Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қытай иероглифтерінің шығу тарихы және оның даму кезеңдері

Бұл мақалада Қытай иероглифтерінің шығу тарихы және даму кезеңдері туралы айтылған Қытай тіліндегі аса күрделі мәселенің бірі Қытай иероглифтерін еске сақтау және әр иероглифтердің шығу тарихын білу. Иероглифтердің әр даму кезеңдерін еске сақтау қажеттігі қарастырылған.

Қытай иероглифтері- әлем халықтарының әрқилы жазбаларының ішінде ерекше және өзгеше. Ертеректе иероглифтер 3500 жыл бұрын пайда болған деп саналған. Кейбір ғылымдар иероглифтер 6000 жыл өмір сүріп келеді дейді.

"Иероглиф" - сөзі грек сөзінен шыққан. Оның бірнеше мағанасы бар. Бірінші мағанасы "тастарда қашалған ұлы хаттар". "Иероглиф" түсінігі және "Иероглиф жазбалары" кең ұғым алады және оның мағанасы ежелгі грек ғана емес, басқа да соның ішінде қытай, египет, маия, ассиро-вавилон жазбалары бейнеленеді, бірақ бұл елдердің бәрінде иероглиф тек тарихи жазба болып қалады, ал қытай иероглификасы қазірге дейін дамып, жаңарып қолданылып келе жатыр.

Шамамен қытай тілінде 60000 жуық иероглиф бар десек, соның ішінде 47 мыңнан астамы әйгілі Канси сөздігіне енгізілген. Оның ішінде 3000 -нан астамы бұқаралық қолданыста орын алады [1.165] . Иероглифтік жазудың қытай қоғамының дамуына әсері аса зор. Иероглифика қытай халқының аса дана және ғажап мәдениеті мен өнерінің ажырамас бір тармағы болып табылады.

Иероглифтік жазбаның арқасында мыңдаған жылдар бұрын жазылған шығыс мәдениетінің дамуы жөнінде деректердің бай қоры бар әдебиет естеліктері, көне қытай филосовтарының ойлары бүгінге дейін сол қалпында сақталып отыр

Қытай иероглифы-шегі жоқ сызықтардың түсініксіз жиынтығы емес, оның өзіндік жүйесі бар. Иероглифтік жазба ойдың жанжақтылы және көптармақты мағанасын беріп қандайда бір ойды тереңнен түсінуге мүмкіндік береді.

Иероглифтік мәтіннің ең бір ерекшелігі, мұнда сөздің мағанасы нақты бір қалыпта емес, ұқсас мағанада немесе қарама-қарсы мағанада берілуі мүмкін. Сондықтан да қытай мәтіндерін оқу барысында адам терең ойлауға еріксіз мәжбүр болады. Иероглифпен берілген сөз көп қырлы сондықтан да оған бір жақты қарауға болмайды. Иероглифтік жазбаның бұл ерекшелігі уақыт өте келе жазбаның нақты мағанасын түсінуге көптеген қиындықтар туғызуда. Мыңжылдықтар бойына иероглифтік жазуды меңгеру шектеулі адамдарға ғана мүмкін болған бұған себеп тек әлеуметтік жағдай ғана емес сондай-ақ оның қиындығы да себеп болған.

Бұл қиындықты жеңу үшін кітаптан бас көтермей ұзақ жылдар еңбектену керек болған. Көне классикалық білімнің негізгі мақсаты оқушыларды кітапсүйгіштікке тәрбиелеп, екі немесе үш мыңжылдықтың кітабын оқи алуға сондай-ақ көне тілде жаза білуге тәрбиелеу болған.

В.С.Колоковтың зерттеулеріне сүйенсек,- "Да Сюэ "Ұлы білім" көне қытай мектебінде "Төрт кітаптің" бірінші кітабын меңгеріп болған оқушы есінде 400 иероглифті, 63 белгіні және конфуций кітаптарынан 24 нақыл сөзді жатқа білген".

Осы қиындықты жеңе білген оқушылар ғана оқымысты атағын алған, сондай-ақ олар қытай жазбасын жеңілдеткеннің орнына оны қиындата түскен. Иероглифті тылсым күшке ие ғылымның шегіне жеткен адамдар ғана игере алатын қасиетті жазба болып есептелген.

