Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тергеуші- қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асырушы тұлға ретінде

Бұл ғылыми мақалада қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнама нормаларына талдау жасау қарастырылып, ондағы тергеушінің қылмыстық қудалауды жүзеге асырудағы еріктілігіне шектеу қойылғандығы айтылады, осындай жағдайларда осы санаттағы маман-заңгерлердің азайып кетуі мүмкін екендігі туралы айтылады.

Қазақстан Республикасы өзінің құқықтық тәуелсіз және өркендеуші мемлекет ретінде даму жолында құқықтық реформаларды жүзеге асыруға қоғамдық қатынастарды жалпы жан-жақты кеңістікте дамытуға күш жұмсауда. Осы дамудың негізгі бағыттарының бірі болып заң шығарушы базаны күшейту табылады. Осы негіздердің ерекше бір бағыты, қылмысқа қарсы күресті күшейту мен болған қылмысты тез арада және толық ашу үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асырушы органдардың жұмысын ұтымды ұйымдастыру қажет. Ендеше, қылмысты ашу, қылмыскерді әшкерелеу және оның кінәлі екендігін дәлелдеу үшін, қылмыстық процессуалдық заң нормалары мен жүргізілетін тергеулік әрекеттерді тергеуші жетік меңгеруі тиіс.

Тергеушінің қызметі мен алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізудегі рөлі, оның күнделікті атқаратын қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымы болып табылады да және әрбір қызмет түрі тергеуші қызметінің құрамдас бөлігін құрай отырып, біртұтас тергеуші қызметінің мазмұнын құрайды және сапалық дәрежесін көрсетеді және оның еңбегінің нәтижесі талданады.

Процессуалдық функциялар тергеушінің ғылыми құралы ретінде пайдаланылып, оның қызметіне күнделікті бағыт-бағдар береді және осы қызметті атқарудың жеке дара заңи үлгісі ретінде қарастырылады.

Әрбір егеменді елдің, құқықтық мемлекеттің міндеті - өз елінің, өз қоғамының мүшелерінің мүддесін қорғау, құқығына қол сұғушылықты болдырмау, алдын алу және қол сұғушылық орын алған жағдайда әлеуметтк әділеттіліктің орнауына ықпал ету. Тергеуші қандай қылмыстық іс бойынша қай бағыттағы мәселені шешсе де, осы тезис ұдайы оның басшылығында болады, оның функцияларын жүзеге асыруына бағыт-бағдар сілтейді. Осы бағыттардың бірі мемлекет пен оның мүшелеріне аса зор қауіп төндіретін қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау жолын қарастырып, оны болдырмау шараларын жүзеге асыратын мемлекеттің өкілетті органдары мен лауазым иелерінің, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атқаратын қызметтерінің орны ерекше. Мемлекетке аса қауіп келтіретін қылмыстарды және құқық бұзушылықты зерттеу және ашумен айналысатын мемлекеттің өкілетті органдарының және лауазым иелерінің мемлекеттің адамдар мен азаматтардың құқықтарының қорғалуын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының орны ерекше.

Қылмыспен күрес жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттің арнайы органдары - сот, прокуратура, ішкі істер министрлігі, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік комитеті. Соңғы үш ведомствоның құрамында тергеу аппараты да іс-әрекет жасайды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 8- бабында қылмыстық іс жүргізудің міндеттері айқындалады, яғни қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану [1].

Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Егер ішкі істер органдарының тергеушілері басым көпшілік қылмыстар бойынша алдын ала тергеуді жүргізетін орган болса, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің қылмыстық ізге түсу функциясын орындау жұмысы 1998 жылдың басынан басталды. Қаржы полициясы 50-ден астам салыққа байланысты қылмыс құрамдарын тергеуде.

Алдын ала тергеу өндірісі бойынша тергеушінің іс жүргізу құзіреті заңмен көрсетілген міндеттерді қамтамасыз ету үшін оның өкілеттігін және алдын ала тергеу әрекеттерін жүргізуде өз бетімен дербестігін арттырады.

