Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері

Мақала ҚР Бүкіләлемдік сауда ұйымына ену: тарифтер және сауданы дұрыс жүргізу ережелері, импорттық баждар, халықаралық келісім-шарттар және ҚР-ның ДСҰ- ға кірудегі жағымды және жағымсыз жақтары туралы жазылған. ҚР-ның ДСҰ- ға кірудегі сыртқы сауданың негізгі көрсеткіштеріне теоретикалық талдау жасалған.

1 Берілген мақала ғылыми-зерттеу тақырыбына арналған, жобаның аталуы: "Бүкіләлемдік сауда ұйымына ену жағдайында Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері" ҒБМ- ның фундаменталдық зерттеу бағдарламасына сәйкес гранттық қаржыландыру № 5162 ГФ4 2015-2017жж.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда, артықшылықтары көп болады. Себебі ДСҰ-на кіруші елдермен келісім сөздер кезінде ең үлкен дау импортталатын тауарларға қатысты баж қойылымдарын төмендету маңайында туындайды. Қазақстан ДСҰ-на кіру барысында импорттық баждарды орта салмақтанған деңгейге дейін төмендетуі керек. Қазақстанның ДС?-на кіруіне қарсы келушілер мұндай сыртқы сауда режимін либеризациялау экономиканы толығымен шет елдік тауарларға ашып береді, нәтижесінде көптеген отандық өндірушілер жабылып, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтірілуі мүмкін. Дүниежүзілік сауда ұйымының жекелеген мүшелері арасындағы ресми емес екі жақты немесе көп жақты келіссөздерді талап етуі мүкін.

Қазақстанның қосылуы жөніндегі келіссөздер барысында төмендегідей салаларда сауалнамалар туындайды:

  • бағаны түзетуді реттеу ережелері мен тәжірибесі;
  • салықтандыру жүйесі;
  • жекелеген экономикалық, ең алдымен ауыл шаруашылық салалардағы субсидиялар;
  • шетел инвестициялардың режимі;
  • төлем балансы;
  • қорғау шаралары мен ұлттық өндірушілерді қорғау шаралары (антидемпинг және өтемдік шаралар);
  • импорттық лицензиялау;
  • экспортты реттеу;
  • мемлекеттік сауда кәсіпорындары;
  • импорт тауарларын стандартизациялау және сертификациялау жүйесі, санитарлық және фитосанитарлық шаралар;
  • валюта айырбастау;
  • сыртқы сауда жөніндегі статистика мен басылымдар;
  • зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жүйесі.

Алайда ДС? - дағы импорттық тарифтің, орта салмақтанған қойылымы 4% көлемінде, ал салалар бойынша 7-15 % ауытқитын болса, бұл Қазақстан үшін тиімді қойылым болады, өйткені біздің импорттық тарифтің орта салмақтанған қойылымы 8-9 % көлемінде, аутқып тұрады, ал бұл ДС?-ның қойылымынан көп. Сонымен қатар Қазақстан өз тарифтерін әрдайым төмендетіп келеді. Тауарлы позициялардың ең көп саны 0-15%, оның ішінде 75% тауарлы позициялар үшін тариф 1-10%, ал 94.3 % - 015% көлемінде тарифтер қойылымдары салынады. Қазақстан баждары қорғаныс мақсаттарына қарағанда, фискалды қызмет атқарады. Сондықтан ДС?-на кіру Қазақстан үшін қызығушылық білдіруші тауарлар. Шет елдік компаниялар Қазақстан нарығын өз тауарларымен қамтамасыз еткісі келсе, қазіргі әрекет етуші төмен тариф қойылымдары олар үшін шектеу болмас еді. Бүған келесідей себептер бар және олар толығымен ақталады.

Қазақстан нарығы шет елдік өңдеуші фирмалар үшін тым тар болып келеді.

