Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Евроазиялық экономиқалық одақтағы құқықтық мемлекеттің нарықтық экономика қызметінің іске асыру әдістері

Мақалада авторлар Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекетіндегі нарықтық экономика қызметінің іске асыру әдістерін қарастырады.

Нарық дегеніміз - сатушылар мен сатып алушылар араларындағы экономикалық қатынастар. Оның негізгі элементтері сұраныс (сұраным), ұсыныс (ұсыным) және баға болып табылады. Нарық және нарықтық қатынастар жағдайында құқық пен мемлекет экономикаға өз ықпалын тигізеді. Бір жағынан алғанда экономиканың даму заңы объективтік заңдылық ретінде болады. Құқық пен мемлекет оларға жанамалай ықпал етеді. Басқа жағынан алғанда осы заңдылықтарды мемлекет құқық нормалары түрінде баянды етеді. Осының өзі арқылы экономикаға шешуші ықпал тигізеді. Экономиканың басым бағытттары мемлекетті тікелей қолдайды, ал мемлекет болса оның басым бағыттарын дамытуға жағдайлар жасап ынталандырады, олардың стратегиялық бағыт- бағдарын айқындап береді. Мемлекеттің қолдауынсыз экономика тиісті түрде дами алмайды. Мемлекеттің экономика аясын бақылауы тікелей және жанама түрде жүргізіледі.

Тікелей мемлекеттік бақылауға жататындары:

  • - қаржылық бақылау;
  • - экологиялық бақылау;
  • - санитарлық бақылау;
  • - өрт қауіпсіздігін бақылау;
  • - ақша бірлігін бақылау;
  • - өнім сапасын бақылау.

Осы және басқалай да бақылау шаралары құқықтық және ұйымдық түрде жүргізіледі. [1, 12б.]. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік мемлекет ретінде өз алдына отау тіккелі бергі кезеңде батыстық өркениеттің ерекше белгісі болып табылатын құкықтық мемлекет қалыптастыру ниетінің беріктігін көрсетуде. Қазақстан Республикасының әрекеттегі Конституциясына сәйкес, ондағы "мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардын тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады".

Мемлекет органы - мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін, мемлекет механизмінің құрылымдық бөлігі болып табылатын, биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруы мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін мекемелер мен жеке лауазымды тұлғалар.

Мемлекет органының өзіне тән ерекше белгілері болады:

  • мемлекеттік органдар мемлекет механизмінің дербес элементі, біртұтас мемлекеттік ағзаның өзіндік арнаулы орнымен сипатталатын ажырағысыз бөлігі;
  • мемлекет атынан және оның өкілеттілігімен әрекет етеді;
  • мемлекеттік органдар нормативті-құқықтық актілер (конституция, заңдар және заңға бағынышты актілер) негізінде құрылған және әрекет етеді;
  • әрбір мемлекеттік орган тек өзіне тән міндеттер мен функцияларды атқарады және сол үшін тиісті нысандар мен әдістерді қолданады (биліктік өкілеттіліктерді иемденген, соның ішінде қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларын қолдану да қарастырылған);
  • мақсат ортақтығымен сипатталатын мемлекеттік қызметкерлер мен тиісті құрылымдардан (бөлім, басқарма, аппарат, кеңсе және өзгелерден) тұрады;
  • органдардың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық база (құрылым, көлік, ұйымдастырушылық техникалары және т.б.) мен қаржылық құралдар (банктегі есеп шоты, қажетті қаржы қорлары т.б.) берілген;
  • мемлекеттік органдар белгілі бір құқықтық мәртебеге ие болады, онда берілген мемлекеттік органның жағдайы және оның нақты әлеуметтік мазмұны көрініс табады;
  • мемлекеттік органдардың өзіне тиісті құзіреті болады. Құзірет - ұйымның заңмен бекітілген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Ол нақты органға немесе лауазымды тұлғаға мемлекеттік, яки қоғамға маңызды міндеттер мен тиісті қызметтерді тиісті дәрежесінде жүзеге асыру мақсатында беріледі;
  • мемлекеттік органдар өз құзіретін үш тәсілмен: а) нормативті актілер (жалпы сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен;

ә) құқық қолдану актілерін (жеке сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен;

б)нақты - ұйымдастырушылық әрекеттер жолымен жүзеге асырады;

  • мүліктік құқықтарды жүзеге асыру барысында заңды тұлға ретінде көрінеді, яғни өз жауапкершілігі бойынша оған сеніп тапсырылған мүлікпен жауап береді, сондай-ақ өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемдене және жүзеге асыра алады, міндеттерді атқарады, сотта талапкер және жауапкер бола алады;
  • мемлекеттік органдар белгілі бір аумақта әрекет етеді.

