Осы мақалада азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігінің мәселесі - күрделі кетенді мәселе екендігі туралы айтылған. Бұл мәселелер көптеген күт-жігерді тек ғалымдар - биохимиктер, микробиологтар тарапынан ғана емес, сондай-ақ өндірутілер, санитарлы - эпидемиологиялық қызметтер, мемлекеттік органдар мен тұтынутылар тарапынан да талап етіледі. Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі жыл сайын артуда, себебі азық-түлік өнімдері мен өндірістік тикізаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықтың денсаулығы мен гендік қорының сақталуын анықтайтын негізгі факторларының бірі болып табылады.
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі соңғы жылдары еліміздің басқарматылығында аса көңіл бөлініп жүрген мәселелердің бірі болып келеді. Тамақ өнімдерінің ассортименті мен өндірісінің түрлілігінің кеңеюі тұтынутыларға азық-түлік өнімдерінің өндірісінің барлық сатыларында және сатылымында жоғарғы сапа мен қауіпсіздігінің кепілінің қажеттілігіне әкеп соқтырды.
Қазіргі таңда Қазақстанның кәсіпорындарында заманауи азықтық тикізат пен дайын өнімдердің сапасы мен қаіупсіздігін қадағалайтын бақылау жүйесі болмағандықтан, көп жағдайда қажетті толық қауіпсіздік қамтамасыз етілмейді. Бұл мәселенің туындауына көптеген факторлар әсер етеді, олардың ітінде маңыздыларына тоқталып кететін болсақ, олар:
- жаңа өндіріс жүйелері, оның ітінде жаппай өндірудің өсуі және тамақ тізбектерінің ұзаруы;
- қортаған ортаны ластайтын және экология мен климатка әсер ететін жаңа заттар;
- жаңа азық-түлік өнімдері, жаңа қайта өңдеу технологиялары, қоспалар мен қаптамалар;
- тұрғындардың денсаулықтарының өзгеруі;
- аз өңделетін азық-түліктерге сұраныстың өсуі мен тамақтану рационының өзгеруі;
- азық-түліктерді сатып алу тәсілдернің өзгеруі, сыртта тамақтанудың күрт өсуі;
- қауіпті факторларды анықтауға болатын жаңа саралау тәсілдері;
Азық-түлік өнімдері көп жағдайда тез бұзылатын болып келеді және физиологиялық үрдістердің нәтижесінде және микробиологиялық ластанудың әсерінен олар бұл үрдістер адам денсаулығына қауіпті болып табылады. Сондықтан сапаны бақылауда және қамтамасыз етуде әрбәр өнімнің спецификасын терең меңгеру керек. Тамақ өнімдерін тығару көп мөлтерде әрі ұсақ және ортата өндірутілердің арқасында жүретіндіктен бақылау таралары қиындықтарға талдығады. Бұндай әдеттегі өндіріс аспектілерімен қатар басқа да факторлар мен тенденциялар көптеп бар және олар да сәйкес келетін сапа менеджментін талап етеді. Осы мәселелерді тету үтін заманауи заңнамалық және нормативтік базалар қажет. Заманауи нарықтық экономика тығарылатын өнімдер сапасына жаңа талаптар қоюда. Ол кәсіпорындардың өміртеңдігімен, нарыққа тауарлар мен ұсынылатын қызметтердің бәсекеге қабілеттілік деңгейімен байланысты. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі ондаған факторларға байланысты, бірақ оның ітінде ең маңызды негізгі екі фактор - өнім сапасы мен баға деңгейі. Еңбек өнімділігіғ барлық ресурстар түрлерін үнемдеулердін бәрінен өнім сапасы алдыңғы орынға тығады.
Әрбір адамға оның тұтынатын азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі маңызды болып келеді. Біздің қалай тамақтанатынымыздан және қанталықты сапалы өнім тұтынатын- ымыздығынан денсаулығымыз, жұмысқа қабілеттілігіміз, өміріміздің сапасы, болатақ ұрпағымыз қандай болатыны тәуелді. Сол себепті "сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қалай жүзеге асыруға болады?" деген сұрақ туындайды. Әлемдік қоғамда бұл мәселені тету үтін көптеген жаңа тәсілдер әзірлеген. Шығарылатын өнімдердің өндіріснің барлық сатысында сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әртүрлі халықаралық стандарттар белгіленген. Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапа менеджмент жүйесі құрылды, ол сапаны қалыптастыратын және өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру таралар комплексі болып табылады.
Сапа - күрделі ұғым және оны қамтамасыздандыру ғылыми күттердің бірлестігін, мамандардың творчествалық потенциалы мен тәжірибесін талап етеді. Біздің елімізде сапа мәселесі маңызды болып қана қоймай , мемлекеттің, ұлттық бақылау органдарының, кәсіпорын басқармаларының, технологиялық тізбекке қатысы бар мамандардың бірлестігімен шешілуі керек. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі - белгiленген жарамдылық мерзiмi iтiнде тамақ өнімдерін пайдалану мен (немесе) сақтаудың адамдар өмірі, денсаулығы үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететiн тамақ өнімдерінің ерекшелiгi [1].
