Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шешендік сөз - ұлттық тәрбие

Берілген мақалада қазақ шешендік сөзінің негізі, мән - мағынасы туралы айтылады. Шешендік сөз - ұлтық тәрбие басы. Шешендік сөздердің мән - мағынасын дұрыс түсініп, ой елегінен өтізген әрбір жас тіл мәдениетіне жеңіл - желпі қарамайды. Дұрыс сөйлеп, ойын дұрыс жеткізе алады. Жүйелі сөз саптау, таза мазмұнда сөйлей білу қашанда керек құбылыс.

Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі мен дүниетанымын дамыту керек. Қазақ халқы қай заманда да сөйлеу өнерін жоғары бағалаған. Бұл жол арымай - талмай шешендік сырын зерттеуді, көл - көсір жаттығуды, мол білімді, ой - өрісі мен мен қиял кеңістігін қажет ететіндігін анық білген.

Сөз өнері өнердің ең алды ретінде саналған. "Өнер алды - қызыл тіл", - дейді қазақ мақалы. Абай: "Тіл өнері - дертпен тең", - деген. Қысқасы, халқымыз шын мәніндегі шешендікті асыл өнерге баулып, осы жолда қайталанбас мұра қалдырған.

Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі - шешендік өнер. Шешендік өнер - ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің ерекшелігін көрсететін негізгі жанрлардың бірі.

Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, бізге халық жадында сақталып жеткен.

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып, ауызша таралған.

Қонақта, немесе бір мәселені талқылау үстінде көп жасаған, кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы, жүйелі сөздерді құйма құлақ талапты жастар, өнер қуған қыз - бозбалар жаттап алып, жүрген - тұрған жерлерінде, ойын - жиындарда айта жүрген. Өзінің қажетіне, өмірдің тілегіне қарай жаңартып - жаңғыртып отырған.

Шешендік сөздер - біздің асыл мұрамыз, қазынамыз, байлығымыз. Шешендік сөздер аяқталған тұжырымды ой арқылы алуан адамгершілік қасиеттерге, ұлттық тәрбиеге баулиды. Шешендік сөздер ертегі - аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп, сұрыпталып, бөліне отырып, халықтық бірыңғай әдеби тіліміздің қалыптасуына себепкер болған.

Қазақ шешендік сөздері мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш тарауға бөлінеді.

Шешендік сөздер - халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой - өрісін белгілейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қалайда жетемін деген сенімнен айрылмаған.

Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір - бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап сөйлеген сөздер табысқа, жеңіске жетуге құлшындырып, рухтандырып отырған, қуаныш үстінде дем берушілік, реніш тұсында жұбатушылық қызметін атқарған.

Белгілі халық шешендері мен есімдері белгісіз дана қарт, шешен әйел, тапқыр бала, жарлы жігіттер атынан айтылатын шешендік сөздерге тән бір қасиет - шешендік тапқырлығымен қатар әділдігі, ойының айқындығы және халықтың сипаты.

Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзбен басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің нендей мәселемен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқандығы баяндалады. Түсінік сөздің көркем болуы шарт емес, тек ықшам, әрі түсінікті болуы шарт.

Әдетте шешендік сөз түсініктен кейін немесе онымен аралас айтылады. Шешендік сөздің тілі көркем, мағынасы терең болумен бірге сөздері сұрыпталған, сөйлемдері қалыптасқан болып келеді, бірен -саран өзгерістер енгізу болмаса, түпнұсқаға түбегейлі өзгеріс жасау ақын, шешен адамдар болмаса, кез келген кісінің қолынан келе бермейді.

Сондықтан түсінік сөздей емес, шешендік сөз әлдеқайда тұрақты келеді. Шешендік сөздерді құрылысына қарай термелі сөз, пернелі сөз деп екіге бөлуге болады.

Құрылысы өлең - жырға ұқсас шешендік сөздерді термелі сөз дейміз. шешендік термелі сөздің өлең - жырдан негізгі айырмасы - шешендік терме үшін буын - булақ саны біркелкі болып келуі шарт емес. Шешендік сөздердің құндылығы тек шындығында емес, ойының тапқырлығында.

Белгілі қазақ шешендерінің бірі, Айдабол Төрайғырдың сөзінен мына мысалды келтіруге болады:

Жақсы жігіт белгісі -

Жақсы туған жігітті

Жаным десе жарасар.

Жақсы ұл туған қатынды

Ханым десе жарасар

Жақсы туған жігітке

Бүкіл елі таласар.

Жаман туған жігіттер

Қара жолдан адасар.

Арғымақ аттың құйрығы -

Сатса жібек, кессе қыл.

