Бұл мақалада экономикалық контрабанда қылмыстарымен күрес жүргізу бүкіл әлем бойынша әлеуметтік және экономикалық тұрғыда өзекті мәселелердің бірі екендігі туралы жазылған. Экономикалық контрабандамен күресте экономикалық, қылмыстық-құқықтық және арнайы криминологиялық іс-шаралар жүргізуді жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасалған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің экономикалық контрабандамен бірге айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасын (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 234-бап) жекеше құрам ретінде бөлген,онда "кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не құжаттарды немесе кедендік сәйкестендіру құрал дарын алдап пайдалану арқылы жасалған не декларациялаусыз немесе анық емес декларациялаумен ұштасқан, ірі мөлшерде тауарларды немесе өзге де заттарды, оның ішінде қылмыстық кодекстің 286-бабының нормасында көрсетілгендерін қоспағанда, кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы қағидалары белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу" көрсетілген.
Контрабанда қылмысы пайдақорлық қылмыстық құқықбұзушылықтар қатарына жатады. Пайдақорлық қылмыстық құқықбұзушылықтар-ол құқыққа
Есірткі заттардың контрабандасы үлкен масштабқа жетті, қарсы қайтарымсыз пайда табу мақсатымен жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы.
Бұл қылмыстық құқықбұзушылықтың саралану белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабындағы қылмыстың белгілеріндей.Заң шығарушымен қылмыстық кодекстің 286-бапты қылмыстың жеке құрамы ретінде бөлу өте мәнді,себебі қазіргі кезде барлық дүние жүзінде есірткі заттардың,қару-жарақтың,атыс- қаруы мен оқ-дәрілердің контрабандасы қарқынды таралып жатыр.
Ол еліміздің құқықтық тәртіп пен қоғамның әлеуметтік-психолигиялық атмосферасына әсер етеді,сонымен бірге ол ұлтымыздың әлеуметтік- адамгершілік,халықтың генетикалық болашағына өз зиянын тигізеді [1,9б.].
Есірткіні тарату,ең біріншіден,мемлекеттік және оның халқына зиянды салдарымен қауіп келтіреді.Наркобизнеске магниттік материалдарды қызуғышықпен тартылу себебінен басқа ішімдік факторлық себептермен жатады. Сонымен бірге бұл заттарды тек тұтынушы пайдаланушылардың санының өсуі ғана емес, дайындаушы мен есірткіні жөнелтушілердің санының өсуі де үлкен қауіп төндіріп тұр.
Уәкілетті органдар соңғы 10 жылда есірткілі заттардың айналымы Қазақстанда 12 есе өскенін аныктағандықтан, бұл мәселемен күрес жүргізуге үлкен көңіл бөлу қажеттілігі туындап отыр. Бұл қылмыстық кұкыкбұзушылықтың объектісі- айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген айналысы заттардың контрабандасына қатысты қоғамдық қауіпсіздік. Бұл қауіпті ескере отырып, бұл заттардың тізімін мемлекет наĸты аныĸтап, баĸылауда жататын есірткі заттар, прекурсорлармен психотроптыĸ заттар тізімін бекітті. Ал, қалған субьективті және обьективті белгілері экономикалықлық контрабандамен бірдей.Бірақ,бұл қылмыстардың құрамдарының обьектісі мен затынан басĸа да айырмашылыĸтар бар.А.Ералин және Қ.Бакишевтің пікірінше "Экономикалыĸ контрабандаға қарағанда Қылмыстық кодекстің 234- бабы бойынша жауапкершілік контрабанда заттарының өлшемі мен санына тәуелсіз болады" [2,91-93бб].
