Жұмыста халықаралық EORTC IN-PATSAT32 (онкологиялық науқастарға меДициналық көмек кәрсетуДің сапасының бағасы) сауалнамалық қағазының көмегі арқылы онкологиялық науқастарДың өмірінің сапасын зерттеуге қатысты заманауи мәліметтер берілген. Халықаралық стандартқа сай EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазының тілдік және мәдени бейімделуі жүргізілген, популяцияның ерекшеліктері есепке алына отырып этно-лингвистикалық, аспаптың сенімділігін тексеру және EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазының түпнұсқасына балама қазақша нұсқасы жасалды. Жасалған нұсқада жоғары психометрикалық қасиеттері сипатталған.
Кіріспе. EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазы. Медициналық мекемелерде науқастарға көрсетілетін көмекке қанағаттанғандықтарын сипаттайтын сауалнама түрінде берілген. Берілген сауалнамалық қағаз, үш шкаланы құрайтын және бір пунктен 32 сұрақган, бес мүмкін болатын жауаптардан тұрады. Бірінші шкалаға дәрігерлердің жұмысын бағалайтын 11 сұрақ кіреді, екінші шкалаға орта медициналық көмекшілердің жұмысын сипаттайтын 11 пункт, үшінші шкала қосымша көмекшілердің жұмысын бағалайтын 9 сұрақтан тұрады және соңғы, сауалнамалық қағаздың 32-ші пункті клиникаға келген науқастың жалпы алған әсерін сипаттайды *1,2+.
Берілген сауалнамалық қағазды қолданудағы маңызды аспект ол медициналық мекеменің ішкі және сыртқы аудит жұмысын онкологиялық мекемеде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын қолдану мүмкіндігінде.
Өмір сапасын (ӨС) тура бағалау үшін сауалнамалық қағаздың халықаралық стандартқа сай тілдік және мәдени бейімделуі жүргізілуі керек. Сауалнамалық қағазда тілдік және мәдени бейімделуі, популяцияның этно-лингвистикалық ерекшеліктері есепке алына отырып басқа тілде құралдың түпнұсқасына балама құрал құрудың көпсатылы үрдісі болып табылады. Ол қатаң түрде халықаралық стандартқа сай жүзеге асырылады және мамандар мен науқастардың қатысуын қажет етеді. Тілдік және мәдени бейімделуді жүргізу сапасы құралдың психометрикалық қасиетін анықтайды. *1,3+.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі есептерді шешу керек:
- сауалнамалық қағаздың кезекті аудармаларының процедураларын жүзеге асыру;
- популяцияның этно-лингвистикалық ерекшеліктеріне сай сауалнамалық қағазды бейімдеу;
- ақырғы нұсқасы мен түпнұсқасына парапар сауалнамалық қағазбен қамтамасыз ету.
Испанияның зерттеушілері Juan Ignacio Arraras et al. [2] EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазын қолданып әртүрлі қатерлі ісіктің нозология-лық түрімен ауыратын 80 науқасты зерттеу арқылы алынған зерттеулерінің нәтижесін көрсетеді. Авторлардың көрсетуі бойынша сауалнамалық қағаздың барлық шкаласы үшін Кронбахтың а-коэффициенті 0,77 - 0,97 шамасында болғандығы, бұдан құралдың сенімділігі туралы айтуға болады.
Elisabet Hj0rleifsd0ttir et al. *3+ 22 жас пен 91 жас аралығындағы амбула-торлы жағдайда химия мен сәулелі терапия алған 217 науқасты зерттеген. Науқастар көрсетілген көмекке жоғары деңгейде қанағаттанған. Осылайша алынған нәтижені анықтайтын негізгі төрт фактор анықталды: «медбикенің жұмысына қанағаттанғандық», «дәрігердің жұмысына қанағаттанғандық», «берілген ақпаратқа қанағаттанғандық» және «мекеменің күтімі мен қызметіне қанағаттанғандық». Авторлар клиникалық практикада сауалнамалық қағазды қолданудың үлкен мәні бар екенін айтады, амбулаторлық ем қабылдаған онкологиялық науқастардың саны (біздің республикада орны бар және орнын басатын - стационар көмекке көшуіне байланысты) көбейгенін, және халыққа қызмет көрсету мен күтіміне байланысты науқастардың қанағаттанғандық-тарын білуде, бүгінгі таңда медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсартудың өзекті және қажетті аспектісі болып табылатындығын айтады. Осылайша, нәтижені жақсарту мақсатында онкологиялық практикада кеңінен орнын басатын - стационар көмекті енгізуді негіздеуге мүмкіндік береді.
