Мақалада Қазақстан Республикасында адам саудасы саласында заңсыз кәсіпкерліктің алдын алу және оны тергеу бойынша ғылыми-зерттеулік сараптаманы өзектендіру бойынша мәселе қозғалған.
Авторлар, адамдарды саудалау және оны тергеудің бағытталған, негізгі криминалистикалық механизмінің әдістемелерінің жалпы теориялық негіздерін және эмпирикалық алғышарттарын жасауды ұсынады.
Мәселенің қойылуы. Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті "Стратегия "Қазақстан -2050": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Жолдауында, Қазақстан, жергілікті еңбек нарығын заңсыз тұрақсыздандыратын, еңбек мигранттары кездесетін миграциялық қысымға ұшырап жатқандығы көрсетіледі[1].
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының құқық қолдану тәжірибесі және әкімшілік, қылмыстық құқық, криминалогия, криминалистика және жедел іздестіру қызметінің теориясы саласындағы қазіргі ғылыми зерттеулер кәсіпкерлік қызмет саласында пайда болған қылмыстық бастамалар, ұйымдасқан қылмыстың басталуына әкеліп соғылатынын көрсетеді. Ол жеке тұлғалар мен қылмыстық топтар заңды шаруашылық формасы бар кәсіпкерлерді пайдалана отырып, адам саудасымен байланысты қылмыстарды жасайтынын көрсетті. Сонымен қатар қылмыстық құрылымдар тек қана заңсыз тауар мен қызметтерді қолданып қана емес, осыған қоса, заңды қызмет ететін құрылымдарда құлдардың еңбегін пайдалана отыра қаржылық табыс пен материалдық артықшылықтар алуға тырысады.
Адамдарды саудалау барлық дамыған мемлекеттер үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшін де алаңдататын мәселе болып тұр. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық кодексінде адам саудасына ғана байланысты емес, сонымен қатар "жанама сипаттағы" іс-әрекеттер криминалдандырылған. Яғни, тұлғаның құндылығы ақшалай бағалау деңгейіне дейін түсуі, адамның зат ретінде ақшаға сатылуы және сатып алыну әрекеттері де қылмыстық тыйымға салынады. Осылайша, сарапшылардың бағалауы бойынша соңғы он жылдықта ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірген осы әлеуметтік қауіпті көрініске қарсы әрекет ретінде нормативті-құқықтық негіз құрылды[2, б.59].
Сонымен, 2014 жылда тек 6 ай ішінде 192 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 3-і қанаушылық мақсатында адам ұрлағаны үшін; 4-і қанаушылық мақсатында заңсыз түрде адамды еркіндігінен айырғандығы үшін; 10-ы адам саудалағаны үшін; 8-і кәмелеттік жасқа толмағандарды тәнін саудалауға тартқаны үшін; 9-ы кәмелетке толмағандарды саудалағаны үшін; 11-і адамдарды тәнін саудалауға тартқаны үшін; 147-сі притондарға иелік етіп, жеңгетайлылықпен айналысқаны үшін. Көп істер тергеу үстінде және соттың қарауында. Сонымен қатар, ауыр қылмысы үшін әр-түрлі мерзімге жазаланған тұлғаларда (2 жастан 8 жас аралығында) бар.
АҚШ Мемлекеттік Департаментінің 2014 жылы жарияланған адам саудасы туралы жылдық баяндамасында, рейтинг бойынша Қазақстан Республикасы минимальді стандарттарға толығымен сәйкес келмейтін, бірақ адам саудасына қарсы күреске күш салып жатқан мемлекеттер қатарына жатқызылды. Сонымен, Қазақстан Республикасында адам құқығын бұзатын, тұлғаны заңсыз саудалау, елге кіргізу және шығарудың алдын алу бойынша ұсыныстарды қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі заңсыз түрде адамдарды сату, елден шығару және кіргізуге қарсы күрес мәселесі бойынша Ведомствааралық комиссия құрды. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Үкіметі адам саудасына байланысты қылмыстармен күресуге және олардың алдын алу мақсатында 20162018 жж. арналған іс-шаралар жоспарын құруда.
