Бұл мақалаДа Алматы облысы Қарасай ауДанынДағы тағам әнімДеріне санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша зерттеулер, сонымен қатар азық-түлік құрамында пестицидтер қалдықтарының болуына лабораториялық бақылау жүргізілгені көрсетілДі.
Қазақстан Республикасы агроөндірістік бағдарламасының алдына койған мақсаттарының бірі азық-түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы жағдайда
ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірісте жаңа ғылыми жетістіктерді қолдану қарастырылады. Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен мекемелерінің міндеті болып табылады. Бұл халықтың денсаулығына әсер ететін бірқатар қауіпті факторлардың алдын алуда маңызды болып саналады. 1991-2001 жылдардан бастап шаруашылық құрылымы бірқатар өзгерістерге ұшырады: ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі төмендеді, ал шаруа қожалығы мен жеке шаруашылықтың үлесі өсе бастады. Халықтың жекеменшік шаруашылық саласында ет- сүт және көкөніс өнімдері бірінші орынға көтерілді, яғни жалпы өнімнің 88,5% қамтыды *1+.
1994 жылдан бастап Кооперативті фермалық шаруашылық топтары құрылды *2+. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек КФШ және жеке шаруашылық 89% ет өнімдерін және 90% сүт өнімдерін өндіре бастады.
Қазіргі таңда елде мемлекеттік агросаясатқа белсенді қолдау көрсетілуде. Ауыл шаруашылықты дамыту мақсатында шағын және орта бизнесті дамытуға қажетті нормативтік-құқықтық актілер құрастырылды.
Қазақстанда соңғы онжылда пестицидтердің қолдану көлемі 4 есеге төмендеді, ал қолданыстағы жалпы саны жылдан жылға кеңіді және қазіргі кезде олардың жалпы атаулары 200-ден асты.
80 жылдардың ортасындағымен салыстырғанда өсімдіктерді қорғау құралдары біршама төмендеді. Бұл жайыт тек ауыл өнімдерінің қаржылық жағдайына ғана емес, сонымен қатар өсімдіктерді қорғаудағы жаңа химиялық заттарға және пестицидтердің рұқсат етілген тізіміндегі өзгерістерге байланысты болды. Осылай, препараттардың мөлшері бірден жоғарылады, шығын орташа көлемі 0,01-0,3 л/га құрады *3+.
Адам ағзасына ауадан, судан және тағам өнімдерінен түсетін пестицидтердің аз мөлшері физиологиялық жүйелердің спецификалық өзгерісіне (жедел және созылмалы) алып келетіні баршаға мәлім.
Негізгі аурушылдықтың дамуына халықтың сапалы емес тағам өнімдерін пайдалануы, жолдағы обьектілер мен сауда жасауға рұқсат етілмейтін орындарда, санитарлық-гигиеналық және санитарлық-ветеринарлық ережелердің сақталу және тасымалдау шартының бұзылуына тікелей байланысты. Сонымен қатар үй тұрмысында да қателіктер орын алып жатады.
Зерттеу мақсаты: тағам өнімдерінің қауіпсіздігін гигиеналық бақылау және азық-түлік құрамында пестицидтер қалдықтарының болуына лабораториялық бақылау жүргізу.
Зерттеу әдістері мен материалдары.
Қазақстан Республикасында гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін тағам өнімдеріне жүргізілген сынамалар көлемін сипаттайтын көрсетіштер айтарлықтай жоғары деңгейде емес (2000жылы 0,22%-0,3% көрсетеді).
Алматы облысы, Қарасай ауданында зерттеу нысындары ретінде 93өндіріс орындары қатысты: сүт , ет өңдеу, құс өндірісі, кондитерлік цехтар, дән өндірушілер, алкогольсіз сыра, сүт өндірісіндегі шаруашылықтар және т.с.с, қоғамдық өндірістегі - 142 нысан, 375 сауда нысандары, 11 басқа да нысандар, барлығы - 628 нысан. Өндірістік шикізаттар мен азық-түлік өнімдерінің 3350 зертханалық көрсеткіштері анализден өткізілді, соның ішінде санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша-1054,физико-химиялық көрсеткіштерден -88 сынама, пестицидтердің қалдық көлеміне -12 сынама, микробиологиялық көрсеткіштерге- 2294 сынама жүргізілді. Тағам өнімдерін зерттеуге алынған материалдарды жинау Алматы облысыҚР ДСМ Мемлекеттік санэпидбақылау комитетінің департаменті базасынан алынған мәліметтер бойынша жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері мен талқыланулар
Алматы облысы, Қарасай ауданында өндірістік сала (кәсіпорындар: сүт, ет өнімдері, құс өндірісі, дән өндірісі, кондитерлік цехтар т.с.с) экономикалық тұрғыдан алдыңғы қатарда, 27%-32% құрайды. Ауыл шаруашылығындағы халықтың негізгі өнімге қажеттіліктерінің 78,9%-ы облыстық шаруашылық және кәсіпорындардың негізінен қанағаттандырылады. Бұл нысандардың қорғалуы бірінші кезекте халықтың денсаулығына әсері мол.
Өнімдерді зерттеуде оң нәтижелер аз пайызды құрады. Зерттеу барысында ет және ет өнімдерінің 528 микробиологиялық сынамаларынан 75 сынама оң реакция көрсетті, яғни 14,2%-ы құрайды.
