Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық дамуының мәселелері мен болашағы

Аталмыш мақалада агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық дамуының тиімділігі,мәселелері жайлы қарастырылған. АӨк дамыту бойынша негізгі салалар көрсеткіші талданған.

Агроөнеркәсіп кешені - Қазақстан экономикасының негізгі және ерекше болашағы бар өзекті саласы. Әлемнің санаулы елдері ғана ауыл шаруашылығын дамытуда біздің әлеуетімізбен салыстырмалы түрде ғана теңеседі. Әлем халықтарының өсуіне орай азық-түлікті экспорттауға қабілетті мемлекеттер көп ұзамай әлемдік нарықта көшбасшы болатынын бүгіннің өзінде де аңғару қиын емес. Біздің елде де мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға жылдан-жылға айрықша көңіл бөлініп отыр. Осы саланы қаржыландыру көлемі ұлғайып, жаңа бағдар-ламалар әзірленуде, мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері жасалуда. Егер статистикалық деректерге сүйенсек, ауыл шаруашылығынан тұрақты өсуін байқаймыз: жалпы өнімнің көлемі мен саланы инвестициялау артып, жаңа ауылшаруашылық нысандары пайдалануға беріліп жатыр. Сонымен қатар, "ауылшаруашылық өнім-дерін сыртқа шығару артқан сайын, олардың бағасы өседі, ауылшаруашылық экспортының құрылымы неге өзгермейді" деген сауалдар көпшілікті жиі мазалайды.Себебі отандық ауыл шаруашылығы өнімде-рінің басым бөлігі әлемдік нарықтағы бәсеке-ге түсуге қауқарсыз. Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі алдымен өнімді өндіру барысында қолданылатын технологиялардың деңгейімен анықталады. Демек, бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының қатарында көтерілген мәселе ауыл шаруашылығына бөлінген қар-жының көлемін ұлғайту ғана емес, саланың ғылыми-инновациялық жағын қалпына келтіріп, оны жетілдіру.

Сондай-ақ, келешекте Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі де күн тәртібінде тұрған тақырыптардың бірі, олай болса агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік қолдау шараларын "сары қоржынға" байланысты қысқарту керек болады да, сол сәтте ғылымды мемлекеттік инвестициялау бойынша бұл санатқа, атап айтқанда, "жасыл қоржынға" ондай шектеулер таратылмаған. Сол себепті тек бүгін технологиялық жетілдіру мәселесіне сапалы секіріс пен қолжетімді, тиімді инновациялар қажет. Агроөнеркәсіп кешені үшін оңтайлы агротехнология, жоғары өнімділік әкелетін сұрыптар мен будандар, мол өнім беретін малдар, жоғары өнімділікке қол жеткізетін машиналар мен жабдықтар керек. Осындай инновация құрудың негізін тек өзіндік, жоғары дамыған аграрлық зерттеу жүйесі арқылы ғана іске асыруға болады. Түсінікті болу үшін бірнеше мысалдар келтіре кетейін: Қазақстанмен салыстырғанда, табиғат жағдайы салқындау Аустралияда бидайдың өнімділігі екі есе жоғары. Мұның құпиясы неде? Аустралия ауылшаруашылық саласы бойынша әлемдегі ең үздік ғылыми- зерттеу жүйесін қалыптастырды. Аустралия ғалымдары биотехнологияны үздіксіз дамытып, сұрыптың сипаттамасы бойынша ерекше түрлерін жасауға болатынын көрсетті. Геномика саласы бойынша ғылымдағы жетістікке жету ауыл шаруашылығында сұрыптауды арзан және қысқа уақытта жүзеге асыруға жол ашады. Мысалы, жуырда Квинсленд университетінің ғалымдары бар-жоғы екі жарым жыл ішінде қажетті тұқымдарды жиынтықтау арқылы бидайдың жаңа сұрпын ойлап тапты. Бұрынғы дәстүрлі әдіспен сұрып жасауға 15 жылдан астам уақыт кететін. Қорыта айтқанда, Аустралия фермерлері үшін ең заманауи агротехнология мен селекциялық жетістіктерде қолжетімділік бар. Елдегі аграрлық ғылым саласындағы күшті ғылыми жасампаздық - Австралияның әлемдік азық-түлік нарығындағы негізгі бәсекелестіктегі артықшылығы.[1]