Елдер тәжірибесіне негізделе отырып, кіші елдерге үлкен мемлекеттерге қарағанда талаптар өте қатаң болмайды. Себебі мүше елдерді үлкен елдердің сыйымды нарықтары қызықтырады да, оларға бәсекелес ретінде қатаң талаптар қойылады. Теңгенің нақты курсы жоғарыламай, төмендемейтін болса, импорт экспортқа қарағанда көлемі және өсу темптері жөнінен асып түседі. Жағдайға Қазақстанның ДС?- на кіруі айтарлықтай әсерін тигізе алмайды және оның маңызды себептері бар. Осылайша Қазақстанның ДС?- на кіруден пайда болатын жағымсыз жақтар жоқ. Егер Қазақстанның кейбір тауар түрлері бойынша тарифтер ДС?-на қарағанда айтарлыктай жоғары болса, бұл оған кіруден бас тартуға себеп бола алмайды. Бәсекелестігі төмен өнімді шығару, адамдарды өнімділік дәрежесі төмен тауарды ендіруде ұстау оның нәтижесінде қызмет ете алмайтын жүйе ретінде құлауына әкелетін еді және оның пайдасы көп және маңызды компоненттерден турады. Қазіргі кездегі Қазақстан нарығындағы бәсекені импортталатын тауарлар құрайды, сондықтан ДС?-на енгеннен кейінгі шет ел бәсекелестерінің әрекеттері ішкі бәсекелес ортаны жандандырып, отандық өндірушілерді, өндірісті жаңартуға, бағаны төмендетуге, өнім сапасын жақсартуға және тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Қазақстандағы импорт бәсекеден басқа келесілерді қамтамасыз етеді:

  • -арзан, сапасы жақсы, табысы аз тауарлармен қамтамасыз ету;
  • кәсіпорындарды техника мен технологияларды жаңартуға, өндіріс шығындарын төмендетуге, қазіргі заманғы бәсекелес өнім шығаруға мүмкіндік беретін инвестициялық тауарлармен қамтамасыз етілуі және де оның экономикадағы орны;
  • инвесторларға тауарлар түрлеріне сұраныстың артуы жайында мәлімет береді және өз уақыттылы жаңа өндірістерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
  • дамытуға, не жабуға мәжбүрлейді.

Әрине, Қазақстан ДС?- на енудің нәтижесінде бәсеке артады, бір салалар дамып, ұтады да, екіншілері ұтылып, өндіріс шығындарын азайтады. Нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның материалды өндіріс салалары болуы міндетті емес. Өндіріс тиімділігі артық өнеркәсіп түрлері дамиды да, қалғандары жойылады. Қазақстандағы ең тиімсіз өндіріс салаларына келесілер жатады: химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп. Алайда бұл салалардың ДС?-на енуден кейін дамуы үшін мүмкіндік пайда болуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, еңбек сыйымды өндіріс салалары.

Кіргізу баждарын арттыру, отандық өндірушілерге көмек көрсету сияқты, іс- әрекеттер ҚР кейбір заңдарын бұзады және оны толықтай қолдай алмайды. "Адал емес бәсеке туралы" ҚР заңының 4 бабында айтылған: "Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарына нарықтық қатынастарының бөлек субъектілеріне жағымды немесе дискриминациялық жағдайлар жасауға, бәсекені шектеу немесе жоюға, тұтынушылар құқықтары мен мүдделерін бұзуға тыйым салынады және ол заңды бұзуға құқығы жоқ". Бәсекелес және тиімді отандық өндірістің дамуына импорт кері әсерін тигізбейді, керісінше кедендік және салық саясатының тиімсіздігі, бір сала кәсіпорындарына бірдей емес жағдайларды жасау және оны толықтай дамыту [1].

Теңгенің нақты курсының азайтылуы импортты тауарларға тарифті және бейтарифті шараларға қарағанда үлкенірек шектеу болады. Импортерлер елге шет ел тауарларын әкелу ешбір табыс әкелмейді. Нарықты қорғаудың тағы бір механизмі - ұлттық стандарттарды қолдану. Бүл механизм әсіресе АҚШ- та кең түрде қолданылады және оны толығымен қолдап жүзеге асырады. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандарына келетін болсақ:

Халықаралық тәжірибеде сатып алу-сату келісімшарты бойынша жүзеге асырылатын сатудың екі негізгі әдісі бар - тікелей (divect Selling) және жанама (indivekt Selling) әдістері қолданылады.