Себебі ҚР ҚК-нің 296-бабына сәйкес есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату маĸсатынсыз көп мөлшерде заңсыз иеленіп алу,тасымалдау немесе саĸтау үшін ĸылмыстыĸ жауапкершілік бұл заңсыз әрекеттер ірі мөлшерде жасалған жағдайда ғана туындайды. "Есірткі заттар, психотропты күшті әсер етуші және улы заттардың", (заңсыз айналыммен байланысты заңнамалардың қолданылуы) туралы 14.05.1998 жылғы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының №3 қаулысының 11 тармағына сәйкес: "есірткі заттардың,психотроптық,күшті әсер етуші,улы заттардың мөлшерін,атын,нақты түрін анықтау үшін,сонымен бірге оларды дайындауға арналған құралдар мен жабдықтардың жарамдылық фактісін аныĸтау үшін үшін криминалистикалыĸ сараптама өндірісі ĸажет..." [3].
Сарапшы криминалистикалыĸ сараптама өндірісі кезінде, сонымен сот кінәлі тұлғаны жауапкершілікке тартқан кезде Қазақстан Республикасының есірткілерді баĸылау туралы Мемлекеттік комиссияның ұсынылған есіркі заттар,психотороптыĸ күшті әсер етуші және улы заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін ĸылмыстыĸ жауапкершілік тізімі 1998 жылы 9 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің ĸаулысымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 234 және 286 баптарының тағы бір айырмашылығы,ол еркін экономикалыĸ зоналардың периметрі және еркін кеден ĸоймасы арĸылы тауарлар мен заттарды өткізу экономикалыĸ контрабанда болады, себебі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтеді.Ал, осы экономикалыĸ зонаның периметрлері мен еркін қоймалардың Қылмыстық кодексінің 286-бабында көрсетілгн есірткі және өзге де заттарды өткізу, бұл жағдайда айналыстан алынған заттардың немесе айналысы щектелген заттардың контрабандасы құрамы болмайды. Бұл жағдайды кінәлі тұлға Қазақстан Республиасының қылмыстық кодексінің 286-бабымен ĸылмыстыĸ жуапкершілікке тартылады.
Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар жалпы контрабанданың және экономикалыĸ контрабанданың жалпы түсінігі мен криминологиялыĸ сипаттамасын ашады да, ішкі заңнамамен реттелу ретін көрсетеді.
Қазіргі кезде осындай жағдайда ерекше теориялыĸ және тәжірибелік кызығушылықты экономикалық контрабандамен күреске бағытталған шаралар туғызады, себебі олар кұқықтык мемлекетті құру, қоғам мен тұлғаның мүдделерін қорғау аспектілерімен экономикалыĸ және әлеуметтік тұрғыда байланысты. Экономикалыĸ контрабандамен байланысты қылмыстардың қауіптілігі соңғы жылдары өсті, себебі ол ұйымдастырушылық және масштабтық сипатқа ие болып,қоғам мүдделеріне едәуір зиян келтіруде.
Әсіресе, мемлекеттің экономикалыĸ мүддесіне зиян келтіретін қауіпті қылмыстық кұкыкбұзушылықтың бірі - экономикалық контрабанда. Оның салдары да бізге аныĸ:
а) бюджетке баж салығы,салықтар мен жиналымдар түспейді;
б) контрабанда ĸамĸырумен байланысты болғандықтан болғандықтан,өте үлкен көлемді тауарларды, шикізатты ұрлау, салыĸ төлеуден жалтару, қызмет бабындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау арқылы нұқсан келтіреді.
Ал, осы салдарға әкеп соғатын себептерді тауып, сол себептерді жою немесе азайту үшін әдістер табуымыз керек. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізген кезде қоғам кылмыстылықты кез келген қоғам мен бүкіл адамзаттың мәңгі серігі ретінде ĸабылдап білу керек. Мемлекет пен қоғамның дамуына байланысты кылмыстылықтың әр түрлі нысандары дамиды және өседі, сонымен бірге ĸылмыстылыĸ, ол-әлеуметтік патология.
Қылмыстылықпен, әсіресе ұйымдасқан және жемĸорлыĸ ĸылмыстылыĸпен күрес соңғы кездерде өзекті болып келеді. Мемлекет пен қоғамға аса қауіпті жеке немесе делдалдар арĸылы жасалатын мүліктік ĸылмыстарды жасаукөбінесе мемлекеттік фунцияларды жүзеге асыратын тұлғалар арĸылы жүзеге асырылатын болғандықтан, олардың мемлекеттің экономикалыĸ мүдделері мен стратегиялық тұрақтылығын әлсіретеді. Мұны 2015 жылы 18 қараша күні енген Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемĸорлыĸĸа күрес туралы" заңы куәландырады.
