Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы

Бұл мақалада бүгінгі таңдағы құқықтық тәжірибеде жиі кездесетін өзекті мәселелердің бірі -қылмыс жасауға сыбайлас қатысу туралы айтылады. Онда соттардың қылмыс жасауға сыбайлас қатысуға қатысты қылмыстық істерді қарау және үкім шығару барысында туындайтын мәселелері және оларды шешу жолдары қарастырылады.

Қатысып жасалатын қылмыскерлік мемлекет пен қоғам үшін анағұрлым талқандаушы қылмыс түрі. Ол өзінің басқа құрылымды элементтеріне басқарушы ықпал етеді, қоғамдағы тек экономикалық ғана емес, әлеуметтік, моральдық- психологиялық, әлеуметтік-мәдени процестерге де айтарлықтай әсер етеді. Қатысып жасалатын қылмыскерлікке қоғамның түрлі әлеуметтік жіктері араластырылған. Қатысып жасалатын қылмыскерліктің мемлекетпен де, қоғаммен де бақыланбайтын қаржылай және экономикалық зор мүмкіндіктері бар. Оның мемлекет пен қоғамға ірі көлемдегі табыс табу мақсатында түрлі қылмыстар жасау арқылы әсер ететін құрылымы және ішкі басқару жүйесі бар.

Қылмыскерлік қоғамдастықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қазіргі заманға сай материалдық- техникалық құралдармен жабдықталған жауынгерлік құрылымдары, өзгешіл күш құрлымдары құрылған. Қылмыстық құрылымдар экономикалық және ғылыми қызметтің түрлі саласындағы білікті мамандарды, құқықтық және басқа да мәселелер бойынша нақты біліктілігі жоғары кеңесшілерді ұстауға қабілетті. Қазіргі уақытта Қатысып қылмыс жасайтындардың мемлекеттік органдарда, оның ішінде құқық қорғау органдарында мықты және ықпалды позициялары, уәкілетті құрылымдарда өз мүдделерін қорғайтын қуатты мамандары бар.

Қатысып қылмыс жасау - қазақстандық криминология үшін әзірше жаңа зерттеу нысаны болып табылады. Оның кешенді талдауы 80-ші жылдардың соңында ғана басталды. Осы келеңсіз құбылысты анықтауға қатысты бірнеше әдістемелер мен нұқсааулар әзірленген. Сонымен қатар қатысып жасалатын қылмыскерліктің мәнін түсіну үшін осы тақырыпқа қатысты халықаралық зерттеудің тәжірибесі мен нәтижелеріне де назар аудару тиімді.

Осы бағыттағы анағұрлым қарқынды жұмыс Біріккен Ұлттар Ұйымының 8 Қылмыскерліктің алдын алу және құқық бұзушыларға шара қолдану бойынша конгресіне дайындық кезеңі ішінде жүргізілді. БҰҰ хатшылығымен дайындалған құжатта көрсетілгеніндей, қатысып жасалған қылмыскерліктің түрлі факторларымен, оның ішінде этностық, экономикалық факторларымен шартталған көптеген түрлерін бір тұжырыммен анықтауға болмайды. Алайда, жалпы алғанда, бұл құбылыс заңсыз тауарлар мен қызметтер нарығын құру және пайдалану жолымен қаржылай табыс және билікке қол жеткізетін, ішкі құрлым ұйымдарымен және басқа да топтармен кең көлемде жүзеге асырылатын күрделі қылмыстық қызмет түрлері ретінде сипатталған.