Ескере кететін жағдай, қазіргі таңдағы Қазақстан үшін адам саудасы, еркінен тыс еңбекке салу және қанаушылық қылмыстық әрекеттердің жаңа түрі болып келеді. Аталған қылмыс түрін жасыру деңгейі елде жоғары болып саналады. Аталған мәселе кең ауқымды болып таралғанына қарамастан, оны зерттеу тек қылмыстық және криминалдық бағытта ғана жүргізілуде, ал тергеу тәжірибесі тергеу мен тексеру бағытында әдістемелік нұсқауларды қажет етіп отыр. Осы себептерге байланысты, Қазақстанда, кәсіпкерлік саласында адамдарды саудалаудың қауіпті түрінің таралуына кедергі болатын ғылыми- негізделген көз-қарастар жоқ. Тұлға бостандығын қорғайтын криминалды және қылмыстық-құқықтық мәселелерге байланысты болатын, адамдарға қатысты түрлі келісімдер, құлға айналдыру, еңбекке заңсыз салу және қанау тәрізді келісімдерге сәйкес адам саудасына байланысты ғылыми қарастырылған ескерту жасау, тергеу, қылмысты ашу және анықтауға арналған тактикалық және әдістемелік аспектілер керек.
Қазақстан Орталық Азия аумағындағы өзге елдерден келетін адам саудасы құрбандарының мекеніне айналуда, жыл сайын заңсыз еңбекке және жезөкшелік қызмет көрсетуге тартылған адамдар ел аумағына енуде. Бұдан басқа Қазақстанның өзінде де адам саудасы белең алған проблемалардың бірі болып отыр. Өз азаматтарымыз заңсыз жұмыс күші болып, шетелдерде жүр. Әрі еліміз өзге мемлекеттерге адам саудасы құрбандарын тасымалдауда транзитті аумаққа айналған.
Жалпы алғанда, адам саудасына қарсы әрекет ету жөніндегі ұлттық заңнама кінәлі тұлғаларды жазалау бойынша тиімді шараларды жүргізуге мүмкіндік береді. Осы санаттағы қылмыстардың белең алуына орай елімізде тергеу мен жаза тағайындау көбейген. Алайда, осы саладағы құқық қолдану жағдайын жан-жақты деп айту мүмкін емес, сол себепті осы бағыттағы іс-шаралардың жүргізілуі айтарлықтай нәтиже бермей отыр. Көп жағдайда тергеу тек адам саудасы үрдісінің кейбір элементтеріне қатысты жүргізіледі, ал қылмыстық жазалауға тікелей орындаушылар ғана тартылады. Бұл жағдайда адам саудасының нағыз ұйымдастырушылары тек әкімшілік жауаппен құтылады немесе жазалаудан мүлде тыс қалады.
Саудадан зардап шегуі мүмкін адамдарды нақты және ұқыпты анықтау ең алдымен олардың жеке басы қауіпсіздігі мен конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет, сондай-ақ олардың аса маңызды қызметтерді алуын кепілдендіреді. Адам саудасы құрбандарын дұрыс анықтау көптеген қылмыстарды ашуға мүмкіндік береді. Аталмыш мәселенің орын алуының тағы бір себебі, адам саудасы құрбандарын анықтауда әдістемелік және жүйелі жұмыстың жоқтығы болып отыр. Екінші бір себебі - жәбірленушілер құқық қорғау органдарымен әрекеттесуге ынта танытпай келеді. Бұл көбіне-көп аталмыш органдарға деген сенімсіздіктен және өз басы мен отбасының қауіпсіздігіне алаңдаудан туындауда. Адам саудасының өршуіне осындай қылмыстан жәбір көрген шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шекарадан қуылуы себеп, олар көбіне заң бұзушы ретінде жауапқа тартылады, ал мұндай азаматтарға адам саудасынан зардап шеккендер ретінде құқықтық көмек көрсетілмейді.