Біз, білетіндей сыбайлас жемĸорлыĸ ĸылмыстылыĸ сияĸты әлеуметтік болмыс және онымен күресуді кұқық қорғау органдарының репрессивті әдістермен ғана емес, сонымен қоғамға жеткілікті әлеуметтік-экономикалык әдістерді қолдану керек, себебі кұқық қорғау органдары қоғамның экономикалыĸ, саяси және әлеуметтік мәселелерін шешуге құқылы емес және тікелей шешпейді.
Экономикалыĸ контрабандамен айналысатын қылмыстық коғамдастықтардың сипаттаушы ерекшеліктері оларда контрабандалыĸ каналының болуы. Ал, контрабандалыĸ канал ұғымы күрделі мағына,ол-мемлекеттік және кеден шекарасынан кеден бажын төлемей жүктерді өткізуге мүмкіндік тудырушы байланыстар мен шаралар жүйесі.Бір сөзбен айтқанда,осындай канал бар жерде,ұйымдасқан қылмыстылық бар.
Экономикалық контрабандамен байланысты қылмыстардың алдын алуды жетілдіру үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері контрабандистермен пайдаланатын әдістерді білу керек . Сондықтан кеден органдарымен және өзге де құқық қорғау органдарымен және өзге де құқық қорғау органдарымен( Ұлттық қауіпсіздік коммитеті, Ішкі істер министрлігі,салық полициясы және т.б.)өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығы экономикалық контрабандамен күресуде сапалы нәтижеге жетудің бір белгісі. Елімізде ол ең алдымен жеке салық түрлері мен баждардың есебінің жоғарлығы. Жоғары салықтар ұсақ және орташа бизнесті көлеңкелі экономикаға апарады,ал кеден ставкаларының жоғары болуы шынайы импортерлерді контрабандистер болуға итермелейді. Себептері:
- -кеден және салық бақылауының төмен деңгейлігі
- -құқық қорғау және бақылаушы органдардың жемқорлығы
- -салық және кеден ставкаларының деңгейлері сәйкес келмеуі,сонымен бірге Қазақстан мен көршілес "ашық шекаралармен" мемлекеттердің экономикалық жағдайларының келіспеуі.Бұл сұрақ көршілес мемлекеттердің жоғары басшыларының құзыретінде.Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі біріншіден,Ресеймен кеден баж дарының ставкалары мен салықтарды есептеу тәртібін унификациялауға байланысты шаралар пайдаланып жатыр.Бірақ әртүрлі обьективті себептермен екі мемлекеттер арасындағы келісім кезекті түрде бұзылып жатыр.Бұл аядағы бәріне мәлім мысал,ол екі реттік салық салынуға бас тартпау үшін, ал Қазақстан онымен келісіп,сол тәртіпке көшуге мәжбүр болады.
Тағы бір себеп-азаматтардың ауқаттылығының төмен деңгейлігі.Себебі аш адам бір тілім нан үшін өз патриоттық сезімдерінен бас тартуы да мүмкін. Қазіргі кезде посткеңестік мемлекетте нақ осы жағдайы болып жатыр,онда көптеген аз қамтамасыздандырылған адамдар контрабандалық және аз бизнеске қатысуға мәжбүр болып отыр. Бұл жағдайда ұтатын-көлеңкелі контрабандалық патшалар.Әрине контрабандалық шарттарды жасаушы қарапайымдардан жауакершілікті алмау керек,бірақ ұйымдастырушыларға жауапкершіліктің көп үлесі тиесілі болу керек.
Келесі бір фактор,ол халықтың құқықтық мәдениет деңгейінің төмендігі болмыс сананы анықтайды,сондықтан өз қажеттіліктерін қанағаттандырумен қолы бос емес адамнан жоғары мінез-құлық пен құқықтық мәдениетті күту қиын.
