Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өндірістік аэрозольдер өндірістік ортада зияндық және қауіпті фактор ретінде

ӨнДірістік аэрозольдар өнДірістік ортаның еДәуір тараған жағымсыз фактор болып табылады. Көлікте, ауыл шаруашылығынДа көптеген технологиялық процестер мен операциялар өндірістік аэрозольдердің бөлінуімен қатар жүреді. Оның әсеріне жұмыскерлердің көбі ұшырауы мүмкін.

Кіріспе.

Әр түрлі минеральдық, өсімдіктік, жасанды және синтетикалық шикізаттарды шығару, өңдеу көлемінің үздіксіз өсуі, материалдардың жаңа түрлерін жасау т.б. қатты материалдарды ұсақтау процесстерінің қарқындылығын көтеруді талап етіп отыр, ол өз кезегімен, аэрозольдер отынның алуандаған көлемін жағуының (көмірді, мұнайды, газды т.б.), және де өнеркәсіптік кәсіпорындарының ауаға шығарыстарының нәтижесінде осы елді мекендердің атмосфералық ауасына түсуде.

Өндірістік шаң неғұрлым кең тараған кәсіптік зияндылық болып, өнеркәсіптердің әртүрлі салаларында еңбек етуші көптеген жұмысшылар оның әсеріне душар болып отыр. Өндірістік шаң, өндірістік ортаның жағымсыз факторы ретінде өнеркәсіптің барлық салаларында және ауыл шаруашылығында кездесуіне байланысты, осы мәселе өте өзекті болып отыр.

Қазақстан жағдайында өндірістік аэрозольдер көмір шахталарында, қазбаларды ашық шығару өндірістерінде, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында, энергетикалық кешендерінде т.б. ең көп тараған кәсіптік зияндылық болып отыр.

Шаңның жіктелуі.

Аэрозольдер – ол дисперстік ортадан (негізінде ауадан) және ауада қалқымалы күйде болатын көптеген ұсақ, қатты және сұйық бөлшектерден тұратын дисперстік фазадан құралған аэродисперсті жүйелер. Өндірістік шаң осындай каллойдық жүйелердің бірі болып келеді.

Түзілу механизмі бойынша аэрозольдер дезинтеграция аэрозольдеріне және конденсация аэрозольдеріне бөлінеді.

Дезинтеграция аэрозольдері – олар қатты заттарды ұнтақтауда пайда болады (басқаша-ұнтақтау аэрозольдері деп атайды). Дисперстік фаза бөлшекерінің формалары әрқашанда дұрыс (біркелкі) болмайды, олардың өлшемдері әрқилы-ультрамикроскоптіктен бастап өлшемдері айтарлықтай бөлшектерге дейін.

Конденсация аэрозольдері – олар балқытылған заттардың буларының конденсациясында пайда болған аэрозольдер. Олардың бөлшектерінің формалары көбінесе домалақ немесе дұрыс кристаллдық түрде болады. Металл буларын ауада салқындатуда металлдардың және олардың тотықтарының конденсация аэрозольдері пайда болды.

Шығу тегі бойынша шандар -органикалық, бейорганикалық және аралас деп ажыратылады.

Органикалық шандар – табиғи жануарлық текті (сүйек, жүн, тері) немесе өсімдік текті (ағаш, мақта, зығыр, ұн, қант т.б.) және жасанды-пластмасса, резина, смолалар, бояулар және басқа синтетикалық өнімдерінін шандары. Бейорганикалық шандар – минералдын (кварцтік, силикаттық, асбестік, цементтік, фарфорлық т.б.) және металлдық) мырыш қорғасын, сынап, темір, марганец, хром т.б.) шандары.

Аралас шан түрлеріне металлургия кәсіпорындарында, химиялық және басқа өндірістерінде түзілуші шандарды жатқызады. Олар өздерінін құрамы бойынша араласты болып келеді. Мысалы: топырақ шаны минералдық және органикалық компоненттерден тұрады, өсімдік текті шаннын құрамында минералдық қоспалардын бөлшектері болады, металладр мен қоспаларды өндіру және өндеу өндірістердегі шаннын құрамында минералдық және металлдық қоспалары болады. Дисперстілігі бойынша шандарды былай ажыратады: Ұсақ дисперсті және ультрамикроскопиялық (өлшемдері 0,25 мкм дейін);

Орташа дисперсті немесе микроскопиялық (өлшемдері 0,25 тен 10 мкм дейін);

Ірі дисперсті (өлшемдері 10 мкм жоғары).