Соңғы зерттеулер мен жарияланымдарға сараптама. Қазақстандағы адам саудасын құқықтық зерттеудің теориялық және қолданбалы аспектілері Нургалиев Б.А.[2], Хан А.Л. [3], Бадикова Е.В.[4], Мизулина Е.Б.[5], және т.б. отандық ғалымдардың мақалаларында қарастырылған, бірақ адамды саудалау саласындағы заңсыз кәсіпкерлікті зерттеу мен тергеу сұрақтары ашылмаған.
Мәселенің бұрын шешілмеген бөлімдерін бөліп қарау.
Зерттеуге жататын қылмыстардың механизмінің үлгілерінің мәнін ашу және анықтау, олардың негізгі элементтерінің мазмұнын және өзара байланысын анықтау;
Тергеудің алғашқы кезеңдерінде қалыптасатын әдеттегі жағдайларды анықтау; тергеу субьектілерімен қойылатын криминалистикалық нұсқалар; белгіленген тергеу жағдайларын шешу бойынша әдеттегі тергеу әрекеттерінің кешені және жедел-іздестіру шаралары мен криминалистикалық нұсқаларды тексеру; Тергеудің негізгі бағыттарын анықтау және олардың адам саудасын тергеу үрдісінде ерекшелігін анықтау;
Берілген қылмыстарды тергеуде арнайы білімдерді қолдану және оларды тәжірибеде қолданудың неғұрлым қолайлы түрлері бойынша ұсыныстар қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты адам саудасы және оны тергеу бойынша негізгі әдістердің механизмін криминалистикалық зерттеуге бағытталған жалпытеориялық негіздер мен эмпирикалық алғышарттар құрастыру болып табылады.
Зерттеудің негізгі нәтижелері. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оның адам қызметінің әр түрлі салаларында алуан түрлілігін ескере отырып, осы құбылыстарға қарсы іс-шаралар кешенін құрастыру қажет. Біздің зерттеулер көрсеткендей, осындай құрылымдардың қылмыстық қызметін азайтудың неғұрлым нәтижелі тәсілі болып, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, ұйымдастырушылық-басқарушылық және басқа шаралар кешені табылады. Осы жерде мәселенің құқықтық жағы басқаларына негіз болатын ең маңызды тірек ретінде қарастырылады.
Адам саудасының таралуына ықпал ететін тетіктерді әзірлеуді қылмыс жасау үшін "қолайлы" факторларды анықтаудан бастау қажет. Халықтың осал топтарына, олар бастапқыдан қандай себептерге байланысты әлсіз болғанын нақты түсінбей, зардаптан қорғану үшін көмек беру мүмкін емес. Сондықтан адам саудасымен күрес бойынша кез- келген әрекеттер осалдықты тудырушы шарттар немесе факторларды түсінуге негізделуі керек. Адам саудасы тұрғысында осалдықтың бастапқы себептері экономикалық, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және саяси сипатқа ие.
Палермо хаттамасы елдерге, адам саудасы тұрғысынан адамдардың осалдығына себепші болатын экономикалық факторлардың (кедейлік, дамудың төмен деңгейі және тең мүмкіндіктердің жоқтығы) әсерін әлсіретуге бағытталған бірлескен шараларды қабылдауға шақырады.
Экономикалық осалдық факторларының қатарына жұмыссыздықты және мүмкіндіктерге тең қолжетімділіктің жоқтығын да жатқызуға болады, бұл өз кезегінде адамдарды аса қолайлы жағдайларды іздеу мақсатында көшуге мәжбүрлейді.
