Оқу материалдары, оқыту әдістері мен амалдары түрлі және қызықты болуы керек. Студент бір объектіні зерттеу барысында сол объектіні жан-жақты тануы керек.
Мотивация қүрылымын зерттеу үшін Б.И. Додоновтың төрт қүрылым компоненттерін бөліп көрсетуі орынды болды: түлғаға мәжбүрлік қысым көрсетіп, іс әрекет үшін марапаттап «мотивациялық» күш, іс әрекет нәтижесінің түлғаға маңыздылығы, іс әрекеттен қанағаттану [30]. Бірінші қүрылымдық компонент шартты түрде мотивациялық қүрауыштары бар «гедоникалық» деп атадық, ал қалған үшеуін оның қүрауыштары болып табылады. Бірінші және екінші компонент іс әрекетке іштей қатынас болып табылатын іс әрекетте бағдарлану (оның үдерісі мен нәтижесі), бағыттылығын анықтайды, ал үшінші және төртінші компонент ықпал етудің сыртқы факторларын (іс-әрекетке қолайлы және қолайсыз қатынас) сипаттайды. Дж. Аткисон бойынша жазалаудан қашатын, марапаттау ретінде анықталатын соңғы екі компонент мотивацияның мақсатқа жету компоненттері болып табылады. Мотивацияны қүрауыштардың осындай компоненттері оқу іс- әрекеті қүрылымымен сәйкес келуі өте тиімді болып шықты. Мотивацияны және оның қүрылымдық үйымдастырылуын түсіндіру адамның негізгі қажеттіліктері терминдерімен түсіндіріледі (Х. Мюррей, А. Маслоу, Дж. Аткинсон және т.б.) [37-40].
Тұлға мотивациясын қарастырған (тұлға қажеттілігі терминдерінде) алғашқы зерттеушілердің бірі, өзімізге белгілі, Х. Мюррейдің (1938) жұмысы болып табылды. Мінез құлықтың қозғаушы күштерін қарастырушы авторлардың көпшілігі негізгі төрт қажеттілікті атап көрсетті: жетістікке жетуге қажеттілік, басымдық танытуға қажеттілік, дербестілікке қажеттілігі, аффиляцияға қажеттілік. Бұл қажеттілітерді М. Аргайл (1967) кең контексте қарастырды. Ол жалпы мотивация (қажеттіліктер) құрылымына:
- әлеуметтік ықпалдасуды (суға, тамаққа, ақшаға биологиялық қажеттіліктер) тудыруы мүмкін әлеуметтік қажеттіліктерді емес;
- беделді, қолында билігі бар адамдардан көмекке, қорғауды, жетекшілік етуіне, тәуелділікке қажеттілік; аффилияцияға қажеттілік: басқа адамдардың ортасында, достық қарым- қатынаста, топпен, құрдастарының арасында болуға ұмтылу;
- басымдық танытуға қажеттілік; көп сөйлеп, шешім қабылдауға рұхсат берілген басқа адамдар немесе топта сені көшбасшы ретінде қабылдау;
- сексуальдық қажеттілік, бір жыныс өкіліімен тартымды келесі бір жыныс өкілімен достық және интимді әлеуметтік өзара ықпалдасу, физикалық жақындық;
- агрессияға қажеттілік, физикалық және вербальды зиян келтіру;
- өзінің адамгершілік қасеиттерін сезінуге қажеттілік (self-esteem), өзін өзі идентификациялау, өзін маңызды түлға ретінде сезінуді жатқызды.
С.И. Самыгинның пікірінше жоғары мектеп студент өмірі үшін маңызды оның кәсібіне қатынасын қалыптасуында, сәйкесінше сол кәсібіне қажетті білімді меңгеруінде аса маңызды міндетті шешеді. Сондықтан да, кафедра қызметкерлері оқуға түсуге бет алған жас түлектің оқуға түсу мотивтері, жалпы білім деңгейін, дербес жүмыс жасай алу шеберлігі мен дағдылар деңгейін, қызығушылықтарын, мінез-қүлық ерекшеліктері мен денсаулық жағадайы жайлы жалпы сипаттамаға ие болғаны дүрыс.
