Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасын зерттеу мәселесі өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бері кең ауқым алып келе жатыр. Содан бері жүрзілген зерттеулер дәрігерлер еңбегіне әсер ететін әртүрлі қолайсыз факторларды анықтады. Сол себепті медицина қызметкерлерінің жұмыс күнін қысқартуға, қосымша демалыстарды бекітуге, жекелеген категориялардың жалақысын жоғарылатуға негізделген заңды актілер дайындалды (1).
Сол жылдардан бері дәрігерлер еңбегінің сипатында бірқатар өзгерістер туындады. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың саны жаңа емдеу- профилактикалық жабдықтардың (рентген қондырғылары, электронды, электрлімедициналық, лазерлі, ультрадыбысты және жоғары жиілікті қондырғылар, емдік барокамералар) шығуына байланысты. Сонымен қатар, жанаспалы дерматиттер, ингаляциялық уланулар шақыратын дәрілік заттардың, радиоактивті заттардың көптеген түрлері шығарылды. Науқастан дәрігерге жеңіл берілетін жұқпалы аурулардың жиілігі күрт өзгерді. Оларға ЖИТС жұқпасы, туберкулез, В және С гепатиттері және басқа да бірқатар аса қауіпті жұқпалармен шақырылатын аурулар жатады.
Сонымен бірге, қолайсыз гигиеналық факторлар щағын климат жағдайлары (температура, ылғалдылық және ауаның қозғалыс жылдамдығы) өз маңыздылығын жоғалтпады. Көбінесе, қолайсыз метеорологиялық жағдайларға еңбегі ұзақ уақыт физикалық жүктемелермен жүретін хирургтар мен стоматологтар шағымданады, сондықтан да организмнің ысыну кету қаупі жоғары.
Егу, манипуляциялық және стоматологиялық кабинеттерде аллергиялық реакциялар шақыратын химиялық заттармен қатынаста болу мәселесі күн тәртібінен шықпайды.
1984 ж. Ереванда «Медицина қызметкерлерінің денсаулығы және еңбегі» атты тақырыбындағы Бүкілодақтық конференцияда келесі мәселелер қарастырылған:
- медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен еңбек жағдайын кешенді бағалау бағдарламасын дайындау; жалпы және кәсіптік аурушылдық;
- мүгедектікке шығу себептері;
- әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің өлімшілдігі;
- негізгі дәрігерлік мамандықтарға кәсіптік және медициналық таңдау критерийлерін дайындау;
- кәсіптік еңбектің медицина қызметкерлерінің жүрек қан тамыр жүйесінің патологиясына әсері;
- әртүрлі мамандықтағы дәрігер-әйелдердің гинекологиялық аурушылдығы және жүктілік кезіндегі бұзылыстар сипаты;
- медицина қызметкерлері арасындағы түрлі токсикомания себептері мен жиілігі;
- онкологияда жұмыс істейтін, патологоанатомдардың, микрохирургия саласындағы мамандардың және еңбегі жүйкелік-эмоционалды күштенумен байланысты дәрігерлердің еңбек жағдайы;
- қазіргі заманғы диагностика және емдеу әдістерін қолданатын персоналдың еңбек жағдайын гигиеналық бағалау;
- қазіргі кезде жүргізілетін емдік мекемелерді паспортизациялау нәтижелерін ғылыми талдау.
Бүгінгі күнде мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің жоқтығынан, дәрігерлердің төмен сапалы өмірінің мәселелеріне жеткіліксіз көңіл аударылу салдарынан, дәрігер мамандығы өз маңыздылығын жоғалтып отыр. Медицина қызметкерлерінің қаржылық жағдайы төмен екені баршамызға мәлім. Сонымен бірге, олардың еңбегі адам іс әрекетінің ішіндегі ең қиын және жауапты түрлерінің бірі. Медицина қызметкерлерінің еңбегі маңызды интеллектуальды жүктемемен сипатталады, ал жекелеген жағдайда жоғары физикалық күштенуді, шыдамдылықты, зейінді және шұғыл жағдайларда жоғары еңбек қабілеттілігін талап етеді (2).
Хирургиялық профильдегі дәрігерлер (хирургтар, анестезиологтар, реаниматологтар) қолайсыз өндірістік факторлардың әсерінің айқындылық дәрежесі бойынша аса маңызды орынға ие. Операциялық бригада мүшелерінің тыныс алу зонасындағы ингаляциялық анестетиктердің мөлшері шекті рұқсат етілген деңгейден жоғары болады. Хирургиялық профильдегі мамандардың еңбегі наркотикалық заттардың әсерімен және жоғары эмоционалды күштенумен, дискомфортты шағын климат жағдайымен, ыңғайсыз жұмыс қалпымен, рационалды ұйымдастырылмаған еңбек және демалыс тәртібімен, түнгі және ауысымды кезектермен бірге жүреді. Жиі осы факторлар жүрек қан тамыр жүйесінің және асқазан ішек жолдарының ауруларының, сонымен қатар вегетативті бұзылыстардың, аллергиялық реакциялардың дамуына ықпалын тигізеді. Хирург- әйелдер мен анестезиологтарда еңбек үрдістерінің факторлары овариалды-менструальды циклдың бұзылыстарына, жүктілік кезеңінің бұзылыстарына, балалардың төмен өмірқабілеттілігіне алып келуі мүмкін. Жүктілік басталғаннан бастап хирургиялық профильдегі дәрігерлер қаупі жоғары топқа жатқызылуы тиіс.