Азық-түлік өнімдерінің, тикізаттардың сапасы мен қауіпсіздігі келесі жолдармен жүзеге асырылады:
- азық-түлік өнімдерінің, шикізаттардың, бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік реттеу шараларын қолдану;
- тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың тамақ өнімдеріне, материалдар мен бұйымдарға және олардың айналымының шарттарына нормативтiк құжаттардың талаптарын орындау бойынша ұйымдық, агрохимиялық, ветеринариялық, технологиялық, инженерлiк- техникалық санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) және фитосанитарлық iс-шараларды өткізуі;
- азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігінің, дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайларының өндірістік тексерістерін азық- түлік өнімдерінің сапасын басқару жүйесін (ары қарай - сапа жүйесі) ендіру арқылы жүргізу;
- Қазақстан Республикасының 21 шілде 2007 жылы № 301 - ІІІ "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заңын (21.04.2016 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізілген) бұзуды доғару мақсатында іс-шара қолдану, сонымен қатар нормативтік құжаттарды талап ету, көрсетілген құқық бұзушыларды азаматтық- құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын жүргізу.
Тамақ өнімдерін, бұйымдар мен материалдарды өндіретін және айналымға жіберетін, азық-түлік өнімдерін, бұйымдар мен материалдарды бөлшек саудаға жіберетін және қоғамдық тамақтану саласында қызмет атқаратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар сатып алушылар мен тұтынушыларға, мемлекеттік қадағалау органдарына азық-түлік өнімдерінің, бұйымдардың және материалдардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы толық және шынайы ақпарат беруі қажет, нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес өнімдердің өндірілуі мен айналымын жүргізу керек.
Бұл тек жоғарыда айтылған тұлғаларға ғана емес әрі уәкілетті органдарға да жүктелетін жауапкершілік болып табылады. Стандарттау, метрология және сертификаттау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария және фитосанитария саласындағы уәкілетті органдар өз құзыреті шегiнде жеке және заңды тұлғаларды:
- тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігі;
- тамақ өнімдерінің, материалдар мен бүйымдардың сапасы мен қауіпсіздігіне талаптар белгiлейтiн нормативтiк қүжаттар;
- тамақ өнімдерін, материалдар мен бүйымдарды мемлекеттiк тiркеу;
- тамақ өнімдерінің, материалдар мен бүйымдардың нормативтiк қүжаттардың талаптарына сэйкестiгiн растау туралы;
- сапасыз және қауіпті тамақ өнімдерін, материалдар мен бүйымдарды сатудың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ақпаратпен қамтамасыз етедi.
Азық-түлікті өндіру мен сақтау процесстеріндегі жаңа бағыттар тағам өнімдерінің ассортименттерін көбейтуге, сақтау мерзімдерін жоғарылатуға және түтынушы талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді, екінші жағынан адам денсаулығына қауіпті жаңа факторлардың тууына әкеп соқтырады.
Шығарылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мақсаттары мен міндеттерін мемлекет тағайындаған компетентті органдар белгілейді, ал кәсіпорындарда жоғарғы басқармашылық тағайындайды. Қазақстан Республикасының жаңа экномикалық және саяси қатынастарға ауысуы азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігін айқын көрсетеді.
Сапа мәселесін шешудегі стратегиялық жол келесідей болу керек: тамақ өнімдерінің функционалды сапа көрсеткіштері бойынша сапасыз өнім алу қаупін болғызбайтын қауіпсіздік жүйесі болу керек. Тактикалық жоспарларда келесі міндеттерді орындау керек:
- өнім сапасын басқарудағы жағдайына объективті сипаттама беретін сапа параметрлері бойынша азық-түлік өнімдерін өндіру технологиялық жүйесін бағалаудың сандық критерийлерін қүру;
- шығарылатын өнімнің сапасын төмендететін технологиялық жүйелердің жүмыс істеуіндегі бүзылу қаупін сапалық және сандық сараптау әдістемесін жасау.
Осы жоғарыда айтылып кеткен барлық мәселелерді шешу жолдарын қарастырсақ, онда тиімді шешу жолы - тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарында ХАССП (ағылшын транскрипциясы НАССР - Hazard Analysis and Critical Control Points, тәуекелді қолдану және бақылаудың аумалы нүктелері) талаптарының негізінде және ИСО 9000 мен ИСО 22000 халықаралық стандарттары негізінде азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін басқару жүйесін қүру [2, 54 б.].
ХАССП жүйесі азық-түлік желісінің барлық кезеңдерінде қауіпті факторлардың пайда болуын алдын алуға, пайда болу себептерін ескеруге, бақылау іс-шараларын жүргізуге негізделген. Бүл жүйе дайн өнімді таңдамалы бақылау нәтижелеріне тәуелділігінен босатады, яғни ол өндіріс және қызмет ету процестерін басқаруға көңіл аудартады.
Түтынушылардың қажеттілігі мен сүраныстарына бағытталған және менеджменттің негізгі принциптері бар ИСО 9001 стандарты сапаны басқару жүйесінің қүруда негіз болып қызмет атқарады.
