Мақалада Қазақстан Республикасында шаған бизнесті мемлекеттік дамытуда әлемдік тәжірибене ескере отырып, ел экономикасында тиімді жақтарын енгізу және қолдану, сондай-ақ бизнес ортаны жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар.
Еуропа елдерінде шағын бизнес дамуының кезеңдік теориясы кең ауқымда таралған, ол "ұйымдық тәртіп" аумағындағы зерттеу нәтижесі негізінде дамыды, бизнес дамуының кезеңдік сипаттарын ерекшелеу негізінде бизнес өлшемін сапалық анықтаудың артуына алып келді. Бизнес өсімі теориясының бір нұсқасы кәсіпорын мөлшерін анықтаумен тікелей байланысты болмаса да, бекітудің сапалы нұсқасын дамыту негізінде пайдаланылады.
Осы теорияның бір нұсқасы кәсіпорын өсімі кезеңінің индикаторы ретінде өнімді арттыру стратегиясына міндеттеліп отыр. Көптеген ғалымдар кәсіпорынды бір өнімді өндіруге бағытталған шағын бизнестен бастап, өнімнің үлкен өндірісі бойынша қызмет диверсификациясына бағытталған ірі кәсіпорындар конгломерат компания ретінде қарастырырып келеді (қызмет көрсету, жаңа технология, "ноу-хау"). өнім дамуының кезеңін сипаттау үшін шағын бизнестің жылдық табысының өндіріске кеткен барлық шығындарының қатынасына тең "мамандандыру коэффиценті" пайдаланылады[4].
Сапалық көзқарастың артықшылығы - теориялық негіздеменің белгілі бір дәрежедегі жетістігі мен әр түрлі кәсіпорындарға "менеджмент жүйесі" т.б. сияқты сапалық критерийлерге тән кең спектр есебі. Бұл тұжырымның кемшіліктері - түрлі сипаттамалар қатарын анықтау негізінде шағын бизнестің ішкі ақпаратқа ену қиындығы және тәжрибені қолдау күрделігі (мысалы, "менеджмент жүйесі"), сондай- ақ критерийлердің ана ғұрлым кең спектрін жатқызуға болады [6].
Монополизм нарықтағы еркін бәсекелестіктің мүмкіндігін жойып, экономикалық өрлеуге кері әсерін тигізетіні анық, себебі капитал мен өндірістің жиынтығын құрайтын монополизм қай кезде де болмасын тоқырау қаупі барын ескеруі керек. Оған қарсы тұра алатын негізгі фактор - ол әлемдік тәжірибеде кең етек алған, оған елімізде енді дамып келе жатқан шағын бизнесті жатқызуға болады. Жалпы алғанда дамыған елдердің қайсысы бірін алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын бизнеске арқа сүйеитіні аңық.
Шағын бизнестің артықшылықтары белгілі. Бұл - шағын бизнестің қарқындылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында және басқа жұмыс жасау салаласында жаңалықтарды еңгізе алу қабілеттілігі. Және де, шағын бизнестегі еңбек ұжымында тұрақсыз байланыс орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым болмайды, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады. Шағын бизнестің осындай экономикалық және әлеуметтік функциялары шағынбизнесті дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына қосуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бір бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Шағын кәсіпорындардың ірі ұйымдармен тиімді ынтымақтастық орнату үлкен бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделіп жатыр. Және де ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу және қызмет көрсету кұқығы үшін өзара бәсекелестікке барады, бұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың тұрақтылығын және өндірістік әртараптандырылуын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет жасайды. Шағын бизнес нарықта консалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары негізінде қызмет көрсетумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады[4].