Тағам өнімдерінің бактериалдық контаминациясы микробтық тұрғыдан жоғары қауіптілікті көрсетеді. Қоғамдық тағам өнеркәсібінде патогенді және шартты патогенді микробтардың болуы 14,2%-ы құрайды, шайындының лабораториялық зерттеулерінде 119 сынамасында(11%) оң нәтиже көрсетті.
Ет және ет өнімдеріне жасалған сынамалардың оң нәтижелерінің жалпы санының ішінен санитарлы-химиялық көрсеткіштер бойынша - 9%, микробиологиялық көрсеткіштер - 14,2%, өнімдер мен көкөністерден микробиологиялық көрсеткіштер - 14,9%, шикізаттар мен басқа да азық өнімдері санитарлы-химиялық көрсеткіштерден -13,7%, микробиологиялық көрсеткіштен -5,9%-ы құрайды.
Ет, сүт және кондитерлік өнімдер, гарнирлер мен салаттар бактериалды ластануға бейім екені анықталды, бұл дегеніміз профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде негізгі нысандар ретінде қарастырылатынын айқындайды.
Токсикалық заттармен тағамдық өнімдердің төменгі контаминанттылығы назар аудартады. Сыналып отырған 55 сынаманың 5-і яғни 9%-ы талаптарға сәйкес еместігі анықталды.Тағамдық өнімдер мен шикізаттардан алынған 604 сынаманың 83-і физико-химиялық талаптарға сәйкессіздігін көрсетті (13,8%).
Алматы облысында өндіріске шығарылуға арналған өсімдік текті өнімдердің (картоп, томат, бұрыш, сарымсақ, сәбіз т.с.с) 364 сынамасына анализ жүргізілді.
Қазақстандағы негізгі қолданыстағы тағам өнімдеріндегі қалдық пестицидтердің санына жүргізілген мониторинг нәтижесі соңғы жылдары гигиеналық талаптарға сәйкессіз сынамалар саны республика, жеке облыстар бойынша едәуір аз екенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері Алматы облысындағы тағам өнімдеріне және өндірістегі шикізаттарға жүргізілген сынамалар саны зерттеу барысында бір деңгейде екенін байқаймыз (2009ж-534 сынама және 2010ж- 548 сынама), ал қалдық пестицидтерге жүргізілген зерттеулер азайды, 2009ж- 550 сынама, 2010ж- 463 сынамаға төмендеп отыр.
Сонымен қатар Алматы облысында тағам өнімдеріне, өндірістік шикізаттарға жүргізілген сынамалардан бірде-бір пестицидтер анықталмағанын атап өту қажет.
Пестицидтермен ластануды- нақтырақ анықтау мақсатында ретроспективті түрде 364 сынама анализден өтті. Зерттеу нәтижелері сынамалардан нитраттардың ШРЕД-нен аспайтын көлемі анықталғанын көрсетті. Қалдық пестицидтерге оң сынамалар саны 0,27%-ды алып отыр (1 кесте).
1 Кесте - Пестицидтердің қалдық мөлшерін зерттеу
Аталуы |
Сынама- лардың жалпы саны |
Сынаманың жағымды қорытынды саны |
Сынаманың жағымды салмақ көрсеткіші % бойынша |
ШРЕК денгейінен асып кет-кен сынама саны |
Сынама-ның сәйкес келмейтін мөлшері% |
Өсімдік текті азық- түліктер |
364 |
1 |
0,27±0,12 |
0 |
0 |
Қорытындылар.
Мәліметтерге сүйене отырып Алматы облысы ауыл шаруашылығында пестицидтерді қолдану төменгі деңгейдегі аймаққа жататыны анықталды. Бұл бір жағынан қа^ргі заманғы препараттардың аз дозадағы жоғары әсерлігімен байланысты болса, екінші жағынан аймақтағы агроөндірістердің жоғары бағадағы улыхимикаттарды алуға мүмкіншілік бермеуі. Зерттеуге алынған сынамалардың фи^ко-химиялық параметрлерге төменгі сәйкессіздігі және оларда ауыр металл тұздарының анықталуы, зерттеуге қа^ргі заманғы контаминант класстарын табудағы әдістерді қолданатын санэпидбақылау лабораториясын енг¡зу ма- ызды болып саналады.
Микробиологиялық көрсеткіштерге оң нәтижелер жиілігі 8,8%-ы құрайды. Тағам өнімдерінің контаминанттылығының қауіптілік позициясы облыс аймақтарында гигиеналық, климаттық сипаттамасы бойынша, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде қолайлы жағдай жасалғаны анықталды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Жаркинов Е.Ж., Красников В.Н., Тотанов Ж.С., Ташметов К.К., Черепанова Л.Ю.. Современные проблемы гигиены села и задачи научных исследований //Медицина и экология, 2002. - №2(22). - С.27-29.
- Аубакиров Я.А. Социально-экономические преобразования в сельском хозяйстве Казахстана // - Алматы: Казахстан, 1994, -200 с.
- Герштейн Е.Г., Накарякова М.В., Борисов С.Ю. Вопросы гигиены труда при применении пестицидов. // Медицина труда и промышленная экология . - 2003. - №11. - С.13-18.