ҚР ҚПК-нің 60-бабына сәйкес, тергеуші өз құзыреті шеңберінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамы. Қылмыстық процесте тергеуші бір-ақ функция атқарады. Ол функция - қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу және осы алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізуге қажетті өз өкілеттілігі шегінде тергеу әрекеттерін жүргізу, бұл өз шеңберінде тергеушінің функциялық өкілеттілігін жүзеге асыру болып табылады.

Осыған сәйкес тергеушінің негізгі міндеті - қылмысты тез арада және толық ашу, қылмыс жасаған адамды әшкерелеу оны тиісті жауапкершілікке тартып, оны айыптау бойынша қозғалған қылмыстық істің сотқа берілуін қамтамасыз ету болып табылды.

Қылмысты ашу, қылмысты жасаған айыптыларды әшкерелеу, істердің көпшілігінде арнайы құралдар мен әдістерді қолданатын ұзақ күрделі жұмыстарды қажет етеді. Қылмыс жасаған айыптыларды әшкерелеу, қылмысты тез арада және толық ашу мақсатында алдын ала тергеу органдары құрылып, өз әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл органдар қылмыстың барлық жасау жолдарын және қылмыстың оқиғасын анықтауға, қылмысты жасауда айыпты адамдарды анықтауға және оларды жазалауға, сонымен қатар айыптының жауапкершілігін ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды бекітеді; қылмыс нәтижесінде келтірілген материалдық зиян мөлшерін және материалдық зиянды өндіру үшін қолданатын шараларды бекітеді; қылмысты жасауға итермелеген себептерді анықтайды. Барлық дәлелдерді тауып, оларды процессуалды түрде бекітеді.

Тергеушілердің барлығының (ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының және қаржы полициясы органдарының) өкілеттіктері бірдей болып табылады. Ол өкілеттіктерінің ішінде тергеушінің процессуальдық дербестігі бар екендігін және оның маңызын атап айту қажет.

Тергеушінің процессуалдық дербестігі - оның тергеудің бағыты мен тергеу әрекеттерін жүргізу жөнінде шешімдердің барлығын өзі дербес қабылдайтындығын және іс бойынша жүргізілетін процессуалдық әрекеттердің заңды, әрі уақытында орындалуы үшін толық жауапты болатындығын білдіреді.

Заңда көрсетілген кейбір жағдайларда ғана тергеуші прокурордың санкциясын немесе соттың шешімін алуы тиіс (мысалы, тінту жүргізу үшін прокурордың санкциясын алу қажет, қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамды мәжбүрлі түрде сот- психиатрлық сараптамасын жүгізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру үшін соттың шешімі қажет.

Прокурор немесе тергеу бөлімінің бастығы тергеу жүргізудің барысында қандай шешімдер қабылдау және қандай процессуалдық шаралар қолдану қажеттігі жөнінде тергеушіге шектеу қоя алмайды. Сондықтан да ҚР ҚПК-нің 59-бабының 3-бөлімінде былай деп көрсетілген: тергеу бөлімі бастығының қылмыстық іс бойынша нұсқауы тергеушінің дербестігін және оның құқықтарын шектей алмайды. ҚР ҚПК 60-бабының 5-бөліміне сәйкес, тергеушінің қызметіне заңсыз араласуға жол берілмейді, оның қызметіне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады. Тергеушінің процессуалдық дербестігін қорғауға бағытталған тағы бір мынадай ереже бар: тергеуші прокурордың қылмыстық іс бойынша нұсқауларымен келіспеген жағдайда ол жөнінде жоғарғы тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.

Келесі маңызды мәселе - тергеушінің анықтау органдарымен қарым-қатынастарының процессуалдық тәртібінің заңмен реттелуі болып табылады. Тергеуші өзінің тергеуіндегі қылмыстық іс бойынша: анықтау органдарына орындауға міндетті іздестіру және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқауларын беруге және олардан тергеу әрекеттерін жүргізуге жәрдемдесуді талап етуге; сондай-ақ жедел-іздестіру шараларының материалдарын сұратып алуға, олармен танысуға және қажет болған жағдайларда ол материалдарды заңда белгіленген тәртіп бойынша іске қосуға құқылы.