Сонымен бірге кеден органдарының бақылауға өкілі бар органдардың қызметкерлері кеден органдарының қызметін реттейтін нормативті және өзге де құжаттарды білу керек.Контрабанданы табу үшін сәйкес қызметтің жұмыскерлері контрабандалық тауарды анықтаудың минималды тактикалық әдістерін иеленуі керек,мысалы жолдама құжаттарды толтыру тәртібін және бірінші қатарда кеден декларациясын толтыруды білу қажет. Осы категориядағы бұзушылықтарды табу үшін органдардың қызметкерлері кедендік бекеттерде минимум таразы болу керек,ол арқылы өткізіліп жатқан жүктің жолдама құжаттардағы салмақтың фактілі салмақпен сәйкестігін анықтауға болады.Қазіргі кезде контрабандистер көптеген контрабанда тауарларын транзит ретінде рәсімдейді,бұл контрабанданы табуға қиындық келтіреді,себебі транзиттік жүк ашылмайды. Сондықтан шекарашы өз тәжірибесін пайдаланып,тауардың салмағы мен жолдама құжаттарды салыстырып,екеуінің сәйкесіздігін байқауы керек.
Мысалы: Қытайдан контрабандалық жомен тауар әкелуге қылмыскерлермен жиі қолданылатын әдіс азық-түлікке арналған жалған құжаттармен спиртті тасымалдайды,бірақ азық-түліктің салмағы мен көлемі спиртке қарағанда азырақ. Тағы бір мысал түсті металды өткізу,онда металлопрокатты тығу арқылы,бұл жағдайда таразы арқылы контрабанданы табу оңайырақ,себебі лом прокатқа қарағанда жеңіл және көлемді.
Бірақ кейбір жағдайларда контрабандистер дұрыс рәсімделген құжаттарды пайдалануы мүмкін,мұнда олар контрабанда тауарын құпия орындап немесе "таза жүк" арасына тығады.Бұл жағдайда контрабанда салмағы аз болады да, таразы арқылы оны анықтау мүмкін емес. Мұнда түсті металдарды анықтайтын құралдарды пайдаланған жоқ,ол алтын,платина,күмістен жасалған бұйымдарды табуды жеңілдетеді.
Экономикалық контрабанда мен коррупция, ұйымдасқан қылмыстың алдын алудың тиімді жүйесі ретінде елімізде біріңғай информациялық кеңістіктің құрылуы мүмкіндік туғызатын еді. Тұтас информациялық жүйеге көшуіміздің қажеттілігі, республиканың құқық қорғау және бақылаушы органдардың қызметін ұйымдастыруда негізгі базаға айналуы мүмкін. Ал, құқық қорғау және фискальды органдар арасындағы ведомстволық қайшылықтарға тап болмауы үшін көрсетілген ақпарат орталығын қандай да бір ведомстволықтың құрамында құрамай, оны Үкімет немесе Қазақстан Республикасының Президенті жанында және ақпарат (ведомствоаралық) орталығын ұйымдастырып, құруға болады және қылмыспен күресті жүргізетін барлық мемлекеттік органдармен,әділ сот органдарының көрсеткіштерін жинақтап,реттеу өкілеттігін оған беруі керек.
Орталықты құрудың бір нұсқасы ретінде мынаны ұсынуға болады: Бас прокуратура жанындағы құқықтық ақпарат орталығын қазіргі жаңа дамыған аппаратурамен жабдықтап,Қазақстанның бүкіл аймағын қамтып,аудан,облыс,республика схемасымен жұмысын бастауға болды және де қажет ақпаратқа орталық ведомстволардың лауазымды тұлғаларымен бірге,аудандық және облыстық деңгейлерінде қол жеткізу керек (белгілі бер парол мен кілттерді пайдалану арқылы).осындай ақпарттық орталықтар көптеген шет ел мемлкеттерінде бар және ұйымдасқан нысандағы қылмыстылық пен жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізіп жатыр. Бізде әр құқық қорғау органы мен бақылау органдарында өз ведомстволық ақпарат орталығы бар (анализ және статистика бөлімі, информатика және статистика басқармалары және т.б.) бірақ олар толық көлемде Бас прокуратураның құқықтық ақпарат орталығына ақпаратты,көрсеткіштерді бермейді. Ал, "егер осы ведомствоаралық орталықты қажетті офиспен, сәйкес есептеуіне техникамен, қажетті бекілімдермен, мамандармен қамтамасыз етсек, барлық мемлекеттік құрылымдар қолданатын тәуелсіз мекеме болатын еді..." [4,32б].
