Қазақстанның заманауи металлургиялық өнеркәсібі - экономиканың көптеген секторларының өзара әрекеттестігінің платформасы болып табылатын және елдің макроэкономикалық индикаторларының құрылуына айтарлықтай әсер ететін экономиканың белсенді құраушысы.
Қазақстанның металлургиялық кәсіпорындарының көпшілігі негізгі құраушы кәсіпорындар болып табылады, ал олардың жағдайының жақсы болуы көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етеді, мысалы: жұмыссыздықтың азаюы, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы т.с.с.
Бағаның құрылуының басты факторлары: төмен жалақы, арзан энергетикалық ресурстар мен аз амортизациялық шығындар қазақстандық металлургиялқ өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Осы орайда, мақалада отандық металлургия және металл бұйымдары өндірісінің даму қарқынын талдап, оның даму мәселелерді анықтаған.
Жаһандық металлургиялық өндіріс орталығы Азияға қарай орын ауыстыруда, мұнда Қазақстан өндіру шамасы жағынан Қытай мен Ресейден кейінгі үшінші орынды иеленеді.
Металлургиялық сала Қазақстанның металлургиялық өндірісінің дәстүрін жалғастырушы білікті жұмысшылар мен инженер-технологтарын сақтап қалды, жұмыс күшін тарту үшін оңтайлы жағдайлар жасалуда, мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау ынталандырылуда. Қазақстанның артықшылығы келесі элементтердің минералды кендерінің маңызды көлеміне негізделеді:
- Қазақстанның мыс қоры 37 млн.тоннаға бағаланады немесе әлемдік қордың 5,5% құрайды;
- Қазақстандағы мырыштың қуатталған қоры 25,7 млн.тонна (әлемдік қордың 9,5%), қорғасынның қуатталған қоры 11,7 млн. тонна (немесе әлемдік қордың 10,1%);
- алюминий. Қазақстандық боксит қоры әлемдегі барлық қордың 1% құрайды. Барлау жасалынған кен орындары жақын арадағы 50 жыл бойы саланы тұрақты түрде дамытуға кепілдік береді;
- Қазақстан, кенінің жоғары сапасымен сипатталатын (45-50% хром тотығы)хромиттер қоры бойынша әлемдік көшбасшы болып саналады;
- Қазақстан, алтынның барлау жасалынған қоры бойынша әлемде 18-орынды және бір тоннадағы алтынның орташа құрамы бойынша 11-орынды иеленеді (бір тоннада 6.3 г).
Кен өндіру өнеркәсібі мен металлургия Қазақстандағы ең бәсекеге қабілетті және қарқынды дамушы салалардың бірі болып табылады. Қазақстанның жер қойнауында Менделеевтің периодтық жүйесіндегі 100 шақты химиялық элемент табылған, олардың 60-астамы коммерциялық қолданыста.
Қазақстандағы мыс, қорғасын және мырыш кені, сәйкесінше, әлемдік қордың 5,5%, 10% және 13% құрайды.
Бүгінгі таңда Қазақстан титан өндірісі бойынша әлемдегі
- 3-орынды, мырыш - 7-орынды, қорғасын - 8-орынды, темір кені - 13-орынды, мыс - 15-орынды және болат өндірісі
- 35-орынды иеленеді. Қазақстандағы жалпы көмір қоры 150 миллиард тоннаны құрайды.
Қазақстанда түсті металлмен салыстырғанда қара металлдың артықшылығы - осы қорлардың 73% жеңіл өндірілетін кен ретінде жіктеледі, қиын өндірілетіні 20% құрайды және 6,9% байытуды қажет етпейтін кен болып табылады. Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі болып табылады, 2009 жылдан бері Қазақстан сирек кездесетін металлдардың 15 түрінің концентратын өндіру мүмкіндігін иеленеді, өндіріс көлемі жыл сайын 1,500 тоннаға дейін артуда.
Қазақстанның кен өнеркәсібі мен металлургиясының кешені металл өңдеу бойынша жуық шамамен 30 жаңа кәсіпорынды дамытуға есептелген. Жоғары технологиялық тауарларды өндіру қарқынын арттыруға және экспортты кеңейтуге басымдылық берілген. Қазақстан логистикасының дамушы инфрақұрылымы мен елдің, металлургия өнімдерін тұтынушы басты нарықтардың - Қытай мен Еуропаның ортасында орналасуы ҚР-ның Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстанның таукен-металлургиялық кешенінің үлесі ІЖӨ 7% және еліміздегі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 22% құрайды. Таукен өндірісінің үлесі жалпы экспорттың 30% құрайды, мұнда өндірілген кеннің 80% сыртқы нарыққа жөнелтіледі. Өңдеуші өнеркәсіпте металлургиялық саланың үлесіне ТМК-нің жалпы өнімінің 35% астамы тиеді. ТМК- нің құрамына 70-астам кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді, Қазақстанның индустрияландыру Картасының аясында жаңа 16 металлургиялық комбинат құрылуда.