Соңғы кездері дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде шағын бизнестің дамуы маңызды рол атқарып отыр. Егер 1970 жылдары АҚШ-та орта шамамен жыл сайын 150 мың шағын бизнес тіркелсе, 80 жылдары - 250 мың, ал 90 жылдары - 380 мың, ал 2010 жылдары жыл сайын 730 мың шағын бизнеске дейін орташа шамамен тіркеліп отырады. Бұл құбылыстың себебі шағын бизнестің дамып отырған қоғамдық тұтынушылықты дер кезінде қанағаттандыра алу қабілетімен, ғылыми техникалық жаналық барысында өндірістік құрал-жабдықтардың жеткіліктігімен аралас экономикадағы әр түрлі меншік формаларының біркелкі мүмкіндігімен түсіндіріледі. Шағын бизнес - шешім қабылдау оны жүзеге асырудағы еркіндік, іскерлік нәтижесіне толық экономикалық және құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ шығармашылық ынта батылдығымен көрсетіледі[6]. Әлемдік тәжірибеде мемлекет пен қоғам мүддесінде шағын бизнесті мемлекеттік қолдау маңызды орынға ие болып отыр. Мұндағы мемлекеттің негізгі міндеті шағын кәсіпорындарға қаржылық, техникалық және өзге де ресурстарды беру емес, соңымен қатар оларды қандай да бір деңгейде болсын қолдауды менземейді, олардың өмір сүруі үшін экономикалық және құқықтық жағдай туғызу, нарық жағдайында өсіп, өмір сүре алуына жағдай жасаудан басталады. Азия, АҚШ, Жапония, Еуропа сияқты әлемнің көптеген елдерінде және Латын Америка елдерінде шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсету қарқынды жүруде. Барлық Еуропа, әсіресе, өтпелі экономикасы бар елдер (Шығыс Еуропа) шағын бизнесті мемлекеттік қолдауда өз үлестерін қосуды арттыруға үлкен назар аударады.
Экономикалық әріптестік және дамуды ұйымдастыру елдерінде барлық кәсіпорындардың 99% - бұл жұмыс орындарының негізгі ортасы (жұмыс бастылықтың 30% - 80%) және ЖІӨ-нің 30%- 60%-ын шағын кәсіпорындар қамтамасыз етеді. Шағын бизнесті дамытпай, нарықтық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Себебі, бұл - нарықтық қатынастарды алға тартушы буын. "Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында: АҚШ, Жапония, Франция, Ұлыбритания сияқты елдерде шағын бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 70%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын құрайды" [1]. Сондықтан да еліміздің шағын бизнесті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын жасауымыз керек. Ал біздің елде шағын бизнестің ЖІӨ-гі үлесі 20%-ды ғана құрайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жақсы дамыған қоғамға, экономикасы жоғары дамыған нарықты экономикаға өтетін негізгі жол болуы керек. Сондай-ақ, Елбасы шағын бизнесті дамыту Қазақстанның аса маңызды мақсаттарының бірі екенін нақты көрсеткен болатын[1].
Шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар |
|||||
---|---|---|---|---|---|
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
2016 жыл |
|
Қазақстан Республикасы |
1 445 158 |
1 546 428 |
1 871 067 |
8 007 342 |
10 200 061 |
Ақмола |
40 039 |
43 251 |
50 297 |
179 733 |
261 622 |
Ақтөбе |
59 857 |
59 036 |
76 663 |
293 857 |
395 200 |
Алматы |
78 510 |
109 436 |
128 284 |
330 982 |
393 891 |
Атырау |
55 343 |
43 733 |
58 622 |
280 220 |
644 305 |
Батыс Қазақстан |
74 304 |
53 652 |
92 250 |
928 183 |
791 143 |
Жамбыл |
30 671 |
32 090 |
46 047 |
112 064 |
161 065 |
Қарағанды |
103 991 |
117 702 |
124 936 |
329 511 |
419 748 |
Қостанай |
64 486 |
73 764 |
64 973 |
207 762 |
244 159 |
Қызылорда |
36 546 |
70 843 |
49 995 |
97 386 |
144 943 |
Маңғыстау |
64 311 |
57 553 |
54 849 |
358 422 |
454 141 |
Оңтүстік Қазақстан |
102 299 |
118 433 |
129 093 |
353 431 |
461 808 |
Павлодар |
70 936 |
74 279 |
76 800 |
320 316 |
417 374 |
Солтүстік Қазақстан |
33 581 |
36 191 |
50 479 |
109 157 |
151 040 |
Шығыс Қазақстан |
90 408 |
99 099 |
108 222 |
204 400 |
267 752 |
Астана қаласы |
206 819 |
202 601 |
332 005 |
2 263 708 |
2 617 572 |
Алматы қаласы |
333 057 |
354 765 |
427 552 |
1 638210 |
2 374 298 |
Кесте - 1. Шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілерінің өнім шығарылымы млн. теңге
Ескерту – кесте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мәліметтері негізінде автормен құрастырылды[2].
