Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Семіздік пен артық салмақтың әлемдегі және қазақстандағы таралуының себеп-салдары

Мақалада семіздік пен артық салмақ мәселесінің өзектілігі мен артық семіздік пен артық салмақтың қауіп-қатер факторлары көрсетілген, сонымен қатар әлемдегі және Қазақстандағы таралуы жайлы айтылған.

Артық салмақ және семіздік деп денсаулыққа кері әсер ететін нормадан ауытқыған, артық май қоры жиналуын айтамыз [1]. Дене массасының индексі - семіздік пен артық салмақты классификациялау үшін жиі қолданылатын, салмақтың бойға қатынасы. Индекс килограммен өлшенген дене салмағының метрмен өлшенген бойдың квадратына қатынасымен есептелінеді (кг/м2).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша:

  • Дене массасының индексі 25 тен артық немесе тең болса - артық салмақ
  • Дене массасының индексі 30 дан артық немесе тең болса - семіздік болып есептелінеді*1+.

Қазіргі кезеңдегі семіздік мәселесінің өзектілігі бұл аурудың таралуының күрт өсуімен және артық салмақтың түрлі аурулар қаупінің себебін құрауымен байланысты.

Барша әлемде жеткіліксіз салмаққа қарағанда артық салмақ пен семіздік өлім-жітімге көбірек ұшыратады. Диабет ауруының -44%, жүректің ишемиялық ауруының 23%, кейбір қатерлі ісік ауруларының 7-41% жағдайлары артық салмақ пен семіздік әсерінен туындаған *2+.

ДД¥ деректеріне сай планетамызда артық дене салмағы бар, яғни, ДСИ >25 (ДСИ = дене салмағы,кг бой, м²) құрайтын адам саны - 1,7 млрд. Бұл топтардағы адамдардың 250 миллионы созылмалы семіздік ауруы мен оған қосарлана жүретін кең таралған ауруларға шалдыққан. Әлемдегі мезгілінен бұрын болатын әр үшінші өлім-жітімнің семіздік пен адамның аз қимылдауынан туындайтын аурулармен байланысты екендігі анықталған. Қазіргі кезде әлемде семіздіктің таралуының қарқындылығы соншалық, ДД¥

сарапшыларының болжамына сай бұл сандар 2025 жылға таман екі еселенбек. Әр 10 жыл сайын артық дене салмағы мен семіздіктің таралуы 10% өсіп отырады *1,3+. Семіздік - Қазақстан Республикасында да аса маңызды мәселелердің бірі. Мысалы, елімізде 90-жылдары халықтың 15 жастан асқан топтары арасында ДСИ >25 кг/м2шамасын құраған үлесі - 36,1%, оның ішінде, семіздікке шалдыққандар үлесі -17,3% болған. Ал 1999 жылы Қазақстан Профилактикалық медицина академиясы өткізген Медициналық-демографиялық зерттеулер деректері бойынша бала өрбіту жасындағы әйелдер арасында (18-49 жас) ДСИ >25 кг/м2 шамасын құраған үлесі - 32,5%, семіздікке шалдыққандар - 12,7% болған *4,16+.

Семіздік және артық салмақтың негізгі себебі - ағзаға келіп түсетін калориялар арасындағы энергетикалық теңсіздік.

Глобалды масштабта төмендегілерді атап өтсек болады:

  • Құрамында май, тұз және қанты көп, бірақ дәрумендері, минералдық заттары және басқада микроэлементтері аз тағамдарды көп қолданғаннан.
  • Қозғалмайтын қызметке байланысты физикалық белсенділіктің төмен болуынан*1-4].