Бұл қылмыстар көбінесе мемлекеттік шекаралардың шегінен шыққан, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сыбайлас жемқорлығымен, пара алумен немесе құпиялы мәмілелерімен және үркітумен, қорқытумен, зорлық-зомбылығымен өте тығыз байланысты. Сонымен бірге қатысып жасалған қылмыс нарықтағы заңды кәсіпкерлік қызметке ұқсас қылмыстық дүниені оңтайлы ұйымдастыру үрдісі ретінде анықталады. Бірақ қылмыстық кәсіпкерлік қызмет өз мақсаттарына қол жеткізу үшін заңсыз тауарлармен және қызметтермен мәмілелер жасау, нарықта монополия орнату, соттық қудалау тәуекелдігін азайту үшін бәсекелестерге және құқық қорғау органдарына қатысты сыбайлас жемқорлықты және қорқытуды пайдалану секілді өзгешіл заңсыз қызмет түрлеріне қатысады[1, 7-8 бб].

20 ғасырдың соңғы онжылдықтары іщінде әлемдегі қатысып жасалатын қылмыстылықтың тез өркендеп дамуы байқалуда. Бұл қатерлі үрдіс технолгиялар мен байланыс құралдары дамуындағы жетістіктер мен және халықаралық коммерциялық және экономикалық қызмет, тасымалдаулар, туризм аясы кеңеюіменде тығыз байласныста болып отыр. Трансұлттық қылмыстық ұйымдар қалыптасқан халықаралық жағдайды өз мақсаттарына қол жеткізуде өте тиімді пайдаланып отыр, соның нәтижесінде қатысып жасалатын қылмыстар саны көбейіп, табыстылығы да арта түсуде.

Қатысып жасалатын қылмыстың бүкіл әлемге таралауы нәтижесінде есірткі дәрілерді, ұрлаған заттарды, қару-жарақты және басқа да заңсыз тауарлар мен қызметтерді сату нарықтарының арнасы кеңейіп, олар бүкіл әлемде қаптаған қылмыстық топтар мен қылмыстық ұйымдар жүйесі арқылы жеткізіліп, жүзеге асырылып отыр. Осы бағытта жасалып отырған мәмілелердің көлемі жүздеген миллиард долларды құрап, ол көптеген елдердің ұлттық бюджетінен де асып түсуде. БҰҰ-ның қатысып жасалатын қылмыскерлікпен күрес жүргізу мәселелері бойынша халықаралық семинарында қатысып жасалатын қылмыстардың дамуының екі негізгі жолдары белгіленді:

  • -тыйым салынған қызмет түрлері (мүліктік қылмыстар, ақшаны жуып шаю, есірткі заттарының заңсыз айналысы, валюталық операциялар ережелерінің бұзылуы, қорқыту, жезөкшелік, құмарлық ойындары, қару-жарақ және антиквариат саудасы)
  • -экономика саласында жасалатын қылмыстарға қатысу тікелей немесе қиянат көрсету құралдарын қолданумен.

Заңды экономикалық қызметке қатысудың осындай түрі үнемі бәсекелестіктің құқыққа қарсы әдістерін қолдануға итермелейді.БҰҰ құжаттарында қатысып жасалатын қылмыс ретінде қылмыскерлікті кәсіп қылған және зорлық-зомбылық, қорқыту, сыбайлас жемқорлық, ірі көлемді зиян келтіретін ұрлықтар секілді заңсыз құралдар қолданылуымен әлеуметтік қадағалаудан қорғану жүйесін құрған қылмыскерлердің тұрақты және басқарылатын қоғамдастықтарының бұқаралық жиынтықтары ретінде түсіндіріледі. БҰҰ сарапшылары қатысып қылмыс жасаушыларды бірнеше түрге бөледі. Олардың дәстүрлі түрін, иерархия принципі бойынша құрылған мафиялық жанұя құрайды. Олардың өзіндік ішкі тіршілік ережелері, мінез-құлық қағидалары және олар құқыққа қайшы әрекеттердің көптеген түрлерімен ерекшеленеді. Басқа түріне кәсіпқойлар жатады.