ҚР-ның Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2015жылғы 1 қаңтарда "Металлургия" қызметі түрі бойынша 199 ірі және 600 орта кәсіпорын тіркелген, соның ішінде: темір кенін өндіруші 10 кәсіпорын, 70 кәсіпорын түсті металлургия өндіруші, 71 кәсіпорын қара металлдарды қайта өңдеуші, 48 кәсіпорын түсті және асыл металлдарды қайта өңдеуші, 600 орта және шағын кәсіпорын дайын өнімдерді өндіруші болып табылады [1].
Ал отандық металлургия өнеркәсібін Қарағанды қаласы негізінде қарастыратын болсақ, Өңірдің жер қойнауында қара, түрлі-түсті, сирек жер Металлдары және өзге де пайдалы қазбаларға тұнған. Бұл фактор түрлі-түсті және қара металлургияны дамытуға, сонымен байланысты химиялық өнеркәсіп пен машина жасауға қолайлы жағдай тудырады. Қала өңдеу өнеркәсібінің неғұрлым ірі салалары: тамақ өнеркәсібі, сусындар өндірісін қоса санағанда, Металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдарын өндіру және машина жасау.
2014 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 161 968 млн. теңгені құраған, ол 2012 жылдың көрсеткішіне қарағанда 109,0%.
Өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп өнімі көлеміндегі үлесі - 55,1% (1 кесте).
1 кесте - Қарағанды қаласының өңдеу саласының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы
Көрсеткіш |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 жыл |
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі, млн. теңге |
148542,3 |
145496,3 |
161968,0 |
108861,8 |
НКИ, % |
108,8 |
100,3 |
105,8 |
92 |
Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсібі саласының үлестік салмағы, % |
57,2 |
58,5 |
55,1 |
58,0 |
Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам |
16171 |
16765 |
15 701 |
15 233 |
Оның ішінде |
||||
Ірі және орта кәсіпорындар бойынша өндіріс көлемі, млн. теңге |
94669,2 |
88163,4 |
95624,7 |
70334,6 |
Ескерту: Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған 2015 жылғы 23 желтоқсандағы LIV сессиясының «Қарағанды қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» №549 шешімімен бекітілген Қарағанды қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасы мәліметтер негізінде құрастырылған [2]. |
Отандық тау-кен металлургия кешенінің негізгі проблемалары: шикізат базасының сарқылуы, пайдаланылатын шикізат кешендігінің төмендігі, негізгі өндірістік қорлардың тозу дәрежесінің жоғары болуы, қоршаған орта ластануының жоғары дәрежесі және технологиялық артта қалу, толық өндіріс тізбегі бар интеграцияланған кешендердің болмауы (өндіруден бастап тауарлық дайындығының дәрежесі жоғары өнім шығаруға дейінгі), ішкі нарық сыйымдылығының аз болуы және бытыраңқылығы, өнімнің энергияны, еңбекті және материалды көп қажет етуі, инвентарлық жылжымалы құрамның өткір жетіспеушілігі. Дегенмен, Қарағанды қаласының металлургия өнеркәсібінің незізгі көрсеткіштерінің динамикасын да қарастыру қажет, ол келесі кестеде ұсынылған (2 кесте).
2 кесте - Қарағанды қаласының Металлургия өнеркәсібінің незізгі көрсеткіштерінің динамикасы
Көрсеткіш |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 жыл |
Металлуригия өнеркәсібінің өндіріс көлемі, млн. теңге |
14916,0 |
16242,2 |
13899,4 |
10030,7 |
НКИ, % |
124,5 |
111,4 |
86,5 |
72,2 |
Жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі Металлургия өнеркәсібінің үлес салмағы, % |
5,7 |
6,5 |
4,7 |
5,3 |
Оның ішінде: |
||||
Ірі және орта кәсіпорындар бойынша өндіріс көлемі млн. теңге |
9690,8 |
8663,6 |
8156,7 |
4376,7 |
Ескерту: Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған 2015 жылғы 23 желтоқсандағы LIV сессиясының «Қарағанды қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» №549 шешімімен бекітілген Қарағанды қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасы мәліметтер негізінде құрастырылған [2]. |
2014 жылы металлургия өнеркәсібінде және дайын металл өнімдерін шығару саласында 13899,4 млн. теңгеге (жалпы көлемнің 4,7%) немесе 2012 жылдың көрсеткішінің 93,3% деңгейінде өнім шығарылған. 2015 жылдың 9 айында бұл саланың жалпы өндіріс көлемі 10030,7 млн. теңгені немесе 2014 жылдың көрсеткішіне 90,1% құрады. НКИ - 72,2%. Суретте металлургия өнеркәсібінің өндіріс көлемі, млн. теңгеге шағып есептеліп [2] деректер бойынша құрастырылған келтірілген.
