Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Прокуратура құқық қорғау органы ретінде

Мақалада прокуратура органдарының негізгі міндеті парламентпен өзара іс- әрекетте заңға қайшы келетін заңсыз актілерді шығаруды ескерту, оның бірден бір кепілдігі ретінде азаматтардың бас бостандығы мен құқығын, мемлекеттің және заңды тұлғалардың заңды мүддесін қорғау қарастырылған.

Соңғы кезде мерзімді басылымдарда прокуратураның тағдырына, оның мемлекеттегі рөліне арналған жарияланымдар өте жиі пайда болып жүр. Осы тақырыпқа жеке 2001 жылдың 21 желтоқсанында "Прокуратураның мемлекеттік органдар арасындағы орны мен рөлі және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау жөніндегі рөлі" атты тақырыпқа арналған мәжіліс ұйымдастырылды. Мәжіліс Алматы қаласында өтті, онда атақты ғалымдар мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлері қатысты. Прокуратураның ең жаңа тарихы ішінде осы мәселе қызу пікірталастар тудырып келеді. Сол пікірталастар барысында мемлекеттегі өтіп жатқан процестерге байланысты әр түрлі қызмет саласында прокурорлық қадағалау шегін, прокуратура функциялары мен өкілеттігін кеңейтуді жақтайтын немесе оған қарсы әр түрлі дәлелдер алға тартылған. Билікті бөлу жүйесінде прокуратураның орнын анықтау мәселеге айналып отыр. Прокуратура 1301 жылы Францияда құрылған. Ол патшаның мүддесін қорғау үшін арнайы орган болып құрылған. Сол кезде бақылау саласында прокуратураның өкілеттіктері кең болған. Англияда бұл жүйе қабылданған жоқ. Бірақ, 1879 жылы Жалпы айыптаушылар институты құрылған. Кейіннен АҚШ пен Ирландия прокуратура арнайы қылмыстық қудалу органы ретінде құрылады. АҚШ- та Әділет министрі бір мезгілде Бас атторней болып есептеледі де, кейбір әкімшілік функцияларға ие болады. Сондықтан, бұл жерде прокурор басқарушы орган болып табылады және оның қадағалау өкілеттіктері болмайды. Онда ол қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Прокурордың заңдылықты нығайту және азаматтарды құқықтық қорғау тұрғысынан маңызды деп саналатын көптеген өкілеттіктері елеулі түрде өзгертіліп жатыр. Мемлекеттік механизмдегі прокурордың орны туралы көптеген пікірталастар болып жатыр, онда әртүрлі көзқарастар айтылуда. Біреулері прокуратура заңдардың сақталуын қадағалаушы орган ретінде заң шығару билігіне қосылуы қажет деп санайды, басқалары оның орны заңдарды іске асыратын атқарушы органдар жүйесінде болуі тиіс дейді, кейбіреулері тіпті прокуратураны президент құрылымына енгізуді ұсынады, өзгелері прокуратураның орны сот билігі жүйесінде деп санайды.

Ғалымдар мен тәжірибесі бар адамдардың басым көпшілігі прокуратура өзінше дербес билік органы деген сенімде. Прокуратура қызметін реттеуге қатысты біздің еліміздің Конституциясында прокуратура 1995 жылғы конституциясында "Сот және сот билігі " деген 7- ші тарауға енгізілген. Прокурорлық жүйе ұйымдығына қарай мемлекеттік биліктің бір де бір құрасына кіруге тиісті емес. Бірақ, бұл прокуратураның қандай да бір "төртінші билікке" айналғанын білдіретін жағдай емес. Прокуратура биліктің барлық құрылымдарының мүдделері үшін әрекет етеді, олармен өзара қарым- қатынас жасайды, кейбір мағынада оларға қызмет көрсетеді. Прокуратура- бұл барлық мемлекеттік билік құрылымдарының өкілеттіктерінің іске асырылуын, заңды актілердің нақты орындалуын жоғары қадағалау жолымен бақылау құралы, мехенизмі. Ол биліктердің өзара іс- қимыл жасау заңының үстінен қараушылық биліктердің бір- бірінен ажырасуына және бір- біріне қарсы тұруына емес, құқықтық мемлекеттің ең маңызды қағидаларының бірі ретінде барлық биліктердің заңды қатаң сақталу механизмінде ерекшк орын алуға тиісті.