Иероглифтік жазбасы бар қандай да бір зат болмасын қасиетті болып есептелген. Егер де иероглифтік жазбасы бар қандайда бір қолжазбаны жерге тастаған болса бұл үлкен дөрекілік немесе заңға қайшы келу болып табылған [1.168].

Қытайлықтардың тарихи дәстүрінде қытай жазуының шығу тарихы туралы бірнеше аңыздар бар.

Ежелгі философиялық және тарихи ескерткіштердегі мәтіндерге сүйенсек, б.д.д. XXV ғасырда Цан Цзе деген бір адам болған екен. Ол "гувень" деп аталатын иероглифтік белгілерді табиғатта болатын құбылыстарға қарап шығарып отырған екен. Ол күнге, айға, ағаштарға, отқа, тауларға және құстардың жерде қалдырған іздеріне қарап жаңа белгілер шығарған. Осыған байланысты алғашқы иероглифтар "няоцзищу" яғни "құстар іздерінің белгілері" деп аталған.

Иероглифтардың басқа аты "кэдоуцзы", яғни "итшабақтық жазу".

Аңыз бойынша Цан Цзенің төрт көзі болған екен, ал ол иероглифтарды ойлап табу процесі кезінде "аспаннан жаңбыр тәрізді арпа жауатын, ал түнде аруақтардың дауысы естілетін".

Цан Цзенің жазуы туралы аңыз иероглифтар пиктограммадан-заттардың тікелей бейнеленуінен шыққандығына дәлел болады.

Иероглифтік жазудың шығу тарихында тағы бір аңыз бар б.д.д. XIX ғасырда билік еткен Фуси деген мифологиялық билеушінің есімімен байланысты. Халық қиялы Фуси жазу белгілерін Хуанхэ өзенінде ұшатын айдахардың арқасында көрген таңғажайып суреттер мен белгілердің үлгісі бойынша шығарған екен деп баяндайды.

Басқа нұсқа бойынша Фуси жазуды құстардың құмдағы қалдырған іздері негізінде шығарған. Бұл аңыз Цзе туралы аңызбен үндес болып келеді. Басқа аңыздар бойынша иероглифтік жазуды Сюань Юань деген императорға Хуанхэ өзенінен шыққан тасбақа үйреткен.

Сонымен иероглифтар қайдан пайда болған ?

1899 жылы Аньян қаласы маңындағы Сяотунь ауылында шаруалар жер жыртқанда әр түрлі белгілер ойылған тасбақалардың панцирлері мен жануарлар сүйектерін тапқан.Шаруалар оларды "айдаһардың сүйегі" деген оймен "дәрі" жасауға пайдаланады. Бірақ соңынан олар қытай династияларының нағыз тарихи архиві - буци бал ашу жазулары екендігі анықталады. Бұл иероглифтің бастапқы мағанасы қазірге дейін сақталып келеді.

Цзягувень деп аталатын бал ашу сүйектерінің белгілерінің сараптамасы бойынша, иероглифтар сол кезде-ақ пайда болып және қалыптасуына үлкен тарихи кезең кеткен, жақсы дамыған иероглифтік жүйе бар болғаны туралы айтуға болады.

Инь жазуларының иероглифтері итшабақ тәрізді жазу ретінде графикалық даму алды.Қытай әдебиеттерінде итшабақ тәрізді жазу Чжоу династиясының (б.з.б. 1066-771 ж.ж.) бастапқы кезеңінде қолданылғаны туралы айтылған. Әр иероглиф үстіңгі жағында үлкейтіліп, ал астыңғы жағы біртіндеп кішірейіп итшабақ түріне ие болады.

Ғалымдардың айтуы бойынша иньдіктердің алдындағы кез тастан жасалынған қарулар кезеңі, қоланы балқыту енді ғана қалыптаса бастады. Чжоу империясының кезеңінде бұл әдіс ең биік шыңына жетті: қоладан әр түрлі қару, құрбандық шалатын ыдыстар жасалынды ...

