Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Есім сөзжасам жүйесі

Мақалада жалпы сөзжасам жеке сала ретінде кейінгі кезде ғана танылып отыр. Соңғы зерттеулер бұл проблеманың тіл қабатынан өзіндік орын алатынын көрсетеді. Сөзжасам тілдің атау жасау қызметін жүзеге асырады.

Қазақ тіл білімі - негізгі мазмұны айқындалған, зерттеу әдістері мен ғылыми негіздері анықталған саласы болса да, жалпы теориялық мәселелерімен қатар оның жекелеген проблемалары әлі де аша түсуді қажет етеді. Сөзжасам саласын түбегейлі зерттеп жүрген тілші-ғалым К. А. Құрманалиев теориялық негіздері жағынан қарастырған. Соның бірі - ескі қазақ тілінің жазба үлгілеріндегі сөзжасам проблемасы. Жалпы сөзжасам жеке сала ретінде кейінгі кезде ғана танылып отыр. Соңғы зерттеулер бұл проблеманың тіл қабатынан өзіндік орын алатынын көрсетеді. Сөзжасам тілдің атау жасау қызметін жүзеге асырады. Атаулардың бәрі сөзжасам арқылы жасалды деген пікірден аулақ бола тұра, көпшілік атаулардың сөзжасам арқылы жасалды деген пікірден аулақ бола тұра, көпшілік атаулардың сөзжасам арқылы жасалды деген пікірден аулақ бола тұра, көпшілік атаулардың салаларының ешқайсысы атқара алмайтын қызметті жүзеге асырады. Ол - сөзжасамның туынды сөз, жаңа сөз жасау қызметі. Сондықтан сөзжасам жаңа сөз жасаудың барлық мәселелерін қамтиды. Оған сөзжасамдық бірліктерден бастап, сөзжасамдық ұя сияқты ірі, күрделі сөзжасамдық бірліктерге дейін кіреді. Сөзжасмдық нұсқалардың сөзжасамды атқаратын қызметі, жаңа сөздердің жасалу үлгілері мен тәсілдері, сөзжасамдық нұсқалардың түрлері, қолданылу ерекшеліктері, сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын сөзжасамдық нұсқалардың түрлері, қолданылу ерекшеліктері, сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын сөзжасамдық ұялар, олардың құрылысы, оның мүшелері, сөзжасамдық ұяның құрамындағы мүшелердің қызметі, ерекшелігі сияқты т.б. тек сөзжасамға қатысты заңдылықтар сөзжасамды тілдің басқа салаларынан ерекшелендіреді. Бұл мәселелер тек сөзжасамға қатысты. Олар тілдің басқа ешбір саласында шешілмейді. Өйткені олар тек сөзжасам саласының зерттеу нысанына жатады.

Қазақ тілінің қазіргі сөзжасамдық жүйесінің түп негізі түркі халықтарының ең көне заманынан бастау алғанын көрсетеді. Ал түркі тілдерінде қазір көне түркі жазбаларындағы сөзжасам жүйесі сол қалпында қалмағаны түсінікті.

Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан өте күрделі сөзжасам жүйесі бар. Сөзжасам жүйесі қоғамның дамуымен бірге дами отырып, қазіргі күрделі тілдік жүйе дәрежесіне жеткен. Оны тарихи тұрғыдан зерттеудің, яғни қазақтың ортағасырлық жазба ескерткіштер тіліндегі сөзжасам үлгілері мен процесін ашудың, кейінгі кезеңдегі оның жалғастығын зерттеп көрсетудің мәні ерекше. Өйткені бұл саланың атқаратын қызметі - қандай да бір дәуірдің жазба нұсқаларын зерттеуде бірдей. Өтеміс қажы, "Әділ сұлтан" эпикалық жыры, Қадырғали Жалаиыри және Әбілғазы Бахадүр хан жазба ескерткіштерінің қазақ халқының тарихы мен тілін зерттеуде алатын орны ерекше. Біз өз зерттеуімізде осы еңбектерді пайдалана отырып, олардағы сөздердің жасалу табиғатын, даму сипатын және сөзжасам процесін зерттеуге арқау еттік. Әр дәуірде жазылған сөзжасамдық нұсқаларда бірқатар айырмашылықтар бар. Бұл әрине, кез-келген тілдің тарихында болатын жағдай. Қай тілдің де тарихы даму кезеңдерінде аз да болса, өзгеріс болып отыратындығы айқын. Жалпы айтқанда, түркі тілдеріндегі көне және ортағасыр жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның морфологиялық тәсілі болды. Бірақ әр сөз табының сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана еді.