Қазіргі кезде прокуратураны заң шығару билігі органдарына жатқызу туралы алдын ала болжамдар айтылып жүр.

Мысалы, В.Д. Ломовский прокуратураны заң шығару, атқарушы билікпен қатар қояды. Прокурорлық қадағалау жоғары заңнама билігіне тән заңдылқтың бірлігін қамтамасыз ету функцияларын орындау үшін құрылған, қызмет атқарады. Заң қабылдаумен бірге олардың нақты және біркелкі орындалуына мүдделі. Сонымен бірге прокурорлық қадағалау заңды қамтамасыз ету, заңдылық бірлігі саласында және өзге де мәселелерді шешуде заң шығару билігін, Конституциялық Кеңесті, әкімшіліктердің орнын ауыстыра алмайды. Осыған байланысты Белорусь Республикасының тәжірибесі қызықты. Белорусь Республикасының Прокуратура туралы заңының 1-ші бабына сәйкес, прокуратура мемлекет атынан заңдардың орындалуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Белорусь Республикасының Жоғарғы кеңесіне есеп беретін дербес орган ретінде қаралады. Бұл баптың мәнінен прокуратура ерекше өкілеттік берілген заңнамалық билік органы болып табылатындығы айқын көрінеді. Қазақстан Республикасында прокуратра сонымен бірге заң шығару билігіне жақындасады. Бақылауды, былай айтқанда, парламент қабылдаған заңдардың орындалуын үздіксіз қадағалай отырып, ол парламент функциясының бір бөлігін атқарады деуге болады. Қазіргі таңда прокуратураны президенттік билікке жатқызуды жақтаушылар да бар./15/

Халық бірлігінің және мемлекетік биліктің нышаны мен кепілі болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін ескере отырып, олар тым болмаса өтпелі кезеңде прокуратураны президент билігінің құрылымы ретінде құруды қисынды деп санайды. Рнспублика прокуратурасын президенттік билікке жатқызудың тағы бір дәлелі, ол Бас прокурордың Президентке тоқсан сайын республика бойынша заңдылықтың жағдайы туралы есеп беріп отыруға міндетті болуы. Прокуратура президенттік биліктің маңызды және қажетті тірегі болуы тиіс, бұл қоғамдағы тұрақсыз құқықтық қарым- қатынастар жағдайында өте қажет. Заңдардың және президенттің заң күші бар жарлықтарының орындалуын үнемі жүйелі түрде қадағалау прокуратура қызметінің нысаны болуы тиіс, әрі реформаларды жүргізу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде оның маңызы өте зор болуы қажет. Кеңес Одағында прокуратураның өкілеттіктері кең болған. Кеңес Одағының Конституциясында және Қазақ ССР-ның 1978 жылы қабылданған Конституциясында прокуратураға толық бір тарау бөлінгені бұл органның маңыздылығын айғақтайды. Кеңес Одағы кезінен бастап ғалымдар прокуратураның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орнын белгілеуге тырысқан. Ол кезде бұл органның не заңнамалық, не әкімшілік, не сот өкілеттіктері жоқ деген пікр тарлған. Бұндай пікір бүгінгі күнде де сақталып отыр. Мысалы, К.Ю. Яровиков пен С. Шалумов прокуратура биліктің бір де бір заң шығару, атқарушы және сот өкілеттігі болмауына байланысты оның билік бөлісуге қатысуына мүмкіндігі жоқ. Сондықтан прокуратура билік бөлісу жүйесіне кірмейді. Бірақ, бұған қарамастан, М.С. Шалумов прокуратура тыйм салу және қарама қарсылық жүйесіне қатысады, біз да осындай пікірді қолдаймыз. Қазақстан республикасының Президенті бүгінгі таңда прокуратура, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мәртебесіне қарамастан, елімізде заңдылықтың сақталуын қадағалауға барлық күшін жұмылдырып отыр деп атап өтті. Тоталитарлық режим жағдайында бұл туралы армандау да мүмкін болмаған./1/ Мемлекетіміздің механизмі биліктерді бөлісу теориясы шегінен асатын негізде құрылған, себебі олардан басқа мемлекеттің мызғымасыз беріктігінің кепілі ретінде президент институтының және мемлекеттік органдардың дербес жүйесі- Конституциялық Кеңес, Прокуратура, ҰҚК бар./2/