ИСО 22000 стандартында ХАССП жүйесі мен ИСО 9001 стандартының талаптарын ендірудің 12 кезеңі бар және келесідей қолданыла алады: ол өздігінен кәсіпорынның қауіпсіздік менеджменті жүйесінің қалыптасуының негізі болады және ИСО 9001 стандартымен бірге тек сапаны ғана емес әрі қауіпсіздікті басқаруға көзделген жүйені дамытады. Осылайша, азық-түлік қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттармен регламенттелген тиімді және нәтижелі басқару жүйесі қажет.
Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздік жүйесінің реформалануына негіз болған Қазақстан Республикасының 2004 жылы 9 қарашада бекітілген №603-ІІ "Техникалық реттеу туралы" заңы (07.04.2016 толықтырулар мен өзгертулер еңгізілген), бүл заң Қазақстан Республикасының өнімдердің, қызметтердің, процесстердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады , мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қүқықтық негіздерін орнатады [3].
Қазақстан Республикасында заңға сәйкес жүргізілетін техникалық реттеу реформасы еліміздің үлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде практикалық маңыздығ ол өндіріс пен ғылымның инновациялық дамуына, ғылымды қажетсінетін өнімдер нарығының кеңеюіне үлес қосады. Бүл заң өндірушілер мен түтынушылардың қолданатын өнімнің сапасын айқындау қүқықтарын кеңейтеді және мейлінше сапаны императивті реттеу тәсілдерін шектейді.
ҚР Президентінің қаулысымен 1998 жылы 16 қарашада бекітілген №4153 "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ҚР Үкіметі №1783 "Азықтық шикізат пен азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы" 29.11.2000 жылынан бастап нүсқаулықты бекітті [4].
Нүсқаулықтар азық-түлік өнімдерінің және азықтық шикізаттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған талаптарды орнатады және өндіру, сатып алу, қабылдау, сақтау, тасымалдау және сату кезеңдеріндегі өндіруші, сатушы және түтынушы арасындағы қарым- қатынасты реттейді.
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздік және сапа менеджменті жүйесінің пайда болуы, қүрылуы көп жылдық жеңісті, жеңілісті, табысты тәжірибенің нәтижесі болды. Әлемнің экономикалық дамыған елдерінде бүндай жүйелер міндетті түрде қолданылады, оны мемлекет қатаң бақылауға лады және іске асыру бірізділігін қадағалайды. Азық- түлік өнімдерінің жүйе арқыды қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек өндіріске пайда көзін көтеруге ғана емес әрі сапалы, жаман өнім алу қаупі жоқ өндірістің болуын қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесіне жүгінсек, сапа менеджменті жүйесіні енгізілгеннен кейін елдімекендерде халықтың тамақтық улану көрсеткіші айтарлықтай төмендегенін көруге болады.
Қолданыстағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мен бағалау негіздерін жалпылап, талдай келе, өндірістің экономикалық және ұйымдастырушылық кезеңдерін біріктіретін, халықаралық, ұлттық, регионалдық деңгейде барлығына ортақ және бірқалыпты барлық деңгейлерінде құқықтық нормалармен реттелетін (техникалық реттеу) жалпы бір механизм бола алады, ол мемлекетке сапа мен қауіпсіздік деңгейін тұрақтандырады.
Қорыта келе, азық-түлік өнімдерінің қауіпсізігін қамтамасыз етуде мемлекеттік органдар тарапынан, кәсіпорындарда өндірістік бақылау тарапынан тексеріс пен бақылау өте маңызды және негізгі жетістік кепілі болып азық-түлік өнімдерін өндіруде, өңдеуде, сақтауда және сатуда жауапкершілік пен адамгершілік принциптерін сақтау саналады. Өмір сүру деңгейінің жоғарылауы тұтынушының өзінің тамақ өнімдеріне деген қарым-қатынасын өзгеруіне әкелді. Тұтынушылар өз тамақтануларына талапты болып, тек жақсы тамақтанып қана қоймай, әрі өз денсаулығына қатер тигізуден алшақ болуға тырысады және соған сәйкес қауіпсізідігі қамтамасыз етілген өнімдерді тұтынуға тырысады. Сапа дәлелі контракттарға отыруда негізгі комерциялық аргумент болады, ал сапа - өнімнің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын фактор болып табылады.
Список литературы:
- Закон Республики Казахстан от 21 июля 2007 года № 301-III "О безопасности пищевой продукции" (с изменениями и дополнениями по состоянию на 21.04.2016 г.) - Режим доступа: http://adilet.zan.kz/rus/ docs/Z070000301_
- Шарманов Т.Ш. Питание - важнейший фактор здоровья человека. - Алматы: Асем - Систем, 2010г. - 400с.
- Закон Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года № 603-II "О техническом регулировании" (с изменениями и дополнениями по состоянию на 07.04.2016 г.) - Режим доступа: http://adilet.zan.kz
- Указ Президента Республики Казахстан от 20 ноября 2000 года № 1783 "О качестве и безопасности продовольственного сырья и пищевых продуктов" - Режим доступа: http://adilet.zan.kz