Қазіргі сөзжасам жүйесі мен көне және ортағасыр жазба ескерткіштерінің сөзжасам жүйесін салыстырған кезде, қазіргі қазақ тілінің жұрнақтар құрамына өте бай екендігін байқаймыз. Алайда, арада сан ғасыр өтсе де, қазақ тілінің тарихи сөзжасам жүйесінің қалыптасуында дәстүрлі сабақтастық болғандығын, негізгі сөзжасамдық жұрнақтар құрамының сәйкес болып келетіндігін айтуымыз керек.

Тілдің сөзжасамдық жүйесінің толығып отыруы, сөзжасамдық заңдылықтардың тілде қалыптасып, орнығуы баяу болса да, тіл дамуында ұдайы жүріп отыратын құбылыс. Жазба ескерткіштер тілінде кездесетін жұрнақтардың саны өте көп. Дегенмен біз жиі қолданылатын сөзжасам жұрнақтарын негізге алдық. Жиі қолданылған жұрнақтардың жалпы саны -23, оның ішінде есім сөздерден есім жасайтын жұрнақтар - 6, етістіктен есім сөз жасайтын жұрнақтар - 6, есім сөздерден етістік жасайтын жұрнақтар - 7 және етістіктен етістік жасайтын, яғни етіс жұрнақтар саны - 4. Бұл жұрнақтар қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам процесімен салыстырыла қаралады.

1 Есім сөздерден есім сөз жасайтын жұрнақтар

Жазба ескерткіштерде сөз тудырушы адамдардың синтетикалық, аналитикалық және сөз тіркесі тәсілімен жасалу жолдары кездеседі. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі қосымшалы тіл болғандықтан, синтекикалық тәсіл туынды сөз жасауда үлкен қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің мағынасы оның құрамындағы негіз сөзге байланысты.

Негізгі морфеманың мағынасы туынды түбірдің мағынасына арқау болады. Сондықтан оның мағынасы мен туңынды лексикалық мағына байланысты болады.

Синтетикалық жолмен есімдерден есім сөз жасайтын жұрнақтарды топтасақ, төмендегіше беруге болады:

  1. -Лық//-лік//-лұқ//-лүк//-луқ,-лығ//-лүг//-луғ; Бұл жұрнақ түркі тілдерінің барлығында да өнімді жұрнақ саналады. Ғалымдар оны түрліше этимологиялайды: біреулер іл етістігінен, ал көп зерттеушілер "лық толы" дегендегі лық сөзінен шығарады. Сөзжасамдық бұл форманы әсіресе, туа түбір зат есім атауларына көбірек жалғанады. Э.В.Севортянның көрсетуінше, бұл пікірді алғаш рет өзінің "Ұйғыр тілінің грамматикасы" деген еңбегінде А.К.Боровков ұсынады да, кейін "Башқұрт тілінің грамматикасы" деген еңбегінде Н.Дмитриев қайталайды.

"Дәл осы "толы" мағынасында армян тілінде де лық тұлғалы сын есімнің болуы мәселені қиындата түседі және лық сөзінің сөз тудырушы -лиг жұрнағына қатысын ашу үшін әлі де болса қосымша деректер керек сияқты", - дейді Э.В.Севортян.

Жазба ескерткіштерде бұл жұрнақтың фонологиялық варианттары негізінен, есім түбірге үстемеленетін 1) дерексіз мәнді атауыштық ұғым берген; 2) қатысты сындық ұғым; 3) іс-әрекет атауын, кәсіп иесін; 4) белгілі бір жерге, мекенге қатыстылықты; 5) заттың неге арналғанын: йарлық, игітлік, достлық, бұзұқлұқ, йаманлық "жарлық, жігіттік, достық, бұзықтық, жамандық" және т.б. Мысалы: Йеті арқадын бері йарлық йүзін көргенім йоқ. Оң хан бірлән Меркіт ханның арасында достлық бар ерді...Чыңғыз хан йоқлықда Меркіт халқы ның Чыңғыз ханның үйіні чапты... Мүддат падшахлықы йікірма беш йыл ерді... (Жеті ұрпақтан бері жарлық көрмедім... Оң хан мен Меркіт ханның арасында достық бар еді... Шыңғыс хан жоқ кезде Меркіт халқының, Шыңғыс ханның үйін шапты... Патшалық құрған уақыты жиырма бес жыл еді...).