Прокуратура органдарының негізгі міндеті парламентпен өзара іс- әрекетте заңға қайшы келетін заңсыз актілерді шығаруды ескерту, оның бірден бір кепілдігі ретінде азаматтардың бас бостандығы мен құқығын, мемлекеттің және заңды тұлғалардың заңды мүддесін қорғау болып табылады. Сонымен қатар осы актілерді дайындайтын және шығаратын депутаттардың құқықтық білімдерін арттыру да міндеттерінің бірі болып таылады. Прокуратура органдарына заң шығару бастамасының құқығын беру қажет. Бұл құқық бас прокуратураға берілуі керек. Заңды зерделеуде прокуратура органдары заң шығару бастамасына ие бола отырып , осы кейбір қарым- қатанастардың реттелмегендігіне ұшырасады да, қарым- қатынастардың реттелу қажеттілігі туралы прокуратура заң шығарушының, мемлекеттік органдар алдында мәселені қояды.

Осы ретте прокурорлардың жаңа заң қабылдауы және қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырклар енгізу туралы ұсыныстары ерекше назарда қарастырылып отыр. Әрине, ҚР Бас прокурорының заң шығару бастамасын Конституцияда және "Прокуратура туралы" заңында бекітілуі қажет. Прокурорларға заң шығару бастамасын беру міндетті түрде ұсынылған заң жобасына заң шығару органының күн тәртібінде енгізілуі керек деген мағынаны білдіреді. Бас прокуратураның заң шығару бастамасын өз еркін білдіру ретінде емес, заңдылықты нығайту және заңдарды жетілдіру бойынша қызметтік парыз деп қарау қажет. Егер заң өмір талаптарына сәйкес келмей тұрса, прокурор жаңа заң қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді. Қажет жағдайда қолданыстағы заңдарға заң бастамасы құқығын пайдаланып, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге міндетті. Ұсынылып отырған дұрыс және біріңғай орындалуына жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, заңның тиімділігі мен өзектілігін талқылай алады. Құқықтық реформаларды іске асыру жағдайында мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік- мәдени құрылыс салаларының кейбіреуі ғана өз заңдылығының реттелуін алады. ҚР Бас прокурорының ұсынысы бойынша заң шығару тәртібімен енгізілген осы мәселенің көбі оңтайлы шешімін тапты. Сот билігімен өзара қарым- қатынаста қадағалау қызметінің негізгі бағыты мемлекеттік айыптауды қолдау жолымен қылмыстық істерді қарауда соттармен тиісті заңдарда қолдануды қаматамсыз етеді. Прокуратура мен соттың өзара қарым- қатынасы қылмыстық істерді қарауда ынтымақтастық пен кәсіптік өзара толықтыру бақылауы бастауында құқық қорғау қызметінің тиімділігі мен заң деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылуы керек. Прокуратура шаруашылық істері бойынше сот қаулыларының заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалаудың осы саласын жетілдірудің басымды бағыттарының бірі азаматтардың, кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің құқығын заңмен қорғау және конституциялық қорғауды, экономика және басқару саласында заңдылықты бекітуді қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік органдар өзара іс-әрекеті бағыттарының негізгі міндеттері мыналар:

  • басымды бағыттар бойынша сот-тергеу және прокурорлық тәжірибесінің заңдылық жағдайын кешенді зерделеу;
  • Бас прокуратуораның барлық құрылымдарына қатысты тексерулер бойынша әдістемелік нұсқамаларды әзірлеу;
  • министрліктермен, ведомстволармен Бас прокурорға ұсынылатын заң шығару актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді енгізу және зерделеу;
  • өзекті мәселелер бойынша прокурорлық қадағалаудың қолданыстағы заңды пайдалануға бірдей тәжірибені әзірлеу./18/

Іске асыру механизмі:

  • қолданыстағы заңды пайдалануға мемлекеттік органдары мен лауазымдық тұлғалардың қолдануы бойынша үнемі қадағалауды жүзеге асыры;
  • прокурорлық қадағалау арқылы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша олармен ұсыныстар енгізу жөнінде министрліктер мен ведомстволардың қызметін жетілдіру;
  • басқа мемлекеттік органдар мен жергілікті атқару органдары тарапынан өрескел заң бұзушылықтың әрбір белгіленген айғағы бойынша оларды жауапкершілікке тартуға прокурорлардың шұғыл нәтижелі араласуы;
  • заң бұзушылықтар айғағын жою, жолын кесу, оларды анықтау, айыпты тұлғаларды зқаңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тарту.

Демократиялық құқықтық мемлекетті құру процесінде ескірген ұсынымдарды қайта ойластырып, мемлекеттік институттарды реформалау, құқық тәртібін нығайту және заңдылықтарды қамтамасыз ету. Бұл жағдайда прокуратура қызметімен ұйымдастырудың тарихи тәжірибесін қоғамдық қатынастарды дамытудың жаңа талаптарымен бірге қолдану керек. Прокуратураның құқықтық мәртебесі оның міндеттері мен қызметі Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" заңында анықталған. Мемлекеттік өкіметті заң шығару, атқару, соттық деп бөлумен қатар Бас прокуратураға заңдарды дұрыс және біріңғай қолдануын талап ететін жоғары қадағалау орнын ерекше атап өту керек. Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" заңын, оның қызметін құқықтық демократиялық принципіне азаматтың бас бостандығы мен құқығын қорғауға, заңның үстінен қараушылығын жалпылама нығайтуға жақындатты. Жалпы қадағалау тәртібінде қабылданған прокурордың кейбір шешімдеріне соттық бақылау қарастырылады./3/

Прокуратура заңдардың, сот шешімінің орындалуына заңдылыққа жоғары қадағалаудың мемлекеттік институт ретінде ғана ықпал етпей, құқық қорғау органдары жүйесінде үйлестіру функциясын атқарады. Прокуратура ұйымдастыру жөнінде заңдылық қызметімен мамандандырылған дербес институт ретінде қалуы керек деген қорытындыға келу керек. Құқықтық мемлекеттегі прокурорлық қадағалау конституциялық кепілдікті жүзеге асыру және құқық тәртібін нығайтудың заңдылығын қамтамасыз етудің көпарналық жүйесіндегі маңызды буыны болуы кере. Прокуратура жалпы қадағалау мәселелерін шешуде ең басты мәселені- заң бұзушылықты жоюды талап етуге міндетті. Наразылық білдіру, ұйғарымдар, прокурорлық әсер ету актілері бойынша шешімдерді прокурор емес, атқарушы өкімет органдарының, ұйымдардың, мекемелердің, сот лауазымдық тұлғалары қабылдайды.

Қадағалауға алынған объектілер мен құқықтық салалар бойынша қадағалау шегін анықтау қажет. Ол мемлекеттік атқару өкіметі органдарының, оның ішінде өкілетті және өзін- өзі басқару органдарының құқықтық актілерін қадағалау болуы мүмкін. Сонымен қатар демократиялық өзгерістерге байланысты азаматтар прокуратураның жалпы қадағалау нысаны болуы керек пе деген шешімін күтуде.