Асылтұқымды малды әкелу - табыстың көзі емес. Мал шаруашылығы саласынан бір мысал. АҚШ, Франция, Канадада ірі қара малды асылдандыруды жақсарту шетелден асылтұқымды малды әкелу жолымен емес, жоспарлы түрде тұқымдық құрамға геномдық сұрыптауды енгізу жолымен шешілуде. Генотиптің ерекшелігімен танысқаннан соң, арнайы әдістеменің негізінде нақты әр малға жас кезінен бастап шаруашылық құндылығын танып, оның үздік әлеуеттік бағытын дамытуды анықтайды. Одан әрі қарай табынның асылтұқымды құндылығын жедел көтеру үшін жаңа репродуктивті технология кеңінен қолданылады.

Нәтижесінде оңтайлы будандастыруды таңдау арқылы нақты шаруашылыққа қажетті сипаттама негізінде табынды жасақтауға мүмкіндік алады. Геномдық сұрыптауды қолдану нәтижесінде Францияда соңғы 20 жылда сауын сүтінің көлемін бір сиырға шаққанда жылына 4-тен 6 мың литрге арттырған немесе 1,5 есеге өскен. Бұл жағдайда сүттің сапасы талапқа сай түрлі бағыттағы қайта өңдеуден кейін де тұрақты болады. Әрине, бұл жай технология емес, осының арқасында асылтұқымды мал шаруашылығын тұрақты және орнықты дамытуды қамтамасыз ету мүмкіндігі жасалады. Ал малды асылдандыру үшін шеттен тасымалданған мал уақыт өте келе өзінің тектілігін жоғалтады. Тағы бір ауыл шаруашылығын инновациялық дамытуға жарқын мысал - Нидерланды елі. Жер көлемі біздің Алматы облысының бестен бір бөлігіне тең бола тұра, жылына құны 50 млрд. АҚШ долларын құрайтын ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа шығарып, әлемде АҚШ-тан кейін екінші орындағы экспортер ретінде танылып отыр. Бұл елдің ауыл шаруашылығының құдіреттілігі неде? Нидерландының аграрлық саладағы экономикалық және технологиялық саясатының қалыптасуы негізінен әлемдегі ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші нысан - Вагенинген зерттеу университетімен тығыз байланысты.

Бұл елде жеке ауыл шаруашылығы министрлігі де жоқ. Барлық түбегейлі шешімдерді шешу өндірістен көбіне шет қалған шенеуніктер емес, ғалымдардың эксперттік білімдері мен тәжірибенің нақты мәселелері негізінде дайындалады. Вагенинген университеті ұлттық агроин-новациялық кластерді ұйымдастырудың жемісті құрылымы болып табылады. Оны Нидерландының "Азық-түлік алқабы" деп атап, АҚШ-тың атақты Силикон алқабымен теңестіреді, бір ғана білім орталығының кешеніне біріктірілген, ғылыми-зерттеу институты, технопарк пен Вагенинген университеті - голландиялық агроөнеркәсіп кереметінің генераторы деуге де болады. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, аграрлық ғылымды инвестициялау ауыл шаруашылығын тікелей инвестициялағаннан барынша тиімді. 1992 жылдың өзінде-ақ Канада ғалымдары ауыл шаруашылығын зерттеуге кеткен әр доллардың өнімділігінің өсуі 40 долларға теңескенін анықтады. Бұл мысалдардан көріп отырғанымыздай, жалпы алғанда, әлемдегі ауыл шаруашылығы мықты дамыған мемлекеттер аграрлық ғылымды дамытуға басымдық береді. Ғылым тек ауыл шаруашылығы өндірісінің негізінде ғана емес, ол тұтасымен мемлекеттің саясатына да қатысты.