Бұл жұрнақ Жамиғат - Тауарихта да осылай қолданылған, мысалы: Халайықын адллік білән сураған хан... Достуна дост болуб душманына душман болуб достлық етішті. Нихайат сыз ханлар султанлар өзіне құллұқ қылдүрғандын мурат ол турур... Уа Миср қууатлық уа күчлүк даулатлығ ерділер... (Халқына әділдік жасаған хан... Досына дос, дұшпанына дұшпан болып достық жасады... Хандар мен сұлтандар өзіне құлдық жасатуды мұрат етеді... Және Мысыр қуатты, күшті және дәулетті еді...).

"Шыңғыснамада" да молынан қолданылған, мыс: Тәвәріхләр кі көрдім бұларның бір азырақының атлары бітіклік ерді... Бұ Ежен бірлә Сайын ханлықны бірбірсігә мұрағат қылдылар... (Тарихтарды көрдім: бұлардың біразының аттары жазылған еді... Бұл Ежен мен Сайын хандықты бір-біріне мұра етті...)

  1. -Cыз//-сíз: Сөзжасамдық бұл жұрнақтың шығу тегі, тарихтық жағы тіл білімінде жалпы түрліше түсіндіріледі. Сол ретте оның привативтік мәнде, -лы жұрнағына қарама-қарсы мағынада жұмсалатыны да жиі сөз болады. Ол өзінің басқа сөзге жалғанымдық мүмкіндігінің кеңдігіне қараматан, семантикалық реңкі жағынан түркі тілдерінде жалпы шектеулі жұрнақтар қатарында қаралады. Көбінесе бірыңғай мәнде келіп отырады. Осы арада көңіл аударатын нәрсе:-сыз//-сіз форманты бір өзінде әрі етістік, әрі есім сипаты - екеуі бірдей сақталған етістік негізді есіммен, есептік сан есіммен, сын есіммен сөзжасамдық қатынасқа түсе алмайды. Ол тек белгілі бір нақты затты және грамматикалық жақтан таза зат сипатындағы құбылысты білдіретін есімдерге ғана жалғанып жаңа сын есім жасайды.

Бұл жұрнақ қазіргі тіліміздегідей шежірелерде де жасалған сөзінде белгілі бір қасиеттің жоқ екенін немесе сан, мөлшер, шаманың көптігін білдіреді. Бұл жағынан ол жоғарыда аталған жұрнақтың мағынасына қарама-қарсы болып келеді. Мысалы, "Түркі Шежіресінде": ...Чынгыз хан сансыз черік бірлән келіб Хытай ның бір ұлығ шахарыны алды... Дінмұхаммед бинахайат тентек уа ғайратсыз уа намұссыз кіші ерді... (...Шыңғыс хан сансыз көп сарбазымен келіп Қытайдың бір үлкен қаласын алды... Дінмұхаммед тентек, жігерсіз және намыссыз адам еді...). Бұл жұрнақ "Жамиғат-Тауарихта" да кездеседі, бірақ кей жағдайларда бөлек жазылады, мыс: Китаб сыз қаум дын ерділер... Хисабсыз уа хәр не чақлы оғул тогурдым... (Кітапсыз елден еді... Есепсіз, бірнеше меруерт еді... Алан қуа бірталай уақыттан соң ерсіз жесір қалып еді...Сондай ерсіз ұл тудым...).