Жақсы жігіт белгісі

Түзде мырза, үйде құл.

Немесе, атақты батыр, әрі шешен Шақшақұлы Жәнібек Төле биден ақыл сұрай келгенде былай деген екен:

-Өгізді өрге салма қанатың талар

Наданға көзіңді салма сағың сынар.

Досыңа өтірік айтпа сенімің кетер.

Дұшпанға сырыңды айтпа түбіңе жетер, -деген екен.

Төле би философиялық терең ойлы жауап береді. Әр сөзінде салмақты ой бар. Өсиет сөздің түйіні "Өнерден өз орыныңды тап" дегенді үндеп тұр емес пе? Сөз өнерін ерекше қадірлеген халқымыз жүйелі сөзге бас иген.

"Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", - деп сөздің қадірін кетірмеген.

Шешендік сөзге қойылатын талаптар

  1. Сөз мазмұнының тереңдігі
  2. Пікірдің дәлдігі
  3. Сөз мағыналарының дұрыс берілуі
  4. Сөздік қордың байлығы
  5. Мақал - мәтелдер мен тұрақты тіркесті орынды пайдалана білуі.

Әз жәнібек хан билерінен "Жігітке жақсы болу үшін не керек?", -деп сұрайды. Олар: "Жігітке бірінші білім, екінші - ғылым, үшінші -ұғым керек"-деген екен.

Ал Цицерон "Адам бойындағы талант, терең білім, қалыптасқан дағды болуы керек, осы үшеуі сай болғанда ғана нағыз шешен қалыптасады" -деген. Екі ғасырдың ұлы сөз шеберлері бір - бірімен дәл үйлесіп, ойлары бір жерден табылып тұрған жоқ па?! Ғалым М. Балақаев "Тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің шыңы - шешендік өнер"-дейді. Әр дәуірдің өз тынысы, өз талғамы, заманына сай адамы болғанымен, өнерге деген құрмет пен пайымдау дәлме - дәл келіп отыр.

Шешендік сөз мәдениеті - дәстүрлі риторикамен егіздес. Бұл екі ғылым саласы антик дәуірінен бірге жасасып келе жатыр.

Риторика - сөйлеудің ережелері мен заңдарына үйретуші ғылым, яғни, ойлауға, нандыруға, ақыл - ойыңды көрсетуге бағыттайды. Ең бастысы, риторика - сөз арқылы тәрбиелеу. шешендік өнер де сөз арқылы тәрбиелей отырып, ақыл - ойыңызды, ерік - жігеріңізді, жан - дүниеңізді билеп алатын әсерлі сөз, сөйлем өрнектері болып табылады.

Шешендік өнер мазмұны мен түрі жағынан біркелкі емес. Қазақтың шешендігін екі дәуірге бөліп қарау керек: бұрынғы немесе байырға және қазіргі.

Бұрынғы заманда қазақ даласында кісінің атақ - даңқын асқақтата шарықтатқан санаулы ғана өнер болған. Оның бірі - соғыс ісін жүргізу өнері; екіншісі билік; үшіншісі - сөз өнері. Осылардың бастысы да, бастаушысы да - сөз өнері болған.

Тіл мәдениетінің бір саласы - шешендік сөздер. Ол сөйлеу тілінің жоғарға формасы болып табылады.

Бұрынғы қазақ шешендерінің бір ерекшелігі - олар сөздерін жазып дайындамаған, сөздері қағазда емес, халық жадында сақталған, ауызша тарап әлденеше кісінің, ұрпақтың өңдеуінен өтіп қысқарған, "тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" -дәні қалған, сөйтіп бүкіл халықтық мұраға айналған.

Қазіргі шешендік стиль - сөз арқылы тәрбиелеу тәсілі.

Қазіргі шешен сөздерінің тақырыбы, нақты мазмұны мен айтылу тәсілдері жағынан әлдеқайда өзгеше келеді және шешен түрде сөйлеушілердің топтары лекторлар, үгіт - насихатшылар, оқытушылар т.б. көбейген сайын, шешендік сөздердің ажыратылуы да ұлғая түспек.

Шешендік сөздің әлеуметтік мәні - мәңгілік. Функционалдық стильдердің қай - қайсысында да шешендік сөз өнерін пайдалануға болады. шешендік сөз барлық стильдің ауызша түрінде қолданылады.

Әсіресе, ол публистикалық стильде айрықша көрінеді: саяси - әлеуметтік, саяси - экономикалық, оқу - тәрбие мәжілістерінде, әртүрлі конференцияларда, көпшілікке арналған саналуан алқалы жиындарда, әскери - патриоттық, маслихаттық отырыстарда, парламентте сөйлеген сөздерде т.б. қолданылады.

