Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасында гигиеналық салада қауіп-қатерді талдау әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалымдар

Бұл мақалада отандық ғалымдардың қауіп-қатерді талдау әдістемесін қазақ елінде енгізуіне және дамуына еңбегін салған тұлғалар аталған. Олардың еңбектері мен әдістемені қолданудағы өзіндік көзқарастары сипатталған. Зерттеу жұмыстарында қолданылған тәсілдері мен Қазақстан Республикасындағы алғашқы зерттеулер түрлері аталып өтілді.

Көптеген мемлекеттердегі алдын алу медицинасының бірден-бір маңызды саулдарының бірі – ол халық арасындағы қосымша аурушаңдық пен өлім-жітімге шалдықтыратын, қоршаған ортадағы жетекші қауіп-қатер факторларын анықтау. Қауіп-қатерді басқару мен бағалау, жалпылама қабылданған қауіп-қатерді талдау әдістемесімен жүзеге асырылады. Халық деснаулығы мен қоршаған орта факторларының арасындағы себеп- салдар байланысын анықтауда, көптеген елдерде қауіп- қатерді талдау әдістемесі қолданысқа ие. Бұл әдістеме, химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі жүйе болып табылады. Аталған әдістеме ДД¥-мен бекітіліп, дамыған елдерде қоршаған ортаны қорғау мен халық денсаулығын нығайту мақсатында кеңінен пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес елдерімен қатар, көптеген экологиялық мәселелерге душар болды. Республикамызда қатерлі ісік пен қантамыр аурулары көрсеткіштерінің ұлғаюына қарамастан, халықтың түрғылықты мекендейтін аумағына қауіп-қатерді бағалау мен басқару әдістері енгізілмеген. Ал, ауаның ластануы, Қазақстан Республикасында халық денсаулығына түсетін экологиялық жүктеменің негізгі үлесін құрайды.