Аграрлық секторды Реформалаудың алғашқы он жылдығында (1991-2001 ж.ж) егістіктің жалпы көлемі республика бойынша 7,5 млн.гектарға азайса, ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің көлемі 13,7 млн.гектарға қысқарыпты. Мәліметтерге қарағанда, 1990 жылы ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіру мен сатудың рентабельдігі 46 % болған, оның ішінде егіншілік 105,4%, мал басының (жылқы - 33%, ірі қара малы -56%, қой және ешкі - 71%,) қысқаруы нәтижесінде, республикамызда ет өндірісі 2,4 есеге, сүт - 1,7 есеге және жұмыртқа 3,4 есеге төмендеген. Ал, астық өндірісі, 1998 жылы 1992 жылдың дәрежесімен салыстырғанда 2,4 есе, оның экспорты 6 есе төмендеп, дәнді дақылдардың орта жылдық өнімділігі 1991-1995 жылдары гектарына 9,3 ц, 19961997 жылдары - 8 центнер құраған. Аграрлық саладағы бұл үдерістерді бақылаушылар реформаны аумалы-төкпелі жүргізілді деп бағалады. Бұл дегеніміз, тәуелсіз Қазақсанның агроөнеркәсіп саласы үшін алғашқы он жылдық ең қиын кезең болғанын көрсетеді.

Жалпы, капитализмнің алғашқы жылдарындағы қиындықтың зардабы ауыл шаруашылығына және бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғатын, негізгі себептерін және одан шығу жолдарын мемлекетіміз саяси тұрғыдан анықтауға тырысты. Осы көкейтесті мәселе, республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және атқарушы органдардың күнделікті іс- тәжірибелеріде күн тәртібінен түспегені белгілі. Әсіресе, ауыл халқының қамын жеген елбасымыз Н.Назарбаев аграрлық сектор мәселесіне келгенде тыным таппағаны мәлім. Социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңін, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін, аграрлық қатынастардың негізі болып табылатын жер қатынастарының қалыптасу заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс және оның ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесінің нәтижелерін, орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға жасаған ықпалы және ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесін шешу үшін елбасымыз жыл сайынғы халыққа жолдайтын Жолдауында осы агроөнеркәсіп саласына айрықша тоқталып өтеді.Агроөнеркәсіп саласында қол жеткізген ең үлкен жетістік ретінде агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының тұрақты арнаға түскендігін ғана айтуға болады. Тәуелсіздік алған 23 жыл ішінде осы салаға қатысты Жер, Орман, Су кодекстері, астық, ветеринария, егіншіліктегі міндетті сақтандыру туралы заңдар, көптеген заң аясындағы актілер, сондай-ақ бірнеше жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Міне, осы құжаттар негізінде, еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдағы жүрер жолы айқындалып келеді.

Шын мәнінде, аграрлық сектор - халықтың қолайлы өмір сүруі үшін қажет әрі маңызды №1 сала. Халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету осы саланың еншісінде болғандықтан, аграрлық сектордың еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршамызға белгілі. Сонымен қатар, аграрлық секторды дамытуың деңгейі, көбінесе, елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға толықтай мүмкіндіктер бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Дегенмен, дәл бүгінгі күнде аграрлық сектордың экономикалық процестерінде және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногында үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін тасбақаның тауға шыққанындай жылдамдықпен ғана дамытуда.[2]

Қоғамымызда түбірімен өзгеріп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ауыл шаруашылығы саласындағы реформалар қажеттігі заман талабы болып отыр. Бұл процессте аграрлық салада қалыптасқан ерекшеліктерді ескеруге үйретеді және бүгінгі таңда ауылдың әлеуметтік- экономикалық дамуының негізгі бағыттарын нақтылап, белгілей түседі. Бұл ретте, Президентіміз Н.Назарбаевтың "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты биылғы жолдауындағы: "Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл - біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек" - деген сөзі осы саланы инновациялық түрде дамытуды меңзейді.