1996 жылы Еуропалық Қауымдастығы жеке секторының шамамен 17,7 млн. кәсіпорындары шағын бизнес кәсіпорындары ретінде қызмет атқарды. Еуропалық Қауымдастық елдеріндегі бизнес үшін неғұрлым тиімділері шағын кәсіпорындар болып табылады (1-9 адам). Мұнда олар шамамен 16,5 млн.
Еуропалық Қауымдастығы деңгейінде шағын бизнестің арту рөлі дамыған елдердің көбісінде мақсаттары төмендегілер болып табылатын арнайы саясатты өңдеу қажеттілігіне әкеліп соқты:
- шағын кәсіпорындардың халықаралық бәсекеқабілеттілігін арттыру;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- шағын кәсіпорындардың экономикалық өсімін арттыру;
- шетел компаниялары мен инвестицияларын тарту;
- инновациялық іс-әрекет;
- технология трансферттері.
Еуропалық Қауымдастығына мүше елдерінде шағын және орта бизнеске қатысты саясат тұжырымдамасы федералды биліктің айырмашылығы болып табылады, сондай-ақ негізгі шаралар жергілікті билік органдары деңгейінде жүзеге асырылады.
Ұлыбританиядағы "Экспорттық бастама" мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың бастамасы бола алады. Ол халықаралық саудадағы потенциалды экспортерлердің қызығушылығын арттыруға және олардың көлемін арттыруға бағдарланған. Экспорттық бастама мыналарды қамтиды:
- жеке сектормен байланысты және тәжірибесі жоқ экспортерлерге мамандардың кеңес берушілік қызметтерін ұсынатын сауда-саттық пен өнеркәсіп бөлімдері;
- "өзіндік көмек көрсетуді" қамтамасыз ететін ақпараттық орталық, сондай-ақ кәсіпорын үшін нарықтарды іздеумен байланысты ақпараттық мүмкіндіктерді ұсыну;
- кәсіпорынмен өндірілген өнімдер және нарықтар негізінде экспорттық ізденіс;
- өнімге сұраныс, жергілікті бәсекелік қабілеттілік, маркетингтік зерттеу өткізу жөнінде кеңес беру және ақпараттық қызметтерді ұсынатын анықтамалар қызметі[6].
Шағын бизнес еуропадағы жұмыс орындарының басты қайнар көзі болып табылады. Осы саладағы негізгі мәселе - білім беру жүйесі мен еңбек нарығының керекті деңгейде тепе-тендікте болмауы, сондай-ақ мамандар дайындаудың төмен дамыған жүйелерін келтіруге болады[4].
Соңғы онжылдықтарда экономикасы жақсы дамыған Батыс еуропа елдерінде бәсекенің дамуы негізінде шағын бизнестің рөлі артты. Мұның негізгі себебі - экономикалық сектор кәсіпорындарына тән артықшылықтар.
Тұрақты экономикалық жүйеде шағын бизнес: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделуі, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына ықпал етеді, жаңа жұмыс орындары пайда болады, жаңа меншік иелері мен бизнес тобының құрылуына себеп болады деген ойдамыз, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске иелік етеді, мемлекетгік бюджетке үлкен мөлшерде қаржы құяды.
Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар осындай салаларда үлкен рөл атқарады: құрылыс саласы, автожөндеуқызмет, сауда көрсету салаларында. Қазір шағын кәсіпорындар жоғары технологиялық салаларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет көрсету, микроэлектроника, телекоммуникация салалары әртараптандырылуда.
Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән құбылыс.