Оқу үрдісінде студенттің дербестілігі мен қабілеттерін көрсетуі үшін, оқу іс-әрекетіне қызығушылығын ояту үшін арнайы жағдайларды жасау керек. Педагог өз пәнінде белсенді оқыту әдістерін қаншалықты көп қолданса, студенттердің де пәнді оқуға қызығушылықтары соншалықты артады. Студенттің пәнді оқуға қызығушылығын арттырудың негізгі амалдары - студенттен белсенді танымдық іс- әрекетті талап ететін сүрақтар мен тапсырмаларды беру. Студентке тапсырмалар тізбегін беру кезінде педагог студенттің ықтимал мүмкіндіктерін ескеруі қажет.
Студентке берілген тапсырмалар мәселелік түрғыда берілсе және студенттің өзінде бар білімі ол мәселені шешуге жетпейтін болса, онда студентте сол мәселені шешуге байланысты және жалпы жаңа білімді меңгеруге қажеттілік туындайды. Аталған қажеттілік негізінде оқуға деген мотив мен қызығушылық қалыптасады. Үнемі белсенді іс-әрекетті қажет ететін жүмыс, студент үшін қызығушылықты тудыратыны сөзсіз. Ал керісінше белсенділік пен интеллектуалды жүмысты қажет етпейтін іс-әрекет, студент үшін ешқандай қызығушылық оятпайды. Оқу үрдісінде қиындықтарды жеңу, мәселелік жағдайларды шешу оқу үрдісіне қызығушылықты тудырады, қалыптастырады, арттырады. Дегенмен оқу үрдісіндегі қиындықтар мен мәселелік жағдайларды студент шеше алу мүмкіндігі болған жағдайда ғана қызығушылық туындайды, ал керісінше масілілік тапсырмаларды шешуде студенттің ықтимал мүмкіндігі жетпейтін болса, онда студенттің оқу үрдісіне деген қызығушылығы күрт төмендейді.
Оқу материалдары, оқыту әдістері мен амалдары түрлі және қызықты болуы керек. Студент бір объектіні зерттеу барысында сол объектіні жан- жақты тануы керек. Суденттің объектіні оқып тануға деген қызығушылығын арттырудың тағы бір тәсілі оқу материалдарының жаңалығы және жаңа материалдардың эмоционалды бейнеленуі. Студент жаңа объектіні зерттеуде өзінде бүрыннан бар білімге сүйенуі тиіс [36].
С.М. Бондаренко тарапынан қүрастырылған жоғарыда айтылып өткен студенттің оқуға қызығушылығын ояту теориялары білім беру үрдісінде студенттің оқуға қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталған арнайы бағдарлама ретінде қолданылуы мүмкін [41].
Қызығушылықтың нәтижелік, танымдық, процесуалдық, оқу танымдық және т.б. түрлері мотивациялық бағыттылық пен сәйкестелуі мүмкін (Е.И. Савонько, Н.М. Симонова). Б.И. Додоновтің зерттеулерін жалғастырушы бұл ғалымдар жоғары оқу орнында шет тіліні оқудың төрт мотивациалық бағытын (үрдіске, нәтижеге, педагог бағалауына және келіспеушіліктен қашу) анықтаған. Ғалымдардың пікірінше аталған мотивацияның үрдіске, нәтижеге бағыттылық компоненттері бір бірімен тығыз байланыста болып ЖОО-ның түріне, типінен тәуелсіз қалыптасады, ал мотивацияның педагог бағалауына және келіспеушіліктен қашуға бағыттылық компоненттері ЖОО-ның түріне, типіне және т.б.байланысты немесе тәуелді қалыптасады [42]. Мотивациялақ бағыттылықтың ең жағымды компоненті үрдіске және нәтижеге бағыттылық компоненттері. Мотивацияның келіспеушіліктен қашу бағыттылығы әлсіз сипатқа ие.