РМҒА мәліметтерінесүйенсек семіздік дамуының бірден бір себебі 80% жағдайда- тағамды артық тұтыну және осы орайда, тазартылған, жоғары калориялы өнімдер үлесінің артуы орын алады. Ауқаттық үйлесімсіздік көбінесе жануар тектес майлар және қарапайым көмірсулар есебінен калориялықты арттыруда байқалады, сонымен қатар, тамақтану тәртібінің бұзылыстары - кешкі уақытта негізгі тағамды тұтынудың да ролі бар. Семіздікке шалдыққандардың ішінде 60% тәуліктік рационының калориялылығы 3000 ккал, 1/3 -не майлар мен қарапайым көмірсуларды артық тұтыну, тағамды сирек қабылдау және кешке мол тағам ішу тән. Мысалы, Мәскеу қаласы тұрғындарының нақты тамақтануын зерттеу нәтижесінде майдың, нанның, ұн өнімдері мен жармалардың тәуліктік нормаларының едәуір асуы мен көкөністер мен жемістердің жеткіліксіз тұтынылуы анықталған, және майлар мен көмірсуларды артық тұтыну салмағы қалыпты адамдар арасында да байқалған [4-16].

Тамақтану тәртібінде және физикалық белсенділікте өзгерістердің болуы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, транспорт, қоршаған ортаны қорғау, тамақ өнеркәсібі, бөлістіру, маркетинг және білім саласын дамыту мен байланысты экологиялық және социалдық өзгерістер нәтижесінде болады*1-3].

Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша, артық салмақпен ауыратындар арасында омыртқа остехондрозы және дистрофикалық алмасу полиартриті, өт қабының дикинезиясы, созылмалы холецистит және өт-тас аурулары, өкпенің қатерлі ісігі, сүт безінің, жатырдың және аналық бездің қатерлі ісігі сияқты аурулар жиі кездеседі [5-6].

Семіздікке шалдыққан әйелдерде етеккір функциясының бұзылуы және бала көтере алмау жиі кездеседі. Дене салмағын уақытылы коррекциялау ұрықтану циклінің қалыпты болуына және қайта тіктелуіне септігін тигізеді [7].

Семіздікпен ауыратындар көп уақытын ауруханаларда өткізеді, наркоздан кейін асқынуларға ұшырайды, сондай-ақ жол апатында, катострофаларда көп жағдайда қаза табады [8].

Семіздік орта есеппен өмір сүруді 3-5 жылға қысқартады. Қоғамда 3/2 жағдайда адам өлімнің себебі май алмасудың бұзылуынан және семіздік салдарынан болады. Егерде адамзат семіздіктің проблемасын шешкен жағдайда өмір сүру 4 жылға ұзарған болар еді, ал қатерлі ісік проблемасын шешкенде өмір сүру 1 жылға ғана ұзарады [9].

Семіздік проблемасы өте өзекті, өйткені артық салмаққа шалдыққандар саны күн санап өсуде. Әр 10 жылда 10 пайызға өсіп келеді. Егер осы қарқынмен өсе берсе келесі жүз жылдықтың ортасында дамыған елдер халқының бәрі дерлік семіздікпен ауыратын болады*10+. Эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып экономикалық дамыған елдерде, соның ішінде ТМД елдерінде əр бір 3-ші адам өте жақсы, дұрыс дене салмағына ие екенін көруге болады *11+. Әр түрлі елдердегі аурулар көрсеткіштері өмір сүру жағдайларына, тамақтану дәстүріне байланысты ерекшеленеді.

Семіздік туралы эпидемиологиялық зерттеулер кең ауқымда жүргізілуде жəне бұл зерттеулердің нәтижесі көңілге қонымсыз*12+.

Біз бұл аурудың індетімен күресіп келеміз. Қазіргі уақытта АҚШ-та 34 млн нан астам адам семіздік дертіне шалдыққан*13+. Еуропада семіздіктің таралуы АҚШ -қа салыстырғанда аз болғанымен, қуанатындай жағдай емес. Экономикалық дамыған елдер семіздікті емдеуге көңіл бөле бастады*14+. Семіздік проблемасын шешу – бұл өмір сүрудің сапасы жəне ұзақтығына əсер етеді, аурудың жəне өлімнің алдын алады, семіздікпен күресуге кететін шығындарды үнемдейді*7+.

