік қорын жетілдіріп қана қоймай, танымдық көзқарасын кеңейтеді. Болашақ маман – дәрігер ретінде кәсіби тілді үйрену сапасын жоғарлатады. Мемлекеттік тілді кәсіби бағдарлы үйретудегі алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешуде, студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда тигізер септігі өте жоғары.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Авакова Р.Ә. Фразеологиялық семантика. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. - Б. 53-55.
  2. Уызбаева Б.К.. Қазақ тіліндегі соматикалық етістік фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты: дис. ... канд. Филол. ғыл- ң - Алматы, 1994. - Б. 3-5.
  3. Абилгалиева М.Х.. Сопоставительный анализ соматической фразеологии казахского и немецкого языков: Автореф. дис. ...канд. филол. наук. - Алма-Ата, 1992. - С. 3-5.
  4. Исабеков С.Е. Некоторые вопросы фразеологической семантики // Материалы международной научно-практической конференции «Мир языка». - Алматы: 2005. - Т.1. - С. 22-28.
  5. Момынова Б., Бейсембаева С. Қазақ тілідегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. - Алматы: 2003. - Б. 6-7.
  6. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы: 1977. - 156 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.