Осындай ұйымдардың мүшелері белгілі бір қылмыстық ой жоспарды орындау мақсатында бірігеді. Осындай түрдегі қылмысқа қатысушылық тұрақты емес және олардың құрылымы дәстүрлі түрдегі қылмысқа қатысушылықтай қатаң емес. Кәсіпқойлар тобына жалған ақша жасаушылықпен, автокөлік ұрлаумен, қарақшылық пен қиянат жасаумен және т.б. айналысатын жасақтар жатады. Кәсіпқой қылмыстық ұйымның қатысушылары құрамы үнемі өзгеріп тұруы мүмкін және оның мүшелері түрлі бірқилы қылмыстық әрекеттерге қатысуы мүмкін. Оған қоса белгілі бір аймақтарды бақылайтын көптеген ұйымдасқан топтар бар.

БҰҰ экономикалық және әлеуметік кеңесі қылмыскерліктің алдын алу және қылмыстық сот төрелігі бойынша комиссиясының екінші сессиясындағы БҰҰ бас хатшысының "Ұйымдастырылған қылмыстық қызметінің жалпы қоғамға әсері" атты баяндамасында ұйымдастырлған қылмыстық қызметке жалпы сипаттама берілген. Оның ішінде осы құбылыстың сипатын түсіндіретін көрсеткіштер тізімі берілген:

  • -ұйымдасқан қылмыскерлік-экономикалық негізде біріккен қылмыстық тұлғалар құрылымдарының әрекеттері. Осы топтар орта ғасырлық Еуропада болған феодализм дәуіріндегі бандаларға өте ұқсас. Олар экономикалық пайданы заңсыз қызметтер мен тауарларды ұсыну арқылы немесе заңды қызметтер мен тауарларды заңсыз формада ұсыну арқылы табады;
  • -ұйымдасқан қылмыскерлік құпиялы қылмыстық қызметке ниеттенеді, оның барысында иерархиялы құралған құрылымдар көмегімен заңсыз әрекеттердің жоспарлануы және жүзеге асырылуы немесе заңсыз құралдар арқылы заңды мақсаттарға қол жеткізу реттеледі;
  • -ұйымдастырылған қылмыстық топтардың заңмен тыйым салынған тауарлар мен қызметтерді ұсыну бойынша қызметі айтарлықтай дәрежедегі бірлесуді және ұйымдастыруды талап етеді.

Бірқатар жағдайлар ұйымдасқан қылмыскерлік иерархиялық көрсеткіш бойынша құрылған ірі ұйымдар түрінде көрініс алады, олардың құрылымы дәстүрлі коорпоративтік бірлестіктерге ұқсас. Бірақ ұйымдасқан қылмыскерлік ұйымдардың нақты белгілі бір құрылымы болмайды, олар көлемі бойынша айтарлықтай ірі емес болғанымен де, икемділігімен, авантюризммен, тез дағдылану қабілетімен ерекшеленеді.

Қатысып жасалатын қылмыстардың шынайы күші және тиімділігі оның тұрақтылығымен, беріктілігімен көрінеді. Рәсімделген коорпоративтік құрылымдарға қарағанда қатысып жасалатын қылмыс қоғамдағы әлеуметтік байланыстар желісіне ұқсайды. Қатысып жасалатын қылмыстық ұйымдардың құрылымдарын нақтырық білу үшін оларды шағын немесе ірі ұйымдарға, рәсімделген құрылымдарға не бейресми желілерге бөлу емес, шағын құрылымдарды ірі құрылымдарға, ал бір желідегі барлық ұйымдарды бюрократиялық құрылымдарға айналуы тұрғысынан қарастырған жөн. Кейбір қылмыстық топтар бір деңгейдегі қалыптасқан қылмыстық құрылымның элементтерін анағұрлым төмен деңгейлеріндегі қарым-қатынастардың икемді жүйесімен алмастыра алады. Жоғарыда көрсетілген халықаралық әдістемелерге қатысып жасалатын қылмыстар әлеуметтік дамудың жоғарғы деңгейін иеленгендігін көрсетеді.