Шандардын дисперстік дәрежесі оларын құрамындағы бөлшектердін ауада өзін қалай ұстауын анықтайды.

Шаннын тыныс алу органдарында ұсталып қалуы мен онын ішінде таралуы шаннын дисперстігіне байланысты. Бөлшектердін өлшемі ұлғайған сайын, олардын тыныс алу органдарында ұсталып қалуы мен онын ішінде таралуы шаннын дисперстігіне байланысты. Мұнда, алвеолаларда 5 мкм өлшемнен төмен, әсіресе 1-2 мкм бөлшектер ұсталынып қалады. Керісінше, жоғарғы тыныс жолдарында ұсталып қалған бөлшектердін пайызы, олардын өлшемдері ұлғайған сайын өсе түседі.

Қазіргі танда гигиеналық тұрғыдан ен тиімдісі ретінде Н.А. Фукстін ұсынған жіктемесі қабылданған, ол азды- көпті шамада аэрозольдердін манызды физикалық- химиялық ерекшеліктерін ескерген.

Н. А. Фукстін терминологиясы бойынша нағыз шанға (тозанға) дисперстігіне байланыссыз, қатты бөлшектердін дезинтеграция аэрозольдері жатады, ал түтіндерге қатты дисперсті фазадағы конденсация аэрозольдер жатады, ал тұмандарға – олардын пайда болу тегіне және дисперстігіне байланыссыз, сұйық дисперстік фазадағы барлық аэрозольдер жатуы керек (табиғи немесе жасанды су тұмандары).

Өндірістік аэрозольдердін физикалық-химиялық қасиеттері.

Өндірістік шан, көптеген бөлшектерден тұратын жүйе ретінде, шан бөлшектерінін ауада өзінін қалай көрсетуін, және де олардын адам организміндегі тағдарын, олардың организмге әсерін анықтаушы қасиеттер жиынтығымен сипатталады.

Шаңның химиялық құрамы оның организмге тигізетін әерінің жан-жақтығын көрсетеді.

Пневмокониоздардың пайда болуына қатысты, химиялық құрамы бойынша қауіпті келетін шаңдарына қос тотықты кремний шаңдары (әсіресе оның кристаллдық модификациясы) силикаттардың (әсәресе кремний қышқылының), көмірдің, басқа металлдардың (аллюминий т.б.), практика жүзінде, ерітілмейді де тыныс алуында тыныс органдарының терең бөлімдерінде тұрып қалып патологияларды тударыды, мұнда маңызды орынды өкпелерде дәнекер тінінің өсуі, яғни фиброздық өзгерістердің дамуы алады. Осы тұрғыннан неғұрлым агрессивтісі болып кристалданған бос кремний диоскидінің (кварцтың) және басқа модификациядағы шаңы саналады.

Фиброгендік шаңдардың агрессивтігі олардың еру қасиетіне тікеле байланыста болмайды.

Мысалы аморфты кремнийдың ерігіштігі кварцқа қарағанда биік келеді, бірақ соңғысының фиброгендік белсендігі едәуір жоғары.

Байланған кремний диоксиді, көптеген силикаттардың құрамдық бөлігі болып, бірақ олар силикоздарға қарағанда едәуір жеңіл өтеді. Шаңда бос қос тотықты кремний көп болған сайын силикозбен сырқаттану ауырлығы едәуір өседі, сондықтан шаңның құрамындағы бос кремнеземнің санын анықтау міндетті болып келеді. Шаңның дисперсті фазасындағы дәл сол бос қос тотықты кремнийдің мөлшерін ескеріп, жұмыс бөлмесіндегі ауадағы шаңның құралатын мөлшерінің гигиеналық нормативі белгіленеді.

Өсімдік және жануар текті көптеген шаңдар (шөптердің, мақтаның, зығырдың, бидайдың, ұнның, сабанның, ағаштардың, әртүрлі тұқымдарының, әсіресе қарағайдың, жібектің, жүннің, терінің, қауырсындардың, канифольдың шаңдары) олардың құрамында шаңның табиғатына тәне химиялық заттардың және саңырауқұлақтар мен макроорганизмдердің болуына байланысты маңызды аллергендік әсерін тигізеді.

