Бұл мақалада тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің даму жағдайы қарастырылған. Азық-түлік дағдарысының пайда болуы мен тамақ өнеркәсібінің бағыттары бойынша негізгі мәселелер көрсетілген.
Тамақ өнеркәсібі - азық-түлік өнімдерін өндіретін салалардың кешені, қалыпты өмірді қамтамасыз етудің ең негізігі алғышарты ғана емес, ел экономикасының тұрақты дамуында да маңызды орын алады. Азық-түлік өнімдерін өндіру өңдеу өндірісінің қарқынды дамып келе жатқан саласы болып табылады.
Инфляция жағдайында азық-түлік тағамдарының басқа салалармен салыстырмалы бағаларының жылдам өсуі, олардың бірінші деңгейлі мағыздылығы мен қажеттілігімен түсіндіріледі. Отандық тағам өнеркәсібінің дамуы, оның экономикамыздың табысты және әсерлі секторына айналуы тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты факторы болып, мемлекетіміздің экономика жүйесінің барлық тараптарына әсер етеді. Тағам өндірісі ауыл шаруашылығының дамуында маңызды роль атқарады, сонымен қатар, электроэнергетика, көлік пен байланыс, қаптау материалдарының өндірісі секілді аралық салалардың жұмысына әсер етеді. Ол халықтың әлеуметтік жағдайының қалыптасуында негізгі орын алады [1].
Азық-түлік тауарларының өндірісін ұлғайту және халықты тұрақты қамтамасыз етуі шешуші дәрежеде агроөнеркәсіп кешені аясында жүргізілетін ғылыми негізделген саясатына, сонымен қоса, мемлекеттің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуге қатынасына байланысты. Қайта өңдеу өнеркәсібінің бірбірінен ерекшеленетін өнім өндіретін 30-дан астам саласы бар. Шикізаттың (жүз түрлі) және дайындалатын өнімнің (мыңдаған түрлі) кең ассортименті көптеген қағидалы айырмашылықтағы технологияларды, саны бірнеше мың данаға жететін машина мен аппараттарды қолдануға негіздейді.
Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің тағамдық бөлігінің дамуына қойылатын әлеуметтік- экономикалық талаптар мен негізгі даму бағыттарына орай келесідей тапсырмалар туындайды:
- өндірістің техникалық және технологиялық дәрежесін көтеру;
- өнімдердің жаңа түрін жасау;
- тағам өнімдерінің тұтыну сапасын жақсарту;
- тұтынуға дайындық дәрежесі жоғары тағам өнімдерінің шығарылуын ұлғайту.
Бұл маңызды мәселелерді ғылым мен техниканың жетістіктерін ғылыми-техникалық дамудың тағам өнімдерін сақтау мен қайта өңдеу, өндіру бағытында енгізу негізінде шешуге болады.
Тамақ өнеркәсібі Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің маңызды саласы болып табылады. Оның тиімді жұмыс істеуі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлатуда маңызы зор, себебі мемлекетіміздің материалды өндіріс саласының өнімдерінің жаплы көлемінде шамамен 12% тамақ өнеркәсібіне тиесілі [2].
1990-1998 жж республикамыздағы тағам өнімдерінің өндірісі дағдарыс жағдайында болатын. Мемлекет экономикасының нарық қатынастарына көшу кезінде агроөнеркәсіп кешендері серіктестерінің арасындағы байланыстар үзілді, ауылшаруашылық өнім өндірушілер мен қайта өңдеу өнеркәсіптерінің арасындағы келісім қатынастары бұзылды. Қайта өңдеу өнеркәсіптерінде ауылшаруашылық шикізаттарының жетіспеуі олардың өнімділік қуаттылығының тек 4050% жүктелуінің себебі болды, бұл өз алдына қаржылық жағдайдын нашарлауына, ал кей мысалдарда өндірістердің жабылуына әкелді. Мемлекетіміздің тағам өнеркәсібі төмен рентабельділіден шығындыға айналды.