Батыс елдерде шағын бизнес арнайы қабылданған заңдар мен дайындалған Бағдарламалар арқылы дамуда және шағын бизнесті дамыту негізінде қабылданған. Бағдарламалар жалпы экономиканы дамытудың жалпы ұлттық стратегияларымен байланыстырылған[4]. Мысалы Жапония елінде жұмыс жасаушы субъектілер қызметі 12 заң негізінде реттеледі, соның ішінде экономиканың осы саласының мәнін, міндеттерін, құқықтарын және жеңілдіктерін "шағын және орта кәсіпорындар туралы негізгі заң негізінде" аныкталады, АҚШ-та шағын бизнесті дамытудың негізгі төл құжатына "шағын бизнес туралы акт" жатады; Германия елінде - "жазалаушы құқық"; Көрші еліміз Қытайда шағын кәсіпорындарға көмектесу туралы заңның жаңа жобасы жұмыс жасайды және т.б. жалпылай келгенде шағын бизнестің даму деңгейі субмердігерлік жүйе арқасында ірі бизнестің даму деңгейіне әсер етеді. Жапонияда орта кәсіпорындар ірі кәсіпорындардан тапсырыстарды қабылдай келе, олардың жартысы шағындарға беріледі. Сондай-ақ, мысалы: 2015 жылы Жапонияның 66,1%-ға жуық шағын кәсіпорындары өзінің даму стратегиясын кооперациямен және ірі компания тапсырысымен байланыстырды. Өзге елдерде субъектілер жұмысы ірі бизнеспен тікелей байланысты.
Жоғарыда аталған елдерде шағын бизнестің инфрақұрылымына үлкен назар аударылады. Ол бизнесмендерге қызметтер жиынтығын (маркетинг, мамандарды даярлау, сақтандыру және т.б.) көрсететін, бизнес-инкубаторлармен; техно-парктермен; субъектілерді несиелеу, қаржылық ұйымдармен және институттармен; қоғамдық ұйымдармен көрсетілген. Қаржы институттарына шағын бизнестің Қаржылық корпорациялары; Халықтық қаржылық корпорациялар, банктер, арнайы құрылған қорлар, мемлекеттік бюджеттер кіреді. Атап айтқанда, жоғарыда келтірілген елдерде шағын бизнес қысқа, орташа және ұзақ мерзімді негізде несиеленеді және пайыздық мөлшерлемелері салыстырмалы түрде азырақ. Ерекше көңіл "ноу-хауға" байланысты жобаларға бөлінеді.
Шағын бизнестің негізгі салықтық саясаты салық жеңілдіктерінің толық жүйесі қарастырылған. Демек АҚШ- да табысы 50 мың долларға дейін шағын бизнес үшін салықтар мөлшерлемесі 15%, 70 мың доллларға дейін - 25% елдегі максималды мөлшерлеме 34% құрап отыр.
Соңғы кездері экономикалық өсу деңгейі бойынша Қытай әлемдік көш бастаушы елдері қатарында. 1997-2007 жылдары аралығында жалпы ішкі өнімінің жылдық орташа өсімі 9,6% құрады. Жалпы алғанда осы жылдардағы жалпы ішкі өнім көлемі 5,7 есеге, ал жан басына шаққандағы 4,4 есеге ұлғайып отыр. Көптеген дамыған елдер тәжірибесін қарастыру негізінде Қазақстан өз экономикасын дамытуда осы саланы экономикамыздың басты драйверіне айналдыру негізінде көптеген елдер тәжірибесін қарсатырып ел экономикасына қолайлысы мен жақының ескеріп талдау мен зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Осылайша, шағын бизнес экономикалық тұрғыда белсенді тұрғындардың арасындағы барынша кеңінен тараған қызметтің түріне айналып отыр. Бұл - мемлекетіміздің жоспарлы саясатының дұрыс таңдалғанын, сондай-ақ еліміздегі бизнес-климаттың қолайлы екенін көрсетіп отыр.
"Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары қаралған"[4, 3]. Осы бес бағыттар негізінде бірқатар мәселелерді шешу қажеттігін, Елбасы өз жолдауында айқындап өтті. Осы жолдаудын бесінші бағытын толықтай шағын және орта бизнесті дамытуға арнады[6].