Гендерлік аспектілер, этникалық шығу тегі және қоғамдағы жеке топтардың төменгі мәртебесін қосқандағы факторлардың тұтас кешенінің арқасында орын алатын әлеуметтік қорғанысқа деген шектеулі қолжетімділік адам саудасы саласындағы қылмыстар үшін қолайлы жағдайлар тудырушы 70 әлеуметтік фактор болып табылады. Ол білім беру саласындағы, жұмысқа алу практикасында, құқықтық және медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділік, сондай-ақ ақпарат пен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қолжетімділіктегі кемсітушілікпен ұштастырылады. Әлеуметтік оқшаулану мәселелері адам саудасы желісіне жәбірленушілердің ревиктимизациясы мен қайтадан түсуін алдын-алу жолдарын талқылау барысында ерекше мәнге ие болуда. Сауда объектісі болған тұлғалар үйіне оралған кезде айтарлықтай қиындықтарға тап болады, өзінің қауымдарындағы қарым-қатынас пен қате түсініктердің салдары да бар.
Әлеуметтік және мәдени ғұрыптар тікелей өзара байланысты және сол себепті ақталмаған жалпыламадан құтылу үшін оларға ерекше сақтықпен қарау керек. Мысалы, келісім бойынша некелер, ерте некелесу немесе мәжбүрлі некелер секілді мәдени тәжірибе түрлері, сондай-ақ уақытша неке, каталог бойынша некелер немесе "каталог бойынша қалыңдыққа" тапсырыс секілді басқа бағыттағы тәжірибелер және сексуалдық пайдаланудың басқа нысандары - осылардың бәрі адам саудасының таралуына әсер етуі мүмкін.
Сонымен қатар, көптеген қоғамдарда қабылданған мәдени нормалар әйелге қарым- қатынас сипатында көрінеді, нәтижесінде гендерлік кемсітушілік әйелдердің адам саудасы алдындағы жоғары әлсіздігіне әкелетін факторлардың бірі болуда. Аталғандардан өзге, белгілі қоғамға жататын әйелдер жезөкшелік мақсатындағы сауда объектісі болып, пайдаланудан босағаннан кейін өз отбасына және қауымға қайта ықпалдасуы аса қиын болуымен тап болады.
Құқықтық факторлар қылмыстық әділ сот жүйесіне қолжетімділіктің жоқтығында көрініс табады, себебі сауда объектісі болған тұлға шетелдік болуы мүмкін, немесе ол құқықтық өкілдікке деген рұқсатқа ие емес, әлде жүйенің өзі тиісті қорғау құралдарымен қамтамасыз етпейді. Онымен қоса, қауіпсіздікті сезінудің жоқтығына негіз болып екінші куәгер ережесі немесе айғақтарды негіздейтін ереженіңкүші болуы мүмкін, соның нәтижесінде адам саудасының объектісі болған тұлға сотта тыңдалу мүмкіндігінен айырылады.Қауіпсіздік жоқтығын сезіну сыбайлас жемқорлықпен ушығады. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени факторлардан өзге, адам саудасының таралуына саяси тұрақсыздық, соғыстар және шиеленістер
Бүгінгі таңда Қазақстанда құқықтық аспектіде, адам саудасымен айналысатын жекелеген тұлғалар мен қылмыстық топтарға қатысты қылмыстық- құқықтық және криминалистикалық циклдарда жеткілікті материалдар жиналған. Бірақ, жекелеген тұлғалар мен қылмыстық топтардың қызметін зерттеуге іргелілік пен тұжырымдамалықтың болмауы және осы зерттеулердің әлі шикі болып, криминологтардан біршама артта қалып қоюы кедергі келтіреді.