Персоналдың инфицирленген науқастармен тұрақты қарым-қатынаста болуы кәсіптік жұғу мүмкіншілігін жоғарылатып қана қоймай, сонымен қатар жұмысшының иммунологиялық статусының және реактивтілігінің өзгерістерін шақырады. Персоналдың жұқпалы және туберкулезді науқастарға серологиялық және бактериологиялық зерттеулер жүргізуі қанда ішек және респираторлы жұқпалардың, В гепатитінің қоздырғыш антигендері мен антиденелердің жоғары кездесу жиілігін анықтайды, бұл жұқпалы аурумен ауырғандығының, вирус тасымалдаушылықтың, жұқпалы үрдістің азманифесті түрінің айғағы болып табылады.
Медицина қызметкерлерінің туберкулез аурушылдығының өсу қарқыны соңғы 5 жылда халық арасындағы аурушылдық көрсеткіштерінен асып түсуде. Соңғы жылдары туберкулезге қарсы мекемелердің медицина қызметкерлерінің туберкулезбен аурушылдық көрсеткіштері халық арасындағы аурушылдық көрсеткіштерінен 8 есе жоғары болып, рекордты көрсеткіштерге жетті, бұл аурулардың негізгі саны шығу тегі бойынша ауруханаішілік (кэсіптік) екенін көрсетеді. Бұл жағдайға халық арасындағы туберкулезбен аурушылдықтың қолайсыз эпидемиялық жағдайы ықпалын тигізуде, нэтижесінде кэсіптік эрекетті жүргізу барысында туберкулезбен ауыратын науқаспен жиі кездесу, ауруханаларда қолданылатын емге тұрақты, дақылды қасиеттері бойынша жаңа, эртүрлі микобактерия штаммдарының санының өсуі байқалады. Әртүрлі профильдегі медицина қызметкерлерінің қанмен қатынаста болу дэрежесіне байланысты вирусты В гепатитімен инфицирлену дэрежесін анықтау, медициналық персоналда бақылау тобына қарағанда 2-3 есе жоғары екенін көрсетті, ал жұқпалы стационарлардың, биохимиялық жэне клиникалық зертханалардың, гемодиализ орталықтарының, қан құю станцияларының қызметкерлері, сонымен қатар қан препараттарын дайындау жұмысшылары жалпы халық популяциясымен салыстырғанда, вирусты В гепатитімен 5-10 есе жиі инфицирленеді. Қан құю станциясының қызметкерлерінің инфицирленуі 50%-ды құрады.
Микробиологиялық зертханада немесе стационарда жұмыс істейтін медициналық персоналдың кэсіптік эрекеті барысында антибиотиктермен жэне басқа да химиялық препараттармен шұғыл профилактика жүргізу қажеттігі туындауы мүмкін. Ол апаттық жағдайлармен жэне жұқпалы материалдың жұқпа көзіне түсуімен, жұмыс тэртібінің кездейсоқ бұзылуы немесе науқастарды күнделікті қарау, оларға медициналық көмек көрсету кезінде жұқтыру қаупімен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда жұқпалы үрдісті ерте кезеңде жою мақсатымен шұғыл алдын алу (превентивті емдеу) ұсынылады (3).
Ультрадыбысты аппаратура медицинада кеңінен қолданылуда. Терапияда жоғары жиілікті ультрадыбысты қолдану өткен ғасырдың 40-50 жылдарынан басталды. Емдік үрдісте ультрадыбысты қолданатын жаңа бағыт - ультрадыбысты хирургия, ол хирургиялық эдістерден операция кезінде тіндердің аз ғана жарақатталуымен ерекшеленеді. Алайда, жоғары ақпараттылығымен, ауру сезімімен жэне зерттеуге қойылатын қарсы көрсеткіштерінің жоқтығымен сипатталатын
ультрадыбысты диагностика эдістерінің маңызы аса жоғары жэне олар кеңінен қолданылуда. Медицина қызметкерлері ультрадыбысты аппаратурамен жұмыс істеу барысында бірқатар факторлар кешенінің эсеріне ұшырайды, олардың ішінде жетекші орынды интенсивтілігі төмен, төмен жэне жоғары жиілікті жанаспалы ультрадыбыс алады. Сонымен қатар, осы факторлар кешенінің қатарына ауалы ультрадыбыс, білек жэне жоғары иық белдеуі бұлшықеттерінің күштенуі, қолдың тері қабатын ластайтын жанаспалы жағындылар, жүйкелік-эмоционалды күштену жэне т.б. кіреді.