Еуропалық зерттеушілер тобына Bredart A. et al. ісігін емдеу және зерттеу бойынша EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазын қолдану арқылы 9 мемлекеттің емдеу және білім беретін медициналық мекемелердің қатысуымен, Германия, Бельгия, Франция, ¥лыбритания, Испания, Италия, Польша, Швеция сияқты 8 еуропалық мемлекет, және сонымен қатар қатарына азиялық мемлекет - Тайвань (Тайвань ¥лттық университеті) *1+ енген үлкен мультиорталықты зерттеу жүргізілген. Зерттеу онкологиялық аурумен ауыратын 762 науқасқа жүргізілген, психометрикалық сауалнама мақсатында стационардан үйге шыққаннан кейін EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазын толтыру ұсынылған. Зерттеуге кірген 762 науқастың 15% сұрақнаманы қайтара алмаған. Ал 647 науқастың 63% стационардан шыққаннан кейін 15 мин ішінде тол-тырған және ал 82% - не сұрақнаманы бітіруде көмек қажет болмаған. Авторлар EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазы науқастар үшін қолайлы екенін, және болашақтағы зерттеулерде сауалнамалық қағаз тиімді бағалау үшін құрылымын жетілдіру мақсатында психометрикалық сенімділігін көрсетеді.
Материалдар мен әдістер. Тілдік нұсқасын құру мақсатындағы жасалған барлық амалдар мен шаралар бүтіндей 3 бағытқа бағыттталды:
- тізбектелген аударма;
- аударманың сараптамасы;
- аударманы жетілдіру.
Белгілі болғандай сауалнамалық қағаз тілдік нұсқасы халықаралық зерттеулерде халықаралық стандартқа сай бейімделу процедурасы орындалу шарты орындалған кезде ғана қолданылу құқығына ие болады. Бейімделу және сенімділікті тексеру нәтижелері берілгеннен кейін ғана сауалнамалық қағаз нұсқасы заңды болып табылады. EORTC IN- PATSAT32 сауалнамалық қағаз тілдік және мәдени адаптациясы халықаралық стандартқа сай, бірнеше кезеңдерден тұрды.
1-ші кезеңде (сауалнамалық қағаздың түпнұсқа-тілінен сөзбе- сөз аударма) түпнұсқасының 2 тәуелсіз аудармасы болды. Бұл кезеңде аудармашыларға нақты талаптар талап етілді- олар (2 адам):
- жоғары медициналық білімдері болуы;
- берілген сауалнамалық қағазбен бұрын таныс емес болуы;
- қазақ тілін білетіндер болуы;
Аудару барысында маңызды аспектлер қатары есепке алынды:
- сөзбе-сөз аудармауға тырысты;
- сұрақтың мағынасын нақты беруге тырысты;
- түсінікті әрі қарапайым тіл қолданылды.
Ал 2-ші кезеңде (келісім) сарапшы комитетке 2 тура аударма негізінде сауалнамалық қағаздың алдын ала нұсқасы құрылды. Осылайша балама аударманы қолдану арқылы барлық түйін шешілді. Сарапшы комитетке келесі талаптар қойылған аудармашы да енді:
- жоғары медициналық білімі болуы;
- берілген сауалнамалық қағазбен бұрын таныс емес болуы және оны аударуға қатыспаған;
- қазақ тілін білетін болуы;
3-ші кезең кері аударма түрінде болды. Бұл кезеңде жұмыс құжаты ретінде алдын ала нұсқасы болды, ал нәтижесі ретінде - алдын ала нұсқасының 2 кері аудармасын құру болды.
Бұл кезеңде аудармашыларға (2 адам) қойылатын талап келесідей болды:
- жоғары медициналық білімдері болуы;
- ағылшын тілін білетін және қазақ тілінде еркін сөйлей алатын болуы;
- берілген сауалнамалық қағазбен бұрын таныс емес болуы және алдыңғы кезеңнің жұмыстарына қатыспаған;
Аудармашыларға практикалық нұсқаулықтың сапасы ретінде келесі қажеттіліктер атап айтылды:
- сұрақтың мағынасын беруге тырысу;
- сұрақтың барлық мағыналарын тізіп көрсету;
- қарапайым тілді қолдану.
4-ші кезең (сараптау) сарапшы комитетке жүргізілді. 3 тәуелсіз сарапшы (1 лингвист, 1 психология, денсаулық және медицина саласының маманы, 1 координатор). Толтырылған хаттама бойынша әрбір сарапшы өзінің тәуелсіз бағасын қойып отырды. Бұл кезеңде орфографиялық және грамматикалық редактрлеуде қарастырылды. Нәтижесінде сауалнама нұсқасы құрылды.