Тікелей (тура) әдіс - тауар өндірушілер мен оны тұтынушылар арасында тікелей байланыстарды орнатуды ұйғарады. Аталған жағдайда экспорттаушы өзінің тауарына нарықты өзі тауып, осы нарыққа делдалдың қатысуынсыз-ақ шығады. Ережеге сәйкес, бұл тұтынушылар мен жабдықтаушылардың саны шектеулі, ал тауарға деген сұраныс бұқаралық сипатқа ие болмаған жағдайда жүреді. Жанама сату әдісі -коммерциялық (сауда-саттық) қызметі делдал арқылы жүзеге асыруды ұйғарады. Халықаралық тәжірибеде тікелей сату әдісі мынандай жағдайларда қолданылады:

  • ірі өнеркәсіптік объектінің құрылысы барысында, яғни делдал- фирмалар белгілі және тапсырыс беруші осы делдал-фирмалардың бірімен келісімшарт жасауға қабілетті болса;
  • дайын өнімді бірлесіп шығару үшін екі немесе бірнеше кәсіпорындармен өндірістік кооперацияны жүзеге асыру барысында;
  • ұзақ мерзімді келісімшарттардың негізінде өнеркәсіптік шикізаттарды ірі партиялармен сату барысында;
  • ауылшаруашылық шикізаттарының ірі партиясын өндіруші фирмалардың тікелей сатып алуы кезінде;
  • меншікті өткізу тораптары арқылы стандартты ірі сериялы жабдықтарды сату кезінде (кәсіпорындардағы экспорттық өткізу қызметтері, сондай-ақ тауарды сатып алушы елдегі филиалдар, еншілес компаниялар).

Жанама сату әдісі мынадай жағдайларда қолданылады, егерде:

  • тауар жаппай сұранысқа ие болса, яғни тұтынушылар көп болып, тауар өндіруші өз бетінше оңтайлы сатып алушыны анықтай алмаса;
  • тауар өзінің өмірлік циклының соңғы кезеңінде тұрса, әрі оны өткізу (сату) үшін делдалға көмек қажет болса;
  • аталған тауар нарығы сыртқы сауда шектеулерінің болуымен немесе үлттық ерекшеліктерімен сипатталады және бұл тауар нарығына ұлттық делдалдық фирмалардың көмегінсіз шығуы мүмкін емес болып табылады. Осы екі сауда тәсілінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар, сондықтан да осы екі тәсілдің біреуін таңдау жеке сипатқа ие болады және көбінесе тауардың қасиетіне, өткізу нарығына, тұтыну сұранысына, тауарды өткізу арналарына, саудадан кейінгі техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру ерекшеліктеріне және т.б. байланысты болып келеді.

Жанама тәсілдің артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

  • тауарды барынша қысқа мерзімде неғүрлым пайдалы жағдайларда өткізу (сату) мүмкіндігі;
  • жергілікті делдал арқылы нарықтың хал- ахуалы мен болашағы туралы қажетті ақпараттарды алу;
  • делдалдардың білімін пайдаланып, тұтынушылардың ұлттық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, жарнама шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру;
  • тауарларды сатудан кейінгі техникалық қызмет көрсету жұмыстарын өте жоғары, сапалы әрі жедел ұйымдастыру;
  • қосымша пайда алу және делдалдардың білімі мен қаржы қаражаттарды тарту есебінен сататын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

Жанама әдістің кемшілігі мыналар:

  • екі ортада делдал жүретіндіктен, өндіруші мен тұтынушы арасында кері байланыстың үзілуі;
  • өткізу нарығындағы сатушы имиджінің делдалдық мінез құлқына тәуелді болуы [2].

Өндірістік бірлестіктер өнімдерінің бөлшектерін жалпы нарық үшін емес, нақты бір тапсырыс берушінің тапсырмасы мен техникалық талаптары бойынша жасап шығаратын бірлестік түрін білдіреді. Осындай өнімдерді жеткізу үшін жасалатын сыртқы сауда келісімшарттары мердігерлік сипатта болады. Мердігерлік келісімшарттың мәні мынада: бір тарап басқа бір тараптың тапсырмасы бойынша өзіндегі материалдармен (немесе тапсырыс берушінің материалдарымен) белгілі бір жүмыстарды өзінің тәуекеліне ала отырып атқаруға міндет алса, басқа тарап атқарылған істі қабылдауға және төлеуге міндет жүктейді. Мысалы, бір тарап екіншісіне кәдімгі сериялық электрқозғаушыларды сататын болса, онда олардың осы қатынастары сатып алу-сату келісімімен құжатталады, ал тараптардың біреуі арнайы электрқозғаушыларды жеке талаптар бойынша жасауға тапсырма берсе, бұл жағдайда мердігерлік келісім жасалады. Мердігерлік келісім- шарттар мердігер міндеттемелерінің кең өрісін қамтиды, бұған ізденіс және жобалық- конструкторлық жүмыстар, жеке тапсырмалар бойынша машиналар мен құрал-жабдықтарды жасап шығару, өнеркәсіптік және басқа да объектілердің ғимараттары, кеңес беру және басқа да жеке қызметтер көрсету кіруі мүмкін. Мердігерлік келісімшарттарда мердігер орындайтын жұмыс көрсетіледі және мұндай келісімшарттарда бұл жүмыстың қандай нысанда атқарылатыны бекітіледі [3].