Ультрадыбысты диагностика кабинеттеріндегі еңбек жағдайын зерттеу, персоналдың жұмыс күнінің 85-95%- да жоғары жиілікті, интенсивтілігі төмен жанаспалы ультрадыбыстың эсеріне ұшырайтынын анықтауға мүмкіндік берді. Соның ішінде, эсер ететін деңгей ультрадыбысты дефектоскопия операторларында анықталатын деңгейге тең.
Ультрадыбысты аппаратурамен ұзақ уақыт жұмыс істеу барысында жұмысшыларға жанаспалы ультрадыбыстың қолайсыз эсерінің негізгі клиникалық көріністері қолдың ангиодистониялық синдромы, қолдың вегетативті- сенсорлы полиневропатиясы, қолдың вегетомиофасцит синдромы болып табылады. Соңғысы, стажы жоғары қызметкерлерде анықталады жэне ол қолдың статикалық күштенуінің жанаспалы ультрадыбыспен біріккен эсерімен байланысты.
Лазерлі техниканың қарқынды дамуы оның медицинада кеңінен қолданылуына алып келді. Соның ішінде лазерлік сэулеленудің биологиялық тіндермен эрекеттесуінің нэтижесінде дамитын ынталандырушы, коагуляциялаушы жэне механикалық эсерлер қолданылады. Лазердің шығу көзімен жұмыс істейтін медициналық персоналға жеке дозиметрия жүргізу барысында, оның зақымдаушы эсер шақырмайтын, бірақ шекті рұқсат етілген деңгейден жоғары, жүйелі интенсивтілігі төмен лазерлік сэулеленуге ұшырайтыны анықталды. Жүйке жэне жүрек қан тамыр жүйесінде функциональды бұзылыстары бар адамдардың пайызы салыстырмалы жоғары. Гипер- жэне гипотониялық типі бойынша вегетоқан тамырлы дисфункциялар, астениялық жэне астеновегетативті синдромдары бар симптоматика байқалады. Лазермен жанасатын медицина мамандарының арасында көру мүшесінің бұзылыстары (хрусталиктің күнгірттенуі, торлы қабат дистрофиясының дамуы, катарактаның жедел жетілуі) бар адамдардың үлесі маңызды орынды алатыны байқалды (4).
Осы қатарлы өзгерістер офтальмолог-дэрігерлерде жиі кездеседі, себебі науқастың көру мүшесін тексеру микроскоптың көмегімен жүргізіледі. Бұл уақытта лазерлік сэуле науқас көзінің тіндерінен жэне арнайы қондырғыдан шағылысып, дэрігердің көзіне эсер етеді.
Тұтасымен алғанда, медицина қызметкерлерінің аурушылдық деңгейіне эсер ететін факторларды талдау, еңбек жағдайы мен тэртібінің, сонымен қатар өндірістік жүктеме деңгейінің жетекші рөл атқаратынын көрсетті.
Медицина қызметкерлеріне эсер ететін кэсіптік факторлардың кең спектрін ескере отырып, осы топтың кэсіптік аурушылдық мэселесі өзекті жэне соңғы жылдары оның өсу тенденциясы байқалып отыр. Медицина қызметкерлерінің кэсіптік аурушылдығының дамуына экелетін жетекші өндірістік факторлар: меншікті салмағы орта есеппен алғанда 73% биологиялық факторлар, дэрілік препараттар - 16%, химиялық заттар - 11% болып табылады.
Медицина қызметкерлерінің кэсіптік аурушылдығының құрылымында келесі нозологиялық формалар үстем болды: тыныс алу мүшелерінің туберкулезі - 51%, вирусты В гепатиті - 16%, дэрілік-медикаментозды аллергия - 8%, бронх демікпесі - 8%, экзема жэне дерматит - 4%, тағы басқалары - 13% (4).
Кэсіптік аурулардың үлкен үлесі орта медициналық қызметкерлерге келетінін жэне жиі стажы 5 жылдан жоғары қызметкерлерде дамитынын айта кеткен жөн.
Әдебиет тізімі
- Н.Ф. Измеров, В.А. Капцов. Перспективы научных исследований по гигиене труда медицинских работников //Сов. Здравоохранение. -1985. - №9 - С. 29
- Винокур В., Розанова М. Профессиональный стресс губит врача // СПб.: Медицина, 1997. - №11. - С.28.
- Зуева Л.П., Трегубова Е.С., Колосовская Е.Н., Петрова Н.А. Биологический фактор условий труда в ЛПУ и его влияние на состояние здоровья медицинских работников //Медицина труда и промышленная экология. - 1998. - №5. - С.37-41.
- Королева Е.П., Степанов С.А., Акимкин В.Г. Условия труда и риск возникновения профессиональных заболеваний у медицинских работников/ Бюллетень Научного Совета «Медико-экологические проблемы работающих». - 2004. - № 2. - С. 48-52.