Студент оқу іс-әрекетінде мотивацияның қалыптасуы алдымен студенттің ішкі мотивтеріне негізделеді, ал кейін сыртқы тұлға ретіндегі парызы, міндеті, қызығушылығы, қажеттілік мотивітеріне негізделеді. Студенттің оқу мотивациясын зерттеуде, студенттің оқу мотивациясына «студенттің болашаққа талпыныс ерекшелігі (өмірге қажетті маман иесі болу, әлеуметтік мәнді дәрежеге жету, өз іс-әрекетінің нәтижесін жоғарылатуға бағыттылық және т.б.)» ерекше әсер ететіні айқындалған. Студенттің меңгерген біліміне қанағаттануы жалпы өзінің қажеттіліктеріне сәйкес анықталады. Дәл осы студенттің жеке қажеттіліктері студенттің оқуға қызығушылықтары мен мотивтерін айқындап, студенттің әлеуметтік белсенділігін ұлғайтады.
Мотивациалық құрылымда ең негізгісі ішкі факторлар болып есептеледі: мотивациалық бағыттылықтың басымдық етуі.
Мотивтер құрылымын өзгертуге әсер ететін тағы бір амал студентті шығармашылық іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін бағалау мен бақылау үрдісін уақытша ығыстру (Е.И. Савонько, Н.М. Симонова). Авторлар: а) басымдық ететін мотитер іс-әрекет нәтижесінде қөрініс табатынын; ә) іс-әрекеттің нәтижесіне әсер ететін мотивтер жеке мәнділік сипатқа ие; в) тұлғалық мәнділіктің психологиялық мазмұны мотивациялық құрылымның типіне байланысты.
Зерттеушілер мотивтер құрылымының типтері мен іс-әрекет нәтижесінің ерекшеліктері, тұлғаның субъективті сипаты арасындағы байланысты анықтайды деп қорытады.
Аталған мәселе бойынша ғылыми әдебиеттерде көрсетілген зерттеушілердің жүмысында студенттің ішкі мотив қүрылымына түрлі факторлар әсер ететіні анықталды. Ондай факторларға бағалау мен уқыттық шектеулерді ығыстыру, қарым-қатынастың демократиялық стилі, студенттің жағдайды таңдау мүмкіндігі, мотивтердің тұлғалық мәнділігі, жұмыс түрі (нәтижелік, шығармашылық жұмыс) жатады. Мәселелік жағдайды шығармашылық түрде шешу мотивтер қүрылымының компоненттерін бір ізділікте жүргізілуі мен түрақтылығына оң әсер етеді. Жоғарыда келтірілген теориялар оқу мотивациясының күрделі психологиялық феномен екенін дәлелдеп оқу үрдісінде оқу мотивациясын басқару, бақылау үшін тұлғаның психологиялық, жас және дербес ерекшелігін ескеру қажеттілігін дәлелдейді.
Сонымен оқу мотивациясы күрделі қүрылымға яғни ішкі қүрылым (үрдіске бағытталады, нәтижеге бағытталады), сыртқы қүрылым (мақтау қағаздары мен келіспеушіліктен қашу) сипатталатын жалпы мотивацияның күрделі түріне жатады.
Мотивация субъект белсенділігінің ішкі және сыртқы қозғаушы күші ретінде сипатталып, студент түлғасының қүрылымында маңызды орынды алады.
О.В. Виштак көптеген зерттеушілердің пікірлеріне сүйене, өз ойын: «жас жеткіншіктердің жоғарғы оқу орнын таңдауы - олардың кәсіби анықталуы, белгілі бір өмір сүру тәсілін таңадауы мен болашақ тағдырларын анықтауда ерекше әсерін тигізетін маңызды кезең» деп қорытқан. Ғалымдардың пікірінше, талапкерлердің жоғары оқу орындарына түсуіне түрлі мотивтер негіз, солардың бірі соңғы уақыттағы елімізде болып жатқан әлеуметтік- экономикалық және саяси өзгерістерді атауға болады. Дегенмен қоғамдық өзгерістерден тәуелсіз тұрақты көрініс табатын мотивтерді де атап өтуге болады.