Адам саудасына қарсы күрес саласындағы қылмыстық құралымдардың және жеке тұлға әрекеттерін ғылыми зерттеудің жинақталған тәжірибесін жалпылау, консолидациялау және жаңасын жасау негізіне келесілерді жатқызуға болады, олар:
Адам саудасы саласындағы қылмыстық құралымдар мен жеке тұлға әрекеттерінің қылмыстық мазмұнын түсіндіретін криминалдық концепцияны қалыптандыру;
Қылмыстық құрылымдар мен жеке тұлға әрекеттерінің объективті заңдылықтарының негізін құрайтын, қазіргі таңдағы криминалистиканың жеке және жалпы теориясын, құралдарды жасау, қабылдау, анықтау және зерттеліп отырған қылмыстық әрекетті зерттеуді іске асырудың негізгі базасы ретінде меңгеру;
Адам саудасына қарсы күрес мәселесі бойынша гауманитарлық, техникалық және жалпы ғылымдарының жетістіктерін криминалистикаға интеграциялау сұрақтарын меңгеру;
Қарастырылып отырған қылмыстарды тергеу барысында қылмыстық ізге түсу органдарының әрекеттерін технико-криминалисттік қамтамасыз етуді дамыту;
Қылмыстың механизімі мен оның сипаттамасының механизімін түсіндіретін криминалисттік бағытталған эмпирикалық және жалпы теориялық алғышарттарды құрастыру;
Қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу заңнамаға құрылымдық ұсыныстар мен осы саладағы білікті құрылымды элементтерді анықтау мақсатында әрекет етуші субъекті мен қылмыскерлер әрекетін меңгерудегі тұрақты заңдылықтарды талдау;
Адам саудасына қарсы күрестегі криминалистикалық теорияны және оны тергеудегі криминалистикалық әдіс негізін қарастыру;
Зерттелу саласындағы шет ел мамандарының ғылыми жетістіктерін меңгеру және ол жетістіктерді отандық заңнамалық актілер мен криминалдық тексерістерде қолдану;
Тергеу барысында адам сатушылардың қылмыстық әрекетін тыйятын немесе күрделендіретін кешенді іс-шаралар, сонымен қатар қылмыстық әрекетке ықпал ететін шарттар мен себептерді анықтау мәселелерін меңгеру.
Берілген зерттеулердің қорытыдысы және осы бағыттағы жұмыстардың келешегі. Құқықтық әдебиеттерді саралай келе, заңсыз еңбекті пайдалана отырып, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасайтын қылмыстық шаруашылық субьектілердің қызметін криминалистикалық оқудың келесі жеке әдістемесіне жатқызуға болады.
Біріншіден, бұл адам саудасы қылмысынан зардап шеккендерге көмектесе отыра, қылмыстық құрылымдардың қызметіне криминалистикалық сипаттаманы жалпылау. Келесі және маңызды бағыт болып, қылмыстық істі қозғау ерекшеліктерін зерттеу табылады. Үшінші бағытқа, осы қылмысқа сәйкес анықталуы тиіс жағдайлар жатады. Төртінші- әдеттегі тергеу жағдайлары және оларды шешудің негізгі бағыттары. Бесіншіден-жекелеген тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру шараларын жүргізу әдісінің алғашқы, кейінгі және қорытынды кезеңдерінің ерекшелігі. Алтыншы- нақты қылмыс түрін тергеу кезінде анықтау органымен өзара байланыс жүргізуді ұйымдастыру. Жетінші- арнайы білімдерді қолдану. Сегізінші- материалды зиянды анықтау ерекшелігі. Тоғызыншы- осы қылмысты тергеу және оның алдын алуда қоғамның көмегін пайдалану ерекшелігі. Оныншы- қылмысты жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою бойынша іс-шаралар қолдану.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Послание Президента Республики Казахстан - Лидера нации Нурсултана Назарбаева народу Казахстана от 14.12.2012 "Стратегия "Казахстан-2050": Новый политический курс состоявшегося государства". - Режим доступа: http://www.akorda.kz/
- Нургалиев Б.А. Международное законодательство о предотвращении рабства и торговли людьми//. Вестник Карагандинского юридического института.-2009.-№3.-С.183
- Хан А.Л. Организация расследования преступлений, связанных с торговлей людьми. / Торговля людьми.- Алматы: Баспа 2013.- 216 с.
- Бадикова Е.В. Международные практики противодействия торговле людьми//Вестник Карагандинского юридического института.-2009.- №3.-С.183
- Мизулина Е.Б.Торговля людьми и рабство в России.- М: Юрстъ, 2006. - 150 с.