Қоладан жасалынған ыдыстардағы жазу цзиньвень деген атқа ие болды. Ыдыстардағы иероглифтік белгілер бал ашу сүйектеріндегідей. Ой ауқымы үлкейді, лексикасы өзгерді, тілдің грамматикалық жүйесі жетілді, бірақ иероглиф графикасы дегендей өзгерген жоқ.

Иероглифика жайында айтқанда, калиграфия туралы сөз қозғамау қиын.

Грек тілінен аударғанда бұл сөз "әдемі жазу" деген мағана береді.Қытайлықтар үшін танымал шебердің қолынан шыққан каллиграфиялық жазу - тек сызықтардың сұлулығы, мағына тереңдігімен құмарлану ғана емес, сонымен қатар автордың көңіл- күйі мен ойларын түсіну.

Бүгінгі таңда Қытайдың иероглификалық жазуы жазбаша тіл орындауға тиіс қоғамның талаптарын өтейтін өзгеше және бір ғана жазу түрі болып табылады.

Осыған дейін иероглификалық жазудың реформасы, оны фонетикалық жазуға өзгерту туралы сөз бірнеше рет қозғалды.Қытайдағы "4 май" қозғалысынан кейін иероглифтік жазуды реформалаудың алғашқы қадамы басталды.

Сондай-ақ Мин Го (1911-1949-жылдардағы Қытай Республикасы) дәуірінің 20-жылдары иероглифтердің қосымша бөліктерін негіз еткен "транскрипциялық алфавитті" қолдану мәселесі көтерілді.

30-жылдарға келгенде бүкіл қытай көлемінде латын алфавитіне бейімделген жаңа алфавитті жалпыластыру үрдісі кең өріс алды. Сол кездегі Гуоминдаңға (ұлттық партияға) да, коммунистік партияға да қарасты аудандарда бұл үрдіс өз жалғасын тапты. Бірақ оның халықтық негізі әлсіз, оның үстіне ол кезде жапонға қарсы соғыс басталып кеткендіктен бұл іс осымен тынды. Жаңа Қытай үкіметі орнағаннан кейін, Мау Зыдоңның "Қытай тілі де әлем тілдерімен бір бағытты-дыбысты жазу бағытын ұстануы керек" деген идеясының ықпалымен, Қытай елі өз жазуын реформалау жолына нақты қадам басты.

50-жылдардың басында "Қытай тілінің транскрипциялық жобасы" бекітіліп, иероглифтерді оңайландыру (ықшамдау) жобасы ортаға қойылды. Соңынан жазуды реформалау комитеті құрылды. Қытай тілінде транскрипциямен жазылған газет- журналдар шықты.

Мәдениет төңкерісі кезінде жазуды реформалау ісі тіпті де тез қарқынмен жүргізілді. Иероглифтер тағы да ықшамдалды.70-жылдарда компьютер қолданысқа ене бастады да, иероглифтерді компьютерге енгізу шешімін таппаған мәселеге айналды.

Сондықтан кейбіреулер иероглифтерді ерте бастан қолданыстан шығарып, қытай тілінің транскрипциялық жобасын дыбыстық жазуға өзгертіп, бүкіл ел көлемінде күшпен жалпыластыру керек дегенді ортаға қойды.

Бұл идея ел ішінде үлкен талас тартыс тудырды. Оны қолдаушылар да, оған қарсы тұрушылар да табылды. Қолдаушылар компьютер ғылым- техниканың ең озық жетістігі, алдағы уақытта бүкіл әлем компьютер дәуіріне өтеді.

Жазудың қолайсыздығы салдарынан еліміздің компьютер дәуіріне өту мезгілін кешіктірсек, қытай әлем елдерінен артта қалады деп қарады.

Қарсы тұрушылар қытай мәдениетінің негізгі келбеті есептелетін иероглифтерді қолданыстан шығару хан ұлтының мәдениет тамырына балта шапқанмен бірдей, сондықтан мәселеге байсалдылықпен қараған жөн, оның үстіне компьютер адамның көмекші құралы ретінде адам үшін қызмет етеді. Иероглифтерді компьютерге кіргізу техникалық мәселе, түбінде бір шешімін табуға тиіс деген көзқарасты ұстанды.