Президентіміз Н.Назарбаев ауыл бағдарламасында көрсеткендей, дамыған елдердің аграрлық салада қол жеткізген тәжірбиелерінің саяси- экономикалық әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып, агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың ең басты іс-шараларын нақтылау міндетін алға қойып отыр. Тәжірибедегі ондаған жылдар аграрлық секторда қалыптасқан экономикалық жүйенің ауысуын көздеген реформаны жүзеге асырудың көп жағдайда стихиялы болып, өтпелі процесстердің реттелуімен ғана әлек болғанын көрсетеді. Бұл процесстің нақты нәтижесін қазіргі ауыл шаруашылығының әлеуметтік- экономикалық жағдайы көрсетіп отыр. Сондықтан да, президентіміз меншік пен шаруашылық жүргізудің барлық түрлеріндегі ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік көмек беру мен қолдау арқылы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) бәсекелестік қабілетті еркін нарықтық ауыл шаруашылығына негізделген аграрлық қатынастар жүйесін құруды үкіметке арнайы тапсырған.

Елбасымыз үшін агроөнеркәсіп кешенінде ең өзекті болып отырған мәселе - ол елге жерді үлестіріп беруде емес, оны тиімді пайдалануды ынталандыруда, ауыл шаруашылығына күрделі қаржының бет бұрысын қамтамасыз етуде болып отыр. Осындай жер базасын негізге ала, әлемдік тәжірбиеге сүйене отырып, Үкіметтің жұмыс тобы ауыл шаруашылығындағы жерлерге жеке меншік институтын енгізуді көздеген құжаты бұл "Жер кодексі" екені бәрімізге белгілі. Бұл құжат ауыл шаруашылығындағы экономиканың аграрлық секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолданылып жүрген жер қатынастарын сақтауды және оларды одан әрі жетілдіре түсуді көздейтін негізгі құжат. Елбасымыз Н.Назарбаев: "Ауыл жылдарында бұл салаға бүкіл халықтың көңілін аударуды ойлағанда мен жерге жеке меншік енгізу мен ауыл тағдыры ажырағысыз екенін қатты ескергенмін" - деген болатын.

Агроөнеркәсіп саласын ынталандыру мақсатында үкімет әртүрлі қаржы-экономикалық және ұйымдастыру механизмдерін пайдалануды ұйымдастыруды көздеп отыр. Бірақ бүгінгі күні ұлттық ауыл шаруашылығы өндірісінің ауыл шаруашылығының проблемаларын шеше алатын мамандандырылған қаржы орталығы немесе банкі әлі күнге дейін жоқ. Бұл мәселелерді шешу үшін тек бюджеттік қаржы жағынын жүргізуші түрінде ғана емес, банк жүйесінде ерекше орын алатын осы ресурстарды пайдалану үшін негізгі бақылаушы және қаржы операторы ретінде қызмет жасайтын мемлекеттік жүйені құратын банк құру қажет болып тұр. Бұл мәселелерді таса қалдырмайтын Президентіміз Н.Назарбаев биылғы жолдауында: "Болашақ - аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақмерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болуға тиіс. Ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру да өзекті мәселе" - дей отырып: "Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқарту, оларды көкөніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. Агрохимикаттарды тиімді тұтынудың, қуаң жерлерде топырақты нөлдік өңдеудің заманауи технологиялары мен өзге де инновацияларды қолдануды кеңейтудің кешенді шаралары қажет" - деп, бұл саланы инновациялық дамытудың өте өзектілігін айтады.