Қазақстан Республикасының құқықтық мемелекетіндегі нарықтық экономика қызметінің іске асыру шарасына, әдістеріне байланысты Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында жалпы саяси жүйені одан әрі жаңғыртудың, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың басымдығы анықталған. Қазақстанда 2020 жылға қарай өкілді биліктің маңызы арта түсетіндігі, үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқару және азаматтық қоғамның тиімді институттары құрылады деп күтіледі.

Қазіргі уақытта мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мемлекеттік басқарудың бірқатар мәселелерін жергілікті жерде шешудің барынша орындылығымен түсіндіріледі. Өз кезегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік билік органдары арасындағы осындай өзара қатынастар схемасы басқарудың деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге әкеледі, бұл ретте біздің еліміздің біртұтас құрылымын сақтай отырып бұл органдардың өңірлік міндеттерді шешуге бірлесе қатысуын қамтамасыз етеді.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәнін айқындаудың маңызды көрсеткіші олардың қызметіне халықтың тікелей қатысу факторы болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жұмыс істеуін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті органдарына материалдық-қаржылық ресурстардың тиісті көлемі біртіндеп берілетін болады.

Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және толыққанды азаматтық қоғам қалыптастыруға жаңа серпін береді [2].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына жолдауында "Қазақстан- 2030" Стратегиясының жүзеге асуын қорытындылап, бұл стратегияның біздің мемлекетіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалғанын және оның бүгінгі таңда өзінің арқаулық өлшемі бойынша орындалғанын айтты. Сонымен қатар, еліміздің 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасын ұсынып, "Қазақстан- 2050" Стратегиясының негізгі бағыттарын талдап берді. Бұл құжатта ел дамуының басым бағыттары белгіленіп, экономикалық саясатты кезеңдік жүзеге асыру жолдары айқындалды. Елбасы "Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру" деп атап көрсетті.

Президенттің жаңа стратегиясы 2030 Стратегиясы шеңберіндегі реформалардың заңды жалғасы болып табылады және 2050 Стратегиясын жүзеге асыруда да кадрлық саясатқа ерекше көңіл бөлінетін болады. Өйткені, жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты- ол кадрлар арқылы нығайтылуы тиіс екендігі Жолдауда айтылды.

Сонымен қатар жаңадан агенттіктер, мемлекеттік комитеттер, әкімшіліктер түріндегі мемлекеттік органдар құрылып, шетелдерде елшіліктер ашыла бастады. Өздерін адал еңбегімен көрсеткен, білімді, мемлекетшіл, талай сыннан өткен азаматтар орталық мемлекеттік органдарды және облыс әкімдіктерін басқарды. Облыстарды басқарған, министр болған, басқа да үлкен лауазымдарда қызмет атқарған тәжірибелі, ел сыйлайтын қайраткерлер жаңадан ашылып жатқан елшіліктердің туын көтерді. Олардың көбісі осы кезге дейін мемлекеттік қызметті жалғастырып, Парламент қабырғасында, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, жоғары оқу орындарында қажырлы еңбек етіп, жастарға өмір мектебінен алған тәжірибелерін үйретіп, тәлімгер болып жүр.

Мемлекетімізді дүниежүзілік қоғамдастықтың тәуелсіз мемлекет ретінде танығанының арқасында көптеген мемлекеттік қызметшілер шетелдерге шығып, АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Сингапур, Малайзия және т.б. мемлекеттерге барып білім алып, олардың мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымдарымен танысып, жетекші әлемдік компаниялардың өндірістерін өз көздерімен көріп, үздік тәжірибелерін пайдалануға мүмкіндік алды.

Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесінің институттандыру үдерісіне Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Мемлекеттік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығы негіз болады. Алайда бұл құжат тек өтпелі кезеңдегі ескі қалыптасқан кадр жұмысымен тәуелсіз еліміздің мемлекеттік қызметінің жаңа деңгейге көтерілу алдындағы бастапқы бір сатысы болып табылды және өзінің тиісті рөлін атқарды.