Ерігіш шаңдар тыныс алу жолдарында ұсталып, сіңеді де, қанған түсіп, соңынан олар химиялық құрамына байланысты организмге әсерін тигізеді. Мысалы, қант шаңдары, қорғасынның, мыстың, кадмийдың және басқа металдардың шаңдары улық әсер береді; кейбір бейорганикалық және органикалық қоспалардың шаңдары (хром, берилий, урсол) аллергиялардың және арнайы патологиялық ауытқуларды дамуына келтіреді. Аэрозольдің дисперстік фазасының массасы (салмағы). Қалқымалы бөлшектердің массасы-ауаның көлемдік бірлігіндегі олардың салмағы-шаңның зиянды әсерінің қауіптігін сипаттаушы негізгі көрсеткіші болып саналады. Қазіргі уақытты мына жағдай толығымен дәлелденген: ауаның көлемдік бірлігіндегі шаң бөлшектерінің мөлшерін (санын) ғана ескеріп, шаңмен байланысты кәсіптік аурулардың туу қауіптік дәрежесін анықтауға болмайды. Гигиеналық бағалаудың бірінші және негізгі шарты болып ауаның көлемдік бірлігіндегі (1м3) оның салмағын анықтау саналады, өйткені дәл сол шаңның массасы тыныс алу органдарында патологиялық процесстердің дамуына келтіреді. Ауадағы шаң бөлшектерінің мөлшері (саны) қанша болғанымен, бірақ егер олардың суммарлық салмағы (массасы) аз болса, патологиялық процесс өріс алмайды. Ауадағы шаңның салмағы рұқсатталатын гигиеналық нормативтерден төмен болса оның ешқандай зияндығы жоқ. Керісінше, жоғары салмақты концентрациядағы тіпті «инертті» шаңның өзі зиянды болып келеді. Сол себептен өндірістегі шаңды гигиеналық бағалау негізіне, профессор Е.В. Хухринамен ғылыми тұжырымдалған, ауаның шаңдануын анықтауда салмақты әдіс алынған. Шаңның электрлік қасиеттері. Шаң бөлшектерінің электрлік зарядталуы диспергирленуші заттардың электрондық құрылымына байланысты. Зарядтардың бөлшектердің беттерінде түзілуі олардың температураларының өзгеруіндегі (пироэлектричество), және де оларды механикалық қысудағы (пъезоэлектричество) кристаллдардың электрленуімен байланыст.

Шамамен барлық шаң бөлшектері оң немесе теріс зарядталған. Оң және теріс зарядталған бөлшектердің саны шамамен бірдей.

Шаң мен микрофлора. Сұйық және тірі шаңның көптеген түрлері түрлі бактериялардың, паразиттер мен гельминттердің тасымалдаушылары болып табылады. Түйіршіктік шаң сәулелі паразиттердің тасымалдаушысы, олар актиномикозды туғызады. Микроағзалардың көптеген мөлшері, соның ішінде стафилококктардың, стрептококктардың, ішек таяқшаларының және т.б. шаң құрамында болады, ол паразиттерге негізгі орта болады. Темекі шаңы көбінесе зең саңырауқұлағымен тұқымдалады.

«Өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігі, ауырлығы мен ширығуы факторларының көрсеткіштері бойынша еңбек шарттарын бағалау мен жіктеудің гигиеналық критерийлері» (ҚР ДСА 30.11.2000 ж бастап шыққан № 1.04.001.2000) Жетекшілігінде (әрі қарай «Жетекшілік») «Жұмыс аумағының ауасында зиянды заттар құрамын бақылау әдістемесі» келтірілген. Бұл жетекшілік құралда химиялық, биологиялық табиғаты бар зиянды заттарды, жұмыс аумағының ауасында нүктелерді іріктеудің фиброгенді әрекеттілігінің аэрозольдері кезінде, аралығында, жұмыс аумағының ауасында қажетті мәліметтерді алу мақсатымен қорытындыларды ұсынуды бағалау мен оның үлгісі, әрі оның жұмыскерлердің денсаулығына әсер етуін бағалау, тыныс алу мүшелерінің жеке қорғаушы құралдарды бөлу қажеттілігін орнатуға санитарлық қадағалау тәртібі регламенттеледі.

Шаңның организмге әсері.

Шаңның негізгі қасиеттерінің бірі болып оны өкпелердің кәсіптік ауруларын, оң бірінші кезекте, пенвмокониоздарды тудыру қабілеті саналады. Ең көп тараған және ауыр өтетін пневмокониоз болып силикоз саналады. Ол құрамында бос қостотықты кремний бар шаңды жұту нәтижесінде пайда болатын өкпелердің шаңдың фиброзы. Ал силикатоз аурулары құрамында қос тотықты кремнийдың басқа қоспалармен байланған күйде болатын силикат шаңдарының әсері жағдайында жұмыс істеуші адамдарда пайда болады.