Тергеушінің құқықтық жағдайына байланысты оның қызметіне биліктік бастама тән екендігін де айту қажет, яғни, тергеушінің өзінің жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша заңға сәйкес шығарылған қаулыларын орындау басқа мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті болып табылады. Олай болмаса, тергеуші өзінің алдына қойылған міндеттерін, соның ішінде қылмыстарды тез арада және толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды тиісті жауапкершілікке тарту қызметін жүзеге асыра алмас еді.

Алдын ала тергеу жүргізген кезде тергеудің бағыты туралы және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімдерді тергеуші өз бетімен, дербес қабылдайды, ешкімнің бұйрығы, нұсқауы оның дербес әрекетіне бөгет бола алмайды, өйткені қарауына алған қылмыстық іс бойынша шешімді төргеуші өз өкілеттілігінің шеңберінде ғана қабылдй алады. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу кезінде жиналған, қылмыстық іске тігілген сөйтіп арнайы тізім арқылы сотқа жіберілген материалдар басты сот талқылауының негізін құрайды және басты сот талқылауы барысында басшылыққа алынады, сол материалдардың заңға сәйкес алынғандығы шындыққа сәйкес екендігі дәлелденеді.

Жан-жақты, объективті, толық түрде жүргізілген алдын ала тергеу әрекеттерінің қорытындылары, шығарған қаулы, толтырған хаттамалары сотта іс қарау барысында заңды, негізделген, әділ үкім шығаруға жағдайлар туғызады. Егер тергеуші заңмен белгіленген алдын ала тергеу органдарының дәлелдемелерді жинау, бекіту, зерттеу тәсілдері мен құралдарын толығымен қолданбаса, істің мән-жайын бір жақты, үстірт зерттесе, өзінің заң шеңберінде берілген міндеттерін дұрыс атқармаса, яғни негізсіз айыптауға жол берсе немесе заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асырса, мұндай әрекет сотта іс жүргізуді қиындатып жіберуі мүмкін, кейде тіпті заңсыз үкімнің шығуына немесе қылмыстық істі қайта тергеуге жіберуге әкеліп соқтырады.

Тергеушіге тек жасалған қылмыстың бетін ашып, қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеп, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту ғана тапсырылып қоймай, сонымен қатар қылмыстың алдын алу, қылмыстың жасалу себептері мен жағдайларын анықтау, қоғамға қауіпті әрекеттерді болғызбау, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыруға ат салысу, заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтық сана сезімін тәрбиелеу тапсырылады.

Қылмыстық істер бойынша анықтау мен алдын ала тергеу жүргізуді арнаулы органдар жүзеге асырады және бұлардың қызметі сот пен прокуратурадан бөлінген. Алдын ала тергеу органдарының негізгі міндеті - қылмысқа қарсы күрес, қылмыстарды ашу мен алдын ала тергеу жүргізу. Мұндағы негізгі тұлға - тергеуші, осындай толып жатқан міндеттер жүктелген тергеуші мәртебесін көтеру кезек күттірмейтін мәселе болып табылады.

Осыған орай заң ғылымдарында кездесетін тергеушілердің процессуалдық функцияларына байланысты кейбір ой-пікірлердің, заңда туындайтын қайшылықтарына тұжырым жасау қарастырылады.

Қылмыстық процесстің теориясындағы мына тұжырымды қатып қалған деп айтуға болады: яғни, бұл бойынша қылмыстық-процессуалдық қызметтің әрбір субъектісі нақтылы функцияларды жеткізуші, соның ішінде, тергеуші, прокурор сияқтылар қылмыстық процесстің негізін құрайды, оның құрылымын және құрылу принциптерін айқындайды.