  1. -Чы//-чі: Бұл жұрнақ "Түркі шежіресінде" қазіргі қазақ тіліндегідей, сөзге жалғанып, есім мамандық кәсіп иесі мағынасын білдіреді: етүкчі "етікші", мылтықчы "мылтықшы", йылқычы "жылқышы", елчі "елші", пічікчі "1) аспаз; 2) мал оташысы" және т.б. мыс.: Чыңғыз ханға елчі йіберді. Керейт Бөке жирен текеннің йылқычысы ерді. аны бек қылдым бір йігітні дастарханчы қалдым... (Шыңғыс ханға елші жіберді. Керейіт Бөке жиреннің жылқышысы еді. Оны бек қылдым, бір жігітті дастарханшы (ас мәзірін дайындаушы) қылдым...).
  2. -Даш//-таш: Бұл аффикс қазіргі қазақ тіліндегі - лас//-лес жұранғының алғашқы нұсқасы деп айтуға болады, өйткені жазба ескерткіштерде бұл жұрнақтың -лас//-лес варианты кездеспейді. Қазіргі тілімізде -дас//-дес түрі кеңінен қолданылады, мұндағы айырмашылық - тек ш дыбысының с дыбысы болып өзгеруі.

Ол өзінің сөзжасамдық табиғаты жөнінен жалпы сын атауларына тиесілі. Ол туынды түбір сын атауларын жасау жағынан өнімді саналады. Бұл жұрнақ "Түркі Шежіресінде" өте сирек кездеседі, қарындаш "туыс, ағайын", йолдаш "жолдас", мысалы: Барча өзінің қарындашы чынгыз ханны йаш білділер. Қалың қамышның ічінде олтұрұб тұрұр мұны көрді тақы йолдашларына қычқырды... (Барлық туыстары Шыңғыс ханды жас кезінен білетін. Қалың қамыстың ішінде отырғанда оны көрді де жолдастарына айқайлайды...).

Ғалымдардың көпшілігі бұл аффикс жатыс септік жалғауы мен ш формасынан қалыптасқан дейді. Мұндағы ш дыбысын Б.Ю.Юлдашев пен Н.З.Гаджиева көне көптік форма десе, А.А.Юлдашев алғашқы көптік, ортақтық мағынасы тарылып, ортақ етіс формасына айналған аффикс деп таниды.

-Лас//-лес жұрнағы арқылы жасалатын туынды сын есімдердің мағыналары жұрнақ жалғанатын негіздердің мазмұндарына сәйкес бірлестікті, теңдестікті, ұластықты, қарымдастықты, мерзімдестікті білдіреді. Олардың негізгі түрлері төмендегідей:

  1. Адамның алуан түрлі сыр-мінездерімен байланысты абсстракт мағыналы зат есімдерге жалғанып, ондай сипаттардың басқа адамдармен әріптес екендігін білдіреді, мыс: сырлас, пікірлес, көңілдес және т.б.
  2. Адамзат, жан-жануарлардың төркін-тегімен байланысты ұғымды білдіретін зат есімдерге жалғанып, олардың тұқым-туысы бір екендігін білдіретін сын есімдер жасайды: мыс: бауырлас, қарындас және т.б.
  3. Мекен атауларына жалғанады да, олардың нақтылы мағыналарына орай, мекен-орын, жай- қоныс астастығын білдіретін туынды сын есімдер жасайды, мыс: елдес, ауылдас, жерлес және т.б.
  4. Кейбір зат есімдерге жалғанып, олардың нақтылы лексикалық мағыналарына қарай, түрлі қарым-қатынас, мерзім-мөлшер жағынан сыбайлас келетін сындық ұғымдарды білдіреді, мыс: жолдас, істес, замандас және т.б.

- Рақ//-рек жұрнағы қазіргі қазақ тілінде үстеу түбірлі сөздерге жалғанып, олардың негізгі мағынасына қосымша мән береді: мекендік, мезгілдік ұғымдардың мөлшері жалпылама айтылмайды, саралана түсіп, кішірейтпелі түрде көрсетіледі. Бұл тұрғыда аталған аффикс негіз түбірден кейін тікелей жалғанса, кейде араға басқа бір тұлғаны салып та үстемеленеді. Сондай-ақ -рақ//-рек жұрнағы өзінен кейін де басқа қосымшаларды қабылдай береді. Бұл жағдайда алғашқы мағына одан да нақтылана түседі: әріректе, атрқарақ және т.б.

Қаралып отырған жазба ескерткіштер тілінде кездесетін -рақ//-рек аффиксін - лау//-леу жұрнағының синонимі ретінде қарастыруға болады. Өйткені екеуі де салыстырмалы шырай мәнінде жұмсалады: қызылырақ - қызылдау, биігірек - биіктеу және т.б.