Ары қарай пилоттық сауалнама немесе претестинг (5-ші кезең) жүргізілді. Пилоттық зерттеудің нәтижесінің талдауы мәдени және тілдік дәстүріне және популяцияның ерекшеліктеріне сауалнамалық қағаздың концепциясына жақындауына мүмкіндік береді.
Нәтижелері. Пилоттық зерттеуге 60 адам қатысты. Осылайша таңдаманың сапалы репрезентативтілігі сақталды. Пилоттық сауалнама мәні сауалнамалық қағаз децентерингі (сұхбаттасудың нәтижесі бойынша өзгертулер енгізілген) мен онкологиялық науқастармен сұхбаттасуда. Сұхбаттасуды - қаншалықты анық, шындыққа үйлесімді және қолайлы сияқты критерийлерге, сұрақтар жауап беретіндігін білу үшін жүргізген. Сұхбаттасудан кейін децентеринг жүргізілген.
Сенімділікті тексергеннен кейін (EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағаздың психометрикалық қасиетін тексеру) ӨС- ның берілген құралдың бағасының сезімталдығын *4,5], сенімділігін тексеру үшін сенімділік талдауы жүргізілген.
Сауалнамалық қағаздың сенімділігін тексеру үшін сауалнамалық қағазды ұдайы Кронбахтың [6] а-коэффициентін анықтау әдісімен есептелген. EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазы барлық шкаласы бойынша берілген көрсеткіштің шамасы 0,73 мен 0,95 аралығында екені белгілі. Сауалнамалық қағаз барлық шкала бойынша Кронбахтың а-коэффициентінің мәні 0,7-тен үлкен болса, онда сауалнамалық қағаздың сенімділік шкаласы және құрал қанағаттанарлық деңгейде екені ескерілді.
EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазын сенімділігін бағалауда (өлшеуге міндетті негізгі сипаттамасын өлшеу қабілеті) және сауалнамалық қағаздың (респонденттің жағдайының өзгеруіне сәйкес ӨС балын өзгерту қабілетін беру) сезімталдығы, онкологиялық науқастар үшін құрылған EORTC IN- PATSAT32 сауалнамалық қағазы ӨС бағасымен сенімді және сезімтал құрал екендігі белгілі болды.
Құралдың психометрикалық қасиеттерін (сенімділігін) тексергеннен соң, EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазына тіл және мәдени бейімделуі жүргізілгеннен кейін, берілген сауалнамалық қағаздың нақты нұсқасы құрылды (кесте).
Кесте - EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазының нұсқасы Біз біздің клиникада болған уақытыңызда Сіз және Сіздің алған әсеріңіз туралы бірнеше фактілерді білуге құштармыз. Өз бетіңізше, Сізге келетін сұрақты, жауаптың санын дөңгелектеу арқылы барлық сұрақтарға жауап беруіңізді өтінеміз. Бұл сауалнамада «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деген жауаптар жоқ. Сіздерге берілген ақпарат қатаң түрде құпия сақталады.
Таблица 1 - Клиникада болған уақытта Сіз біздің дәрігерлердің жұмысын қалай бағалайсыз:
№ |
Сұрақ |
Нашар |
Қанағат- танар- лық |
Орташа |
Жақсы |
Өте жақсы |
1 |
Дәрігерлердің білімі, соның ішінде Сіздің ауруыңызға қатысты білімдері? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
2 |
Дәрігерлердің Сізге көрсеткен медициналық көмегі мен емі? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
3 |
Сіздің мәселеңізге қатысты дәрігерлердің наŕары? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
4 |
Сіздің барлық арызыңызды тыңдаудағы дәрігерлердің дайындығы? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
5 |
Жеке тұлға ретінде Сізге деген дәрігерлердің көзқарасы? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Дәрігерлер тарапынан Сізге көмек пен қолдау қамтамасыз етілді ма? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
7 |
Сіздің ауруыңызға қатысты дәрігердің ақпарат беруі? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
8 |
Сіздің талдамаңызға қатысты дәрігердің ақпарат беруі? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
9 |
Сіздің еміңізге қатысты дәрігердің ақпарат беруі? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
10 |
Дәрігер жиілігі келу / консультацияда? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
11 |
Сізге бөлінген дәрігердің уақыты келгенде /консультацияда? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Таблица 2 - Клиникада болған уақытта Сіз біздің медбикелердің жұмысын қалай бағалайсыз:
12 |
Медбикелер Сіздің физикалық көрсеткіштеріңізді қалай бақылады (тамыр соғысын, температураңызды өлшеді)? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
13 |
Медбикелер Сізге қандай жағдай жасады (дәрі берді, инъекция екті)? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
14 |
Сізге жайлы болуы үшін медбикелердің Сізге көрсеткен назары? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