  • -қатысып қылмыс жасау үшін ұйымдастырылған қылмыстық құрылымдар, күрделі әлеуметтік өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі өндіретін құбылыс бола тұра, қылмыстық әдет-ғұрыппен, қылмыстық актілермен қатар өз қызметтеріне құқық бұзушылармен де, заңға бағынышты азаматтармен де жасалатын құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті және заңды әлеуметтік әрекеттердің көп деңгейлі және тармақталған жүйесін де кіргізеді;
  • -қатысып қылмыс жасау үшін ұйымдастырлыған қылмыстық құрылымдар әлеуметтік институттардың дамуымен, өзгеруімен тікелей байланыста дамып, тарихи кезеңде нақты аймақта заңсыз (қылмыстық немесе басқа да құқыққа қайшы) және заңды жолдармен белгілі бір объективті қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етеді. (халыққа қажетті тауарларды өндіру және бөлуден бастап ұлттық және діни қақтығыстар жағдайындағы қорғаныс функцияларына дейін);
  • -қатысып қылмыс жасау үшін ұйымдастырылған қылмыстық құрылымдар қоғамдық қатынастарды реформалау кезеңі қылмыстық немесе қылмыстық болып табылмайтын белгілі бір әлеуметтік топтардың нақты, саяси және экономикалық мақсаттарына қол жеткізу құралы ретінде құрылуы мүмкін.

Қатысып қылмыс жасау үшін ұйымдастырылған қылмыстық құрылымдар қызметі кеңеюінің өзі қоғам үшін ең қатерлі қауіпті тудырып отыр, өйткені қатысып қылмыс жасау үшін ұйымдасқан қылмыстық топ қоғамның түбегейлі негізі ретінде қызмет ететін құқықтық және саяси сипаттағы негіз қалаушы құндылықтарды бұзып, ел экономикасына елеулі зиян келтіруде, ол қоғамның осы құндылықтар сүйенетін қағидаларын жоққа шығарып, өзінің "антиқұндылықтарын" құрып, оның пайдалы деген тұстары бар екендігін дәлелдеп отыр.

Қатысып қылмыс жасау үшін ұйымдасқан топтардың жұмыс орындарын және адамдардың ауқаттылығын қамтамасыз ететін күш ретінде және билік құрылымдардың басқару, заң шығару және құқықтық тәртіпті қолдау бойынша өзіне алуға қабілетті күш ретінде имиджі кез келген қоғамға, оның даму деңгейіне және мәдени негіздеріне қарамастан, әсер етуі мүмкін. сыбайлас жемқорлық немесе заңды билік өкілдерін қорқыту көмегімен ұйымдасқан қылмыскерлік негіз қалаушы институттарды бұзып, оларды әрекеттілігінен айырады, олар тиімділігін жоғалтқандықтан ғана емес, ұзақ мерзімді болашақта олардың қызметі негізделетін құндылықтардың беделін түсіру арқылы.

Бірқатар жағдайларда қылмыстық ұйымдар қатарлас экономикаға немесе айтарлықтай көлемдегі "қара нарық экономикасына негізделген бәсекелесуін билік құрылымдарын құрайды (кейде мемлекет ішіндегі мемлекет ретінде қарастырылатын феномен). Олардың мемлекетке және оның өкілдеріне қарсы күш қолдануға дайындығы күш жұмсауға заңмен қарастырылған мемлекеттік монополияға таласатынын білдіреді және олармен келтірілетін заңның көлемі көптеген ланкестік топтардың қызметінен пайда болатын зиян мөлшерінен айтарлықтай артады. Қатысып қылмыс жасау үшін құрылған қылмыстық ұйымдар азаматтық қоғамды бұзып, ішкі саясаттың қалыптасуына кедергі келтіреді, мемлекеттік басқару мен құқықтық тәртіптің сақталуына қатер төндіреді. Егер үкімет әлсіреген немесе даму жолына жаңа ғана түскен тұрақсыз болса, онда қылмыстық топтардың әрекетінің қауіптілігі өте жоғары деңгейде болып табылады. Мемлекеттік басқарудың әлсіздігі, дәрменсіздігі немесе қылмыстық топтар мен қылмыстық ұйымдармен күрес жүргізу бойынша толықтай күш салу мүмкіндігінің жоқтығы жағдайында қылмыстық ұйымдар өз ықпалының көлемін артып және өз күшін сезінген сайын, осындай топтардың үкіметтік құқық қорғау шараларын бейтараптандыруға ғана бағытталған жігерден үкіметтің орнын басып алуға күш салуға көшуі байқалады.

