Қазіргі заманда химиялық құрамды дәрілік препараттарды өсімдік тектес дәрілік заттарға айырбастау кеңейе түсті. Кейбір ауруларды алдын алу шараларында және емдеуде табиғи тектес дәрілік препараттар активтілігі химиялық препараттардан артады. Алдыңғы қатарлы Еуропа елдері ранция, Германия, Италияда фитопрепараттар сатылымы 40% шамасында.
Өсімдік шикізаттарынан алынатын экстракттар, эфир майлары және т.б. биологиялық активті заттардың қоспалары фармакологиялық әсері кең спектрлі және олардың негізінде әртүрлі дәрілік қалыптар алуға болады
Өзектілігі: Қазіргі кезде химиялық дәрілік құралдарды алмастыруға мүмкін болатын қосылыстарын эффективті табиғи заттармен алмастыру қажеттігі туралы түсінік күн санап өсіп келеді. Кейбір ауру түрлерін емдеуде қолданылып жүрген өсімдік тектес шикізаттар негізіндегі препараттар химиялық жолмен алынған кейбір дәрілік құралдардан кем түспейтіні тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Сондықтан өсімдік тектес шикізаттар негізіндегі препараттармен емдеу түрлі аурулар емінде және профилактикасында өз орнын алуы керек.
Мақала негізі: Еуропада дәрілер сатылымы бойынша алдыңғы қатарлы елдер Франция, Италия, Германия болып табылады. Германияның дәрілік құралдар реестрінде 25%-дан астам фитопрепараттар тіркелген. АҚШ-да 50-70 жылдары фитопрепараттар өндірісінде төмендеу байқалған, бірақ 1980 жылдары осы топ препараттарының өндірісі 25%-ға жуық болса, 1994 жылы ол 35%, 2011 жылы көрсеткіш 40%-ға жуықтады.
Россияда 600-ден астам дәрілік өсімдік препараттары медициналық қолдануға рұқсат етілген, ол дәрілік кұралдардың 40%-ға жуығын құрады.
Дәрілік құралдардың ҚР Мемлекеттік реестрінде галендік препараттардың үлесі 11,3%-ға жуық.
Өсімдік тектес шикізаттарды қолдануда медициналық нұсқаулықта көрсетілген жағдайларды (дозасы, енгізу жолы, оларды адамның қолданғандағы жеке жағдайларына тест жүргізу) қатаң сақтау қажет.
Дәрілік өсімдік шикізаттары, сонымен қатар, олардан алынатын тұндырмалар, экстракттар, емдік шәрбаттар кең қолданылады. Бұл дәрілік заттар химиялық құрамды дәрілік препараттардан кем емес. Мысалға, «Гербион», «Бронхикум», «Туссамаг», «Проспан», «Мукалтин», «қызыл мия тамыры» жөтелге қарсы дәрілік препараттары. Бұл дәрі-дәрмектердің өндірісінде жолжелкен жапырақтарының сұйық экстракты, құлқайыр гүлдерінің сұйық экстрактысы (жидкий экстракт цветков мальвы), бәйшешек тамырының сұйық экстрактысы, кәдімгі тасшөп шөбінің сұйық экстрактысы, шырмауық жапырықтарының құрғақ экстрактысы, қызыл мия тамырының шәрбаты, жалбызтікен тамырының экстракты тәрізді дәрілік өсімдік шикізаттарының өнімдері қолданылады.
Қызылмия тамырының экстракты жөтелге қарсы дәрі- дәрмектердің құрамынан басқа вирустарға қарсы қолданылатын «Эпиген» препаратының негізгі әсер етуші заты болып табылады. Оған қоса вирустарға қарсы жақпа майлардың («Панавир») құрамына картоп өркендерінің экстрактысы кездеседі.
Вирустық инфекцияларға, иммундық статусты қолдауға, хирургиялық араласудан кейін тіндердің тез жазылуына алоэ қолданылады. Қазіргі кезде дисплазиялардың 90%-ы папилломавирустар және цитомегаловирустар, ал 10%-ы герпестік инфекциялар, оның барлығына алоэ препараттары қолданылады, бұл препараттарды жүкті әйелдерге де қолдануға болады. Гениталияық герпестерге тампондары қолданылады. Алоэ организмге тазартушы, қабынуға қарсы, вирустарға қарсы, антибактериальді қасиеттерімен әсер етеді.
