Берілген мақала Германия мемлекетіндегі медициналық сақтандыру жүйесінің ерекшеліктерін қарастырады. Негізгі назар медициналық сақтандыру компанияларының негізгі ерекшеліктеріне, пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне, сақтандыру жүйесінің реформаларындағы нәтижелердің плюстері мен минустарына баса назар аударылады.
ы әлемдегі ең сенімді компания болып саналады. Міндетті сақтандыру жүйесі 100 жыл бұрын ең бірінші Германияда пайда болған. Сонымен қатар, ең бірінші коммерциялық сақтандыруда Германияда пайда болған.
Қаржыландырудың мақсатты түрі медициналық көмектегі қажеттіліктерге шапшаң әрекет еткізеді. Мақсатты салымдар табысы бар барлық азаматтарға міндетті және еңбек ақының белгілі бір пайызы төленеді. Мысалы Францияда міндетті медициналық салымдар жалақының 16% құраса, Италияда 13%, Нидерландыда 9% және Жапонияда 7% екен. Медициналық қызметтердің көлемі материалдық жағдай мен сақтандыру фондтардың салымдарына байланысты болады. Нәтижесінде, бай адам кедей үшін, жас кәрі үшін, дені сау адам - науқас үшін ақша төлейді, яғни әлеуметтік ынтымақтастық принципі жұмыс жасайды. Дамыған мемлкеттердің барлығында дерлік медициналық сақтандыру жүйесі халықтың 70 %-дан 100% -ға дейін қамтиды. Демек, бұл жүйе жалдамалы жұмысшыларды, зейнеткерлерді, студенттерді, шағын кәсіпкерлерді қамтиды. Халықтың қалталы бөлігі ғана сақтандыруға емес, өз қаражатына емделеді[1]. Қазіргі уақытта Германияда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі халықтың 90%-ын қамтиды, 8%-ы жеке медициналық сақтандыруды қаласа, қалған 2 % кедей халыққа мемлекет төлейді. Бұл жүйе науқастанған жағдайда барлық сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз етеді. Еңбекақысы 48600 евро құрайтын жалдамалы жұмысшылар, студенттер, жұмыссыздық туралы жәрдемақы алатындар, зейнеткерлер мемлкеттік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтануға міндетті. Мемлкеттік сақтандыруда бір отбасы мүшелеріне бір адамның сақтандыруын қолдануға болады. Ал жеке сақтандыруда әр тұлға өзі үшін ғана төлейді. Германияның бір жарым ғасырдай тарихы бар сақтандыру жүйесінің бір ерекшелігі - сақтанушының жеке басы ғана емес, сонымен қатар, отбасы мүшелері де оның полисін пайдалана алады. Медициналық сақтандыру құны жартылай жұмыс беруші тарапынан, жартылай жұмысшының өзінің қалтасынан төленеді. Германия үкіметі медициналық сақтандыруды мүлде мойнына алмайды. Мемлекеттің бар міндеті - жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Тек халықтың 2%-ын құрайтын белгілі бір топтың медициналық сақтандырылуы ғана мемлекеттің мойнында. Елдің 80 %-ы міндетті медициналық сақтандыруға жүгінсе, 8%-ы - жекеменшік сақтандыру компанияларының тұтынушылары. Медициналық касса сақтандыруларының Германияда екі түрі бар: мемлекеттік және жеке меншік. Халықтың екі тарапқа бөліп төлеген соммасының кірісі-54900 евро құрайды. Әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар мемлекеттік кассаға төлесе, жоғары санатты халық жеке меншік кассаға төлейді. Жеке меншік сақтандырудың медицинада орны бөлек, және оның клиенттері кезек күтпейді. Германия халқының 90 %-ы мемлекеттің тарапынан сақтандырылған. Мемлекеттік сақтандыру мемлкеттің кассасының кірісінің 15,5 %-ын құрайды. Бұл сақтанушының (брутто) жылдық табысынан төленеді. 2016 жылдан бастап, 1,1 %-ды құрайтын үстеме ақы төлеу іске асуда[2].