Алайда, процессуалдық функциялар түсінігі және олардың түрлері туралы мәселе даулы деп айтуға болады. Кейбір ғалымдар қылмыстық сот ісін жүргізуде қылмыстық-процессуалдық қызметтегі қатысушылар (субъектілер) жүзеге асыратын қылмыстық-процессуалдық функциялардың болуын көрсетеді, ал басқалары, керісінше, қылмыстық процессте бір-бірінен оқшауланған қандай да бір процессуалдық функциялардың болуын жоққа шығарады, олардың пікірінше, қылмыстық- процессуалдық заңдылық қылмыстық- процессуалдық қызметті түрлі функцияларға қатаң межелей бөлу үшін негіз бола алмайды.

Дегенмен, қылмыстық-процессуалдық функциялар концепциясының жақтаушылары арасында да бірталай мәнді мәселелер бойынша, мәселен, нақ осы процессуалдық функциялардың түсінігі, олардың мәні, қылмыстық процесстегі саны туралы көзқарас сәйкестігі жоқ. Тіпті, аттас функциялардың түсінігінің өзіне түрлі авторлар көбінесе әртүрлі мазмұн береді. Кейбір авторлар, қылмыстық-процессуалдық қызметтің алуан түрлі субъектілерімен тең жағдайда жүзеге асырылатын қылмыстық-процессуалдық функциялар жоқ, болуы да мүмкін емес дегенге саяды [2, 97-99бб].

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 8-бабында белгіленгендей, қылмыстық процестің мiндеттерi қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.

Сондай-ақ, қылмыстық iстер бойынша iс жүргізудің заңда белгiленген тэртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнэсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиiс.

Қылмыстық істің барлық қатысушыларының қызметі осы міндеттерге бағынған, бірақ жоғарыда аталған мақсаттардың нәтижесі әрбір қатысушылардың функцияларының нақты бөлінуінде ғана мүмкін бола алады, соның ішінде тергеушінің де.

Бұл үшін мемлекет тергеушінің құқықтық мәртебесін анықтап, оған нақтылы құқықтар берді және міндеттер жүктеді, осы өкілеттілік негізінде тергеуші қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын жүргізеді. Тергеушінің процессуалдық мәртебесін реттейтін нормаларды жетілдіру үшін, тергеуші немен шұғылдануы тиіс, оған қандай функцияларды атқару жүктелген, қандай міндеттері мен құқықтары бар, ол қай кезде және қалай жүзеге асырылуы керек, оған сеніп тапсырылған қылмыстық істі тергей отырып сот ісін жүргізудегі мақсаттарға жетуде оған қандай рөл берілген, міне, осыларды нақты айқындау қажет, дегенменде мұндайнақты мүмкіндік әлі жоқ.

Тергеуші функциясының заңмен нақты, дәл айқындалуы, әсіресе, заңға маңызды өзгерістер енген кезде, оның реформалануы мен жаңа қылмыстық - процессуалдық кодекс қабылдау кезінде қажет, бірақ кодекс қабылданғаннан кейін де қоғамдағы өзгерістерге қатысты заңдарға да өзгерістер енгізіліп тұратындықтан бұл тұрақтылық әлі де орнай қойған жоқ.

Өкінішке орай, қолданыстағы процессуалдық заң нормаларының талдауы көрсеткендей, заңдық тұрғыда тергеуші функцияларының бәрі бірдей заңда белгіленбеген, өйткені функцияларды айқындау, тергеушіге қандай да бір немесе басқа да функциялардың қатыстылығын, олардың түрлерін анықтау, сондай-ақ олардың заң нормаларында нақты бекітілуін және осылар жайлы қандай көзқарастар бар - екенділігі жайлы зерттеулер жүргізу бүгінде әлі өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр.

Процесстің әрбір қатысушысы тек оның өзіне ғана тән қылмыстық-процессуалдық функцияны жүзеге асырады және осыған сәйкес процессуалдық функция деп ең басты міндеті көрсетілетін және процестің әрбір қатысушысының процессуалдық рөлі айқындалатын негізгі процессуалдық міндетті айтады.