Операциядан кейін тезірек қалыпқа келу үшін, полиптерде, эрозияларда алоэ желесі қолданылады. Инфекция жоқ кезінде эрозияны хирургиясыз алоэ көмегімен емдейді, түнге қарай 2,5гр желесін қынапқа енгізу арқылы.
Сондай-ақ, экстракттар шәрбаттар мен таблеткалардан бөлек жақпа майлардың және гельдердің құрамында кездеседі.
Атбас талшыны жемісінің экстрактысының негізінде тамырдың түйнеліп кеңеяіне қарсы гельдердің құрамында көптеп кездеседі. Атбас талшыны жемістерінің тамыр сергіткіш, антитромбалық, ісінуге қарсы және қабынуға қарсы әсері бар. Гинкго билоба ағашы жапырақтарының экстракты рутинмен қоса тамыр қабырғасының өткізуін төмендетеді, тамырлардың тонусы жоғарылайды, жұмсақ тіндердің ісінуң түседі, сондай-ақ, қабыну реакцияларының ферментативті реакциясын үзеді. Гельдердің құрамына экстракттардан бөлек әсерін күшейтуші, хош иістендіргіш зат ретінде эфир майлары қолданылады. Көбіне кездесетін лаванда және лавандин эфир майлары.
Лавандин эфир майы сары түсті және балғын, әлсіз камфора иісті. Құрамының 30%-ға жуығын линалилацетат, линалол, цинеол, камфен құрайды. Майдың қасиеті гибридтік туындауын көрсетеді, нағыз лаванда және масақты лаванда. Бірақ нағыз лавандамен салыстырғанда тыныштандырғыш әсері төмен. Тұмау, синусит және т.б. тыныс алу проблемаларында ингаляция ретінде өте эффективті. Сонымен қатар, лаванда тәрізді ауруды басатын қасиеттері бар.
Лаванданың эфир майы косметологияда кең қолданылатыны таңқалдырмас, ол терінің бастапқы жағдайын жақсартады. Лаванданы өсімдік майларын байыту үшін, өндірістік емес текті табиғи кремдерде, тазарту құралдарында және маскаларда қолданылады. Басқа да эфир майары тәрізді таза күйінде теріге қолдануға болмайды, теріні тітіркендіруі мүмкін. Кейбір жағдайлрада лаванда майы терінің түрлі жарақаттарында, тері кесілгенде, күйгенде, ерін герпестерінде және витилиго кезінде қолданылады.
Өсімдіктерден алынатын ароматты қосылыстардан кең қолданылатыны бальзамдар. Бальзамдарды кейбір бұтақты немесе ағаш өсімдіктердің қабығында бөлінетін смолалы бөліндіден алады. Бұндай смолалы заттар өсімдіктердің табиғи немесе жасанды жолмен жарақаттаған жерлерінде пайда болады. Бөлінетін смололалар бастапқыда сұйық, уақыт өте келе қатайып, бальзамдық смолаларға немесе бальзамдарға айналады. Бальзам құрамына кейбір құрамында бальзамдарға иіс беретін ароматты ұшқыш заттар (5-60%) болады. Су буымен айдау арқылы парфямерияда қолданылатын бағалы бальзамдар алынады.
Медицинада кең қолданылатын эфир майларының түріне қылқан жапырақтылар, шатыр тұқымдастар, шалфей, жусан, лавр майлары жатады. Бұл топқа аскөк, фенхель, тмин, анис, кориандр майлары да жатады.
Қиын, әрі ұзақ жазылатын жараларда Н.И. Пирогов қылқан жапырақтыағаштарының бальзамдық заттарын және эфир майларын пайдаланған. Халық медицинасы, әсіресе тибет медицинасы қылқан жапырақтарын, әсіресе самырсын майын және қылқан жапырақты өсімдіктерінің бальзамдарын кең қолданған.