Заманауи ғылыми бағытта шет ел ғалымдарымен жүргізілген зерттеу жұмыстары барынша кең, әрі алуан нұсқаларда сипатталған. Бірақ, өз елімізде жүргізілген еңбектер жоқ емес. Осындай ғылыми ізденістердің қорытындылары Қаз¥МУ-ң профессорлары - Ү.И. Кенесариев пен Б.А. Неменко жұмыстарында айқын көрініс табуда. Салыстырмалы жаңа ғылым саласында еңбек етіп жатқан бұл ғалымдар қауіп-қатерді талдау әдістемесін қолдануда өздерінің ерекше көзқарастарымен танымал. Профессор Кенесариев Ү.И. көп жылдар бойы мұнай-газ кен орындарындағы адам денсаулығына әсер ететін факторлар мен қоршаған орта жағдайларына зерттеу жұмыстарын жүргізіуде. Өзінің еңбектерінде профессор Кенесариев Ү.И. қауіп-қатерді талдау әдістемесін мұнай-газ кен орындарындағы атмосфералық ауада кездесетін химиялық ластаушыларды зерттеуде қолданды. Сондай-ақ, мұнай мен газды өндіру жұмыстары кезінде, халық денсаулығына әсер ететін зиянды химиялық ластаушылардың көрсеткіштерін анықтау арқылы санитарлы қорғау зонасын орнату бойынша жұмыстар жүргізді. Мұнай мен газ кен орындары маңындағы елді мекендерге сипаттама бере отырып, қауіп-қатерді талдау әдістемесін қолдану арқылы, гигиеналық бағалауды заманауи әдістемемен ұйқастырудың амалын қарастырды. Яғни, шектеулі рұқсат етілген концентрацияларды қолдана отырып, қауіп-қатерді бағалау сатысында адам ағзасына қауіпсіз деңгейлер көрсеткішін анықтау жолдарын сипаттады. Қазақстан Республикасының қалаларына қауіп-қатерді бағалау әдісін қолдану арқылы, біздің елімізде алғашқы рет аэродинамикалық диаметрі 2.5 мкм тең өлшемді заттарға зерттеу жүргізді. Зерттеу жұмысында өлшемді заттың (РМ2.5) талдауын жаңаша көзқараспен ұсынды. Шаң фракцияларына жүргізілген ғылыми зерттеулерде, бірқатар Қазақстан қалаларының мысалында қауіп- қатерді есептеу, дәстүрлі өндірістік орындарға қолданылатын жұпты есептеу моделімен емес, ал урбанизацияланған қалаларға арналған лог-тізбекті моделі қолданылды. Бұл тәсіл зерттеу нәтижелерін өзгеше қарастыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, қауіп-қатерді талдау әдістемесін тек атмосфералық ауадағы ластаушыларды анықтауда ғана емес, әрі ауыз суға қойылған талаптарды орнатуда жұмыстары белгілі. Осыған мысал ретінде, 2012 жылы «Каспий тұщыландыру» зауытына жүргізілген зерттеу жұмыстары дәлел бола алады. Сонымен бірге, бізге профессор Неменко Б.А. жұмыстары белгілі. Профессор, өз кезегінде қалалық кескінде, урбанизациялық үрдіс аясында Алматы шаһарында өткізілген еңбектерімен танымал. Оның еңбектері атмосфералық ауаны бағалауды, гигиеналық тұрғыдан кең ауқымда қарастыру мақсатында жүргізілді. Профессор Неменко Б.А. және оның шәкірттері өткізген ғылыми еңбектерінде атмосфералық ауадағы ауыр металдарды анықтау, автотранспорт тастамаларын өлшеу және Қазақстан Республикасында шаң фракцияларын қауіп-қатерді талдау әдістемесімен бағалауды алғашқы болып жүргізді. Ең бірінші болып елімізде, аэродинамикалық диаметрі 10 мкм тең шаң фракцияларын зерттеді. Анықталған өлшемді заттар, Алматы қаласының ауа алабында қауіп-қатерді талдау әдістемесімен талданды. Дәстүрлі гигиеналық зерттеу әдістерін жаңашыл әдіснамамен ұйқастыра білді. Біздің елімізде, қауіп- қатерді талдау әдістемесін игерген осы екі ғалымның зерттеу жұмыстарының негізінде, көптеген болашақ зерттеулерді өткізу барысында, олармен ұсынылып, әрі енгізілген тәсілдерді зерттеу жұмыстарда есептеу кезінде «доза-жауап» әдісін таңдауда қолдануға мүмкіндік туады.

Бұл ғылыми еңбектер және зерттеу жұмыстары, елімізде қауіп-қатерді талдау методологиясын профилактикалық медицина саласына енгізуге ықпалын тигізді. Дегенмен, қазіргі таңда бұл әдіснама заңнамалық түрғыдан нормативті құжаттарға берік бекітілген жоқ. Бірақ, жоғары аталып кеткен көрнекті тұлғалар мен олардың еңбектерінің арқасында біздің елімізде өзінің қажеттілігін танытты.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Оценка риска здоровью населения от загрязнения атмосферы городов Казахстана пылевыми частицами / У.И. Кенесариев, А.Т. Досмухаметов, М.К. Амрин, А.Е. Ержанова, М.Т. Адилова // Научно-практический журнал «Вестник КазНМУ», №1-2012. - С. 320-325.
  2. Расчетная оценка риска здоровью населения от химических факторов загрязнения атмосферного воздуха региона Карачаганакского месторождения // Кенесариев У.И., Досмухаметов А.Т., Амрин М.К., Кенесары Д.У., Кенесарина М.И., Балабекова Ж.Ж. - Алматы: 2011. - 26 с.
  3. Установление научно-обоснованных расчетных размеров санитарно-защитной зоны железнодорожного нефтеналивного терминала ТОО «Аральский нефтяной терминал» // Кенесариев У.И., Досмухаметов А.Т., Кенесары Д.У. - Алматы: 2013. - 74 с.
  4. Интегральная оценка риска здоровью при использовании питьевой воды, производимой опреснительным заводом «Каспий» / У.И. Кенесариев, А.Т. Досмухаметов, М.К. Амрин, А.Е. Ержанова, А.А. Баймухамедов // Научно-практический журнал «Анализ риска здоровью». - 2013. - №1. -- С. 58-65.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.