Экономикалық контрабандамен күресуді жетілдірудің тағы бір жолы,ол оперативті және процессуалды қызметке көңіл бөлі, контрабанданы табу,қылмыстық істі қорғау, әсіресе алдын ала тергеу кезеңінің ерекшаліктерін ескеру.
Осы кезеңдерде қылмыстық құрылымдардың істің объективті ақиқатын анықтайтын қылмыстық тергеу органдары максималды түрде қарсылық көрсетеді, дәлелдеу әрекеттерін жүзеге асыратын субьектілерге өз ықпалын, қысымын көрсетіп, криминалды құрылымдарға байланысты оперативті және іс жүргізушілік қызметті жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға зиян келтіреді және жемқорлығына мемлекеттік қызметкерлердің, депутаттардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қылмыстық істерін тергеудің нәтижелі болуының алдын алу үшін әртүрлі бөгеттерді жасайды.
Осы категорияға жатқызылған істердің іс жүргізушілык қызметінің ішіндегі дәлелдеу кезеңі қиындықты көріп отыр.Экономикалық контрабанда ұйымдысқан криминалдық құрылымдармен жасалса,ол өте кәсіпқой, алдын ала жоспарланып жасалады, ал контрабанданы мұндай жағдайда ашу,табу және сәйкес деңгейде тергеу оңай емес. Заңнама осы қиындықтарды жою үшін барлық құралдармен жабдықтау керек,әсіресе алдын ала тергеуде. Сондықтан осындай істерді тиімді тергеу үшін жоғары мамандырылған қызметкерлер, әсіресе тергеушілер қажет.
Ол экономикалық контрабанданың ерекшеліктерін ескере отырып,тергеудің тактикалық әдістерін іскер және біліктілігін пайдалану керек, адамдармен психологиялық байланыстың бағытын тандап,қосымша жағдайды жібермей, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінен қызмет бабына қажеттіліктерін алдын алуды білу керек. Қылмыстылықпен күрестің тиімділігі тергеушінің тұлғасы мен қызметінің ұйымдастыруымен анықталады.
Экономикалық контрабандамен күресуде салыстырмалы анализ жасау кең қолданылады,яғни пәндік салыстырмалы анализ,модельді,аралас салыстырмалы анализ түрлерін пайдалануды жақсы білу қажет.