Прокуратура азаматтарды шенеуніктердің еріктілігінен қорғайтын жоғарғы тиімді, кәсіптік және мемлекеттік орган болуы қажет. Бұл үшін прокуратураның барлық өкілеттігі бар.

Прокуратураның қызметін одан әрі жетілдіруді қарастыра отырып, она қылмыстық қудалауды қызметіне ұштастыруға болмайды.

Прокурорлық қадағалау мен қадағалаудың басқа түрлерімен ара-қатынасы.

Қадағалау- заңдылықты қамтамасыз ету бойынша әртүрлі мемлекеттік органдар қызметінің бір саласы. Ол конституциялық, соттық, прокурорлық және т.б. болып бөлінеді. Бірінші прокурорлық қадағалауды қарастырсақ, біздің принципиалдық қадағалау түрі болып табылады.

Прокурор- жоғары тұрған прокурордың бұйрығымен "Прокуратура туралы" Заңымен қарстырылған лауазымдық міндеттерді атқаратын, белгіленген талаптарға сәйкес қызметке қабылданған жеке тұлға. Прокурор өз мағынасында прокуратура басшылары, Бас прокурор, облыс және оған теңестірілген, қала, аудан прокурорлары. Кең мағынасында тек жоғарыда көрсетілген прокурорлар ғана емес, олардың орынбасарлары, кеңесшілері, ерекше тапсырмалар бойынша көмекшілері деп түсінуге болады.

Прокурорлық қадағалау заң ғылымының саласы ретінде қызметтің тиімділік мәселелерін, қызметті қадағалау, нысан, құралдары мен әдістерінде жүзеге асырылап реттелген, заңдар білімі ұғымын білдіреді. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің бір түрі, заң ғылымының саласы және оқу пәні ретінде түсіндіріліп жүр.

Прокурорлық қадағалаудың объектілері мен субъектілері мазмұны бойынша екеуі екі басқа нәрсе болса да, бір бірімен тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың объектілері деп нормативтік құқықтық актілерді және заңдардың сақталуын тексеру жүргізілетін кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және басқа заңды тұлғалар түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың субъектілері деп нормативтік құқықтық актілерді және заңдардың сақталуын тексеру жүргізетін прокурорлық- қадағалау қызметіне қатысушы тексеруші прокурорды айтады.

Прокурордың өкілеттігі - өзінің қадағалау функциясын жүзеге асыру үшін прокурордың міндеттері мен құқығының көлемі. Прокурордың негізгі өкілеттігі "Прокуратура туралы" заңында бекітілген.

Өкілеттіктен басқа прокурорлық қадағалаудың құқықтық құралдары ретіндегі ұғым бар. Бұл ұғым өмірде және әдебиетте бір-біріне тепе- тең мағынада түсіндіріледі./4/

Прокурорлық қадағалау заңнамалармен реттелген және реттелмеген әртүрлі іс- әрекеттерді жүргізу жолымен жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтің түрі. Прокурорлық қадағалаудың құралдарына "Прокуратура туралы" заңымен немесе қадағалауды жүзеге асыру үшін прокурорға ұсынылған басқа заңнамалық актілері де жатады. Осы құқықтық құралдарды құқық бұзушылықты анықтауда және жоюда қолдану прокурорлық қадағалаудың мәні болып табылады. Құқық бұзушылықты анықтаудың құралдары: 1) құқық бұзушылықты жою құралдары; 2) құқық бұзушылықты алдын ала ескерту.

Арнайы құжатта бекітілген прокурордың шешімі құқықтық құралдарды пайдаланудан тергеудің анықтаған қадағалаудың құралын құқық бұзушылыққа прокурорлық ықпал ету болып табылады.