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі маңызды мәселелердің қатарына тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қосты. Бұл бірнеше жағдайларға байланысты: біріншіден, агроөнеркәсіп кешендерінің өндірісінің төмендеуі тағамдық нарықтағы жағдайды ушықтырды; екіншіден, импорттық азық-түлік тағамдары отандық тауарларды шектете бастады; үшіншіден, елімізге сапасыз, кейде денсаулыққа зиян тағам өнімдері келе бастады; төртіншіден, тұтынушылық қабілеті төмендегендіктен халықтың кейбір бөлігіне барлық тауар түрлері қолжетімді болмады.
Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 2000 жылы халықтың 31,8% табысы өмір сүрудің ең төменгі шегінен аз болған. Ақуыз, май және көмірсу қатынасы, микроэлементтер, дәрумендер бойынша тағамның теңестірілмеген болуы республикада эндокриндік жүйе, ас қорыту жүйесі ауруларының, зат алмасудың бұзылуының және иммунитеттің төмендеуінің, туа біткен аурулардың, өмір сүру жасының төмендеуінің себебі болды.
Бұған қоса, БҰҰ халықаралық ұйымы адамзаттың назарын ғаламдық кедейлікке, үнемі өсіп келе жатқан демографиялық қысымға, өмір сүруге қолайлы ортаның жойылуына аударып отыр. Осы жағдайларды ескере отырып, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жалпы адамзаттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір бөлігі болып табылады [3].
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі - бұл экономиканың әрбір тұтынушыға ғылыми дәлелденген тағам нормаларының қолжетімділігінің кепілідік беруі, және осы негізде адамдық потенциалдың өсуіне жағдай жасалады.
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мемлекеттің азық- түлік тағамдарымен өзін өзі қамтамасыз етуді және жетіспегенін сырттан әкелуге жағдай жасауды қарастырады. Екі маңызды ұғымды ажыратып алу керек: тағам өнімдерінің физикалық және экономикалық қолжетімділігі.
Физикалық қолжетімділік деп тағам өнімдерінің төлемге қабілетті сұранысқа сәйкес көлемде және ассортиментте тұтыну орындарына үзіліссіз түсуі.
Тағам өнімдерінің экономикалық қолжетімділігі түрлі деңгейдегі халықтың қажет көлем мен ассортиментте азық-түлік тағамдарын ағымдағы бағамен немесе арнайы тұтынушыларға көмек ретінде мемлекеттен бөлінетін қаражат арқылы сатып алу мүмкіндігімен сипатталады. Сандық және сапалық жағынан халықтың тұтыну деңгейінің төменгі шегі ретінде ең аз тұтынушы себетінің бағасын қарастыруға болады, ол белгілі тауарлар мен қызметтердің жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының "Өмір сүрудің төменгі шегі" туралы заңда тұтынушы себетін статистика жөніндегі мамандар денсаулық сақтау бойынша құзырлы құрылымдармен анықталатын азық-түлік тағамдарын тұтыну бойынша ғылыми нақтыланған физиологиялық нормалар арқылы есептейді деп көрсетілген.
Өмір сүру деңгейінің төменгі шегінің құрылымына тағамдық өнімдерге 70%, ал тағамдық емес тауарлар мен қызметтерге 30% келеді. Нан және нан өнімдеріне 12,3%, сүт пен жұрмыртқа, жануар және өсімдік тектес майға 20,6%, ет пен балыққа 20,6%, картоп және көкөніске 11,1%, қант, шай, татымдықтарға 5,4% келеді.
Сүт өнеркәсібінің 1993 жылы қаңтар айындағы өндірістік техникалық базасы 186 кәсіпорын мен сүтті қабылдау және өңдеу цехынан құралды. Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында өндіріске келетін сүт көлемінің азаюы байқалады: 1990 ж - ауыл шаруашылығында алынған сүттің 58 %, 1992 - 41, 1993 - 40,2, ал 1994 ж. шамамен 10 %. 1993-1999 жж. күнделікті сұраныстағы өнімдердің өндірілуі күрт төмендеді. Сүттің шикізат жіне қуат көзі ретінде қымбаттау әсерінен бағалар тым шарықтап, тұтас сүт өнімдерінің тұтынуының төмендеуіне әкелді. Шағын зауыттардың көбеюі және сүттің тікелей шаруашылықтар мен халыққа жеткізуі, республикадағы жағымсыз эпидемиологиялық жағдайда адамдарға қауіпті болды.