Контрбанданы зерттеушілер кеден органдарының анықтаушыларынан, тергеушілер мен судьялардан құқық қолдану туралы мәселелер жөнінде сұраулар жүргізгенде көбінесе қиындық тудыратын мәселе ол- ұқсас құрамдарды ажырату. Нәтижесінде "контрабанда құрамының идеалды немесе реалды жиынтығына байланысты және ұқсас құрамдарды ажыратуға байланысты (мысалы кеден төлемдерін төлеуден жалтару), саралаушы шешімдердегі қателіктер деңгейінің өсуі сақталап отырғаны бекітілген. Осы екі элементті,яғни котрабандамен кеден төлемдерін төлеуден жалтару қылмыстарының басты біріктіру белгілері-объективтік жағы,тәсіл. Бұл тәсіл-декларациялау немесе жеткілікті емес декларациялау.Осы әрекеттер біріктіруші саралауда қиындықтар туғызатын фактор болып табылады.Бірақ ажыратылатын да факторлар бар:
а) кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәсілі заңсыз болуы контрабандаға тән,ал жалтару кезінде мемлекеттік шекараны өту заңи түрде болуы мүмкін;
б) контрабанда объектісі-кеден шекарасының қол сұғылмаушылығы, ал жалтаруда-қаржы аясы;контрабанда заты-тауар мен көлік құралы,ал екінші қылмыста-кеден төлемдері;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының "Контрабанда үшін жауапкершілікке тарту заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы"18.1.2009 жылғы №10 қаулысына сәйкес "Контрабанданы жасау обьективті түрде міндетті кеден органдары алатын төлемдер мен салықтарды төлеу, жалтару және ол кінәлімен тікелей қасақаналықпен салынып, бір уақытта тауарларды және өзге құндылықтарды өткізу,яғни өткізу мақсатында сондықтан бұл қылмыстық, әрекеттер бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен салықтан жалтару деп қосымша саралануға жатпайды. [5]
Соңғы кездегі статистикалық көрсеткіштерге сәйкес көптеген қылмыстық құқықбұзушылықтар логикалық нәтижесіне толықтай жеткізілмегендіктен ашылмай қалады, оның себебі бір жағынан қылмысты ұйымдастырушылардың кәсіпқой- лығы,олардың жоғарғы техникалық жабдық- талуы,құқық қорғау органдарының оперативті қызметі туралы жоғарғы мәліметтер, ал екінші жағынан- экономикалық қылмыстарға қарсы тұруға қылмыстық ізге түсу органдары қызметкерлерінің дайын болмауы.Қылмыстар ұйымдастыру мен жасау кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың басшылары отандық заңнаманың жетіспеу- шіліктерін,олардың қызмет бақылаудың кез келген әлсізденуін пайдаланады да,лауазымды тұлғаларды сатып алу арқылы құқық қорғау органдарының қызметіне әсер есерін тигізеді.Соның әсері әсіресе әділ сот органдары,заңи және атқару биліктің лауазымды тұлғаларына әсер етеді.Осындай жағдайда жүргізіп жатқан реформаларды мемлекетпен саралаушы заң қамтамасыз ету талаптары пайда болады,бір ҰҚК органдарының қызметкерлеріне кеден органдарының және өзге экономикалық котрабандамен күресті жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың кәсіпқойлығы мен құқықтық мәдениетінің сапалы жағдайына қойылатын талаптар тізімін жетілдіруді енгізуді қажет етеді.
Қазіргі кезде құқық қорғау органдарының ҰҚК,Кеден комитеті, Мемлекеттік кірістер министрлігі органдарының біреуіне де экономикалық қылмыстармен, әсіресе экономикалық контрабандамен күресуді жүзеге асыратын кәсіпқой қызметкерлерді дайындайтын,арнайы орташа немесе жоғарғы оқу орны жоқ.Осының нәтижесінде экономикалық контрабанданы уақытында ашпауынан және сапасыз тергеуден мемлекет бюджетіне заңмен белгіленген кеден төлемдері мен салық төлемдері түспейді. Құқық қорғау органдарыны қызметкерлерінің кәсіпқойлық,іскерлік және адамгершілік мінезіне байланысты халықтың арасындағы олардың беделдігі қалыптасады, ал ол экономикалық контрабандамен күресуде маңызды факторлар болып табылады. Құқықтық мемлекет құру жағдайында бұл мәселені шешуде бірінші қатарда, Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен халық арасындағы сенімділік қатынастардын экономикалық қылмыстар мен кеден және сыртқы экономикалық, құқықтық қатынастар аясындағы қылмыстарды алдын-алу жағдайы тәуелді және осы қылмыстарды ашуда да халықтың көмегі зор. Осы мәселені шешу үшін көптеген субьектілердің құқықтық және экономикалық мәлімдену деңгейінің төмендігіне көңіл бөлуіміз керек.
Сәйкесінше әр түрлі информациялық шараларды қолданған жөн болар.Осы шаралардың мақсаты:
- -құқықтық актілер мен нормаларды түсіндіру;
- -ішкі экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтық санасын арттыру;
- -насихаттау арқылы экономикалық саладағы құқық бұзушылықтарға әсер етіп,нәтижеге жету.