Силикатоздардың ішінде асбестоз, толькоз, цементоз, слюдалық пневмокониоз, каолиноз, оливиноз, нефелиноз, шыны талшықтары шаңының силикатозы сияқты түрлерін ажыратады.

Шаңның өзінен басқа, шаңдық патологиялардың дамуында бронх-өкпе жүйесінің аллергиялық реакцияларының маңызы да үлкен.

Өндірістік шаңның өзі де аллерген болып астмоидты бронхит, бронхиальды астма, эозинофильді инфильтрат сырқаттарын тудыруы мүмкін. Ал басқа жағдайларда шаң аллергиялық өзгерістердің аллергопневмониттік дамуына тек ықпал етеді. Пневмокониозардың ең жиі кездесетін асқынуы болып туберкулез саналады. Бұл сырқатты кониотуберкулез деп, яғни пневмокониоздың туберкулез ауруының әртүрлі формаларымен қабысуы (үйлесуі) деп сипаттау керек. Пневмокониоздың пайда болу тегіне байланысты силикотуберкулез, антрокотуберкулез, асбестотуберкулез, сидеротуберкулез т.б. ажыратады. Туберкулезбен асқынуы әсіресе силикозда жиі кездеседі. Бұл каниотуберкулез өте ауыр өтеді.

Жұмыс бөлмелерінде ауа құрамындағы шаңдарды зерттеу және бағалау әдісі.

Шаңды бақылаудың тағайындалу негізі - жұмыскерлердің еңбек жағдайын гигиеналық бағалау және шаңмен күресудің тиімді әдісін анықтау болып табылады.

Қоршаған ортадағы шаң факторын оқудағы бірінші кезеңі болып тексерілетін өндіріс аумағымен жалпы танысу болып табылады(мекеме типі, ғимараты, жерасты өндірімдері, ашық тау жұмыстары, технологиялық процестің сипаттамасы, бастапқы, аралық, соңғы өндіріс өнімдері, шаң түзілу көздері, оның интенсивтілігі, тұрақты жұмыс орнынның болуы, шаң бөлшектерінің түзілу орны мен оларды жою, түзілген аэрозольдердің алдын ала көрсетілген физико- химиялық мәліметтері және т.б). Бұл берілген өнеркәсіптегі жұмыс орнындағы ауа ортасының шаңдануын оқуда сандық және сапалық жоспар құруға, нақты зерттеу әдісін таңдауға, сонымен қатар жұмыскер ағзасына шаң бөлшектерінің әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның ауа ортасының шаң факторларының зерттеу жоспары жұмыскердің ағзасына шаңның нақты әсерінің мәліметтеріне сәйкес жүргізілу керек. Ауа сынамасы жұмыскердің тыныс алу аймағында жұмыс орнында жүргізілу керек. Егер белгіленген жұмыс орны болмаса, ауа сынамасы жұмыскердің жиі кезеңді орын ауыстыратын орында алынады. Ауа ортасына шаң бөлшектері біркелкі емес түскен кезде ұзақ мерзімді хронометражды бақылау жүргізу керек, бұл жағдай шаң түзілуді жоспарлы зерттеу кезінде ескеру қажет.

Жұмыс орындарында шаңдануды анықтауды тыныс алу аймағында (еденнен 1,5 м биіктікте) жүргізу қажет. Егер жұмыс орны тұрақты болмаса, онда шаңдардың концентрациясын өлшеуді ауысымның 50% жоғары уақытында жұмысшы болатын жұмыс аймағының нүктелерінде жүргізеді.

Ауа сынамасын алу кезеңінде міндетті түрде алу жағдайы тіркеледі: жұмыс орнының ауа температурасы, атмосфералық қысым, орындалатын жұмыстың түрі, желдету жүйесінің жұмысы, ауа тартудың ұзақтығымен жылдамдығын ескереді.

Шаңдануды анықтауда оның массасын (мг/м3) анықтайды және дисперстігіне, яғни өлшемдері әртүрлі шаң бөлшектерінің пайыздық қатынасына сипаттама береді.