Сәйкес тазалаудан кей¡нг¡ самырсын майының живицасының микробқа қарсы әсері өте күшті, емдік әсері жағынан перуан бальзамына тең келеді.
Самырсыннан алынған препарат - камфораны жүйке жүйесін қоздырушы және жүрек қызметінің жедел және созылмалы жетіспеушілігі мен науқаста шок болғанда жүрек қызметін күшейтуші құрал ретінде қолданады. Жақпа май және ысқылаушы құрал ретінде сырт тәнге қабыну процестерінде, миозитте, невритте және буын ревматизмінде қолданады.
Эфир майлары негізінде жасалған препараттар ішкі аурулар клиникасында (туберкулез, бруцелез, рахит, әртүрлі этиологиядағы энтериттер, броноспазм және т.б.) қолданылған, олар жүрек қызметін жақсартады, лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін және кейбір ферменттердің белсенділігін арттырады; парентеральды қолданғанда гиперлейкоцитоз туғызады және қандағы қанттың мөлшерін жоғарлатады.
Эфир майлары қосылған препаратарымен жоғары тыныс алу жолдарының және құлақ қабыну ауруларымен ауыратын адамдардың емделгені, аллергиялық дерматозбен ауратын науқастардың ремиссия фазасында жазылғаны туралы деректер келтірілген.
Эфир майлары негізінде Рессей және Қазақстан зерттеушілері осы күнге дейін бірқатар дәрілік қалыптарды, оның ішінде жақпа майлар, гельдер, тері күтіміне арналған маскалар жасап шы ғарды.
Некролитикалық, гидрофильдік, микробқа қарсы және жансыздандырушы әсерлері бар эфир майының 10% эмульсиясы қолданған эксперменттік жараларға эмульсияны жаққанда тканьдердің трофикасы жақсарған, капиллярлардың жаңаруы, фибробластардың пролиферациясын жақсартқан. Қарағай, можжевельник эфир майлары стафилококктарға (оның ішінде патогенділеріне), пневмококктарға, ішек таяқшаларына, жасылданатын стрептококктарға қарсы белсенділігі жоғары. А.Б. Гукасян және Ю.А. Полтавченко зерттеулеріне сүйенсек сібір самырсынының ұшатын және ұшпайтын фракцияларының микробқа қарсы белсенділігі қарағай мен шырша фракцияларына қарағанда екі есе жоғары.
Эфир майларының ұшатын фракцияларының бірқатар паразиттік және сапрофиттік формадағы саңырауқұлақтарға улылығы жоғары. Қарапайым қарағай мен сібір самырсынының қабығынан алынған эфир майлары беттік дерматофиттерге ингибирлеуші әсер көрсетеді.
Қылқан жапырақтардан алынған препараттар лактационды маститтер және босанған әйелдерде сүт бездерінің ұштары жарылғанда, сонымен қатар жаңа туған нәрестелердің кіндігін тазалауға қолданылғаны туралы деректер келтірілген.
Терпентиннің күнбағыс майындағы ерітіндісі урологияда операция жасар алдында асқынулар профилактикасы үшін, зәр шығару мен жыныс органдарының травматикалық зақымдануында, жатыр мойынының эрозиясында және қатерлі ісігінде қолданылады.
В.И. Казакова деректерінде дерматологиялық аурулардың профилактикасына сырт тәнге қолданылатын дәрілік құралдар құрамына қылқан жапырақты ағаштарының (шырша, самырсын, қарағай) эфир майлары қосылады.
Массаж жасауға арналған крем төмендегідей компоненттерден тұрады және мынадай массасалық арақатынасы (%) алынған: прополис балауызы 14,0-16,0, күнбағыс майы 20,0-22,0, шәңкіш майы 4,0-6,0, самырсын майы 16,0-18,0; бұрыш жалбыз майы 7,0-9,0, тазартылған су 14,0-8,0; мумие немесе пантногематоген 5,0-2,0, қалғаны ланолин. Крем терінің тургорын және түсін жақсартады, сырғымалық әсерді қамтамасыз етеді, қыздырушы, жансыздандырушы және қабынуға қарсы әсерлері бар.