Аграрлық саланы ынталандыруға арналған бүгінгі банк несиелеріне қол жеткізудің күрделілігі жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің кең көлемде дамуыту мүмкін болмай тұр. Жалпы, қазіргі несие беру ауыл шаруашылығын дамыту операцияларын жүргізудің заманауи талаптарына жауап бере алмайынын көптеген шаруаларымыз айтып, арыздануда. Дәл бүгінгі таңда отандық ауыл шаруашылығы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған мәселе бойынша, Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне жетуге ұмтылуға бет бұрған кезде ғана өзін ақтайды. Ауыл шаруашылығы халықаралық қаржы құрылымдарының айтуымен мемлекеттің монетарлық саясатының нысаны күйінде қалып отыр. Осылай отандық ауыл шаруашылығының несие және инвестиция тартуға тартымдылығын қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда.

"Қазақстан - 2050" стратегиясында да

Президентіміз агроөнеркәсіп саласын қарқынды дамытудың жолдарын айта кетіп, ауыл шаруашылығы тауарларына өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажеттілігі туындап жатқанын мәселе ретінде көтеріп, егістік алаңын ұлғайту, өнімділікті жаңа технологиялар еңгізу есебінен едәуір көтеру мақсаттарын алға қояды. Стратегиялық мақсаттың қойылғанына көп өтпей оны жүзеге асырудың бірінші қадамы - "Агробизнес- 2020" бағдарламасының қабылданғаны болды. Бұл бағдарлама негізгі төрт бағыт бойынша іске асырылады: қаржылық сауықтыру, тауарлар, жұмыс және қызмет көрсетудің қол жетімділігін жоғарылату, агроөнеркәсіптік комплекс субъектілерін қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесін дамыту және аграрлық сектордың мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру. Аталмыш бағдарлама аясында мынадай міндеттерді шешу жоспарлануда: инвестициялық субсидиялар, АӨК субъектілерін сақтандыру және қарыз алуды субсидиялау, ауыл шаруашылығында техникалық реттеу жүйесін жетілдіру, АӨК-де мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру.Бүгінгі жағдайда ғылым мен техника жетістіктерін ендіру арқылы агроөнеркәсіп өндірісін барынша жаңғыртуға бағытталған инновациялық процестерді дамытып бұл саланы көтеруге болатынын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Инновациялық процестер нақты техникалық және технологиялық идеяларды ғылыми әзірлемелер негізінде жаңа технологияларға айналдырудың және жаңа, сапалы өнім алу мақсатында тікелей өндірісте игеруге дейін жеткізудің тұрақты, үздіксіз ағымы болып табылады. Аталмыш процеске ауыл шаруашылығындағы ғылыми ұйымдар мен оқу орындары, өндірісті басқару мекемелері, қызмет көрсетуші және өндіріске ендіруші құрылымдар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қатыстыра отырып жүзеге асырылады. Ол үшін мемлекет, бірінші кезекте, материалдық өндіріске, еңбекке және ақылға негізделген ұдайы өндіріс тетігін қолдауға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, аграрлық бағыттағы ғалымдардың ғылыми нәтижелерін уақытылы патенттеу жұмыстарының ұйымдастырылуын күшейтуге, инновациялық жетістіктердің өндіріске ендірілуін ынталандыруға баса мән беру керек. Жаһандану кезеңінде бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығына қомақты қаржының құйылуын талап ететін, қымбат, жаңа инновациялық технологияларды шұғыл түрде ендіру қажеттілігін күн санап артуда.[3]

Агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық процесс қарқынының елеулі дәрежеде тежелгеніне қарамастан, ауыл шаруашылығы ұйымдарының 1015% бөлігінің ресурс үнемдеуші жаңа ауыл шаруашылық технологияларына деген қажеттілігі артып келеді. Дегенмен, инновациялық технологияларды әзірлеу мен ендіру процесі, бірінші кезекте, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі- конструкторлық жұмыстар қомақты қаржыны талап етеді. Қазақстан экономикасының аграрлық саласында сақталып отырған қолайсыз макроэкономикалық ахуал мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің төмен инвестициялық мүмкіндіктері АӨК-дегі инновациялық қызметті белсендіруге қажетті шарттарды шектеу мүмкіндігі жоғары. Дегенмен, қайткен күне де тиімді инновациялық қызмет - "Агробизнес-2020" бағдарламасының сәтті орындалуын қамтамасыз ете алады. Бұл ретте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков: "2020 жылға дейін агроөнеркәсіп кешенін дамытуға жалпы сомасы 2 трлн. 977 млн. теңге бөлінеді. Оның 14 пайызы АӨК- лерді мемлекеттік қамтамасыз етуге және 14 пайызы саланы қаржылай сауықтыруға бөлінеді" - деген болатын. Әрине, бұл ірі көлемді қаржы екені белгілі. Енді осы қаржының сәтті игеріліп, агроөнеркәсіп саласының қарқынды дамуын қатаң бақылауды басты назарға алғанымыз жөн. Сонда ғана агроөнеркәсіпті дамыта аламыз.

Агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық дамуына оң ықпалын тигізетін шарттар мен факторларға шаруашылық жүргізудің нарықтық тәсілін, табиғи ресурстардың көптігін, ғылым мен білім әлеуетінің жеткіліктілігін, ішкі азық-түлік нарығының ауқымдылығын, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, табиғи азық-түлік өнімдер өндірісінің мүмкіндігін жатқызуға болады.Ал, кері ықпал ететін шарттар мен факторлар ретінде отандық ауыл шаруашылығы ғылымындағы ұйымдық құрылымның күрделілігін; ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет түрлерінің әркелкілігін; ғылыми зерттеулердегі өңірлік, салалық және салааралық сипаттағы мәселелердің үлес салмағының басымдығын; ұдайы өндіріске қатысты кейбір мәселелерді зерттеу мерзімінің тым ұзақтығын қарастыруға болады. Аталмыш факторлар ауыл шаруашылығы ғылымы мен аграрлық ғылыми зерттеулерді басқаруда елеулі қиыншылықтар туғызады.

Нарықтық экономикадағы инновациялардың басым көпшілігі кәсіпкерлік құрылымдар тарапынан өндірістік және коммерциялық міндеттерді шешудің құралы ретінде, әрі олардың тұрақты жұмыс істеуін, экономикалық өсімді және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде жүзеге асырылады және нарыққа, нақты бір тұтынушы тобына немесе қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады.Агроөнеркәсіп кешенінің дамуына қажетті шарттардың бірі - ғылыми-техникалық прогресс.

Инновациялар зерттеу, өндіру және сату (өткізу) қатынастарының жалпы кешенін қамтитын күрделі де көп қырлы мәселе болып табылады.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық процесс қарқынының елеулі дәрежеде тежелгеніне қарамастан, ауыл шаруашылығы ұйымдарының 1015? бөлігінің ресурс үнемдеуші жаңа ауыл шаруашылық технологияларына деген қажеттілігі артып келеді. Дегенмен, инновациялық технологияларды әзірлеу мен ендіру процесі, бірінші кезекте, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі- конструкторлық жұмыстар қомақты қаржыны талап етеді.

Қазақстан экономикасының аграрлық саласында сақталып отырған қолайсыз макроэкономикалық ахуал мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің төмен инвестициялық мүмкіндіктері АӨК-дегі инновациялық қызметті белсендіруге қажетті шарттарды шектері сөзсіз. Сондықтан, тиімді инновациялық қызмет - "Агроөнеркәсіп кешенін дамыту" мемлекеттік жобасын сәтті іске асырудағы басты факторлардың бірінен есептеледі.