Шаңның сапалық сипаттамасының бірінші кезекті химиялық құрамын оқытады, ол шаң бөлшектерінің ағзаға әсерінің сипаттамасын анықтайды. Шаңның сапасын сипаттайтын көрсеткіштерге аэрозольдің қатты фазасының дисперстілік құрамы жатады,ол өлшенген жағдайда ауа ортасында ұзақ уақыт сақталатын және тыныс алу жолдарына терең өтетін жоғары дисперсті бөлшектер (аса ірілерге қарағанда) болып табылады.

Шаңның сандық сипаттамасы шаң бөлшектерінің ауа бірліктерінің көлемі массасына және санына (өлшенген және есептеу әдісі) байланысты болады. Ауа ортасының шаңдануының есептеу әдісімен зерттеу соңғы жылдары тәжірибеде қолданылмайды.

Өндірістік шаңды гигиеналық бағалау мақсатында келесі негізгі әдістер қолданылады: 1) ауа бірлігі көлемінде шаң құрамын өлшеп анықтау (гравиметрлік әдіс). 2) шаң бөлшектерінің дисперстілік құрамын анықтау. 3) шаң бөлшектерінің химиялық құрамын анықтау (бос кремний оксидін анықтау).

Кейбір жағдайда арнайы жобаларды қолданады, мысалы желдеткіш ауа алмасудан ауа сынамасын алу шаң ұстағыш құрылғылардың тиімділігін бағалау үшін қолданады.

Шаң бақылау құралдарын шартты түрде шаңжинағыштар (шаңның сынамасын алу құрылғысы) және шаңөлшегіштер (ауадағы шаң концентрациясын өлшеу құрылғылары, физикалық денелердің болуымен байланысты шаңдардың түзілуі, мысалы электрлік өріс, жарық ағымының көрінісі немесе жұтылуы және т.б,шаңның бірліктер көлемінде индексті және эквивалентті массасының дозасы шамасы).

Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануына бақылау әдістері мен құралдары көптеген, оларды екі топқа біріктіруге болады: І) Тікелей әдістері - шаңның сынамаларын алу құралында дисперстік фазаны бөліп алу (сүзу, электро және термопреципитация, өкпіндік шектіру арқылы), соңынан шаңның салмағын (массасын) өлшеу әдістері; Жанама әдістері (дисперстік фазаны бөліп алмай) шаңның массалық концентрациясын анықтауға мүмкін береді. Жанама бақылауда мына әдістер қолданылады: радиациялық-оптикалық (өлшенген бөлшектермен ортадан фазаны бөлусіз жарықты жұтуы); радиоизотоптық(ауа шаңдануын жұтылу дәрежесіне байланысты өлщеу), электрлік немесе электрондық (шаң бөлшектерін датчикке түскен электрлік импульстің бөлшектерін есептеу негізінде өлшеу); депреометрлік (шаңның фильтрленген санына байланысты фильтрдің қарсылығын анықтау); пьезометрлік (тұрып қалған шаңның санына байланысты пьезоэлектрлік пластинаның жиілігінің тербелісін анықтау) және т.б.

Кезеңдік бақылау құрылғылары (бір реттік өлшеулер) келесі талаптарды орындау қажет: өлшеудің жоғары дәлділігі; сынама алу ұзақтығы және сынаманың жоғары көрсеткіші; массасы 6 кг аспау керек.Осы құралдардағы шаңдануды өлшеу тікелей әдіспен шаңды екі және одан да көп фракцияға бөлу арқылы, кейінгі бөлшектердің (SiO2 және т.б.) заттық құрамын анықтаумен жүргізеді. Қазіргі уақытта ауа шаңдануының жанама түрде өлшеу түрлерін қолданатын тенденцияны отырып жасайды (радиобатқыштың басты негізімен. Мысалы, «Прима-01» концентратометр. (1 сурет)

Шаң өлшеуші құралдар жүйесінің автоматталған екі түрі бар: автоматты шаң жинағыштар және автоматты шаң өлшеуіштер. Осы құралдардың жұмысы ауаны танудың жанама әдістерінде негізделіп, осы әдістердің кемшіліктері мен жетістіктеріне сүйеніп шаңдану деңгейін өлшеудің үздіксіз деңгейімен қорытылып, ауысымына (аптасына) орта концентрациялардың анықталуына себеп болып, еңбектің гигиеналық шарттарын бағалап, шаңмен күрес жұмысының ұтымтылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Өндірістік шаңның зиянды әсерінің профилактикасы.

