Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заңсыз аборт жасаудың түсінігі мен құқықтық реттелуі

Мақалада Қазақстан республикасындағы заңсыз аборт жасау мен жасанды жолмен жүктілікті бұзудыңөзекті мәселелері қарастырылады.Сондай-ақ аборттың түрлері, аборт жасаудың тәртібі мен аборттың зиянды салдары талданады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1- бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, қүқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған [1, 4 б.]. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық қүқық салалары, оның ішінде Қылмыстық қүқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.

Аборт жасау туралы деректер ерте заманнан-ақ белгілі. Ол туралы мәліметтерді Гиппократ, Ибн Синна, Аристотель мен Цицеронның еңбектерінен кездестіруге болады. Ертедегі медицина атасы Гиппократ жасанды аборт жасау, түсік тастау заңсыз деп есептеген. Гиппократ мектебінен шыққан ол кездегі дәрігерлер: “...мен ешқашан да түсік тастатуға дәрі-дәрмек қолданбаймын” деп ант берген.

Аборт деп заңда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті бұзуды айтамыз. Абортты жүзеге асыру осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алған арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады. Жүктілікті жасанды түрде жоюдың медициналық негіздерінің тізімін ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі анықтайды, ал әлеуметтік көрсеткіштердің тізімі Қазақстан Республикасы бекіткен ережелер бойынша белгіленеді.

Аборттың екі түрі бар:

Біріншіден-қүқыққа сай, жүктілікті жасанды түрде үзу немесе аборт – жүктілікті үзу және жатырдағы біткен үрықты өмірге қабілеттілік мерзіміне жеткізбей дәрі- дәрмектік немесе хирургиялық әдістерді қолдана отырып және әйелдің (заңды өкілінің) жазбаша ақпараттандырылған келісімін ала отырып, жүктілікті үзу, жатырдан үрықты алып тастау, яғни медициналық көрсеткіштің негізінде әйелге қауіп төну кезінде заңға сай жасанды үзу айтамыз.

Екіншіден-заңсыз аборт, яғни медициналық білімі жоқ адамныңәйел мен баланың денсаулығына зиян келетінін біле тұра аборт жасауы. Заңсыз аборт жасау, науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексінің 104-бабына сәйкес жүктілікті жасанды түрде үзу қүқығын жүзеге асырылатын жағдайлар:

Әйелдің жүктілікті жасанды түрде үзуге қүқығы бар. Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында дәрігерлер моральдық-этикалық, психологиялық және физиологиялық теріс салдарларды, ықтимал асқынуларды түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті.

Жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он екі аптаға дейінгі мерзімінде, әлеуметтік айғақтар бойынша - жүктіліктің жиырма екі аптаға дейінгі мерзімінде, ал жүкті әйелдің және (немесе) шарананың өміріне қатер төндіретін медициналық айғақтар болған кезде (шарананың дамуы мен жай-күйінің өмірмен сыйыспайтын туа біткен кемістігі түзелмейтін монотектік генетикалық аурулар болған кезде) - жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады.

Кәмелетке толмаған адамның жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.

Емдеу-профилактикалық ұйымдарда әйелдің қалауы бойынша жүктілікті жасанды түрде үзуге дейін және одан кейін, контрацепция әдістері мен құралдарын жеке іріктеуді қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік консультация өткізіледі.

Жүктілікті жасанды түрде үзудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді [2, ].

Аборт жасаудың қауіптілігі жоғарыда көрсетілген әрекеттерді тиісті білімі және құралы жоқ, талапты қанағаттандырмайтын тұлғаның жасауы. Мексика, Бангладеш, Индонезия елдерде аборт жасау заңмен тиым салынған. Осы елдерде аборт жасатқан әйел қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болған.

Заңсыз аборт орын алған жағдайда қылмыстың обьектісі — әйелдердің өмірі және денсаулығы (ҚР ҚК117-бабының 1-тармағы).

Обьективтік жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы арқылы сараланады. Заң бойынша абортты жоғары медициналық білімі бар хирург-гинеколог, акушер-гинеколог жүзеге асырады. Егер абортты жоғары медициналық білімі бар терапевт, невропатолог, медбике, фельдшер т.б. жасаса, онда олар осы қылмысты істегені үшін жауапты болады. Мұндай адамдар үшін тек қана аса қажеттілік жағдайында немесе орынды тәуекел ету арқылы әйелдің өмірін сақтап қалу мақсатымен жүзеге асырылған аборт үшін ғана қылмыстық жауаптылық орын алмайды.

Субъективтік жағынан ҚК-тің 117-бабының 1- тармағында көзделген қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам өзінде тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ екенін және осыған байланысты аборт жасауға құқығы жоқ екенін сезеді, бірақ та соны тілеп әрекет етеді.Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және әр түрлі ниеттермен: пайдакүнемдік (ақша немесе материалдық игіліктер), тұрмысқа шықпаған немесе некесіз жағдайда пайда болған жүктіліктен арылуды өтінген әйелге аяушылық білдіру.

Қылмыстың субьектісі - жалпы, 16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамдар. Егер аборт емдеу мекемесінен тысқары жерде жүзеге асырылса (аса қажеттілік жағдайларынан басқа) аборт жасалатын әйел ауру болса немесе медициналық, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша оған аборт жасауға негіз болмаса, бұрынцы жасалған аборттан соң 6 ай мерзім өтпесе, аборт заңсыз жасалған деп танылады.

Қылмыс заңсыз аборт жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

ҚК-тің 117-бабына сәйкес заңсыз аборт жасағаны үшін жауаптылық көзделген.

Тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы - бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жүмыстарына, не дәл сол мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады. Тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар адамның заңсыз аборт жасауы - бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жүмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айыра отырып, екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

Тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы не тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі бар адамның бірнеше рет заңсыз аборт жасауы -үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айыра отырып немесе онсыз дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Абайсызда жәбірленушінің өлуіне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан заңсыз аборт жасау - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады [3].

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жүктілікті жасанды түрде үзу әлеуметтік айғақтар көрсеткен:

Жүктілік кезінде зайыбының қайтыс болуы Зорлаудан кейінгі жүктілік

Ата-аналық қүқықтарынан айырылған (сот шешімімен) ерлі-зайыптылар

Әйел босқын мәртебесінде болса немесе көшіп келуге мәжбүр болған

Отбасында мүгедек бала болса

Әйел заңды түрде некеде тұрмаса немесе неке жасына жетпеген болса [4]

Қазіргі кезде жасанды түсік жасау көбеюде,жасөспірімдер арасында да өсіп келеді.Жыл сайын дүние жүзінде 500мың бала туу жасындағы әйелдер жүктілік әсерінен қайтыс болады.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 117- бабында көзделген норма әйел денсаулығын заңсыз аборттың зардаптарынан қорғауды мақсат тұтады. Аталған қылмыстық қүқықтық нормалардың қолданылуы мемлекеттің жалпы әйелдерінің репродуктивтік денсаулығын қорғау мәселесінде ұстанған позициясына, сондай-ақ аборттың қүқықтық реттелу деңгейіне көп тәуелді.

Ана мен баланың денсаулығын сақтау барысында заңсыз абортқа тиым салғанымыз жөн.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: 2013.
  2. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. - Алматы: 2012.
  4. Жүктілікті жасанды түрде үзу ережесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің м.а. 2009 жылғы 30 қазандағы N 626 Бүйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 қарашада Нормативтік қүқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5864 болып енгізілді.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.