Қазақстанда бірегей ғылыми-өндірістік база мен жоғары білікті ғылыми мамандардың бар болуына қарамастан, инновациялық дағдарыс жаңалықтарды ойлап табу мен шығару процесін мемлекеттік реттеу мен басқару деңгейінің күрт төмендеуінен, қаржыландыру көздерінің жоқтығынан және зерттеу ұжымдары қызметінің дұрыс берілмеуінен туындап отыр .

Ауыл шаруашылығындағы инновациялық әлеуетті қалыптастырудың басым бағыттарының бірі, әрі маңызды міндеті ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды жеткілікті көлемде қаржыландыру болып табылады. Соңғы жылдары мұндай жұмыстар бірнеше көздерден, атап айтқанда, республикалық бюджеттен (шамамен 40?); жергілікті өңірлік қаржылардан (орташа есеппен 27?); ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ғылыми мекемелердің меншікті қаражатынан (32,8?) қаржыландырылды.

Дамыған елдерде ауыл шаруашылығы ғылымына жұмсалатын мемлекеттік шығындар жылына 4-6? артып отырса, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарға кететін шығын көлемі жалпы ұлттық өнімнің 2?-дан астамын құрайды. Ал, Қазақстанда болса, шығын көлемі біршама жылдан бері жалпы ұлттық өнімнің 0,25?- ынан асқан емес.

Мемлекет, бірінші кезекте, материалдық өндіріске, еңбекке және ақылға негізделген ұдайы өндіріс тетігін қолдауға; ауыл шаруашылығы өнімдерінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, аграрлық бағыттағы ғалымдардың ғылыми нәтижелерін уақытылы патенттеу жұмыстарының ұйымдастырылуын күшейтуге; инновациялық жетістіктердің өндіріске ендірілуін ынталандыруға баса мән беру керек. Неге десек, жаһандану кезеңінде бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығына қомақты қаржының құйылуын талап ететін, қымбат, жаңа инновациялық технологияларды шұғыл түрде ендіру қажет. Осы орайда, ауыл шаруашылығындағы кадр әлеуетінің қазіргі ахуалы инновацияларды іс-жүзінде ендіруге елеулі кедергі келтіретіндіктен, инвестициялардың тиімділігін барынша азайтып, "Агроөнеркәсіп кешенін дамыту" мемлекеттік жобасының жүзеге асуын тежейтінін айқын ұғынған жөн.

Бүгінгі жағдайда ғылым мен техника жетістіктерін ендіру арқылы агроөнеркәсіп өндірісін барынша жаңғыртуға бағытталған инновациялық процестерді дамытып қана дағдарыстан шығуға болады. Инновациялық процестер нақты техникалық және технологиялық идеяларды ғылыми әзірлемелер негізінде жаңа технологияларға айналдырудың және жаңа, сапалы өнім алу мақсатында тікелей өндірісте игеруге дейін жеткізудің тұрақты, үздіксіз ағымы болып табылады. Аталмыш процеске ауыл шаруашылығындағы ғылыми ұйымдар мен оқу орындары, өндірісті басқару мекемелері, қызмет көрсетуші және өндіріске ендіруші құрылымдар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін ғылыми- техникалық зерттеу, әзірлеу және өндіріске даярлау,

 

басқаша айтқанда, өндіру, сақтау, қайта өңдеу және өткізу инновациялық процестің негізгі функционалдық бөліктерін құрайды.