Өндіріс көлемдерінің төмендеуі өнімге сұраныс азайғандықтан аталмыш саланың ірі кәсіпорындары көлемдерінің кемуіне байланысты. Қарағанды аймағы бойынша металл бұйымдарын өндіретін ең ірі кәсіпорындарының бірі - "Қарағанды Металл бұйымдары зауыты" ЖШС. Оның өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері 3 кестеде ұсынылған.
3 кесте - «Қарағанды Металл бұйымдары зауыты» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіш |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 жыл 9 айы |
Өндіріс көлемі, млн. теңге |
386,7 |
355,6 |
329,0 |
249,9 |
Балалар велосипедтері, екі дөңгелектіден басқасы, мың дана |
63,2 |
53,4 |
42,6 |
36,0 |
Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам |
175 |
168 |
158 |
135 |
Ескерту: Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған 2015 жылғы 23 желтоқсандағы LIV сессиясының «Қарағанды қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» №549 шешімімен бекітілген Қарағанды қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасы мәліметтер негізінде құрастырылған [2]. |
Осы саланың тағы бір кәсіпорыны - қызметінің негізгі түрі металл өңдеу мен дайын Металл бұйымдарын шығару болып табылатын "Қарағанды металл бұйымдары зауыты" ЖШС болуына қарамастан оның өндіріс көлемінің даму динамикасында кері көрсеткіштер анықталды. Сонымен қатар, 201-2015 жылдары уақыт аралығында Қарағанды қаласының экономикасына кәсіпорындармен ұйымдардан түскен қаражат көлеі 221,2 млрд. теңгені құраған. Дегенмен, аталған саланы дамытудың бірден-бір жолы, инвестиция тарту болып табылмақ. Ал осы инвестиция көлемі 2015 жылы 84,5 млрд. теңге немесе 2013 жылға қарағанда 22% артық игерілді (4 -кесте).
4 кесте - Инвестициялық көрсеткіштерінің динамикасы
Көрсеткіш |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
Адам басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялар өсімінің екпіні % |
145,2 |
139,9 |
||
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге |
69330,9 |
67435,5 |
84540,2 |
63100,9 |
Оның ішінде қаржыландыру көздері бойынша |
||||
Өзіндік қаражаттар есебінен, млн. теңге |
46987,0 |
45933,5 |
61664,8 |
45348,6 |
Сыртқы инвестициялар, млн. теңге |
- |
11636,6 |
14588,3 |
11003,4 |
Оның ішінде салалар бойынша |
||||
Өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестицияла, млн. теңге |
30781,0 |
35683,9 |
43351,8 |
29 453,8 |
Оның ішінде |
||||
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталға инвестициялары, % |
77,5 |
149,6 |
104,1 |
107,2 |
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталға инвестициялары, млн. теңге |
5749,1 |
9065,1 |
9940,2 |
5997,4 |
Ескерту: Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған 2015 жылғы 23 желтоқсандағы LIV сессиясының «Қарағанды қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» №549 шешімімен бекітілген Қарағанды қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасы мәліметтер негізінде құрастырылған [2]. |
2012-2014 жылдары кәсіпорындарының жеке қаражаттарының есебінен инвестициялар 3% артты және 72,9% құрады. 2013-2014 жылдары сыртқы инвестициялардың үлесі 17,2% немесе осы кезеңде игерілген негізгі капиталға жалпы инвестицияның көлемі 26,2 млрд. теңгені құрады (151,9 млрд .теңге).
Сонымен қатар 2015 жылы кәсіпорындағы өндіріс көлемі 329,0 млн. теңгені құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 14,9%-ға төмендеді [2].
Металлургия және металл бұйымдар өнімдерінің ішкі орта өсіміне де талдау жасалды.
Күшті жақтары:
- ірі өткізім нарықтарына жақын орналасу (Ресей, Қытай);
- металлургия-Металл өңдеу саласында айрықша экономикалық ынтасы және өнімдер өндірудегі инновациялық ынтасы;
- елдің аумағында облыстың орталықта орналасуының ерекше транзиттік ынтасы;
- өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіпорын өндірістерін қайта құру және жаңғырту.