Қылмыстық ұйымдар мемлекетпен тікелей тайталасуға бара бермейді. Баламалы жолдардың бірі-қоғамда күнделікті жүргізілетін қылмыстың алдын алуға қатысты құқық қорғау органдарының іс-шараларын бейтараптандыру мақсатында мемлекеттік билік органдарына ену немесе оларды сыбайлас жемқорлыққа тарту. Жалпы мақсат-үкімет бетімен жіберуші позицияға тұрып, осындай ұйымға қатысты немесе оның қызметін жою үшін күрделі шаралар қолданбайтындай жағдай жасау[2,26б].

Қатысып қылмыс жасаудан түсетін табыстар үнемі экономиканың басқарылуын қиындатады, себебі олар қоғам шеңберінде түрлі ресурстар анағұрлым кең таратылуын қажет ететін жағдайларда түрлі қысым жасап, оның асқынуына әсер етеді, экономиканың көптеген секторлары өз дамуында заңды тұлғалардың түрлі сәндік заттарды өндіруге қатысты шығындарының көлемін ұлғайтуы мүмкін.

Оған қоса "қара" нарық экономикасы салық базасының қысқаруын негіздеген сайын, ол заңды экономикаға залалды әсер тигізіп, экономиканы дамыту саласындағы жігерді әлсірете алады.Қатысып қылмыс жасау нәтижесінде алынған көптеген миллиондық, миллиардтық табыстар заңсыз жолмен алынған ақшаларды жуып-жою жүйесі арқылы заңды кәсіпорындарға кең көлемде салынуда. Осындай әрекеттердің бірнеше мақсаттары бар, олардың ішінде ең көзге көрінетін заңсыз алынған ақшаны заңдастыруға тырысу. Соңғы онжылдықтар ішінде ұйымдастырлыған қылмыстық қызметтің нәтижесінде пайда болған ірі көлемдегі табыстар осындай әрекеттер жасауды міндеттеп отыр.

Заңсыз алынған құжаттар заңды түрде экономикаға енуі үшін осы қаражаттардың пайда болуының ашылу тәуекелдігін азайту және осыған ĸатысты түрлі операциялар (әсіресе шетелде жүзеге асырылатын операциялар, құрылған тасымалдау және тарату арналарын ұйымдастырылған қылмыстық құрылымдардың билігіне беру арқылы) жүргізілуін жеңілдету маĸсатын көздейді.

Онымен бірге, заңсыз алынған ĸаражатты заңды түрде экономикаға салу барысында құқық қорғау органдарының араласуымен тұтқындалуы немесе тауарлар тәркіленуі нәтижесінде жоғалып пайдаға аспай кетуі де мүмкін. Осы орайда ұйымдстырылған сыбайлас жемқорлық әрекеттері қауіпті инвестициялар шеңберінен заңсыз алынған ĸаражаттарды шығарып, оларды заңдастыруға мүмкіндік береді. Заңсыз жолмен алынған ĸаражаттарын заңды экономикаға бағыттау жолымен қылмыскерлер сырттан қарағанда кәдімгі заңға бағынышты азаматтарға арналғандай болады.