Сонымен бірге, процесстің барлық қатысушыларының алдында тең дәрежеде тұрған негізгі процессуалдық міндеттердің ортақтығы бұл міндеттердің процесс кезінде түрліше, олардың әрқайсысының арнайы тәсілдермен, алуан түрлі процессуалдық формада орындалатынын жоққа шығармайды.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде қылмыстық- процессуалдық қызметтің дербес қатысушысы ретіндегі тергеушімен орындалатын процессуалдық функцияларға келетін болсақ, кейбіреулер тергеуші бір мезгілде үш функцияны атқарады деп санайды: айыптау, қорғау және істің шешілуі, - және де айыптау (қылмыстық қуғындау) мен қорғау функциясы тергеушіде процессте кінәлі пайда болғаннан кейін ғана көрінеді деп атап көрсетеді [3, 37-39 бб.].

Осы сәтке дейінгі тергеушінің бүкіл қызметі - процессуалдық функциялары жіктелмеген тергеу қызметі, бастапқы тергеу, және де бұл қызмет қылмыстық қуғындауға қажетті дайындық түрінде болады, бірақ қылмыстық қуғындаудың нақ өзі емес. Осының нәтижесінде тергеушінің аса жауапты қызметі көбінесе бастапқы тергеу ісінен айып тағуға дейінге әжептәуір маңызды кезең бойы дербес және қандай да бір процессуалдық функциямен қамтылмаған күйінде қалады.

Дегенмен де, тергеуші жұмысының қылмысты ашуға, қылмыскерді табу мен әшкерелеуге бағытталған зор, тынымсыз, шешуші бөлігі процессуалдық функция теориясында өзінің тиісті көрінісін таппаған.

Қылмысты тергеудің мемлекеттік-құқықтық функциясын жүзеге асырушы мемлекетттің органы тергеуші болып табылатынын атап өту керек. Тергеушілер осы функцияны жүзеге асыру үшін арнайы құрылған. Қылмысты ашу және тергеу, кінәлілерді табу, адамның адамшылық келбетін қалпына келтіру - тергеуші жұмысының мәні. Істің қалай аяқталуы, көп жағдайда, оның істі қаншалықты білетіндігі мен күш-қайратына, бірбеткейлігі мен ширақтығына, бастамасы мен ержүректілігіне байланысты.

Кейбір авторлар тергеушіде бір ғана процессуалдық функция бар, ол - істің жан-жақты, толық және шынайы зерттелуі деп көрсетеді [4,78- 79бб]. Мұндай пікірмен де келісуге болмайды, істі зерттеу тергеушіге ғана тән функция емес; қылмыстық іс бойынша сот та, прокурор да, тергеуші мен тергеу жүргізу ұйымдары бірдей дәрежеде қолданатын ақиқатты орнықтырудың процессуалдық тәсілі.

Сондай-ақ, тергеушілерге бес функцияны бөліп берген авторлар пікірі де бар, соның ішінде жұртшылықты қылмыспен күреске тарту және тәрбиелеу функциясы сияқтылар.Кейбір авторлар тергеуші қызметіндегі негізгі бір ғана функцияны - тексеру функциясының жүзеге асуын ғана қарастырады.

Бұл пікірді жақтаушылар тергеушінің қылмыстық істі тергеу ісі бойынша процессуалдық қызметінің біртұтас сипаты мен мәнін негізінен іс жүргізудің басқа қатысушыларына тән бірқатар дара функцияларға жіктеу жасанды болып табылады деп есептейді[5,45-46бб].

Қылмыстық істі тергеудегі тергеуші қызметінің түрлі жақтарын қарастыратын тергеушінің процессуалдық функцияларының атауы қылмыстық процесстің нақтылы бір кезеңінін атауымен сәйкес келмеуі мүмкін немесе бұл функцияны тергеушінің жүзеге асыруы қылмыстық істің барысындағы сотқа дейінгі барлық кезеңіне таралуы, яки қылмыстық істің қозғалу стадиясындағы немесе алдын ала тергеудегі белгілі бір уақытты ғана қамтуы мүмкін.

Қылмыстық істі тергеу кезіндегі тергеуші жүзеге асыратын функциялар жайлы ресей авторы А.М.Ларин тергеушіге қылмыстық-процессуалдық қызметтегі мақсаттарға лайық мынадай функциялар тән дегенді айтады: істің жайын зерттеу, қылмыстық қудалау, қорғау, зиянды жою және өтеу, азаматтық талап қоюға қарсы қарсылық білдіру, іске қатысушы тұлғалардың құқығы мен заңды талаптарын қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, процессуалдық басқару және істі шешу [6,79-80б б.].