Сондай -ақ ғылыми стильдің жанрларында, атап айтқанда: жоғары оқу орындарындағы лекцияларда, ғылыми мәжілістердегі пікірталас, зерделі ой - сұхбатында, ғылыми басқосуларда, кездесулерде, алқалы жиындарда пайдалынады.

Ресми стильдерде заң тілінде, яғни сотта, соттың заңгерлердің, қорғаушының сөйлеген сөздерінде, дипломатиялық қарым - қатынастарда, елшілік тілінде, ресми өкілдердің сөйлеген сөздерінде шешендік ұштасады.

Қазақ шешендік өнерінің әлеуметтік қызметі де, мазмұн - мағынасы да, сыртқы ажар - көркі де өте күрделі, көпсалалы, көп қырлы. Әлеуметтік қызметі жағынан шешендік өнер қазақ даласында бірнеше қоғамдық ойдың міндетін қатар атқарған. Өмір құбылыстарын жоғары деңгейде толғау (сөз өнері), өмір құбылыстарының мәні мен тегін, олардың өзара өзектес сырларын толғау (философия, тарих), өмір құбылыстарының тәлімдік мазмұнын толғау (халық педагогикасы), өмір құбылыстарына қоғамдық баға беру мен үкім айту(билік) т.б. қазақ шешендік өнерінде осылардың бәрі бар. Мысалы: лингвистер ауызекі сөйлеу мәдениеті теориясын жасап, ана тілдің байлығын қалай пайдалануға болатынынан кеңес береді.

Психологтар шешендік сөздің қабылдануы мен әсер етуін, көпшілік алдында сөйлеудегі көңілді, тұрақты аудару проблемасын, шешеннің психологиясын, адамдарды әлеуметтік психологиялық қоғам ретінде қарап аудитория психологиясын зерттейді.

Логика шешеннің өз ойын бірізді, дұрыс құруға, қарсылыстарының жалған мәліметтерін терістетуге, шындықты дәлелдей білуге үйретеді.

Шешендік сөздің сипатына қарай, яғни нені айту, қайда айту, қалай айту талаптарына орай, шешендік өнер тіл мәдениетін көтеретін шарттардың бастысына айналды.

Соңғы жылдары, яғни еліміз тәуелсіздік алып, дербес мелекет болғаннан бастап шешендік өнердің қажеттілігі күн санап артып келеді. Қазіргі шешендік саясатпен, өнер - біліммен, экономикамен байланыста дамитындықтанайтылу шеңбері де кеңейе түсті.

Егер де жастар шешендік сөздерді зейін қойып оқыса, қазақ халқының рухын көтеріп, қазіргі замандағы әртүрлі жағымсыз әрекеттер болмас еді. Өйткені шешендік сөздер - халқымыздың адамгершілік, ұлттық тәрбие берудегі тиімді жолдарының бірі. Ендеше, біз халық жадынан жеткен шешен, ғибрат сөздерге үлкен құрметпен қарап, оның терең мағынасын танып өскеніміз абзал.

Шешендік сөздер - фольклордың бай саласы ретінде халықтың рухани сұранысын қай кезеңде де өтей бермек. Тәуелсіздік алып, ұлттық жәдігерімізді түгендеп -түстеп бастағанда, киелі өнер шешендік сөз, айтыс өнерлері өрлей бермек.

Шешендік өнер, жүйелі сөз саптау қоғамның қай саласында да крек. Ел басқарған әкімнен, мектеп жасындағы шәкіртке дейін сөз қадірін танып, таза мазмұнда сөйлей білуі керек.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қазақ шешен - билерінің мұрасы - халықтың даналық мұрасы. Демек, ғасырлар бойы жинақталып, сұрыптала сүзілген шешендік сөз нұсқаларынан халықтың тіл байлығын, ақыл - ой қорын және шебер сөйлеу мәнерін үйрену бүгінгі ұрпаққа сын.

Қорыта келгенде бұл күнде шешендік сөздің рөлін көтеру - тіл мәдениетін көтерудің бір шарты.

 

Пайданылған әдебиеттер:

  1. Ә. Нұрмағамбетов "Сөз сырына саяхат"А., "Жалын"1990ж
  2. Б. Адамбаев "Шешендік сөздер" А., 1992ж
  3. М. Есжанова "Шешендік қасиетті өнер" Шымкент, 2005ж
  4. Г. Қасымова "Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы" А., 2005ж
  5. Билер сөзі (шешендік толғау, арнау, дау)А., 1992ж
  6. А. Қыдыршаев "Шешедіктану" Орал, 2004ж

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.