Қытай иероглифі жөніндегі талас-тартыстар ел іші- сыртындағы көптеген ғалымдар мен мамандардың назарын аударды. Олар иероглифтік жазудың тиімді тиімсіз жақтарын жан-жақты зерттеді. Сөйтіп "иероглифтік жазу мешеу емес, қайта белгілі бір деңгейде артықшылықтарға ие" деген қортындыға келді.

Иероглиф туралы алғаш зерттеу жүргізген қытай ғылымдары емес, қайта Франция мен Жапон ғалымдары және шетелде қоныстанған қытай диаспораларынан шыққан мамандар болды.

Олар мынандай көзқарасты ортаға қойды. Иероглифтер өзіндік сипатқа ие бір түрлі жазу, ол дыбыс, форма және мағынадан құралған тұтас бір шағын тұлға, оның информацияны бейнелеу қуаты өте жоғары.

Буындық тіл ретіндегі қытай тілінде тон мен өзара тіркесе алмайтын дыбыстарды шығарып тастағанда 401 буын бар.

Әлемдік компьютер дамуының бағыты компьютерге дыбысты кіргізу және басқару, ешқашан да кәзіргідей клавиатуралық кіргізу мен басқару емес. Қытай тілі дүние жүзі бойынша компьютерге дыбыс кіргізуге ең қолайлы тіл бұл оның дыбыстық жазуды қолданатын тілдерде жоқ өзіндік ерекшелігі болып табылады.

Американың "Алма" маркалы компьютері қытай тілі дыбыстарын компьютерге кіргізу ісін жүзеге асырды. Компьютер 1-2 сағат ішінде қытай тілі дыбыстарын қабылдай алады.

Қытай жазуы бейнелік жазу ретінде адамдардың заттарды бақылап, тану қағидасына үйлесе келеді. Мысалы, біз алыстан бір нәрсені байқасақ, ең алдымен оның жалпы тұлғасын бажайлап барып, онан соң оның не екені жөнінде қортындыға келеміз.

Батыс елдері қолданатын жазу (дыбыстық жазу) салдарынан болатын тіл мүкістігі мен дұрыс оқи алмайтын жағдайларды иероглифтерді үйрету арқылы қалпына келтіру мақсатына жетуге болады. Шетел ғалымдарының зерттеулері қытай ғалымдарын да ойландырды. Гангконгтік Ан Зіжие мырза "иероглф қытайдың бесінші үлкен тапқырлығы" дегенді алғаш ортаға қойды.

Тайвандық профессор Юуан Шиау Юуан біріккен ұлттар ұйымының алты қызмет тілінің ішінде қытай жазуы ең ұғымды жазу, сондықтан ол арқылы хатқа түскен нұсқалар да өте ықшам келеді деп көрсетті. Бұдан иероглифтік жазу - әлемдегі ең ұғымды жазу деген қортынды шығаруға болмайды.

Ұлы құрлық "Қытай" мамандары осы негізде иероглифтің артықшылықтарын тұрақтандыратын бір қыдыру тұжырымдар жасады айталық, иероглиф кеңістік шеңберінен алып шығып, қытай тілінің диалектілік бір келіссіздік мәселесін шешті. Иероглифтер өте бай мәдениет деректерін бойына сіңірген.

Өткен ғасырдан басталған иероглифтік жазу реформасының практикасы - дыбыстық жазу иероглифтердің омонимдік ерекшеліктері мен тон мәселесін шеше алмайтындығын, сондықтан иероглифтардың тапқырлануы шынында үлкен еңбек екендігін растады. Сондықтан қытай тіліне дыбыстық жазуды қолдану мүмкін емес.

Қытай тілі өзінің даму тарихында екі бағытта дамыған.

Оның бірі жалаң буынды сөздердің қос буындыларға айналуы да, енді бірі ішінара морфемалардың қосымша-жұрнаққа бейімделіп жалғамасы сипат алуы.