Қазақстанда шаңмен байланысты кәсіптік сырқаттарды алдын алу мемлекеттік міндет болып, жалпы халық шаруашылығына және өнеркәсіптің жеке салаларына қатысты кешенді шараларды қолданумен жүргізіледі. Тап осы аталған заңдылық, технологиялық, гигиеналық және мдеу-профилактикалық шараларды кешенді қолданудың арқасында өнеркәсіптің көптеген салаларында еңбек жағдайын жақсарту, ауадаағы шаңның концентрациясын азайту және шаңдық текті кәсіптік сырқаттанудың деңгейін төмендету бойынша маңызды жетістіктерге қол жетті.

Технологиялық және санитарлық-техникалық шаралары. Технологиялық шаралар ең маңызды, шешуші шаралар болып келеді, олар шаңның құралу себептерін жоюына бағытталған. Мысалы, отқа төзімді бұйымдарды жасауда шикізатты ұсақтау мен ұнтақтаудың ылғалды әдісін қолдану шаңның пайда болуын мүлдем болдырмайды. Тау-кең өнеркәсіінде гпурларды бұрғылау жұмыстарын сумен шаюды қолданып бірге жүргізсе, ауаның шаңдануы және пневмокониоздармен сырқаттануы күрт төмендейді.

Егер шаң тудырғыш технологиялық процесстерді шаңсыз процесстерге ауыстыру мүмкіндігі болмаса шаң шығарушы материалдарды ұнтақтау, тиеу, тасу және буып-тұю процесстерні кешенді механикаланлырып (дистаниялық) алыстық басшылық жасау қондырғыларын қолдану жолы шаңмен күресті жүргізудің басты бағыттарының бірі болып келеді. Мұндай жағдайларда тек шаң шығару күрт төмендеме ғана, жұмысшылардың шаң шығару орындарында болу қажеттігі болмайды.

Пайда болған шаңдарды басу бойынша ерекше роль суды қолдануына беріледі, әсіресе бұл әдіс құрғақ процесстерді ылғалды процесстерге ауыстыру, және де шаңның ауаға түсу орнында шамалы суландыру мақсатымен қолданылады. Көмірді байытуда, керамикаларды жасауда т.б. ылғалды әдістерді қолдану ауаның шаңдануын оның рұқсатталған мөлшеріне дейін төмендетіп, пневмокониоз ауруларының пайда болу қауіптігін болдырмайды.

Ауадағы қалдық шаңдармен күрес жүргізуде басты роль тікелей шаң шығарушы көзіне жақын ұтымды орналасқан жергілікті сыртқа шығарушы вентиляциясына беріледі. Өндірістік шаңның зиянды әсер етуінің алдын алу.

Қазақстанда кәсіби шаң ауруларын ескерту мемлекеттік міндет болып табылады және шаралар кешенімен жүзеге асырылады: өнеркәсіптің әр желісіне қолданбалы, жалпы әрі жеке заңды, техникалық, гигиеналық және емдеу- сауықтыру шараларын кешенді қолдану еңбек жағдайының жақсаруына, шаңды ауа құрамында концентрациялардың және өнеркәсіптің көптеген салаларында кәсіби аурулар деңгейінің төмендеуіне мүмкіндік береді.

Шаң жағдайында еңбек регламенті бойынша заңды актілер.

Шаңның әрекет етуінің шараларын регламенттейтін негізгі заңды-нормативті актілер № 1.01.00194, «Өнеркәсіп объектілерін жобалауға арналған санитариялық нормалар мен ережелер», № 1.01.00294 «Технологиялық процесстерді ұйымдастыруға байланысты санитариялық ережелер және өндірістік жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптар» сонымен қатар № 1.02.011-94 «Шекті аралық концентрациялар» болып табылады. Шаңның зиянды әсер етуінің алдын алу жүйесінің негізіне ШРЕК қажет. Осы нормаларға сәйкес, өндірістік шаңның түрлеріне байланысты жұмыс жайларының ауасында аралықты мүмкінді концентрациялардың көлемі орнатылған. Осы ШРЕК көлемдері пневмокониоздармен және шаң тұғырындағы басқа да кәсіби аурулармен сырқаттанушылықтың көп

жылғы талдаулары негізінде, өндірістің түрлі саласындағы еңбек жағдайымен тығыз байланыста, шаңның патогенді әрекеті негізінде шұғыл зерттеу мәліметтерінің тұрғысында бекітілген. ШРЕК бұл тізімі жүйелі түрде толықтырылып, өндірістік аэрозольдердің гигиеналық бағасы төңірегіндегі жаңа ғылыми мәліметтерге сәйкес түзетіледі.