Бұл функцияларды автор процессуалдық функцияларға өз анықтамасын бере отырып айқындады: процессуалдық функциялар - бұл ерекше тікелей мақсаттар бойынша ажыратылатын қылмыстық-процессуалдық қызметтің іс жүргізудегі қорытындысында қол жеткізілетін түрлері (компоненттері).

Процессуалдық функциялар туралы сөз қозғағанда күрделі және сан қырлы болып келетін қылмыстық-процессуалдық қызметтің, шынында да, түрлі құрамдас бөліктерден құралатынын атап өту қажет. Алайда, процесстің бөліктерін (кезеңдерін) процесстің сатысына жатқызу үрдіс алған. Сондықтан да, мына анықтама қажет: қылмыстық- процессуалдық қызметтің қылмыстық процесстің барлық сатысына тән құрамдас бөліктері бар. Қылмыстық-процессуалдық функцияларды қылмыстық-процессуалдық қызметтің өзінің бағыттары бойынша яғни жуық арадағы мақсаттарға жіктелетін, қызметтің осы түрінің нәтижесін көздеген аса маңызды түрі ретінде қарастыру қажет. Қылмыстық істің жүргізілуі, қылмыстық процесстің дамуы қылмыстық-процессуалдық қызметтің өз бағыттары бойынша диалектикалық тұрғыдан қарама-қарсы екі түрінің - айыптау мен қорғаудың "күресімен" байланысты.

Бұл "күрестің" қорытындысын және тиісті шешім шығару үшін қылмыстық-процессуалдық қызметтегі істі шешудің үшінші түрі қажет. Демек, қылмыстық процессте, тергеуші қызметінде қылмыстық- процессуалдық функциялардың үш түрі бар:

  • - айып тағу (қылмыстық қуғындау);
  • - қорғау және
  • - істі шешу.

Автор көрсеткен функциялар, көп жағдайда, басқа авторлар да атаған функциялармен ұқсас, бірақ олардың қайсысы қай кезде пайда болу мәселесі басқаша шешілген.

Түрлі қылмыстық-процессуалдық функцияларды бөлуде, олардың процесстің түрлі қатысушыларына жүктелуі тәрізді, психология заңының біліміне сүйену қажет. Айыптау мен қорғаудың біріктірілген функциясын бір адамның орындауы екі міндетті шарттың қатаң сақталуында ғана мүмкін болады.

Біріншіден, мұндай адам ішкі сенім бойынша ол белгілеуге және бағалауға тиіс істің нақтылы жағдайын ескере отырып, алда тұрған таңдауға толық еркіндік алуы тиіс

Екіншіден, бұл адам психологиялық тұрғыдан, іс бағдарындағы осыған дейін жасалған тұжырымдармен күні бұрын байланысты болмауы қажет. Тұжырымның әлі жасалмағаны маңызды.

Демек, бұл - тұлға бір мезгілде айыптауды да, қорғауды да оған (оның ұғымында) ана жақ та, мына жақ та артықшылықта, дұрыс немесе негізді болып көрінбегенге дейін ғана жүзеге асыра алады деген сөз. Қандай да бір тұжырыммен келген және оны ашық айтқан адам, әдетте, бұдан әрі де осы тұжырымдарды қорғауға және қарама-қарсы сипаттағы дәлелдерді жете бағаламауға бейім.

Жеке тұлғаның психологиялық мүмкіндігі шектеулі, сондықтан да ол, әдетте, белгілі бір бағыттағы және көлемдегі ақыл-ой жұмысын жақсы атқарады [7, 38-42бб.].