Германия мемлекетінде медициналық сақтандыру қызметін, арнайы аурухана кассасы (krankenkassе) атқарады. Міндетті мемлекеттік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру, заңмен іске асырылады. Мемлекет тарапынан міндетті сақтандыру соммасын көбейту негізгі міндеттердің бірі. 2017 жылы шыққан заң бойынша 57600 еуродан жоғары жалақы алатындар тәуелсіз шешім қабылдай алады, яғни медициналық сақтандырудан бас тарта алады, егер келісімін берсе, онда жекеменшік немесе мемлекеттік медициналық сақтандыруды таңдай алады. Халықтың қалған бөлігі жылдық кірісінің 7-8 %-ын аурухана кассасына беруіне міндетті. Осы пайыздық мөлшерлемеге сәйкес, жұмыс берушілерде жылдық кірісінің 7-8 % -ын аурухана кассасына береді. 2017 жылғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Германия мемлекетінде медициналық сақтандырумен айналысатын 150 -ге жуық мемлекеттік сақтандыру компаниялары бар. Ең бастысы, Германияда бюргер, яғни (сақтанушы тұлға) медициналық сақтандырудың мемлекеттік немесе жеке меншік кассасына тіркелседе, көрсетілген қызметтердің 95 %-ы бірдей болуы тиіс. Қалған 5 %-ы қосымша қызмет үшін немесе түрлі ем процесін көрсету үшін жеке төленеді. Мысалы, бюргер (сақтанушы) тісін емдеу үшін ауруханаға барса, сақтандыру шығынының 70 %-ын жабады. Егер бюргер тіс дәрігеріне жиі баратын болса, касса шығынының 90%-ын жабады. Кассаның бюргер үшін арнайы басқа да сыйақылары болады. Мысалы, сақтанушы темекі тартпайтын болса, және спортпен айналысатын болса, оған ақшаның жарты бөлігін сыйақы ретінде қайтарады. Германияда 18 жасқа толмаған балалардың медициналық шығының оның ішінде дәрі-дәрмектер мен ем-шараларды медициналық сақтандыру толықтай өтеп береді. Ал, 18-ден асқан азаматтар қосымша ақы төленуі тиіс. Ең төменгі төлемақы айына 8 еуроны құрайды, ал жоғары төлемақы клиенттің кірісінің 1,9 %-ын құрайды. Қосымша төлемақы төлеуден бас тарту мүмкін емес. Бірақ бюргердің компаниямен 2 ай ішінде келісім-шартты бұзуға құқығы бар[3].
Касса қосымша төлемақы енгізу туралы шешім шығатын болса, міндетті түрде клиенттеріне хабар беруі тиіс. Шешім туралы сақтандыру фирмасының сайтында хабарланады. Сақтандыру компания- ларының тиімді келісім-шарттарын саралау үшін, Германияда арнайы электронды сайттар қарастырылған. Аталмыш сайт ең төменгі төлемақы төлейтін қызметті тауып береді. Сақтандыру кассасы таңдалған соң, бюргер кассамен келісім-шартқа отырады. Келісім-шартқа отыру үшін сақтандыру агентін үйге шақыруға болады немесе келісім-шартты почта арқылы салуын өтінуге болады. Сақтандыру келісім-шартын бекіткен соң, тек 18-айдан кейін шартты бұзуға болады. Касса бюргерге почта арқылы сақтандыру полисін жібереді. Отбасында жалғыз жұмыс істеуші бюргер отбасы үшін кассаға төлемақы төлейді, ал отбасы мүшелері оның сақтандыру полисін қолданады.
Жұмыс беруші жұмыскері таңдаған кассаға ай сайын төлемақы аударып отырады. Жұмысшы қандай көлемде кассаға төлемақы төлейтін болса, дәл сондай көлемде жұмыс берушіде кассаға төлемақы төлеуі тиіс. Германияда бюргерлер дәрігерлерді өздері таңдай алады. Мемлекеттік аурухана кассасы мен жеке меншік аурухана кассасы ерекшеленеді. Жекеменшік сақтандыру кассасында, бюргер алдымен ем үшін төлемақыны өз қалтасынан төлейді, чекті сақтандыру компаниясына жіберіп, ақшасын қайтарып алады. Отбасының әрбір мүшесі үшін, жеке сақтандыру полисін ашып, жеке төлем жүргізуі керек. Жалақының 8,9 %-ын төлегенге қарағанда, аталмыш сақтандыру компаниясының бұл түрі Германияның бай тұрғындарына тиімді болып табылады. Қарт адамдар мемлекеттік медициналық сақтандыруға төмен көрсеткіштегі төлемақыны төлейді. Жұмыссыздар мен жағдайы төмен отбасылар үшін медициналық сақтандыруды мемлекет төлейді.
