Қазіргі таңда оқушыларға ортопедиялық нормадан жоғары салмақтағы сөмкелерді алып жүруге тура келеді. Мектеп құралдарының ауырлық мәселесі толық зерттелмеген. Бұндай жүктемелердің жас ағзаға кері әсері әртүрлі және кейде денсаулық жағдайына қауіп төндіруіде мүмкін. Зерттеу Алматы қаласы оқу мекемелерінің 3 және 4 сынып оқушылырының арасында жүргізілген. Бастауыш мектептің 3-4 сынып оқушыларының денсаулық жағдайына мектеп құрал жабдықтары салынған аспалы сөмкелердің зиянды әсерін гигиеналық бағалау және алдын алу шаралары бойынша гигиеналық ұсыныстар тағайындау.
Тақырыптың өзектілігі.
Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері. Бүл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртканың барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. *1+ Әйтсе де скелеттің қатаюы әлі де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақты-лығы да осыдан. Баланың денсаулық жағдайы көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде бүгінгі біздің тоқталып отырған әлеуметтік фактор мен мектептік факторына байланысты бастауыш сыныптарда оқитын оқушылардың денсаулығына аспалы сөмкенің әсерін бағалау қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. *2+ Төменгі сыныптағы оқушылардың мәжбүрлі түрде партада үзақ отыруы, ауыр аспалы сөмкелерді асынуы, сонымен қатар бір иықпен көтергенде көбінесе омыртқалардың қисаюы дамиды. Жалпыға белгілі ауруды емдегеннен гөрі, алдын алған жөн. Әлі дүрыс жетілмеген ағзаны артық ауыр салмақпен жүктеуге болмайды. Артық салмақпен ағзаға ауырлық түсірсе буынмен омыртқаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Берілетін салмақ баланың бойына, салмағына, жасына жалпы дене бітіміне сәйкес болуы тиіс. Бастауыш мектептің 3-4 сынып оқушыларына берілетін ауырлық 22,5 кг-нан аспауы қажет, яғни қүрал жабдық салынған аспалы сөмкесі бала салмағының 10 пайызын ғана қүрауы керек. *3+ Балалар үшін арқаға және иыққа таралатын салмақ біркелкі болуы маңызды. *1+ Бастауыш сынып жасындағы балаларға бір иыққа арналған сөмкені тағуға болмайды, олар міндетті түрде екі иықты (ортопедиялық сөмке) тағулары тиіс. Ортопедиялық сөмкелер баланың арқа бүлшық еттері мен кеуде омыртқаларының бүлшық еттерін нығайтады. Тыныштық және қозғалыс кезінде арқаны тік үстауды қамтамасыз етеді. Емдік профилактикалық қасиетке ие омыртқаға және буынға түсетін ауырлақ күшін реттейді. *4+ Ортопедиялық сөмкелердегі жалпақ белдігі мойын, арқа және иық буынындағы дүрыс физиологиялық байланысты қамтамасыз етеді. Бүл шаралардың барлығы тірек-қимыл аппаратымен түтас ағзаның дүрыс жүмыс жасауына кепілдік береді. *5+ Сөмкені дүрыс таңдау және ауыр салмақтың алдын алу балалардағы көптеген аурулардың алдын алуына септігін тигізеді. Осы мәселе бойынша ақпараттарды жинастыру кезінде шетелдік әріптестердің баспалары арасында, сонымен бірге, ТМД елдерінің қүрамына кіретін елдерде осыған тән зерттеулер болмағандығы анықталды. Сондықтан да осы үсынылып отырған мектеп оқушыларының денсаулығының бүзылыстары мен оқушылардың пайдаланатын аспалы сөмкелерінің ауырлық дәрежесі арасындағы байланысты анықтап, зерттеуге қажеттілік туындап отыр.
Зерттеу жүмысыныц мақсаты
Бастауыш 3-4 сынып оқушыларының денсаулығына аспалы сөмкелердің ауырлығын бағалау апта күндерін және жыл мезгілін есепке ала отырып, зерттеу.
Зерттеу материалдары мен әдістері
Зерттеу барысында Алматы қаласының Бостандық және Жетісу аудандарына қарасты №140 гимназиясымен №2 орта мектептің 3-4 сынып оқушылары зерттеуге алынады. Зерттеуге бір апталық оқу күндері мен жыл мерзімдеріне байланысты қүрал-жабдықтар салынған аспалы сөмкелер мен қүрал-жабдықсыз аспалы сөмкелердің салмағы және оқушылардың дене салмағы мен жыл мезгілдеріне байланысты киімімен дене салмақтарына бақылау жүргізіледі. Аспалы сөмкелерді қолдану бойынша оқушыларға сауланамалар жүргізіледі. Сонымен қатар, түрғылықты жері бойынша оқу мекемелері мен емханаларда оқушылардың медициналық қүжаттарымен жүмыстар жүргізіледі.
Зерттеу Алматы қаласы оқу мекемелерінің 3 және 4 сынып оқушылырының арасында жүргізілген. Зерттеу барысында қысқы және көктемгі кезеңде, барлық оқу аптасы аралығында мектеп қүралдары салмағын өлшеу жүргізілді. Зерттеу кезінде қүралдардың орта салмағы рүқсат етілген ортопедиялық нормадан (10%) жоғары екені анықталды және 14% қүрайды. Қыздарда қүралдар салмағы орташа есеппен үлдар қүралдарынан жоғары. Қысқы мезгілде ортопедиялық нормадан жоғары 40% оқушылар 4 кг жоғары қүралдар, ал көктемде 27% оқушылар 4 кг жоғары қүралдар үстайды. 30 кг дейінгі негізгі топта шамамен оқушылардың 77%-да оқу қүралдарының салмағы рүқсат етілген нормадан жоғары, 31-40 кг-дық негізгі топта -37%, 41-50 кг-дық негізгі топта 5%, 50 кг жоғары негізгі топта 8% оқушыларда мектеп қүралдарының салмағы нормативтен жоғары екені анықталды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Неменко Б.А.Оспанова Г.К.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (оқулық). -Алматы: 2002.
- Кучма Г.И. Гигиена детей и подростков. Учебник / Под ред. - М.∶ГЭОТАР-Медиа, 2010. - С.215.
- Кенесариев Ү.И. авторластармен бірге. «Жалпы гигиена» оқулығы. - Алматы: 2012. - Б. 360.
- ҚР үкіметінің қаулысы 30 желтоқсан 2011 жыл 31684 «Об утверждений санитарных правил «Санитарно-эпидемиологических требований к обьектам воспитание образования детей и подростков»». 2011.
- Касмакасов С.К.. Мамедахунов Х.М., Капасакалис В.А, Шиналиев Б.С., Цой О.Х., Валижанова М.М., Цай Ю.Г. О необходимости пересмотра нормативных документов, регламентирующих санитарно-гигиенических условия в образовательных организациях //Актуальные вопросы формирования здорового образа жизни, профилактики заболеваний и укрепления здоровья. - Алматы: 2007. - № 3-4. - С. 44-45.