Малды өндейтін өнеркәсіптің жұмысының бәсендеуіне мал санының азаюы және ауылдағы меншік түрінің өзгеруі әсер етті. Бүгінде мал басының 85% жоғары бөлігі жеке шаруалардың иелігінде болса, қалған 15% ғана ауыл шаруашылық өнеркәсібі мен шаруа қожалықтарының иелігінде. Бұл жағдай республикадағы мал шаруашылығының дамуында жақсы әсер еткенімен, малды тіркеу, дайындау және өндірістік өңдеу бойынша бірқатар мәселе туындатты, және міндетті зооветеринарлық шараларды өткізу мен ұйымдастыру бойынша жағдайды нашарлатты.
2000 жылдардан бастап отандық тағам өнімдерін өндіру және Қазақстан халқын олармен қамтамасыз ету өзекті мәселеге айнала бастады. Себебі, 2000 жылдармен салыстырғанда 1990 жылдары еттітұтыну 29 кг көп болған, сүт - 76 кг, жұмыртқа - 123 дана. 2000 жылдары тағам өнімдерін тұтыну 1990 жылмен салыстырғанда біршама төмен деңгейде және ғылыми негізделген нормаларға сәйкес емес. 1998 жылғы тағам өнімдерін тұтыну тіпті тұтыну деңгейінің ең төменгі шегіне де жетпеген, тек нан өнімдері мен сүт қана қалыпты жағдайды ұстап қалған.
1997-1998 жылдары тағам өнімдерінің тұтынуының күрт төмендеуінің негізгі себебі бұқараның төлем қабілетінің төмендеуі, ол - бағаның өсуі мен халықтың нақты табысының төмендеуінің нәтижесі. Бұл әлеуметтік мәселеден саяси мәселеге ұласты. 2002 жылы республикадағы негізгі тамақ түрлерінің дама басына шаққандағы тұтыну мөлшері тамақтану Институтының ұсынылған нормаларынан төмен болып қала берді (кесте. 1.3) [4].
Егер негізгі тағам өнімдерінің тұтынуында импорттың үлесін қарастыратын болсақ, ол аса көп емес - 3,4-10,5 %. Ал терең өңдеуді қажет ететін ет, сүт өнімдері, жануар майы, басқа майлар қарастыратын болса, онда импорт үлесі белгілі дағдарыс деңгейінен асып түседі (кесте 1.4) [5].
Тәуелсіздіктің алғашқы он бес жылының статистикасының мәліметі бойынша Қазақстанның тағам өнімдерінен негізгі импортер Ресей болып табылады. Ол импорттың шамамен 42 % иеленіп, елімізге ет, етөсімдік консервалары, шұжық және кондитер өнімдері, тағамдық ашытқылар секілді өнімдермен қамтамасыздандырған. Құс еті негізінен АҚШтан тасылды. Бұл елдің импортының үлесі 3,8 % құрады. Германиядан қоспамай өнімдері, солод, сүтқышқыл өнімдері енгізілген. Украина өсімдік және сары май, какао мен қант жеткізіп отырған.
Сонымен қатар, жыл сайынғы өндіріс көлемінің өсімімен бірге ауылшаруашылық өнімдерінің импортының экспорттан басымдылық жағдайы сақталып отырғанын назарға салу керек. Отандық тауар өндірушілерге шетелдік тағам өнімдерін өңдейтін компаниялармен бәсекелестік жүргізуге мәжбүр болған. Импорттық тағамдар көп жағдайда, өнімнің сапасы жағынан кем түскенімен, өңдеу мен қаптаудың заманауи технологиясы жағынан басым түсіп отырған. Сондықтан олар сақтау мерзімінің ұзақтылығын қамтамасыз етіп, сол арқылы сапаны сақтауға қол жеткізген. Оған қоса, өңдеудің заманауи технологиясы өндіру, қайта өңдеу және сақтау кезіндегі жоғалтуларды азайтқан.