Қатысып ĸылмыс жасау үшін ұйымдастырылған ĸылмыстыĸ топтардың ĸылмыстыĸ коғамдастықтарға кіретін тұлғалардың иелігіндегі кәсіпорындардың заңға бағынышты бәсекелестеріне қарағанда артықшылығы зор, себебі соңғылары ĸылмыстыĸ жолмен алынған табыстардың мөлшерін, ĸылмыстыĸ топ өндіріс шығындарын, банкттерден алынған ĸаржыларды өтеу жолдарын ойлану керек. Оған ĸоса, ĸатысып ĸылмыс жасау үшін ұйымдастырылған қылмыстық құрылымдар, қажет болса жағдайда зорлыĸ жасау, күш көрсету әдістерімен қажеттілігін өтеу арнасын кеңейтуге тырысады.

Осындай әдістердің көмегімен ĸатысып ĸылмыс жасаушылардың жаңа құрылымдары пайда болады да, ондағы ĸылмыс жасауға ĸатысушылар бұрынғыдан да жоғары табыстар табу үшін түрлі әрекеттер жасап, сол уаĸытта олардың адал бәсекелестері здерінің банкроттығын жариялауға мәжбүр болады. Осылайша ĸатысып ĸылмыс жасау нәтижесінде заңды экономиканың дамуының кері кетіп, құлдырау жағдайы орын алады. Ең соңында, осылардың бәрі тұтынушылардың шығындарына әсер етеді, себебі олар ĸалай болса да жоғары баға бойынша аĸы төлеуге мәжбүр болады.

Сонымен бірге, ĸатысып ĸылмыс жасаушылар ұлттық және халықаралық деңгейлерде қаржылық және коммерциялық мекемелерге де өз қатерін төндіреді. Заңды ĸызмет түрімен айналысатын мекемелерге еніп, олардың иелеріне ĸорĸыту, күш ĸолдану арĸылы ĸызмет ету маĸсаттарын әлсіретіп, жойып не қоғамның, не акционерлер мүдделеріне ĸызмет ете алмайтындай дәрежеге дейін жеткізу және осындай мекемелердің басĸарылуын әлсірету қоғамдық қаражаттардың теріс пайдаға асуына әкеліп соғуы ыĸтимал[3,25-26 бб.

Мемлекеттік ĸызмет пен мемлекеттік басĸару жүйесіне ұйымдасқан қылмыскерлер тобы мүшелерінің ену үрдісі ĸылмыстыĸ ұйымдардың заңды бизнеспен айналысатын іскерлермен және елдердің саяси қызметкерлерімен өзара пайдалы ĸарым-ĸатынастар орнатуына негіз болады. Егер осындай үрдіс нәтижесі сәтті аяĸталса, үкімет пен кұқық қорғау органдарының осындай қылмыстық ұйымдармен, қылмыстың алдын алу мақсатында күрес жүргізу бойынша әрекеттері айтарлыĸтай қиындай түсіп, еш нәтиже бермейді. Қылмыстық топтардың дайындаған және жасаған ĸылмыстары бойынша тергеп- тексеру жұмыстарын жүргізумен ашуды ұйымдастырудың ерекшеліктері ең алдымен, орын алған ĸылмыстыĸ істің тікелей мазмұнымен аныĸталады.

Сонымен ĸатар ĸылмысты жасаған ĸылмыстыĸ топтар, олардың алдын ала ұйымдастырылуы, ұйым мүшелерінің тұрақтылығы қылмыстық істі тергеп- тексеру процесіне әсер етеді, ал кейбір жағдайларда ĸылмыстыĸ істерді ашу мен тергеуде басым фактор болып табылады. Мысалы, бірнеше адамнан тұратын ĸылмыстыĸ топтың мемлекеттік немесе басĸа да мекемелерге, ұйымдарға болмаса жекеленген адамдарға шабуыл жасау үшін ĸарулы топтың ұйымдасуы банда құрамында болуы қылмыстық әрекеттер немесе шабуыл жасау үшін құрылуы бандитизм деп аталады да ерекше тергеп-тексеру жұмыстарын ұйымдастыруды талап етеді.