ШРЕК көлемдері шаңның, оның құрамындағы кремнездің, силикаттардың және басқа да қоспалардың құрамына байланысты өлшеулі көрсеткіштерде орнатылған. Бұл көлем өлшеулі бірліктермен-ауаның 1 м³ (мг/м³) миллиграммда белгіленген, барлық шаңның максималды концентрациясы болып табылады.

Еңбек заңдылығына сәйкес жұмыс істеушілерге алдын- ала және аралық медициналық тексерістерді өткізу міндетті болып табылады. Шаң әрекетімен байланысты жұмыстарға шаңды кәсіби ауруларды жылдамдататын тұлғаларды босатуға рұқсат етілмейді, немесе өндірістік шаң негізінде тез таралатын аурулар.

Осыдан басқа, еңбек заңдылығы бойынша жер астында жұмыс істейтін қызметкерлерге қысқартылған 6 сағаттық жұмыс күні орнатылған, зейнеткерлік 50 жас болып табылады. Осы жеңілдіктер шаңмен қатынас жасау уақытын қысқартады. 20 жастан жас адамдар шахталар мен кен орындарына жұмыс істеуге қабылданбайды, себебі пневмокониоздар тез пайда болады және жас адамдарда ауырлау өтеді.

Шаңға тап болатын жұмыскерлердің аралық медициналық тексерістері аурулардың алдын-алып, ертерек ескертуге міндетті болып табылады. Сонымен қатар, жұмыс істеушілердің денсаулық жағдайына динамикалық бақылау жасау орнатылады. Осы тексерістер кәсіби жарамдылықты, еңбекке жарамдылық сауалдарын мерзімінде шешіп, шаң кәсібі жұмыскерлеріне жұмысқа рационалды орналасуға мүмкіндік береді. Тексеріске терапевт, рентгенолог, көрсеткіштер бойынша-отоларинголог пен фтизиатр мамандары қатысады.

Жиналған шаңды жинау ылғалды әдістермен бірге, ауаға шаң қонуын болдырмайтын арнайы механизмдермен де қамтамасыз етіледі.

Ауаның қалдықты ластануымен күресте, шаң жиналатын көзде тиімді тұрғыда орнатылған жергілікті желдету, маңызды орын алады. Шаңмен күресетін желдету оны әрекетке қосу мен бақылауын ұйымдастыруда мұқияттылықты талап етеді.

Таулы өнеркәсіптерде шаңмен күресудің радикалды әдістері мөлшеріне көмір мен руда өндірудің ашық әдісі жатады, осы негізде кәсіби аурулар проблемаларының көбісі шешіледі.

Көмір өндіруде, оны алдын ала ылғалдау маңызды рөл атқарады, ол комбайндарда ылғалды өндірумен қатар шаңдануды бірнеше рет төмендетуге мүмкіндік береді. Шаңмен күресудің түрлі әдістерін бір уақытта қолдану, кешенді түрде шаңсыздандыру ғана тау өнеркәсібінде шаңмен күресудің табысына әкеледі.

Жеке профилактикалық шаралар.

Шаңмен күресудің радикалды әдістерінен басқа, зиянды әсер етуінің алдын-алуда тыныс алу мүшелерінің жеке қорғаушы құралдары маңызды орын алады- респираторлар мен таза ауаны беруші түрлі шлемдер қолданылады. Респираторларды қолдану жұмыс орындарындағы ауа құрамында кез-келген шаң концентрациясыны рұқсат етілген шамалардан жоғарлауы ұсынылады. Нақты жағдайларға респираторлардың сәйкес келетін түрі алынады.

Қазіргі уақытта төменде көрсетілген респираторлар кең түрде қолданылады: «Лепесток», мысалы, ШБ-1 «Лепесток» тазарту мүмкіндігі өте жақсы, тыныс алуға кедергі жасамайтын және аз салмақты респиратор.

Таза ауаны беретін скафандр-шлемдерінің ішінен жұмыскерлерді шаңнан қорғаудың басқа мүмкіндіктері болмағанда, «Пескоструйщиктер» шлемдері жақсы қолданылады. Респираторлары бар арнайы құрылысты шлемдер шаң қоспасынан тек тыныс алу мүшелерін ғана емес, сонымен қатар бетті де (электрдәнекерлеушілер/тазартушылар және т.б.) қорғау үшін қолданылады.