Дәстүрлі тауарлардың ұлттық нарықтары сияқты инновациялық өнімдердің ұлттық нарықтарының да сандық сипаттары, салалық және географиялық құрылымы, өзіндік жарнамалау түрлері, баға есептеу әдістемесі, заңдық ережелері болады. Инновациялық өнім нысандарының айырбасы барысында сатып алу-сату, жалға алу немесе жалға беру, қызмет көрсету, капитал, қарыз және серіктестіктерді инвестициялау келісімдері секілді өзге де коммерциялық мәмілелердің заңдық шарттары орындалады. Экономикасы дамыған елдердің инновациялық нарықтары негізінде әлемдік инновациялар нарығы құрылады. Қазақстанда қалыптасып келе жатқан инновациялар нарығының түбегейлі нарықтық қайта құруларды жүзеге асыру кезеңіндегі агроөнеркәсіп кешені экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты төмендегідей бірқатар өзіндік ерекшеліктері байқалады:

  • ғылыми-техникалық салада өткен жылдардан ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың жеткілікті қоры қалғанымен, оларды іске асыру және ауыл шаруашылығы саласында жаңа зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу үшін тапсырыс беруші тұтынушылардың қаржысы жетпейді;
  • инновация нарығы өнімнің өзінен емес, инновациялық қызметті жүргізуге қабілетті ұйымдардың, ұжымдардың, жекелеген мамандардың жиынтығынан тұрады;
  • бүгінгі күні инновациялық ұйымдар көбіне венчурлық капиталмен қамтамасыз ететін ұйымдардың қаражаты есебінен өз беттерінше жұмыс істей алмайды.

Мемлекетімізде инновациялық және техникалық прогресстің тежелуі немесе баяу қарқынмен дамуы әлемдік нарықтың шикізаттың көзі болып қала беруіне соқтықтырады. Ал мұндай болашақ технологиясы жетік дамыған мемлекеттерге тәуелді еткізіп, прогресстің соңғы сатыларында жүруге итермелейді. Отандық өндіруішлер мен тұтынушылардың қандай да бір тауар түрі бойынша сыртқы нарыққа тәуелділігі түбінде мемлекеттің халық аралық бәсекедегі орнын төмендетіп, оларды сатып алудан түскен қосымша құн мен валюталық түсімдер шет елдік бәсекелестердің өндірісі мен технологияларын жаңартуға жұмсалады.

Өндірістің индустриалды-инновациялық тұрғыда жедел дамуын талап етіп отырған шаруашылықтың қазіргі жағдайында келесі факторларды ескеру қажет:

  • институционалды тұрғыда тиімді қызмет атқаруға қабілетті жеке меншік секторын қалыптастыру;
  • өндірістік тұрғыда импорттың орнын алмастыру мен инновациялық саясаттарды алға қоя отырып, ішкі нарықтағы өндірушілердің өнімдері мен сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • ресурстық тұрғыда инвестициялық жедел амортизация саясаттарын қалыптастыру мен еңбек ресурстарының тиімділігін көтеру;
  • ұйымдастыру - басқару шаралары бойынша мемлекеттік стратегиялар мен өндіріс анклавтары арасындағы мүдделерді үйлестіру.[5]

Қорыта келгенде, экономикалық тұрғыда дамыған мемлекеттер қатарына жоғарғы технологиялы өнімдер нарығында бәсекеге түсе алатын елдерді жатқызуға болады. Ал тиімді ұлттық инновациялық жүйе бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы құру мен қалыптастырудың басты механизмі. Дұрыс өңделген инновациялық саясат индустриалды-инновацилық дамудың жетекші тізгіні ретінде отандық ғылыми сыимды өндірісті дамыту мен бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың негізігі құралы бола алады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің ресми сайтынан АӨК дамуы туралы ағымдағы жағдайын талдауы: http:\\ www.mingri.kz
  2. Ә.Н.Дәуренбекова Қазақстанда инновациялық дамудың жаңа бағыттары / ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №2 (72), 2009. -Б.111-115.
  3. Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырудың алғашқы нысандары және Қазақстандағы ерекшеліктері. С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті Хабаршысы. Тарих сериясы. - 2004. - № 2(10). - 72-76- бб.
  4. Статистический сборник "Развитие агропромышленного комплекса в РК" Алматы 2011г.-115 б
  5. М.Т. Оспанов. Агробизнес: теориясы мен тәжірибесі. Алматы, 2005ж.- 441б

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.