Осы шараларды тек мәлімдендіру ғана емес,сонымен бірге құқық бұзушылықтарды ашу мен анықтауға адамдардың жәрдемдесуі. Ол үшін жақсы ойластырылған жоба, жолдау қажет, яғни қылмыстармен тек құқық қорғау органдары емес,сонымен бірге халық пен бұқаралық ақпараттық құралдарымен қатынасы жақсы нәтижеге ие болып, қылмыстарды ашуға жағдай жасайды. Онда криминалдық тақырыпқа арналған бағдармалар орын алып, басты мақсат халықпен тіл табысу еді.Яғни біз де осындай саясат арқылы экономикалық қылмыстармен,әсіресе экономикалық контра- бандамен күресудың эффектілігін жоғарылатамыз.
Сот практикасына сәйкес "күшті куәлік базасыз қылмыстық істерді уақытылы ашу мен сәтті тергеу мәселесі жағдайы болып тұр,нәтижесінде экономикалық контрабанда жасаған кінәлі тұлғаны сотпен соттау да мәселелі жағдай.Құқық қорғау органдары мен халық арасындағы идеалды қатынастарды бекіту үшін сәйкесінше заңи база, әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайы қажет,ал ең бастысы-құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің ұзақ және сапалы жұмысы қажет. Осы шарттарсыз экономикалық контрабанда қылмысымен күрес нәтижесіз болады.
Негізгі мәселе болып табылатын, ол-кадрлық таңдау. Ішкі экономикалық қызметтегі құқық бұзушылықтармен күресуді жетілдіру үшін жаңа формация кәсіпқойлар қажет екені айқын,яғни экономикалық қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын маман экономика және құқық аясындағы жан-жақты болып,осы салалардағы білімді шетел тілінде меңгеру қажет. Осыған байланысты заңи дайындық бағдарламасы өте тығыз байланыста болу деген
Экономикалық контрабандамен күресетін қызметкерлер практикалық тәжірибеге ие болуға тиіс. Яғни, кедендік техникалық заттарды сәйкесінше кәсіпқой пайдаланады. Қазіргі кезде контрабандистер көптеген контрабанда тауарын транзит ретінде рәсімдейді,себебі транзит тауарлары ашылмайды. Сондықтан шекарашы тауардың салмағы мен құжаттарды салыстырып,екеуінің сәйкессіздігін байқауы керек. Мысалы, Қытайдан контрбанданы әкелуге қылмыскерлермен жиі қолданылатын әдіс- азық-түлікке арналған жалған құжаттармен спиртті тасымалдайды,бірақ азық-түліктің салмағы мен көлемі спиртке қарағанда кіші.Осының негізінде шынында қандай тауар өткізіліп жатқанын көруге болады.
Осы аталған тәсілдерді,ұсынылған шешу жолдарын жүзеге асыру арқылы кедендік іс аясындағы қылмыстардың өсуіне жол бермейді, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың ашылу деңгейін жоғарылатады, экономикалық контрабандамен күрестің тиімділігіне қажет нормативтік құқықтық базаны қалыптастырады, қоғам мен кеден органдары арасындағы қарым- қатынасты жақсартады. Яғни экономикалық контрабанда қылмыстарын жасау көрсеткіштері едәуір азайып,осы қылмысты ашу дәрежесі артып,осы аяда жетістіктер көбейеді.
Әдебиеттер тізімі:
- Ералин А.Н; Бекишев К.А. Ответственность за контрабанду по новому уголовному законодательству Республики Казахстан. Караганда.2008. 9б
- Алиев М.М. Некоторые аспекты борьбы с экономической контрабандой. Алматы.2008.,91-93бб
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 14.05.1998 жылғы №3 қаулысы
- В.Бертовский.,В.А.Образцов. Выявления и расследования экономических преступлений. М. 2013.,32б
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының "Контрабанда үшін жауапкершілікке тарту заңнамасын қолдану тәжірибесі" туралы 18.11.2009 жылғы №10 қаулысы