Артық салмақ пен семіздік осы күнге дейін табыс деңгейі жоғары елдерге тəн болып есептеліп келсе, қазіргі күні табыс деңгейі төмен жəне орташа елдерде де таралуы артуда, əсíресе, қалаларда. Қазіргі уақытта ДД¥ халық басына шаққандағы жалпы ішкі өнім төмен жəне орташа шаманы құрайтын елдерде семіздік таралуының ерекше өсуін анықтауда. Дамушы елдерде артық дене салмағы бар 5 жасқа дейінгі балалар саны - 35 миллион, дамыған елдерде - 8 миллионды құрайды*7-16].

Дамушы елдерде тамақтануға тəуелдí, созылмалы жұқпалы емес аурулардың таралуы дамыған экономикасы бар елдерге қарағанда жылдам өсіп келе жатыр*16+.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. WHO, Mediacentre, Obesity and overweight . Factsheet N°311 2014
  2. ВОЗ: Глобальная стратегия по питанию, физической активности и здоровью. - ВОЗ, 2004. - 21 б.
  3. Dr. João Вгеđа. WHO Childhood Obesity Surveiltence ìпİţİаţİ⅛е. WHO Еигореап Ministertel Conference on Counteracting Obesity. - WHO, 2012. - 19 p.
  4. Салханов Б.А. Ожирение. - Алматы: 2001. - 148 б.
  5. Chow WH; McLaughlin JK; Mandel JS; Wacholder S; Niwa S; Fraumeni JF Jr Obesity and risk of renal cell cancer. CancerEpidemiolBiomarkersPrev 1996 Jan;5(1):17-21
  6. Bray G. A. Obesity. Part 1. Pathogenesis. /West. J. Med. - 1988, Vol. 149, N4. - P.429-441.
  7. Ashwell M. The health of the nation target for obesity.// Int. J. Obes. 1994, Vol.18.P. 837-840. М. М. Гинзбург, Г. С. Козупица, Н. Н. Крюков «ОЖИРЕНИЕ и МЕТАБОЛИЧЕСКИЙ СИНДРОМ ВЛИЯНИЕ НА СОСТОЯНИЕ ЗДОРОВЬЯ, ПРОФИЛАКТИКА И ЛЕЧЕНИЕ».
  8. Ashwell M. The health of the nation target for obesity.// Int. J. Obes. 1994. - Vol.18. - P. 837-840.
  9. Hodge AM; Dowse GK; Gareeboo H; Tuomilehto J; Alberti KG; Zimmet PZ Incidence, increasing prevalence, and predictors of change in obesity and fat distribution over 5 years in the rapidly developing population of Mauritius. Int J ObesRelatMetabDisord 1996 Feb;20(2):137-46
  10. Lean M. E. J., 1998; Bray G. A., 1998; Roberts L, Haycox A, 1999
  11. Mamalakis G., Kafatos A., 1996; Seidell J. C., Flegal K. M., 1997; Bray G. A. 1998; Flegal K. M. Caroll M. D., Kuczmarski R. J. 1998; Roberts L, Haycox A, 1999
  12. Kuczmarski R. J., 1992; Flegal K. M., Caroll M. D., Kuczmarski R. J., 1998
  13. Seidell J. C., 1995: Seidell J. C., Flegal K. - M., 1997. - С.58.
  14. Беляков Н.А., Мазуров В.И.Ожирение. Руководство для врачей. - СПб.: 2003. - 520 б.
  15. ВОЗ: Руководство программы СИНДИ по питанию. - ВОЗ, 2000. - 49 б.
  16. Шарманов Т.Ш., Тəжибаев Ш.С., Балгинбеков Ш.А. «Артық салмақ пен семіздіктің алдын алу бойынша жетекші құрал»

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.