-Тағ//-тег, -дағ//-дег қазіргі қазақ тіліміздегі ұқсату, салыстыру, теңдестіру мағынасындағы -дай//-дей, - тай//-тей жұрнағының -тағ//-тег,

-дағ//-дег түрінде қолданылуы жазба ескерткіштерде есімдерге де етістіктерге де жалғанған, ал "Түркі Шежіресінде" сілтеу есімдіктеріне ғана жалғанған, мыс: Андек фұрсатда андақ ләшкәр жәми болды кім хәдд уа нахайаты йоқ ерді... Сізлер алдыдын ұрыш салың мен артындын болайын таңла шондақ қалдылар... (Бұл кезде сондай сарбаз жиналды, олардың еш қарсылығы жоқ еді... "Сіздер алдынан, мен артынан барып соғысайық" деді, таңертең солай жасады...)

-Тағ//-тег, -дағ//-дег жұрнағы "Жамиғат-Тауарих" тілінде сілтеу есімдіктері мен зат есімдерге қосылып, заттың сынын, сипатын түбір білдіретін мәнмен байланысты салыстыра көрсету мәнін білдіреді, мысалы: ...ол сәбәб Қырым білә түрк йапрақдек тірірер ерді... Шам білә ирақға тарих мыңда бешде мұндағ хуруж қылды... (… ол себеп Қырым мен түрікті жапырақ секілді тірілтер еді Шам мен Иракқа мың бесінші жылы осындай салық салды...) -Дай//- дей аффиксінің көнетүркілік сипаты -дағ, мұнда соңғы дыбыс- ғ кейде г. Қазақ тілінің говорларында андақ-мұндақ тәрізді сын есімдер қолданылатыны белгілі. Сонда тілдегі- дай қосымшасы - көнетүркілік қосышаның дыбыстық өзгеріске түскен варианты. Бірақ говорлық ерекшелікте ескі із сақталып, соңғы ұяң дыбыс қатаң дыбысқа айналған. (ғ-г).

Ұқсату, салыстыру, теңдестіру мағынасында "Әділ сұлтан" эпикалық жырында -дай//-дей, -тай//- тей жұрнағы өзгеріссіз қолданылған, мыс: ...қобағы мұрын қиғаш қас бетін айдай балқытып көзін судай толқытып... (...қобағы мұрын, қиғаш қас, бетін айдай балқытып, көзін судай толқытып...).

Негізін қыпшақ тілі құрайтын бұл жазба үлгілерде көне түркі сөздері едәуір мол. Өйткені ол кезеңде ұлт болмаса да жеке халық болып жіктеле бастаған кезед көне түркі тілінің лексикалық қорының қолданыс аясының шектелмендігі байқалады. жазба үлгілердің тілінде қазақ халқының тұрмысына, салт-дәстүріне қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуы қазіргі қазақ тіліндегі тұлғасы да, мағынасы сәйкес келіп жатады. Дегенмен фонологиялық айырмашылықтар жоқ емес. Жазба үлгілер лексикасы мен сөздердің жасалу жолдарының басым көпшілігі қазіргі қазақ тілімен бірдей болып жатады.

Қазіргі қазақ тілінің қалыптасқан сөзжасам жүйесі өте күрделі. Ескі қазақ жазба тілінде қоданылған сөзжасм жүйесі мен ерекшеліктерін зерттеудің, басқаша айтқанда, қазақтың отрағасырлық жазба ескерткіштер тіліндегі сөзжасам үлгілері мен процесін ашу және оның кейінгі кезеңдегі жалғастығын анықтап көрсету өте маңызды іс.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы: - Алматы, 1993. -319 б.
  2. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы: -Алматы, 1996. -302 б.
  3. Энциклопедия. Қазақ тілі: -Алматы, 1998. -823 б.
  4. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. "Түркология": - Түркістан, 2002, №2. -210 б.
  5. Әбілхасымов Б. Әбілғазы ханның Түркі Шежіресі және оның тілі: -Алматы, 2001. -243 б.
  6. Сыздықова Р.Г. Язык Жами ат- Тауарих Жалаири: -Алма-Ата, 1989. -242 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.