Кесте 1.3. Адам басына шаққандағы тағам өнімдерін тұтыну, кг
Тауар атауы |
ҮсыіІЬІЛсШ мөлшер |
1990 ж. |
2002 ж. |
||
---|---|---|---|---|---|
Нақты тұтыну |
Оның ішінде импорт өнімдері |
Нақты тұтыну |
Оның ішінде импорт өнімдері |
||
Ет және ет өнімдері |
82 |
73 |
0,8 |
45 |
4,7 |
Балық және балық өнімдері |
17 |
10,3 |
- |
8,6 |
2,7 |
Сүт және сүт өнімдері (сүтке қайта есептегенде) |
405 |
311 |
20,2 |
232 |
18,4 |
Жұмыртқа (дана) |
299 |
225 |
0,9 |
113 |
6,0 |
Өсімдік майы |
13 |
11,2 |
5,3 |
12,6 |
7,1 |
Көкөністер және асқабақ тұқымдастар |
146 |
76 |
3,0 |
81 |
2,7 |
Картоп |
100 |
86 |
0,7 |
65 |
0,9 |
Қнт |
38 |
38 |
14,9 |
21,7 |
6,8 |
Жеміс пен жидектер (шарапқа өңделмеген) |
80 |
23 |
3,5 |
21 |
0,9 |
Нан өнімдері (нан, макарон өнімдері ұнға қайта есептелген), ұн, дақылдар, бұршақ тұқымдастар |
95 |
148 |
120 |
6,6 |
Т ауар атауы |
1 |
995 |
2002 |
|||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Барлы ғы |
Оны ң |
іш інде |
Импорт үлесі, ω% |
Барлығ ы |
О ны ң |
іш інде |
И мпорт үлесі, % |
|
өндіріс |
импорт |
өндір іс |
импорт |
|||||
Бидай үны |
1577 |
157 |
1,9 |
0,1 |
1029,6 |
1028,0 |
1,6 |
0,2 |
Май және өсімдік м айы |
58 |
44 |
14,4 |
25 |
175,2 |
74,1 |
101,1 |
58 |
Қант |
3 17 |
113 |
204,5 |
65 |
681,8 |
345,5 |
336,3 |
49 |
Шұжық өнімдері |
35 |
35 |
0,4 |
1 |
18,0 |
9,0 |
9,0 |
50 |
Ет консервлері |
1,5 |
3,4 |
0,2 |
3,2 |
94 |
|||
Сүтке есептелген сүт өнімдері |
280 |
279 |
0,5 |
0,2 |
53,2 |
47,9 |
5,3 |
10 |
Сары май |
34 |
30 |
3,6 |
1 1 |
11,0 |
3,9 |
7,1 |
65 |
Ірімш ік пен сүзе |
12 |
12 |
0,3 |
2 |
7,1 |
5,5 |
1,6 |
23 |
Қоспа май өнімдері |
3 |
2,7 |
47 |
26,9 |
16,9 |
10,0 |
37 |
|
Какао қосылған ж әне қосылмаған кондитер өнімдері |
43 |
29 |
14,4 |
33 |
72,1 |
32,7 |
39,4 |
55 |
Кесте 1.4. Тағам өнімдерін өндіру және импорт, мың. т
2004 жылдан бастап жалпы сала ойынша рентабельділік деңгейінің 0,3% бастап1,5% дейін өсімі байқалған. Тағам өнімдерінің сала ішілік өндірісінде рентабелділік өсімі 2004 жылдың қорытындысы бойынша келесідей: жеміс пен көкөніс өңдеу 5,2 %, майлы дақылдарды өңдеу 4,8, сүт өнімдерін өндіру 0,2 %. 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылық шикізатының (оның жалпы өндіру көлемінен) өңдеу үлесі ұлғайған: сүт 10,8 % ден 20,5 %, ет 13,6 ден 15,2%, дәнді дақылдар 18,8 ден 27,9%, майлы дақылдар 50,4 ден 98,1 %.