Мердігерлік келісімшарт бойынша атқарылатын жүмыстардың қатаң түрде жеке орындалатынына байланысты, мұндай келісімшарттар ғылыми - өндірістік және басқа да бірлестік байланыстарды бекіту барысында кең таралымға ие болды. Мердігерлік келісімшарттардың негізгі ерекшелігі - мердігердің атқаратын жұмысы үшін толық жауапкершілікте болуы. Мердігерлік келісімшарттың ерекшелігі келесілерге келіп тіреледі:

  • кооперацияланатын өнімді өндіру мен жеткізу үшін келісімшартқа қол қою көбінесе ұзақ мерзімді бірлесу шарттарын анықтайтын келісімдерді бекітумен қоса жүреді;
  • бұл шарттар машиналарды конструкциялауды бірлесіп жасауды, тапсырыс берушінің техникалық құжаттамасы мен берілген үлгі бойынша кооперацияланатын бөлшектердің өндірісі мен жеткізілуін қарастырады;
  • кооперацияланатын өнім өзіндегі материалдармен де, тапсырыс берушінің материалдарынан да жасала береді және жабдықтаушылар қолданылған материалдардың сапасына жауапты болады;
  • әдетте, мүндай келісімшарттарда егерде жабдықтаушы өнімді жасауды уақытында бастамаса немесе тапсырысының сапасы, жеткізу мерзімі бойынша лайықты деңгейде атқармаса, онда тапсырыс беруші келісімшарттан бас тарту құқына ие болатыны көрсетіледі;
  • - мұндай келісімшарттарда сапасыз өнімдермен дер кезінде жеткізіліп бермегені үшін қатаң айыппұлдар салу қарастырылған;
  • - айыппұл шаралары төлене отырып, зиян шеккен тарапқа тікелей шығындарды өтеу қарастырылады.

Халықаралық саудада қысқа мерзімді (рейтинг), орта мерзімді (хайринг) және ұзақ мерзімді жалға беру қолданылады. Жалға деген келісімшарт бойынша мүліктік жал қатынастары мына жағдайларда жасалады, егерде бір елдің жалға берушісі келесі бір елдің жалға алушысына келісілген ақы бойынша мүлікті уақытша пайдалануға берсе. Мұндай келісімшарттар тараптардың құқықтары мен міндеттемелерінің кең ауқымын қамтиды. Рейтингтік келісімшарт әлемдік тәжірибеде өте сирек жасалады. Бұл келісімшарттарда көлік құралдары, туристік тауарлар және қысқа мерзімді қолданыстағы басқа да тауарлар қолданылады. Әдетте, мұндай келісімшарттар жалға берушінің сақтандыру мен жалға берілетін заттың техникалық қызмет көрсету міндеттемелерін қарастырады [4].

Ренталық мөлшерлемелер әлемдік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Көлік құралдарын экипажымен және жүргізушісімен қоса жалға алудың келісім-шарттары "тайм-чартер" деп аталса, экипажсыз жалға беру "бербоут" деп аталады. Халықаралық тәжірибеде орта мерзімді жалға беру үшін жасалатын келісімшарттар өте жиі қолданылады. Мұндай келісімшарттарда көлік құралдары, жол-қүрылыс машиналары, құрал- жабдықтарды құрастыру, ауыл шаруашылығы машиналары қолданылады. Орта мерзімдік жалдың ставкалары нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Келісімшартқа сәйкес сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді жалға беруші немесе жалға алушы жүзеге асырады. Халықаралық тәжірибеде үзақ мерзімді жалға беру кеңінен қолданылады. Лизингтің негізінде кеңсе, құрылыс-монтаждық және технологиялық құрал- жабдықтар жатыр. Лизингке тұтастай өнеркәсіптік кәсіпорындар жалға беріледі.