Зерттеуші Е.П. Ильин [43-44] пікірінше, жоғарғы оқу орнына түсудің негізгі мотивтеріне: түлектің, студент жастардың ортасында болу қалауы; қоғамға қажетті маман болғысы келуі; кәсіп немесе талапкер таңдаған мамандықтың оның жеке қызығушылықтарына сәйкес келуі.
Өмірдің әлеуметтік шарттары ЖОО-на түсу мотивтеріне үлкен әсерін тигізеді. Оны С.Б. Бобровскийдің зерттеулерінен яғни, біздің мемлекетіміздің капитализм кезеңіне өту уақытынан көреміз. Бүрынғы өмір сүрудің қүндылық бағдарын жоғалту, білім беру жүйесі мен әскери саланың нашар жағдайы ЖОО түсудің жаңа мотивтерін көрсетеді. С.Б. Бобровскийдің сауалнамасына қатысқын педагогикалық институт студенттерінің 43% ғана мамандықтарының теориясын меңгеруді қалайтындарын атап көрсетті, сол пайыздың жартысы ғана балалармен жұмыс және қарым- қатынасты үнататындарын айтқан болатын. Сауалнамаға қатысқан студенттердің қалған бөлігі (педагогикалық мамандыққа бейімделген) жоғарғы оқу орнына оларға белгілі бір пән ұнағаны үшін немесе интеллектуалдық білімін көтеру үшін келгендерін атап көрсеткен.
Сауалнама қатысушы екінші топтағы 57% құрайтын студенттер ЖОО түсе тұра, педагогикалық білімді алғысы келмейтінін және оны болашақта өз мамандығы бойыншы жұмыс жасамайтынына сенімді болғанымен байланыстырған. Жоғарыда атаған студенттердің педагогикалық оқу орнына түсуіне келесі мотивтер әсер еткені белгілі болған: (басқа оқу орнына да солай болуы керек) (ер балаларда) әскерге барғысы келмеуі, өздерінің жас мөлшеріне сәйкес балалармен араласу, өзін-өзі анықтауға тырысушылық, жоғары оқу орны дипломнының беделділігі (яғни диплом білім емес). Соңғысы жоғары білімнің девальвациясын сипаттайды: қүндылық ретінде білім емес, құжат болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Основы кредитной системы в Казахстане / С.А. Абдыгаппаров, Г.К. Ахметова. - Алматы: Казак университет, 2004. - 110 с.
- Джакупов С.М. Мотивационное обеспечение учебной деятельности студентов в условиях дистанционного образования // Вестн. КазНУ. — Серия психологии и социологии. — 2003. — № 2 (11). — С. 17-23.
- Мартынова Т.Н. Особенности системы ценностных ориентация студентов с различной мотивацией выбора исследования / Т.Н. Мартынова // Социс. - 2004. - №3. - С. 27-31.
- Ушамирская Г.Ф. Интернационализация социальных ролей учащейся и студенческой молодежи. - Волгоград: Издательство Волг ГУ, 2002. - 170 с.
- Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии. - М.: Наука, 1984. - 444 с.
- Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: в 2т. - Т. 2. - М.: Педагогика, 1989. - 458 с.
- Фрейд З. Введение в психоанализ. - М.: Наука, 1989. - 526 с.
- 8. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. - М.: Наука, 1973. - 359 с.
- Ждан А.Н. Психологическая теория деятельности А.Н. Леонтьева и гуманизация образования // Традиции и перспективы деятельного подхода в психологии: школа Леонтьева А.Н. - М.: Смысл, 1999. - С. 350-364.
- Асеев В.Г. Проблема мотивации и личности // Теоретические проблемы психологии личности. М., 1974. - С.122130.
- Божович Л.И. Личность и его формирование в детском возрасте. - М.: Наука, 1968. - 22 с.
- Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. - М.: Политиздат, 1975. - 386 с.
- Шадриков В.Д. Проблемы системогенеза профессиональной деятельности. - М.: Наука, 1982. - 254 с.
- Юрчук В.В. Современный словарь по психологии. - М.: Современное слово, 1998 . - 66 с.