2005 жылдың 5 айында маңызды өнім түрлерінің импорты айтарлықтай төмендеген: ет консервалары 60,9 дан 49,6 %, сары май 48,9 дан 42, қызанақ консервалары 64,1 дан 59,9 % [1].
Ұнның экспорты 35,2 % дейін, ет консервалары 12,2, жемісккөкөніс консервалары 19,4, қызанақ консервалары 7,7 %, сары май 2,4 есе өскен.
2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік агроөндірістік бағдарламасы аясында екі бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды: екінші деңгейлі банктердің ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін өндірістерге олардың айналым қаражатын толықтыру мақсатымен берілетін несиелердің сыйақы мөлшерлемелеріне субсидиялау, және құрылғыны несиелеу лизингісі. 2003-2004 жылдары 1,2 млрд. теңге орташа сыйақы мөлшерлемесі 3,1% болатын құрылғыны несиелеу лизингісіне бөлінген, олар еліміздің 5 аймағынан 11 өндірістің негізгі жабдықтарын жаңартуға бағытталған.
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін салалардың қазіргі жағдайы тұрақтылықпен сипатталады және келешетке даму үшін маңызды потециал болып табылады. Тағам өнеркәсібі нарықтың қажетті деңгейде дамыған бөлігі болып табылады, ол жыл сайын өндіріс көлемінің ұлғаю үрдісімен сипатталады.
Тәуелсіздік жылдарының дағдарысынан кейін тамақ өнеркәсібінің негізгі даму бағыттары:
- - өндіріс салаларын технологиялық қайта жабдықтау;
- - агроөнеркәсіп кешендерінің өнімдерін өндіретін, өңдейтін және жүзеге асыратын өзара байланысқан жүйесін жасау;
- - ауылшаруашылық шикізатына қайта есептегенде АӨК соңғы өнімінің ақшалай ұғымдағы шығарылымын өсіру;
- - ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін, өңдейтін, сақтайтын және сататын қаржылай- өндірістік топтар, концерндер, агрофирмалар түріндегі агроөнеркәсіптік өзара байланысты дамыту;
- - өнімнің шығарылымын жоғарлататын жаңа технологияларды енгізу;
- - отандық өндірістегі жаңа тағам өнімдерін жасау;
- - отандық өнімдердің сапасын жоғарлату;
- - қазіргі таңда шет елден сатып алынып жатқан өнім түрлерін өндіре алатын отандық өндірушілерге мемлекеттен қаржылай қолдау.
Сапа дегеніміз өте күрделі ұғым, және оны қамтамасыз ету үшін шығармашылық серпіннен бастап күнделікті қолданысқа көшкенге дейін көп саланың мамандарының ғылыми ізденісін қажет етеді. Сапаны жетілдіру үздік жүретін үрдіс және ол әр кез жаңалықты күтеді. Ол жаңалықтар тиімді басқарудан, яғни жаңа технологиялар мен білікті мамандар тоғысынан шығады.
Қазіргі кезде көпшілік кәсіпорындар сапа менеджмент жүйесін енгізуге ұмтылуда. Сапа менеджмент жүйесінің талаптары ISO сериялы стандарттарында көрсетілген. Талаптардың негізі ол тұтынушының максимальды қанағаттандырылуы болып табылады. Ол үшін сапа менеджмент жүйесі енгізіледі. Бұл жол қиын болғанмен, сапа менеджмент жүйесінің беретін нәтижесі өте зор. Сапа менеджмент жүйесі қызығушы тараптардың қажеттіктері, күтулер мен талаптарын қанағаттандыратын сапа саласы мақсаттарға сәйкес нәтижелерге жетуге бағытталған, ұйымның сапа менеджментінің бөлігі болып табылады. Сапа саласындағы мақсаттар ұйымның дамуымен, қаржыландыру, пайдалылығын, қоршаған орта, еңбекті қорғау және қауіпсіздікпен байланысты басқа мақсатпен толықтырылады.