Прокурор заңға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актіні анықтағанда наразылық білдіру құқықтық құралын пайдаланады.

Прокурорлық қадағалау жоғарыды аталған "Прокуратура туралы" заңда қарастырылған құқықтық актілер құралдарынан тұрады. Заң бұл құралдардың қайсысын міндетті түрде қолдануда және кемшіліктерді анықтауда және оларды жоюда қай жағдайда қандайын қолдану керек екендігін тура айта алмайды./5/

Бұл ұсыныстар тәжірибелік жұмыс және ғылыми іс- әрекетте жинақталады. Олардың ішінде ең тиімдісі Бас прокурордың нұсқамаларында,бұйрықтарында, сонымен қатар прокуратураның оқулықтарында, жобаларынданұсқаулықтарында бекітілген. Ғылыми негізделген және тәжірибеде тексерілген құқықтық құралдардың әдістері мен тәсілдері жиынтығын прокурорлық қадағалаудың әдістемелігі құрайды оның әдістемелік нұсқаулығы әртүрлі деректі нәтижені құрайды. Қадағалаудың әдістемесі заңдардың жекелей орындалуына қадағалауында анықталады. Соған сәйкесті прокурорлық қадағалаудың жалпы түрін жеке прокурорлық қадағалаудан ажыратуға болады. Сол сияқты Конституциялық қадағалау мемлекеттік құқық қорғау қызметінің сот және прокуратура арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтің бір түрі. Ереже бойынша Конституциялық қадағалауды

Конституциялық сот, ал біздің мемлекетке қатысты прокурорлық қадағалауды екі орган

Конституциялық Кеңес және прокуратура жүзеге асырады.

Ол конституциялық бақылаудың ерекше органы. Оның объектісі- Парламентпен қабылданған Президенттің қол қоюға дейінгі заңдары болып табылады. Екеуі өзара байланыста Конституцияға қайшы келетін заңдар мен нормативтік актілерге наразылық білдіруді азаматтық процесс тәртібімен жүзеге асырады. Мәселенің конституцияға қайшы келетіндігі немесе келмейтіндігі соңғы қорытындыны шығаруға Конституциялық Кеңес құқылы. Конституциялық Кеңес Конституцияға заңдардың сәйкестігін қадағалайды, Конституция нормаларын талқылайды. Прокурорлық қадағалау іс жүргізу, шұғыл іздестіру іс- әрекеттерінде, өндірісті орындауда заңдардың дұрыс және біркелкі орындалуын қадағалайды. Прокурорлық қадағалау арқылы Конституцияға қайшы келетін заңдар мен нормативтік актілерге наразылық білдіруді Азаматтық Кодекс тәртібінде жүзеге асырады. 1995 жылғы Конституцияға қайшы келетін заңдар мен нормативтік актілерге наразылық білдіруді Конституциялық Кеңес және белгілі дәрежеде прокуратура органдары да жүзеге асырады. Конституцияға қайшы келетін заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестік мәселесін шешу прокурорлық қадағалау құзіреттігіне кірмейді, ол мәселені Конституциялық Кеңес шешеді./7/

Конституциялық қадағалаудың міндеті - Қазақстан Республикасының заңдарға сәйкессіздіктерін болдырмау. Прокурорлық қадағалаудың міндеттері Конституциялық қадағалауға қарағанда кең. Қазақстан Республикасы аумағында міндетті болып табылатын Конституциялық қадағалауды тексерулер, талқылау және шешімдер шығару арқылы жүзеге асырылады. Прокурорлық қадағалау міндетіне Конституциялық қадағалау да кіреді./8/

Соттық бақылау- соттардың заңдылықтарын, оларды қайты қарауға берілген істерін немесе сот органдары арасындағы азаматтық, қылмыстық істерді, дауларды шешетін орган болып табылады. Олар мемлекеттің атынан қызмет ететін өкілетті прокуратура органдарының заңдарды дұрыс және біріңғай қолдануын қамтамасыз ететін орган. Соттық бақылау өз мәні бойынша азаматтардың бостандығы мен құқықтарының кепілдіктер жүйесі. Сонымен бірге жинақталған тәжірибе көрсеткендей, сот тәртібіндегі қарауға ұсынылған шағымдарды, наразылықтарды шешу, мәселелерге принципиалдық қарым- қатынастың болуын сот жұмыстарының жоғары деңгейдегі болу қажеттігі дәлелдеді.