Германияда мемлекеттік сақтандыруды жүзеге асыратын 123 компания бар. Халықтың таңдауы бойынша ең белсенді компанияларға мыналар жатады: AOK, Techniker Krankenkasse, Barmer GEK и DAK-Gesundheit. Германияда жалданған жұмыскелер үшін медициналық сақтандыру міндетті сақтандыру болып саналады. Ал, штаттық жұмыскерлер үшін медициналық сақтандыру ақысын кәсіпорын өз мойнына алады. Ал жеке меншігі бар кәсіпкерлер медициналық сақтандыруды өздерінің кірісінен төлейді, оларды Selbstst?ndige деп атайды. Мемлекеттік кірістің 15,7 %-ын жеке кәсіпкерлердің төлемдері құрайды. Заңда бекітілген жоғарғы планк бойынша ай сайын 639 еуро 38 центті құрау керек. Германияда 2017 жылғы статистикалық мәліметтерге жүгінсек, сақтандыру нарығының қоры 193,8 млрд.еуроға өскен. Жалпы сыйлық ақы барлық бағыттар бойынша 0,6%-ға өскен. 2015 жылы салық нарығының қоры 92,7 млрд.еуроға дейін түсіп кеткен. Жазатайым оқиға сақтандыру қорының саны 64,3 млрд. еуроға өскен, ал сыйлық ақы мөлшері 2,7%-ға өскен. Жеке меншік медициналық сақтандыру компанияларында сыйлық ақы мөлшерінің 1,4%-ға өскендігі байқалған. Ал қоры 36,8 млрд. еуроны құраған. Неміс сақтандыру ассоциациясының (GDV), бас Президенті Alexander Erdland айтуынша: ағымдағы жыл өткен жылға қарағанда, көрсеткіштер төмен болады деп күтілуде[4].
Қорытындылай келе, Германия мен Қазақстан мемлекетінің сақтандыру жүйесін салыстыру барысында көптеген кемшіліктер мен ұқсастықтар байқалды. Қазақстанның сақтандыру компания- ларының кемшіліктерін атап өтсек: халық пен тығыз қарым-қатынастың болмауы, сыйақылардың белгіленбеуі, жарнамалардың аздығы. Мемлекеттің тарапынан сақтандыру компанияларына арнайы жоспарлар мен бағдарламалардың жасалмауы және қолдаудың жоқтығы негізгі мәселелердің бірі. Германияның сақтандыру компаниялары клиенттерін яғни бюргерлердің санын тұрақты түрде көбейту мақсатында сыйақы санын көбейтеді. Арнайы сайттардың көмегімен халықпен тығыз қарым-қатынасты орнатады. Ең бастысы, медициналық сақтандыру компанияларымен мемлекет ортақ мәміле жасауы тиіс. Германияның сақтандыру компаниялары үшін ең маңызды пайда емес қызмет көрсету сапасы, ал қазіргі уақытта көптеген компаниялардың негізгі мақсаты пайда табу. Сондықтан еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттер арасына қосылуы үшін тұғыры биік мығым сақтандыру компаниялардың санын көбейтуіміз қажет. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев айтпақшы бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін барлық саланың шегіне жетіп, дамытуымыз керек.
Әдебиеттер тізімі:
- Best's Insurance Reports (Life-Health United States), V.I (I-J).-The Insurance Information Source, Ed,2015.-56 б.
- Insurance: Principles and Practice. Compiled by David Bland. -The Chartered Insurance Institute, Great Britain, 2014.-88 б.
- Как работают немецкие государственные медицинские кассы. Как заключить государственную медицинскую страховку в Германии. -Режим доступа: https://www.tupa-germania.ru/meditsina/ gosudarstvennoe-meditsinskoe-strahovanie.html
- Медицинское страхование в Германии.- Режим доступа: https://ru.zuwanderer.aok.de/glavnaja- stranica/zdorove-v-germanii/vashe-medicinskoe- obsluzhivanie-v-germanii