Сапа менеджмент жүйесін құру үшін ұйымның стратегиялық шешімі қажет етіледі. Ұйымның сапа менеджмент жүйесін жобалауға және енгізуге өзгеріп отыратын сұраныстар, әсіресе мақсаттар, өндірілетін өнім, қолданылатын үрдістер, ұйымның көлемі мен құрылымы әсер етеді.
Сапа менеджмент жүйесін енгізу негізі:
- • жақсы нәтижеге жету үшін үрдістік және жүйелік менеджментті қолдану;
- • жақсы жоспарланғандықтан өзінің қорларының шығынын азайтып, уақытын үнемдеу;
- • кәсіпорынның жақсы атақ алуы және тұтынушылардың көбейуі;
- • нарықта кірістің өсуі;
- • қолайлы үрдістер арқылы кәсіпорынның қаржы мәселесінің жақсаруы;
- • кәсіпорын мен жеткізушілердің арасындағы қарым-қытынастардың тез арада жақсаруы;
- • басшының сапаға қосатын үлесі арқылы жұмыстарының жақсаруы;
- • өнімнің сапасының жақсаруы болып табылады
Бұдан басқа да сапа менеджмент жүйесінің енгізілуінің тиімділігі:
- • тұтынушылардың қанағаттандырылуы;
- • қоғамдық талаптардың орындалуы;
- • қызғушы талаптардың кәсіпорынға сенім артуы;
- • өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапа үрдістерін жақсарту;
- • жұмысшылардың дайындығын жақсарту;
- нақты мақсаттары арқылы кәсіпорын жұмысшыларының сенімінің артуы;
- халықтың сенімін жаулап алу;
- қаржының және өндірудің бірқалыптылығы;
Қазақстанда шығарылған тауарлар өзінің технологиялық дәрежесі бойынша қаншалықты жоғары болғанымен, дүниежүзілік нарықта бәсекесіз болады. Өйткені өнімді шығару үшін көптеген шикізат және қаржы жұмсалады, нәтижесінде бағасы өте жоғары болады. Бұл мәселені шешу сапа менеджмент жүйесін енгізу қажет және де сапа менеджмент жүйесін ұдайы жақсартуды көздеу тиімді.
Сапа саласындағы нысандар мен құбылыстардың жан-жақты толық дамуы азық- түліктің сапа анализін дамыту әдістемеліктерінде, сонымен қатар сапаны жақсарту жұмыстарының ұйымдастырылуында болып отыр. Сапаның толық жүйедегі позициядан жұмыс түрлерінің сұрақтары сапаның жүйелі-комплексті меңгеру жүйесі идеясын қолдануға әкеп соқты.
Ауылшаруашылық азықтың сапасын меңгеруін басқару керек, осыған байланысты шығарылған тағамның сапасын ғана емес, өндіру технологиясын да насихаттау керек. Нормативтік құжаттарда көрсетілген қауіпсіздік талаптарына сәйкес жасалған жоғары сапалы өнімнің шығуын, барлық технологиялық байланыстар бойынша бақылап отыру қажет. Азықтың өндірілуін білу және технологиялық параметрлерді қадағалап отыру оның сапасын бақылап отыруды қарастырады.
Список литературы
- Ельцова О.П. О проблемах формирования молочного кластера Казахстана // Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана. - 2005. - № 3. - С. 12-13.
- Смаилова А.А. Внешняя торговля и совместное предпринимательство Республики Казахстан. Алматы: Агентство РК по статистике. 2001. С. 72-73.
- Уразова Р. Итоги развития пищевой и перерабатывающей промышленности за 2003 год и перспективы на 2004 год // Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана. 2004. № 1. С. 4-5.
- Курмангалиев С.Г., Искендирова Г.К., Джаманкулова Д.М. Биотехнология - одно из основных производств в решении обеспечения населения продовольственной продукцией // Стратегия развития пищевой и легкой промышленности: Матер. Междунар. науч.-практ. конф., г. Алматы, 4 июня 2004 г. - Алматы: АТУ. 2004. Ч. 1. С. 188-190.
- Жапаров К.Ж., Чашин В.К. Продовольственная безопасность республики Казахстан // Пищевая промышленность. 2004. С. 56-57.