15 |
Жеке тұлға ретінде Сізге деген медбикелердің көзқарасы? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
16 |
Медбикелер тарапынан Сізге көмек пен қолдау қамтамасыз етілді ма? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
17 |
Медбикелердің адами қасиеттері (сыпайылық, құрметтеу,қайырымдылық, мейірімділік,шыдамдылық )? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
18 |
Сіздің талдамаңызға қатысты медбикелердің берген ақпараты? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
19 |
Сіздің күтіміізге қатысты медбикелердің берген ақпараты? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
20 |
Сіздің еміңізге қатысты медбикенің ақпарат беруі? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
21 |
Сіздің шақыртуыңызға медбикелердің жылдам зейін қойды ма? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
22 |
Сізге медбикелердің бөлген уақыты? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Таблица 3 - Клиникада болған уақытта Сіз біздің қосымша көмекшілердің жұмысын қалай бағалайсыз:
23 |
Күтушілер арасындағы бір -бірімен ақпарат алмасуы? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
24 |
Әкімшілік, техникалық және лаборанттық көмекшілердің көмектесуге деген дайындығы және тілектестігі? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
25 |
Клиникада жатқанда Сізге берілген ақпарат? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
26 |
Клиникадан шыққанда Сізге берілген ақпарат? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
27 |
Талдау нәтижелерін алудағы күту уақыты? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
28 |
Талдау/емдеуді жүзеге асыру жылдамдығы? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
29 |
Клиникаға кіру жеңілдігі (тұрақ, транспорт маршруттары)? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
30 |
Сіз үшін клиниканың бөлімшелерін табу жеңілдігі? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
31 |
Клиниканы қоршаған орта (тазалық, қарапайымдылық, тыныштық)? |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Таблица 4 - Біздің клиникадан алған жалпы әсеріңіз:
32 |
Сіз біздің клиникадан алған еміңіз бен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
күтіміңізді қалай бағалайсыз? |
Қортынды. Онкологиялық науқастардың денсаулығы үшін ӨС бағасының әдісін қолдану сенімді, ақпараттық және тиімді әдіс болып табылады. Онкологиялық зерттеулерде ӨС бағасы емдеудің тиімді бағасы болжамдық мәні бар маңызды критерииі болып табылады. Онкологиялық науқастардың реабилитациясы және емдеу бағдарламасы негізінде жасалатын ӨС мәліметтері «матрица» болып табылады. Шетелде егер ӨС- на талдау жүргізілмесе, онда ешқандай жаңа әдіс қолданылмайды.
ӨС-ның бағасы клиникалық зерттеулерде зерттеудің сапасын жақсартады. Медицинадағы «науқасты емдеу, ауруды емес» негізгі қағида осы ӨС-ның көмегімен жүзеге асуы мүмкін.
Халықаралық стандартқа сай EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазы тілдің және мәдениетті бейімделуінен кейін, популяцияның ерекшеліктері есепке алына отырып этно- лингвистикалық, аспаптың сенімділігі және EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазының түпнұсқасына балама қазақша нұсқасы жасалды. Жасалған EORTC IN-PATSAT32 сауалнамалық қағазының нұсқасы клиникалық зерттеулерде онкологиялық науқастарға кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін, жоғары психометрикалық қасиеттерімен сипатталған.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Bredart A., Bottomley A., Blazeby J. . et al. An international prospective study of the EORTC cancer in-patient satisfaction with care measure (EORTC IN-PATSAT32) // Eur. J. Cancer, 2005. - Vol. 41, N 9. - Р. 2120-2131.
- Juan Ignacio Arraras, Ruth Vera, Maite Martinez et al. The EORTC cancer in-patient satisfaction with care questionnaire: EORTC IN-PATSAT32 Validation study for Spanish patients // Clinical and translational oncology, 2009. - Vol. 11, N 4. - Р. 237-242.
- Elisabet Hj0rleifsd0ttir, Ingalill Rahm Hallberg, Elin Dianna Gunnarsd0ttir Satisfaction with care in oncology outpatient clinics: psychometric characteristics of the Icelandic EORTC IN-PATSAT32 version // Journal of Clinical Nursing, 2010. - Vol. 19, N 7. - Р. 1784-1794.
- Новик А.А., Ионова Т.И. Исследование качества жизни в медицине: учеб. пособие // под ред. Ю.Л.Шевченко. - М.:ГЭОТАР-МЕД, 2004. - 304 с.