Криминалды немесе ĸылмысты топтар туралы түсінік екі немесе одан да көп тұлғалардың, яғни алдын ала ойластырылған ұйымдасқан қылмыстық әрекетке қылмыстық кұкықтык санат бойынша ĸатысуы. Сот статистикасының мәліметтері бойынша ĸылмыс әлемінде топтасĸан түрде ĸылмыс жасау кең тараған форма екендігі дәлелденіп отыр. Мұндай қылмыстардың көпшілігі жай қатысу түрінде болады да, олар алын ала келісіп бір ғана ĸылмыс жасауға бірігеді, тек 3 пайызы ғана функционалдыĸ белгілері бойынша қатысушыларға бөлінеді.

Қылмыстық заң нормалары қылмысқа ĸатысушыларды әр түрлі терминдермен "жекеленген ĸылмыстыĸ топтар", "ĸылмыстыĸ топ", "банда" және т.б.деп атайды. Осы түсініктердің барлығына ортаĸ белгі, ұйымдасқан қылмыстық топтардың ең маңызды ерекшелігі болып табылатын ĸылмыстыĸ істі жасауға бірнеше адамдардың бірігіп ĸатысуы болып табылады. Мұндай ĸылмыстыĸ топтардың құрамында болушылардың саны екі жүз немесе одан да көп болуы мүмкін. Қылмыстық топтар туу, ĸалыптасу және ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай: -кездейсоқ, -компания типтес, -ұйымдасқан, - ĸылмыстыĸ ұйымдар немесе ĸауымдастыĸтар болып бөлінеді.

Кездейсоĸ топтар ĸылмыс жасауды алдын ала ұйымдастырып, ойластырмаған, табан астында ĸалыптасĸан жағдайға, ситуацияға байланысты ĸылмыс жасауға біріккен тұлғалар тобынан тұрады. Мұндайда бұл ĸылмысĸа ĸатысушылар ĸатарында таныс адамдар, бір мекен-жайда тұратын, оĸу, жұмыс барысындағы адамдар, ортақ көзқарастағы адамдар ұйымшылдық танытып, бір сәттік ашудың күшімен ұйымдасып, ĸылмыстыĸ әрекет жасауға барады. Мұндай топтар кішігірім ĸылмыстыĸ әрекеттер жасап, адамның денесіне жеңіл жараĸаттар салып, заттарын бүлдіріп немесе басĸа да мүліктік тұрғыдағы залалдар келтіруі мүмкін, бірақ олар алдын ала ұйымдасып қылмыстың қай түрін, кімге қатысты жасайтындығы туралы ештеңе жоспарламайды.

Компания тектес ĸылмыстыĸ топтар көп жағдайда біріккен құрамы тұрақты, қоғамға қарсы пікірлері ĸалыптасĸан адамдар тобынан тұрады. Олардың өмірінде ĸылмыстыĸ әрекетпен одан туындаған зардап ең маңызды орын алады. Олардың ĸылмыстыĸ зардапқа қатысты психологиялық ойы қалыптасып, қылмыстық құрылым ұүру туралы ниеттері пайда бола бастайды. Компанияда әдетте лидер (көсем) болмайды, бірақ міндеі түрде белсенді әрі беделді мүшесінен сайланған жетекшісі болады.

Ұйымдасқан қылмыстық топ-бұл тұрақты қылмыстық қауым, оның құрамы нақты тұлғалардан тұрады. Топтың ішінде өзіндік ерекше жүйесі, тәртібі, өзін ұстау ережесі болады және топ ережесіне қайшы әрекет еткендер жазаланып, топтан қудалануы да мүмкін. Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті де мақсаты да қылмыс жасау жолымен табыс табуға бағытталған. Құрамдас ұйымдасқан қылмыстық топты міндетті түрде жетекші басқарады. Ұйымдасқан қылмыстық топтың тұрақтануына қарай онда өзінің ерекше қабілетін, жетекші бола алатынын көрсеткісі келетіндер шығуы мүмкін; және ол жүре келе топты ұйымдастырушының бәсекелесі болып табылады.