2050 Стратегиясын орындау үшін, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу мақсатында бұл салада да жаңа реформалар, сатылы өзгерістер қажеттігін уақыт көрсетіп отыр. Президенттің 2011 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа үлгісінің тұжырымдамасына сәйкес дайындалып, өткен жылдың аяғында қабылданып, үстіміздегі жылдың 26 наурызында күшіне енген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң негізінен стратегияда қойылған талаптарға жауап береді деп айтуға болады. Жаңа заң мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын қалыптастырудың жұмысы мен оны бағалаудың жаңа механизмдерін енгізу жолымен мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталып отыр. Саяси мемлекеттік қызметшілердің саны сегіз есе қысқарып, олардың тізімге кірмегендері бұдан былай басқа үміткерлермен бірге конкурс арқылы қызметке қабылданатын болды. Сонымен қатар, олардың жауапкершілігі арттырылды. Қарамағында істеп жүрген қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда оны тағайындаған саяси қызметтегі басшы отставкаға кету туралы өтініш беруі керек. Кейбір бұрынғы саяси лауазымдардың "А" корпусына көшуіне байланысты көптеген талантты жастардың өз бақтарын сынап, басшы қызметке келуіне мүмкіндік туды. Бұл корпустағы қызметкерлер төрт жылдық мерзімге тағайындалып, мемлекеттік қызметтегі тұрақтылық күшейеді. Әкімшілік "Б" корпусына келудің де тәртібі біраз өзгеріп, оған өту үшін қойылатын талаптар да күшейді.

Жалпы кейінгі кездегі мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістер оның сапасын жаңа деңгейге көтеріп, мемлекеттік қызметші жоғары атағына ие барлық кадрлар Елбасының Жолдауында қойған талаптарын мерзімінен бұрын орындауға өз үлестерін қосады деп сенеміз [3, 1-2б.].

Сарапшылардың пайымынша, Қазақстанның мемлекеттік қызмет үлгісі әлемдегі ең озық 30 мемлекеттік қызмет үлгісіне жақындады. Халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын алған Қазақстандағы мемлекеттік қызмет моделі өз деңгейінде қалыптасты.

"Ал қазіргі қолданысқа енгелі тұрған жаңа өзгерістермен қазақстандық мемлекеттік қызмет үлгісі әлемдегі ең озық 30 мемлекеттік қызмет үлгісіне жақындап отыр. Бұны сол 30 елдің өкілдерінен тұратын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшылары да мойындап отыр. Осыны ескере келе, бір жыл бұрын Елбасы Н. Назарбаев Астанада Мемлекеттік қызмет саласындағы озық үлгіні тарататын БҰҰ мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Өңірлік хаб құру туралы бастамасын қолдаған еді", - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов. Оның айтуынша, жалпы бүгінгі күннің өзінде мемлекеттік қызмет саласының қазақстандық үлгісі аймақтағы зор қызығушылыққа ие.

Дегенмен, мемлекеттік қызмет саласы ұдайы жақсартып, жаңа сынақтарға қатысты сапасын арттырып отыруды талап ететін сала. Сондықтан да, Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында мемлекеттік қызметті кадрлық құрамын іріктеу және кәсіби даярлықтың жетілдірілген әдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде жақсарту керектігін айтқан еді. Өзінің Жолдауында Елбасы Н. Назарбаев: "Ең алдымен мемлекеттік аппарат реформаланатын болады. Мен мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі туралы Заңға қол қойдым. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуді, мемлекеттік қызметшілерді іріктеуде ашықтықты арттыруды, меритократия қағидаларын енгізуді, яғни жақсы кадрларды ілгерілетуді қамтамасыз етеді", - деген болатын. Ел Президенті қол қойған сол "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы бүгін өз күшіне еніп отыр [4, 63 б.].

Күшіне енген жаңа заң негізгі төрт басымдыққа негізделеді. Бұлар - біріншіден, кадрларды іріктеу мен жоғарылатуда меритократия қағидасын күшейту. Екінші - "А" басқарушылық корпусын құру. Үшінші - кадрларды басқару тетіктерін жетілдіру және кадр қызметінің мәртебесін арттыру. Сонымен қатар, тәртіптік этикалық бақылауды күшейте отырып, корпоративтік мәдениетті дамыту. Бұдан бөлек, заң аясында бүгінгі күнге дейін Мемлекет басшысының 8 жарлығы, уәкілетті органның 4 нормативті бұйрығы қабылданған. Сол құжаттар негізінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарының жаңа тізілімі бекітілген болатын. Есте болса, Елбасы Н.Назарбаев саяси мемлекеттік қызметшілердің санын 8 есеге қысқарту туралы тапсырма берген еді. Осыған сай, 430-ға жуық саяси лауазым қалдырылды, бұған дейін ондай лауазым 3 мың 200-ден астам болатын.