Теріге арналған поливитаминдік май өсімдік тектес шикізат негізінде жасалған және косметологияда жұмсартқыш, дезинфекциялаушы, қоректік құрал ретінде қолданылады. Поливитаминдік май құрамы қылқан жапырақтарыныңпровитаминдік концентраты және түймедақ майының төмендегідей қатынасынан тұрады, массасы (%): қылқандардың провитаминдік концентраты 30-70, түймедақ майы 30-70.
Құрамы көгілдір кембрийлік саздан, глицерин, жалбыз майы, витамин Е, череданың спирт-сулы экстракты, консервант және тазартылған судан тұратын бет терісінің күтіміне арналған маска теріні тез тазартады, қабықтануды және майлануды болдырмайды, терінің қартаяын баяулатады, тері бөрітпесін болдырмайды.
Патогендік вирустар, саңырауқұлақтар және микроорганизмдер туғызған аурулардың еміне қолданылатын бактериоцидтік және фунгицидтік құрал. Бактериоцидтік және фунгицидтік зат ретінде самырсын сүректерінен алынған мальтол қолданылады. Самырсын бұтақтарын аналынған эфир майлары парфямериялық, сабын жасайтын және ликер жасайтын өндірістерде қолданылады. Сібір самырсынынан алынған живица микроскопияда қолданылатын иммерсионды майдың алмастырушысы ретінде ұсынылған.
Эфир майлары қосылған препараттар ауыл шаруашылығында да кең қолданылады. Қылқан жапырақты-витаминдік ұн, самырсын қабығынан алынған сулы экстракт малдардың және құстардың салмағын арттыруға арналған жем құрамына қосылады. Самырсын фитонцидтерімен жануарлардағы бірқатар патологиялық жағдайларды емдеу нәтижесі басқа емдеу әдістеріне қарағанда клиникалық әсері бойынша да және өзіндік құны жағынан да анағұрлым нәтижелі болды.
Қорытынды: Жоғарыда келтірілген мәліметтерді қорытындылай келе, өсімдіктерден алынатын экстракттар, эфир майлары және т.б. биологиялық активті заттар қоспаларының фармакологиялық әсері кең спектрлі екендігін әдебиет деректеріне сүйене отырып және осы аталған өсімдік тектес шикізаттардан алынған өнімдерді әртүрлі дәрілік қалыптар алуға қолдануға болады деп тұжырымдауға болады.
Осы бағытта С.Ж. Асфендияров Қаз¥МУ-нің фармацевт-технолог модулінде өсімдік тектес шикізат өнімдері қосылған тұтқыр орта негізінде комбинирлеген жаңа дәрілік құралдар құрамын алу бағытында ғылыми жұмыстар жүргізілуде... .
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
- ДильбархановР.Д., УстеноваГ.О., КожановаК.К. Растительное сырье, содержащее смолы и бальзамы (живица) // Фармация Казахстана.- 2005. -№1.- С. 22-24.
- Лекарственные растения Казахстана и их использование. - Алматы: ₧лым, 1996. - 344 с.
- Павлов Н. В. Растительное сырье Казахстан. - М.: АН СССР, 1947. - 552 c.
- Лебеда А.Ф., Джуренко Н.И., Исайкина А.П., Собко В.Г. Лекарственные растения: Самая полная энциклопедия. - М.: АСТ-пресс книга, 2004. - С. 344.
- Омарова К.Т., Сейдахметова Р.Б., Пак Р.Н., Рахимов К.Д., Адекенов С.М. Антибактериальные свойства геля нейтральной части сосновой живицы «Пиносорб П». //Фармация Казахстана. - 2004. - №9. - C.20-21.
- Максятина Н.П., Комиссеренко Н.Ф., Прокоренко А.П. и др. Растительные лекарственные средства. - К.: Здоровье, 1985. - 280 б.
- Багирова В.Л., Демина Н.Б. Мази. Современный взгляд на лекарственнуя форму. //Фармация, 2002, №2. - С. 24-26.