Тері қабаттарын шаңнан қорғау үшін тығыз (малескинді) матадан (комбинезондар, бас киім мен қолғаптар) тігілген шаңнан қорғаушы арнайы киімдерді, сонымен қатар арнайы аяқ киімдерді қолданады. Шаңға қарсы жеке қорғаушы құралдарды жаппай пайдалануда санитарлық-тұрмыстық бөлмелерде осы әдістерді қамту бойынша құрылғылар болу қажет.

Медициналық-сауықтыру шаралары.

Жоғарыда көрсетілген шаң кәсіптерінде жұмыс істеушілерге алдын-ала кезеңдік медициналық тексерістер мен динамикалық бақылау жүргізуге фотарияларда ультракүлгін сәуле беруші шаралар кең танылды, олар ағза реактивтілігінің нормалануы мен жалпы қарсы тұру көрсеткішінің өсуіне қарай өкпелерде пневмокониотикалық дамуды әлсіздетіп, пайда болуын тежейді. Көптеген шахталар мен кәсіпорындарда ультракүлгін сәуле беруші фотариялар тұрмыстық комбинаттар мен санитарлық-тұрмыстық бөлмелер жүйесінде бар. Ультракүлгін сәулеленудің тиімділігі эксперименталды жұмыстарда да көрсетілді. Басқа, пайдалы алдын-алу шарасы ретінде сілтілі ингаляцияларды (көмірқышқыл калий ерітіндісінің 1%) қолдану болып табылады. Жұмыскерлерге бақылау жасау, сонымен қатар эксперименталды мәліметтер сілтілі ингаляциялардың пневмокониозды дамуының баяулығын көрсетті. Осыдан басқа, жыпылықтағыш эпителийдің көмегімен аталық без арқылы шаңның шығуымен фильтрлеу мүмкіншілігін жақсартып, жоғарғы тыныс алу мүшелерінің аталық безін санкциялайды.

Тыныс алу жаттығулары, арнайы шипажайларда болу, жүйелі түрде спортпен шұғылдану (суда жүзу, шаңғылы спорт), тыныс алудың функциясын жақсартады, әрі пневмокониоздың алдын-алуға жол береді.

Клиникалық және экперименталды зерттеулер силикоқауіпті шаң әрекетінің жағдайынан ақуыз алмасуын жақсарту үшін тамаққа метионинді қосу арқылы емдәм сақтау силикотикалық процессті тежейді. Осындай әсер етудің механизмі ферментті және гормонды жүйелердің белсенділігімен байланысты.

Пневмокониоздардың, шаң бронхиттері мен шаңмен байланысты басқа да аурулардың алдын-алу үшін негізгі бағыт өндірістік процесстерді шаңсыздандыру мен шаң концентрацияларын мүмкінді деңгей концентрацияларына дейін төмендету мақсатымен шаңға қарсы шараларды қолдану болып табылады.

Емдеу-сауықтыру шараларына алдын-алу және кезеңдік медициналық байқаулар, жұмыс істеушілердің денсаулық жағдайына бақылау жасау кіреді. Шаң әрекеттілігі негізінде жұмысқа қабылдау үшін қарсы жүрек-тамыр жүйесінің, көздің, терінің созылмалы көрсетілімдер өкпе туберкулезі, тыныс алу мүшелерінің, аурулары болып табылады.

 

Список литературы

  1. Хасенова К.М., Байсалов С.Ш., Есенбаева П.А. и соавт. Экологическая ситуация и состояние здоровья населения г. Кентау Южно-Казахстанской области. // Астана медициналық журналы. -№ 4. - 2003. - специальный выпуск. - С. 26-27
  2. Каримов М.А.,. Доскеева Р.А, Бирюков А.И., Баймухамедова. М.Х. Изучение возможностей связи онкологических заболеваний населения Западно-Казахстанского региона и Кокшетауской области с загрязнением окружающей среды физическими и химическими канцерогенами. // Астана медициналық журналы. - №4. - 2003.- С. 123-125.
  3. Белоног А.А., Байдурин С.А., Дарменов О.К., Бекенова Ф.К. Экологическая ситуация и заболеваемость в северном регионе Республики Казахстан. // Астана медициналық журналы. - № 4. - 2003.- С. 12-14
  4. Казымбет П.К., Бектаева Р.Р., Байдурин С.А. и соавт. Скрининговые исследования состояния здоровья населения экологически неблагополучных районов Северного Казахстана // Астана медициналық журналы. - № 4. - 2003. - С. 42.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.