Иероглифтер негізінен тұлғалық жақтан лайықты ықшамдалу бағытында дамиды. Кейбір иероглифтердің сызық саны өте көп, жазуға қолайсыз деген мен иероглифтерді ықшамдау олардың өзіндік ерекшеліктеріне сай келуі керек. Бұдан сырт иероглифтердің тұлғасы мен саны да тұрақтандырылуы керек. Саны жағынан бес мыңнан үнемі қолданылатын иероглифтер үш мыңнан асып кетпеуі қажет. Кейбір қытай халықтары "21- ғасыр иероглифтік жазу ғасыры болады" деген болжам жасайды. Батыс ғалымдары азия құрлығы экономикасының тез қарқынмен дамуына негізделіп "иероглифтік жазу мәдениетінің өрісі" кеңейе түседі деген тұжырымды жасайды. Тарихи даму тұрғысынан қарағанда тілдің дамуы мен өмір сүруін мемелекеттің гүлденіп көркейуінен бөле қарауға болмайды.

Қазақстан мен Қытай экономикалық байланысының дамуынан бөлек, қазіргі кезде Қазақстанда қытай тілін үйренуге деген қызығушылықтың артып отырғандығын байқаймыз.

Қазакстан мен Қытай арасындағы карым- катынастар казак жастарына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Жастар жұмыс тәжірбиесін үйреніп, жұмыска орналасу үшін де кытай тілін окып жатыр. Қазакстанда Қытай кәсіпорындары күн санап көбейіп келеді. осыған байланысты, жұмыс мәселесі Қытаймен тығыз байланысты болуда. Жұмысшыларды шектеу де өте киынға соғып тұр. Қазак кытай компаниясында істейтінін мактан етеді. Бұл - кытай тілін үйренуге негізгі козғаушы күшке айналды.

Көп адамдар Қытай мәдениеті мен тарихына деген кызығушылығының аркасында кытай тілін жаксы көріп кетіп жатыр. Шығыс халкы болғандыктан казактар Қытай мәдениеті мен Жібек жолы өркениетіне жакындығын сезеді. Қазакстанда төртінші жыл катарынан Қытай жаңа жылын карсы алу мерекесі өтіп келеді.

Бүгінгі таңда Қазакстаннан барған 10 мың студент Қытайда білім алып жатыр. 18 мың халкы бар елге бұл аз адам емес. Тіпті көптеген казактар Қытайдағы оку орындарына түсу үшін кандай өтініштер толтыру керектігін сұрап елшілікке жиі келеді. Оның үстіне кытай тілін үйрету Қазакстанда жаппай кажеттілікке айналып келеді.

2006-2012 жылдар аралығында Қазакстанда 4 Конфуций институты ашылыпты. Қытай тілі жоғарғы оку орындарында, бастауыш және орта мектептерде пән ретінде өтіп, оның окытылуы жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Қорта келе айтарымыз соңғы жылдар бедерінде Қытай экономикасының өсуі әрі еліміздің халыкаралык беделінің жоғарлауы және Қытайдың керемет мәдениеті мен күшті тарихы Қазакстандағы кытай тілінің аса танымал болуына әсер етіп отыр. Ал, Қазакстаннан барып кытай тілін окып жаткан студенттер үшін кытай жаркын болашакка ашылған есік және кытай мәдениетіне саяхат. Адам ұрпағымен мың жасайды"-дегендей,ұрпак жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.Жаксылыкка бастайтын жарык жұлдыз- оку,"Надан жұрттың күні-караң, келешегі тұман",- деп М.Дулатов айткандай, егеменді еліміздің тірегі- білімді ұрпак. Әлемдік кауымдастыкка еш киындыксыз, кедергісіз кіре алатын, өз ұлтын, елін халыкаралык ірі-ірі ұйымдарда таныта алатын ұрпактың өсіп келе жатканы бізге мактаныш.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Кочергин И.В, Щичко В.Ф. Страноведенгие китая - М.: Издательский дом "Муравей", 1999
  2. " Қытай тілі мәдениетінің тарихы" жөнінде зерттеулер. Дың Хау. Жың Жие Шиңжаң халык баспасы.1993.
  3. "Қытай мәдениеті" Ли Жа Соң Пекин тілдер университеті ,2004
  4. " Тіл мен мәдениет жөніндегі ізденістер" Шың Шиаулоң кұрастырған. Шаңкай халык баспасы.1986
  5. Н.А.Демина, Чжу Канцзи "Китайский язык" Учебное пособие Страноведение - М.: Издательская фирма "Восточная литература" РАН , 2002

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.