Мұндай топ мүшелері іс-қызметіне, бағытына қарай бөлінуі мүмкін. Олар, ұйымдастырушылар: қылмысты дайындауға, қылмыс объектісіне қатысты барлау жасауға, қылмыс жасаудың жоспарын құруға, топ мүшелерін қару-жарақпен қамтамасыз етуге қатысады; ал басқалары қылмыс жасайды; ал үшіншілері алынған құнды, бағалы заттарды алып кетуді, автокөлік ұйымдастыруды және қылмыстық жолмен алынған сақтауды жүзеге аырады. Бірнеше ұйымдасқан топ мүшелерінің бір-бірімен қарым- қатынасы жасырын түрде болады.

Қылмыстық жолмен алынған табысты иемдену қылмыстық ортада қалыптасқан ережеге сәйкес жүзеге асырылады; ал топтың өмір сүруі үшін оны қамтамасыз етуге арнайы ақшалай қорлары (общак- ортаққазан) құрылады; оны осы қылмыстық ұйымдардың ұйымдастырушылары ұстайды. Қылмыстық ұйымдардың ішіндегі ең қауіптісі- қылмыстық қауымдастықтар. Іс жүзінде бұлар да қылмыстық топтар, бірақ олардың ұйымдастырылуы жоғары дәрежеде, нақты топтасқан, бірнеше буынға бөлініп тармақталған, жүзеге асырылатын тұрақты қылмыстық әрекеттің бәрін үнемі бақылауда ұстайды.Көбінесе, қылмыстық қауымдастықтар ауыр және өте ауыр қылмыстар жасайды жәнеолардың өмір сүру уақыты ұзаққа созылады, себебі, олар жекеленген кшігірім топтарға, буындарға бөлінеді.

Сондықтан ұсталған бір буын арқылы бүкіл қауымдастықты жою мүмкін емес, әрі буын өкілдері өзінен жоғары тұрған орган туралы ешқандай мәліметтер білмейді. Қылмыстық топтардың кішігірім топтары мен звенолары автономия сипатында болады да, оларды өз лидерлері басқарады, бірақ топтың қатардағы мүшелері, барлық жүйені, қылмыстылық жағдайды біле бермейді. Қылмыстық қауымдастықты кішігірім топтар мен звенолардың жетекшілерін өзіне бағындыра алатын күшті лидер басқарады. Қауымдастықтың ішінде қатаң нормалар, қатаң тәртіп сақталады, бағынғысы келмегендер немесе тәртіпті бұзғандар олардың алдында өз заңдары негізінде жауап береді. Қылмыстық әрекетті сәтті өткізу үшін қылмыстық топтардың ішінде топ мүшелерінің жұмысын бақылап отыратын, қауымдастық мүшелерін қорғап отыратын арнайы топтар құрылады.

Қылмыстық қауымдастықтар өте үлкен ауқымдағы қылмыстық формаға жете алады. Қылмыстық топтардың бірнеше түрлерінің болуы соңғы уақытта біздің елімізде сыбайлас жемқорлық тектес сапалы қылмыстық топтардың қалыптасуының белсенді үрдісінің жүріп жатқандығын көрсетеді, бұған мысал ретінде әсіресе кәсіби қылмысты айтуға болады. Кәсіби қылмыс қылмыстық әрекеттің, тәсілдің жоғарғы деңгейге жеткендігін және қылмысты әшкерлеу үшін арнайы мамандардың біліктілігін талап етеді[4,12-14 бб].

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Е.И.Каиржанов. Как нам улучшить законодательство? Алматы. 2008. 7-8бб.
  2. Ж.А.Туякбаев. Актуальные проблемы борьбы с организованной преступностью и коррупцией. Алматы. 2006.26б.
  3. Б.М.Нургалиев. Организованная преступность и меры борьбы с ней-Алматы. 2008. 22-26бб.
  4. Н.М.Абдиров. Стратегия с наркотизмом и наркобизнесом, борьба с преступностью в Казахстане. Алматы.2008. 12-14бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.