Осылайша, айтылғандарды қорытындылай келе, автор процесстің белгілі бір сатысында субъект нақтылы бір шешімге келуі керек, ал заңдылық, өз кезегінде, оған істің нақтылы жағдайын ескере отырып, ішкі нанымы бойынша ол жүзеге асыратын функцияны таңдауға еркіндік береді және де процесстің қандай да бір қатысушысымен (прокурор, сот) таңдау жасалынбағанға дейін, психологиялық тұрғыдан ол өз қызметінде толығымен айыптауға да, қорғауға да тең дәрежеде ықпал ете отырып, шынайы қалпында қала алады деп есептейді. Тергеуші қызметін жеке құрамдас бөліктерге (функцияларға) мүшелеу тек қана механикалық тәсіл емес, оның негізінде қарастырылып отырған қызметтің сол және басқа да бағыттағы өзгешелігі бар, ол өзгешелік туралы әр түрлі авторлар түрліше пікірлер білдіред, бздің ойымыызша осы пікірлердің барлығын бір- бірімен салыстырып оның қайсысысы тергеушінің өкілеттілігіне нұсқан келтірмейтін болса, сонысын қабылдау, яғни қалдыру керек.

Қылмыстық іс жүргізуден туындайтын қылмыстық-процессуалдық функциялар қылмыстық-процессуалдық құқықта жеке-дара бекітілген. Олардың кейбіреуі заңда анық көрсетілген (мысалы, қылмыс туралы хабарды қарастыру және қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеу), басқалары нақтылы институтар арқылы байланыстырылған (мысалы, айыптау функциясы). Яғни, процессуалдық функциялар тек қана теориялық қана емес, сонымен бірге құқықтық категория. Процессуалдық функциялар процесске қатысушылардың міндеттері мен құқықтық жағдайының арасындағы байланыстырушы буын, олар көбінесе, тергеушінің процессуалдық жағдайын, оның құқықтары мен міндеттерін алдын ала анықтайды, жекелеген құқықтық институттар мен нормаларда нақтыланады да іс жүргізу барысында қолданылады.

Тергеушінің процессуалдық функциясы жүйесін тану, оның қызметінің негізгі бағыты ретінде қылмыстық іс жүргізудің міндеттерінің орындалуындағы тергеушінің рөлін барынша толық танып-білуге, оның қызметін реттейтін әрбір құқықтық институт пен әрбір норманы дұрыс түсінуге және қолдануға мүмкіндік береді [8, 3-6 бб.].

Жоғарыда аталғандарды назарда ұстай отырып, бағыттар, түрлер, құрамдас бөліктер, қылмыстық іс жүргізу міндеттерімен негізделген оның қылмыстық- процессуалдық қызметінің бөлігі ретіндегі тергеушінің процессуалдық функциясының мынадай анықтамасымен келісуге болады.

Осылайша, тергеушінің процессуалдық функциялары сот ісін жүргізу мен тергеушінің құқықтық жағдайының арасындағы міндеттерді байланыстыратын өзгеше буын болып табылады. Ізінше, логикалық түсініктің бірізді қатарын түзуге болады, олардың әрқайсысы келесінің қажеттілігін тудырады: қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттері - тергеушінің қылмыстық-процессуалдық қызметін, қылмыстық-процессуалдық функциялар - тергеушінің процессуалдық өкілеттілігінің қажеттілігін тудырады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР Қылмыстық процестік кодексі 04.07.14ж. қабылданған
  2. Гаврилов Б.О процессуальной самостоятельности следователя: история, реальное состояние, перспективы развития. М.2011.97-99бб.
  3. Патсаев У. Предварительное следствие в Республике Казахстан: проблемы и возможные пути повышения роли следователя.Алматы. 2010.37-39бб
  4. Кенжебекова Э.П. Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу мәселелері. Астана.2012. 78- 79бб
  5. Еркенов С.Е., Султанов С. Тергеу әрекеттерінің тактикасы. Қостанай.2010. 45-46бб
  6. Ларин А.М. Процессуальные гарантии и функция уголовного преследования. М. 2011.79-80бб
  7. Кусаинов Ш. Личность обвиняемого как субъект уголовно-процессуальных отношений. Караганда. 2013.38-42бб
  8. Мельников В.Ю. Следователь и дознаватель в уголовном процессе. М.2010. 3-6бб

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.