"Бесінші бағытта шағын және орта бизнесті дамыту - ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы ретінде қарастырылған. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты болуы тиіс"[3]. Бізде шағын және орта бизнестің 1185163 мыңнан астам субъектісі тіркелген, онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық жұмыс жасайды. Бұл саладағы өнім көлемі төрт жылда 1,7 есеге артып 8,5 млрд. теңгені құрады.
Әлемдік рейтингке сәйкес, "Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдай жасаған елдер қатарына кірді және біз осы бағытты одан әрі нығайтып дамытуға тиіспіз. Шағын бизнес - еліміздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамын дамытудың экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жеке меншік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық осал құқықтық нормалар күшін жою қажет"[3]. Елбасы шағын бизнесті ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналдыру қажет екенін атап өткен болатын.
"Заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар, жұмыскерлердің жылдық орташа саны 10 адамға дейінгі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар шағын бизнес субъектілеріне жатқызылады. Шағын бизнес субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді және тиісінше шағын бизнестің субъектілері үшін көзделген жеңілдіктерді пайдаланады. Шағын бизнестің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы сомасы 60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі[5, 6]. "Орта бизнестің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы сомасы 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады. Ірі кәсіпкерліктің субъектілеріне жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы сомасы 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады"[5, 6].
Шағын бизнесті мамандандыруды келешекте оларды орта деңгейге ауыстыру перспективасымен дамыту шараларын қабылдау маңызды болып отыр. Осы сектор субъектілерінің банкроттығының айқын тетіктерін енгізген дұрыс деген ойдамыз. Шағын бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындар төңірегінде дамуы керек. Елбасы Үкіметке индустрияландырудың екінші бесжылдығы жоспарын "Бизнес-2020" жол картасымен үйлестіруді тапсырған болатын[1, 6]. Сондай-ақ, "Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын енді бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді жолдарын анықтауы керек"[1, 6].
Қорытындылай келе шағын бизнестің нарықтық экономикада алатын орны ерекше. Себебі, шағын бизнес - экономиканың ұтқыр әрі оң нәтиже көрсеткен секторы және экономикалық өсу факторы екені бәрімізге түсінікті. Аса өзекті экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу кезінде шағын бизнестің рөлі айтарлықтай басым. Мемлекет тарапынан елеулі шығындарды талап етпестен бұрын, шағын бизнес "салауатты" бәсекелі ортаның пайда болуына, нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуына, жаңа жұмыс орындарын құруға, жағдайы орта тұрғындар қатарының қалыптасуына, тұрғындардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасап жатыр, ал бұл - өз кезегінде, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етеді деген ойдамыз.
Шағын бизнестің даму мәселелері біздің еліміздің атқамінерлері үшін әрдайым үлкен мәселе болғандықтан. "Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"[1] атты жолдауында шағын және орта бизнестің дамуын - еліміздің экономикалық тұрғыдағы басым бағыттарының біріне жатқызған болатын. Шағын бизнесті дамыту - Қазақстанның ХХI ғасырдағы әлеуметтік және индустриалдық жаңаруының басты құралына айналуда. Біздің экономикамыздағы шағын бизнестің үлесі айтарлықтай көп болса - Қазақстанның дамуы да соншалықты тұрақты болады деген ойдамыз"[1].
Әлемдік тәжірибеде шағын бизнестің экономикадағы рөлі жоғары деңгейде екенін көрсетіп отыр. Шағын бизнестің деңгейіне байланысты, ғалымдар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін қарастыруда. Елімізде шағын бизнес қиыншылықтарға қарамастан дамып келеді, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше арқылы даму үстінде.
Әдебиеттер тізімі:
- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ". 2014 жылғы 17 қаңтар. Кіру режимі: http://www.parlam.kz/AspNetForums/ presidend-speech/33
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті, www.stat.gov.kz
- "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік", Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар.
- "Ғылым және білім - 2015" атты студенттер мен жас ғалымдардың Х халықаралық ғылыми конференциясы. Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/ nauka-i-obrazovanie-2015/, 2015. - 7419 стр. ISBN 978-996531-695-1
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ. Кіру режимі: http://adilet.zan.kz/ kaz/docs/K1500000375
- Шағын кәсіпорынның маңызы және міндеттері. Кіру режимі: https://bestreferat.kz/extra_rkd/show/91