Ал агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, аталмыш тізіліммен "А" басқарушы корпусының құрамы да бекітіліп отыр. Оның ең жоғары деңгейіне Жауапты хатшылар, аппарат жетекшілері, Үкімет кеңсесінің, Мәжіліс пен Сенат аппаратының бөлім меңгерушілері, Президент Әкімшілігінің сектор меңгерушілері енеді. Бұдан бөлек, "А" басқарушылар лауазымына аймақтардан барлық аудан, қала әкімдері, өңірлердегі тексеру комиссияларының мүшелері кіреді. "А" басқарушылық корпусына арнайы біліктілік талаптары да бекітілген. Бұл біліміне, еңбек өтіліне, лауазымына байланысты қосымша талаптар болып табылады. Сөйтіп, бұдан былай мемлекеттік қызметші лауазымдық сатымен кезең- кезеңмен, билік иерархиясының бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілдіре және кәсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болады. Белгіленген көрсеткіштерді асыра орындағандар мен өзінің тиімділігін көрсеткендерге және жоғары нәтижеге қол жеткізгендерге ғана ерекшелік жасалатыны қарастырылады. Бұл Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің бірі болып табылады.

"Сонымен қатар, Ұлттық комиссия жөнінде жарлық қабылданып, "А" корпусына қабылдау, іріктеу ережелері бекітілді. Сол үшін бүгіннен бастап "А" корпусының лауазымын алам деген азаматтар Ұлттық комиссия жасақтайтын резервтерге енуі шарт. Бұл барлық азаматтарға тең, яғни бүгінгі күні сол лауазымды атқарып жатқандар да, сырттан қатысуға ниеттілер де теңдей қабылданады. Ал бүгінгі жұмыс жасап отырған азаматтар өздерін тағайындаған тұлғалармен еңбек шартына отырады. Еңбек шартының ең ұзақ мерзімі жарты жыл.

Тоқтала кететін жайт, Елбасының тапсырмасымен әзірленген "Жауапты хатшылар туралы" жарлық та күшіне енеді. Ал мемлекеттік органдардағы Жауапты хатшыларды Елбасы тағайындайтыны белгілі. "Соған сәйкес, Жауапты хатшы лауазымы "А" корпусына ауыстырылады. Осы лауазымға Мемлекет басшысы тағайындау жасайтындықтан, бұл лауазымдармен еңбек келісімшартын жасасу құқығы Президент Әкімшілігінің Басшысына берілген. Қазіргі таңда барлық Жауапты хатшылармен келісімшарт жасалынған. Ал Жарлыққа сәйкес, мемлекеттік органдардағы қазіргі қызметтегі Жауапты хатшылар да, осы лауазымға үміткер тұлғалар да 6 ай ішінде "А" корпусының кадрлық резервіне өтуі шарт. Ал осы резервшілер пулы қалыптасқан соң, олардың арасынан Президент Әкімшілігі кандидаттарды іріктеп, Мемлекет басшысының қарауына ұсынатын болады. Бұл тәртіп "А" корпусына кіретін санаттың бәріне жүреді [5, 51б.].

Түйіндей айтсақ, мемлекеттік қызмет саласындағы реформаның ендігі үлгісі мерократия қағидасын дамыту, мемлекеттік қызметті осы жүйеге икемдеу болып табылады. "Ең алдымен мемлекеттік қызметте еңбегін бағалап, білімі мен білігіне қарап өсіру жүйесі, яғни меритократия жүйесі жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруі тиіс. Осы жүйені дұрыс жолға қойсақ, кадрларды іріктеу саласында тамыр- таныстықты жойсақ, білім-білігіне қарап іріктейтін басымдық қалыптасса, онда жастардың өзі мемлекеттік қызметке кіріскенде, одан әрі жоғарылағанда өз білімі мен еңбегіне сүйенетін болады. Сосын ең төменгі лауазымға қойылатын талаптар ішінде еңбек өтіліне талаптар жұмсартылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. -Алматы, Оқулық: "Нұр-пресс". 2005,85б.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы"
  3. "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан.
  4. Қожабергенов Ж.Ш. Мемлекет және құқық теориясы. -Алматы, 2012, 63б.
  5. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы, 2011, 51б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.