Әлсіз жақтары:
- дәстүрлі және ескі технологиялырдың жоғары энерго, еңбек және материал үнемдеумен алмасып отыруы;
- бірқатар кәсіпорындарда маркетинг қызметінің әлсіз ұйымдастырылуы, сату нарықтарының азаюы;
- бірқатар кәсіпорындардың шығынға ұшырауы, төмен тиімділігі;
- бірқатар кәсіпорындардың бюджеттік тапсырыстарға және өнімді кезеңмен қолдануға тәуелдігі.
Мүмкіндіктері:
- шикізат қорының болуы және елдің қажеттілігін қамтамасыз ететін көлемде өндіру үшін қуаттардың даму мүмкіндігі;
- "Өнімділік 2020", "Бизнестің жол картасы 2020", "Экспорт 2020" бағдарламаларының аясында мемлекеттік қолдау өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыруға және аймақтың экономикасын бөлшектеуге мүмкіндік береді;
- өңделген экспорт өсу қарқынын және көлемін арттыру;
- негізгі капиталға инвестиция салу мүмкіндігі кезінде жаңа жұмыс орындарының артуына мүмкіндік беретін экономиканың басым секторларын ынталандыру;
- экспортталатын өнімге қосымша құнға салықты қайтару және босату түрінде экспорттаушы- кәсіпорындарды қолдау.
Қатерлері:
- өндірудің және техникалық шарттарының нашарлауы;
- ішкі нарықтың технологиялық дамуда артта қалушылық және аймақтық экономиканың салалық дұрыс бөлінбеуінен импортқа тәуелдідігінің артуы;
- Қазақстан Республикасының КО және ӘСҰ енгеннен кейін өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің бәсекеге қабілеттігінің күрт төмендеуі.
Осы орайда өзекті мәселелер қатары анықталады:
- металл бұйымдарының бәсекеге қабілеттілігі көп жағдайда транспорттық тарифтік саясатқа тәуелді, ол бұйымдар бағасының көтерілуіне әкеп соқтырады;
- металл бұйымдарының бәсекеге қабілеттігін арттырудың маңызды факторы өнімнің сапасын жақсарту. Ол түрлі тұтынушылар тобының талаптарына сай болуы керек;
- экономикалық өсімнің жалпы баяулығы және валюталық тұрақсыздық экспорттаушы кәсіпорындардың қызметіне кері әсер етеді;
- шикізатты және өңдеудің химиялық заттарын шет елдік өндірушілерден сатып алатындықтан жеңіл өнеркәсіп өнімінің өзіндік құнының арттырады, ол аталмыш саланың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді;
- ішкі және сыртқы нарықта өнімге сұраныстың төмендігі;
- комерциялық кредитнің жоғары пайызы, ол жобалық қуатқа жетуін қиындатады және салынған салымдардың өзін өзі ақтау мерзімін созады;
- білікті мамандардың аздығы, шет елдік еңбек күшіне жоғары қажеттілік.
Аталған мәселелерді шешу жолдарын қарастыру негізінде жаңа технологиялық, инновациялық кәсіпорындар құру, қолданыстағы қуаттарды қайта жаңғырту және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуі қажет. Соның нәтижесінде, кәсіпорындар жаңа өнімдер, оның ішінде импорт алмастырушы өнімдер шығару бойынша технологияларды енгізуге мүмкіндік алады. Жаңа өндірістерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін қажет мамандарды "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында оқыту және техникалық мамандықтарға гранттарды ұлғайту қажет. Ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметіне жасалатын жүйелі мониторинг, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындардың тауарларды (бұйымдарды), жұмыстарды және қызметтерді сатып алуындағы жергілікті құрам үлесіне түбегейлі мониторинг жүргізілуі тиіс. Қазақстандық құрамды дамыту аясында тауар (бұйым) өндірушілерге өзекті мәселелерді шешуде және өнімді өткізу нарығын қамтамасыз етуде, соның ішінде Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасы аясында мемлекеттік сатып алуға отандық тауар өндірушілердің өнімдеріне тарту бойынша көмек көрсетіледі. Күн сайын жергілікті тауар (бұйым) өндірушілердің республикалық, облыстық форумдар мен көрмелерге қатысуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуі қажет.
Әдебиеттер тізімі:
- Өңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған. - Электронды сілтеме: http://karaganda- akimat.gov.kz
- Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған 2015 жылғы 23 желтоқсандағы LIV сессиясының "Қарағанды қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы" №549 шешімімен бекітілген Қарағанды қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасы - Қарағанды қ., 2015 жыл. - Электронды сілтеме: http:/ /karaganda-akimat.gov.kz
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 887 қаулысымен бекітілген "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы. - Электронды сілтеме: http://karaganda-akimat.gov.kz
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 мамырдағы N 376 Қаулысы "Қазақстан Республикасында тау-кен-металлургия саласын дамытудың кейбір мәселелері туралы". - Электронды сілтеме: http://karaganda-akimat.gov.kz