Тәжірибеде прокурорлық қадағалау мен соттық бақылау бәсекелестегі емес екендігі анықталды. Қадағалаудың әрбір нысаны жалпы істі жасайды, заңдылықты нығайту мақсаттарын көздейді. Прокурорлық қадағалау мен соттық бақылау бірігіп келіп, өзара бірін бірі толықтырады және күшейтеді. Осы екеуінің бірігуі аталған құқықтық институттардың заңды күшейту бойынша мәселелерін шешуге, олардың қызметін ұйымдастыруға бірден бір көмегін тигізеді. Прокурорлық қадағалау барлық іс- әрекеи органдарын, лауазымдарын қамтитын жалпылама сипаттағы қадағалау. Соттық бақылау ондай бола алмайды, өйткені ол шағым мәнімен шектелген./24/

Соттық бақылау соттардың қаулыларында таратылады, ал прокурорлық қадағалау істі қарағанда іске қатысуымен бірге бірқатар өзінің функциялары бар. Прокурорлық қадағалау міндеттері аяқталған соң, соттық қадағалау күш алады. Прокурор заңдылық бұзушылықтарға наразылық білдіреді, ал өкілетті орган наразылықты қарау бойынша іс жүргізу қатынастарына енеді./9/

Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекет атынан арнайы өкілеттік тұлғаларды прокурорлардың заңдары мен Президенттің жарлықтарының біркелкі және дәл орындалуын қамтамасыз етеді.

Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде арнайы өкілеттік тұлғалардың, прокурорлардың заңдар мен президенттің жарлықтарын, басқа да нормативтік құқықтық актілердің дәл және біркелкі орындалуында ҚР аумағында құқық бұзушылықты анықтау және оларды жою шараларын қабылдау, айыптыларды жазаға тарту заңдардың біркелкі және дәл орындалуын қамтамасыз ету бойынша мемлекет атынан жүзеге асыратын орган деп сипаттауға болады./10/

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.А. Тәуелсіздікке бес жыл. А., 1996 ж. 561 Б.
  2. Акпарова Р.Н. ҚР-ның құқық қорғау органдары.А., 2009. 150 Б.
  3. Винокуров А.Ю., Винокуров Ю.Е. РФ-дағы прокурорлық қадағалау. - М.: Изд-во МНЭПХ, 1995.
  4. Гуценко К.Ф., Ковалев М.А. Правоохранительные органы. Учебник для юридических вузов и факультетов. 3-е издание, переработанное и дополненное. - М.. 2007.- 26 Б.
  5. Келдібаев М.Х., Огородников А.А. Прокурорский надзор СПб., 2012. 89 Б.
  6. Козлов А. Ф. Конституционные принципы прокурорского надзора // Прокурорский надзор и укрепление социалистической законности в советском государстве / Под ред. А. Ф. Козлова. Свердловск, 1981.- 14 Б.
  7. Бақтыбаев И.Ж. Қазақстан Республикасында Конституциялық қадағалау. А., 2012. 29 Б. 28.
  8. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Алиев М.М. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау. Астана, 2009. Б.137.
  9. Баймухаметов Е. Қазақстанның мемлекеттік билік жүйесіндегі прокуратураның рөлі мен орны. Заң және заман.2014, №5.
  10. Байтықбаев Д.И. Автореферат. Мемлекеттік өкімет органдары жүйесіндегі прокуратураның функциялары мен құқықтық мәртебесі.А., 2003. 77 Б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.