Қарама-қарсы сыртқы сауда операциясының сипатты белгісі мынада: әріптестердің негізгі және қарама-қарсы міндеттемелері бір құжатта, яғни келісімде немесе келісімшартта тіркеледі. Қарама- қарсы сатып алу (халықаралық жіктеу бойынша "бай- бек" операциялары) импорттаушы елдегі тауарды белгілі бір сомаға сатып-алуға жасалған экспорттаушылардың міндеттемелерін білдіреді. Мұндай міндеттемелер, әдетте келісімшарт құнының белгілі бір бөлігін құрайды. Бүл операция бартерлік келісімшарт сияқты импорттаушыға жасалған жеңілдік болып саналады. Сыртқы саудалық қарама- қарсы сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мынадай:

  • - импорттаушының ұстанымы;
  • - келіссөздер кезінде, әдетте тауар бағасына келісілгеннен кейін импорттаушы тауарларды экспорттаушының елінде белгілі бір сомаға сатып алудың міндетті шарты етіп қояды (бүл сома мәмледен түскен пайызбен есептеледі).

Импорттаушы бұл шартты келісім-шартқа енгізуге мүдделі және осыған тырысады. Сондай-ақ шартты орындамағаны үшін айыппұл шаралары қолданылады (орындалмаған міндеттер сомасы 20 пайыздан 50 пайызға дейінгі көлемде). Бұл жердегі импорттаушының көздейтін мақсаты - өз еліндегі валютаның бөлігін сақтау және нарыққа экспорттаушы елдерді кіргізуі [5].

Экспорттаушының ұстанымы. Таңдау еркіндігі кезінде ол үшін қарама- қарсы сатып алуға қарағанда, әдеттегі коммерциялық келісімшарт анағұрлым тиімді болып табылады. Алайда, шиеленіскен бәсекелестіктің ықпалымен экспорттаушы қарама- қарсы саудаға келіседі және бұл жағдайда келіссөздердің негізгі құралы - осындай сауданың көлемін анықтау болып табылады. Шетелдік экспорттаушылардың қарама-қарсы міндеттемелерді орындауы немесе оларға банктік кепілдемелерді ұсынумен, не болмаса импорттаушылардың кезекті төлемінен түсетін кепілдік сомаларын үстап қалу қүқығымен қамтамасыз етіледі. Кепілдемелік үстап қалу мөлшері қарама-қарсы міндеттемелер сомасының 1,25-1,5 пайызын құрайды. Шетел экспорттаушылары қарама-қарсы міндеттемелерді атқаруда үшінші фирмаға жүктеуі мүмкін, алайда оның атауы қарама-қарсы міндеттемелерде көрсетілуі тиіс және оларды атқару үшін жауапкершілік шетел экспорттаушыларына қалады. Қарама-қарсы міндеттемелерді нақты бір тауармен оны жабдықтаушы көрсетілуі немесе тауар мен жабдықтаушыны таңдау мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

Қорытындылай келе Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуді жақтаушылар да, оған қарсылар да уақыт озған сайын өз дәлелдерін алға тартып, дауыстарын айқынырақ шығарып жатыр. Бұл заңды да өйткені дүниежүзілік сауда ұйымы секілді әлемнің бірнеше мемлекетін біріктірген экономикалық алпауыт ұйымның құрамына ену ойласпай шеше салатын мәселе емес. Себебі бұл ұйым қайырымдылық одағы емес, керісінше қиян-кескі бәсекелестік өтетін алаң үйымды күшті тауар өндірісі бар ел ғана жеңіске жетеді. Күшті деген сөзді ең бірінші "арзан" тауар өндіре алу деп түсіну керек. Екіншіден, күшті деген сөзді "сапалы" деген сөзбен алмастыруға болады. Яғни өзіндік құны төмен, бірақ жұрт қызығатындай сапалы тауар өндіре алсаң ғана бұл ұйымның қызығын көресің. Ал ондай мүмкіндігі болмағандар импорт тұтынушысы шеңберінде өмір сүреді. Ақиқат осы.

 

Пайдаланыліан әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің "Қазақстан 2030 стратегиясы".
  2. Расулов.Н. "Инфляцияның дамуы және көрсеткіштері" // Қаржы қаражат 2013 Алматы № 6 24-27 б.б.
  3. Статистикалық бюллетен, № 2 2013ж. 80-81 бет
  4. Статистикалық жинақ "Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл" 16 - 226 бет.
  5. Режим доступа: http:// profinance. Kz/neuws/ novosti dlya koshelka/mezhdunarodnaya organizaciya.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.